шығармашылық Касимова А. аза тілі жне дебиеті сабатарында оушыларды шыармашылы дербестігін дамыту
Скачать 25.46 Kb.
|
Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту Шығармашылық – адам дамуының ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Адамды шығармашылыққа үйретуге бола ма? Бұл сұрақтың жауабы нақты емес. Кейбір ғалымдар адамның интеллектуалды қабілеттері туа біткен, ал ол қасиеттер туа берілмесе, оған үйрету мүмкін емес деп санайды. Егер баланың бойында шығармашылыққа икемділік байқалса, оның дамуына бағыт беруге, көмектесуге болады. Көпұлтты мемлекет жағдайында бірнеше тіл білу ғылым мен техниканың, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне жол ашады, халықтар достығының, қоғамдағы саяси- әлеуметтік бірліктің нығаюына ықпал етеді. Мемлекеттік тілді үйретуде ұстаздар қауымының алдына қойылған міндеттер тілді үйретуді одан әрі жетілдіруді, мектептегі оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан қазақ тілін үйретуде жеке тұлғаға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, оқулықтар мен бағдарламалар қажет. Тіл мен әдебиет оқушының шығармашылық қиялын дамытуда, өзіндік ой-пікірін қалыптастыруда маңызды орын алады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту оны анықтауға қажетті әдістемелер мен жағдай жасауды талап етеді. Балалардың дарындылығы, шығармашылық әлеуеттің психологиялық құрылымы арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе. Бұл сұрақтар бойынша Нурахунова А.А., Богоявленская Д.Б., Выготский Л.С., Пономарев Я.А. зерттеулер жүргізген. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, туа біткен қабілеттер қоғамның, ортаның, тәрбиенің әсерінен көрініс береді. Оны ары қарай дамытпаса, жоғалып кетуі мүмкін. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін балалар тәжірибесінде қызықты оқиғалар құрып, ой-қиялын дамыту керек. Шығармашылық – адам дамуының ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Адамды шығармашылыққа үйретуге бола ма? Бұл сұрақтың жауабы нақты емес. Кейбір ғалымдар адамның интеллектуалды қабілеттері туа біткен, ал ол қасиеттер туа берілмесе, оған үйрету мүмкін емес деп санайды. Егер баланың бойында шығармашылыққа икемділік байқалса, оның дамуына бағыт беруге, көмектесуге болады. Шығармашылық қабілеттің дамуына қиял әсер ететіні сөзсіз. Әр адам өз қалауына жете бермейді. Ол адамның қиялына ғана емес, мүмкіндіктеріне байланысты. Ал қиялында адам өз тілектерін қанағаттандыра алады. Мұның бәрі - адамның шығармашылық қиялының жемісі. Қиял адамдарды жан күйзелісінен құтқарады. Психолог Р.С.Немовтың пікірінше, шығармашылық қиялдан мүлдем жұрдай адам жоқ. Адам ойлау қабілетінің арқасында жаңа дүниені ойлап табады. Біздің жағдайымызда бұлар – эссе, ертегі, шығарма, өлең т.с.с. Ғалымдардың пікірінше, өнімді ойлаудан басқа, сезімге берілгіштік, білімқұмарлық, белсенділік те шығармашылық қабілеттің құрамдас бөліктері болып табылады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту өте ертеден зерттеліп келеді. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. «Шығармашылық» сөзі «шығару», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді. Психолог Л.С. Выготскийдің пікірінше: «Шығармашылық - жаңалық ашатын әрекет» деп аталған. Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың қабілетін, шығармашылығын дамыту мәселесі Б.М.Теплов, К.К.Платонов, М.Ә.Құдайқұлов, Г.Қ.Нұрғалиева, Б.П.Тұрғынбаева, А.Б. Мырзабаев еңбектерінде қарастырған. Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу –тәрбие үрдісінде шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе, шығармашылық әрекетке қызығушылығы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі - шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, еліктеуіш сөздер тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы пішінін әр түрлі еліктеу сөздер арқылы жаттықтыру, еліктеуіш сөз қатысқан мәтінді оқу, табиғат құбылысына бақылау жасату, еліктеуіш сөз қатысқан сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен еліктеуіш сөздерді табу, оқушының тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады. Сонымен қатар қайталау сабағында ән-музыка, бейнелеу түрлерін көбірек пайдалану, оқушыға ұсынылған жаттығуда мәтін құрауға жиі көңіл бөлу де шығармашылық қабілетті арттырады. Жаттығулардың бір қатары оқушының танымдық белсенділігін дамытып, шығармашылық әрекетін қалыптастыруға негізделеді. Оқушы тақырыпты меңгергеннен кейін жаттығу арқылы ойын жүйелеп, жұмыс жүргізуде, тапсырманы орындауда ойлау қабілетін жетілдіре түседі. Ойлау мен сөйлеу қабілеті бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушының ойын жүйелеуде әр түрлі әдіс-амалдар қолданылады: - жаңа материалды меңгерту; - оқушыға бағыт беру, яғни түрткі сұрақ, реплика беру; - оқушының өзін көбірек сөйлету; - тақырыпты бекіту; - игерілген білімді тиянақтау; - көрнекіліктердің әсерлігін тиімді пайдалану. Оқушының өз бетімен ізденісінде қай жаттығу ойды бекітіп, қай жаттығу шығармашылық бағытты көздейтінін мұғалім топтық жұмыс арқылы да жүзеге асыра алады. Мұғалім әрбір тақырыпты өткен сайын сөз өнерінің құдіретін оқушыға жеткізе білуі тиіс. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс: - шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; - жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы; - ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету; - оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу; Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті мен әлеуетін танытатын жұмыстардың біразын әдебиет сабағында мәтінмен жұмыс кезінде жүргізуге болады әрі бұл пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мәтінмен жұмыс үстінде ең қажетті деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, олар оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіре түседі, яғни мәтін тақырыбын түсіну, ашу; ондағы негізгі ойды бөліп алу; шығармадағы кейіпкер, оқиға, құбылыс туралы өз пікірін тұжырымдау; өз ойын дұрыс жазу, айту оқушының байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып, жетілдіруге, сөз қорын молайтуға, өзіндік көзқарасын орнықтыруға септігін тигізеді. Бұл - әрбір тақырып бойынша оқушының ойын жүйелеудегі басты құрал. Әдебиет сабағы оқушының ойлау қабілеті ғана емес, шығармашылық ой-өрісін де кеңейтеді. Оқушының шығармашылық дербестігін дамыта оқыту арқылы қалыптастыруға болады, оқытудың бұл түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс - әрекетті өз мойнына алмайды. Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі. Дамыта оқыту жаттанды іс - әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын дамыту, білімді өз ізденістері арқылы алуды қамтамасыз етеді. Шығармашылық еңбекке кең жол ашады. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс - әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқудағы өнімсіз еңбектен босатады.Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады. Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жағы оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл – ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Оқушы-ларды шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың белсенділігі мен дербестігін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Шығарма – жазба жұмыстарының ішіндегі ең күрделі түрі, өйткені тіл үйренуші тақырыптың мазмұнын ашуды өз бетімен ойланып іске асырады. Дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Шығарма жазуды меңгеру оқушылардың білім, білік, дағдыларына негізделеді. Бұл білім, білік, дағдылар негізінде оқушы тақырыпқа байланысты негізгі ойды айқындайды, материалды жинап, жүйелей отырып, шығарманы арнайы композициялық тұлғада құрастырады. Оқушы шығарма жазу үстінде өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен жеткізуге талпынады. Жазбаша орындалатын тапсырмалардың бір түрі – аннотация. Аннотация жазуда оқушы оқыған не тыңдаған материалдың негізгі жағын аңғарып, мазмұнын жазуға жаттығады. Мәтіннің негізгі ойын қысқа түрде мазмұндау арнаулы сөздер мен сөйлемдерді қолдануды талап етеді. Мысал келтірейік. 1) Мәтінде... туралы айтылады. 2) Басты ойды, мәтіннің идеясын ашатын сөйлемдер: 3) Автор мынадай қорытындыға келеді: ... Бұл тапсырмалардың мақсаты – мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауға үйрету, ойды байланыстырып жазуда тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға, олардың сөйлемдегі орын тәртібін сақтауға, сауатты жазуға дағдыландыру. Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы оқушының шеберлігі мен дағдысы қалыптасып дамиды. Шығармашылық жұмысты орындауда ескеретін мәселе – оқушылардың еңбегін бағалау. Шығармашылық жұмыстар арқылы дамыта оқыту оқушылардыңң дүниетанымын, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады. Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек: 1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды; 2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады; 3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады; 4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады; 5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді. Сонымен, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттыру мақсатында тапсырмалар әзірленді. тапсырма. Шығарма, эссе жаздырту Оқушының жасына қарай, берілетін тақырып сөздік қорында қажетті сөздердің болуын есепке ала отырып, таңдалынады. Ұсынылатын тақырыптар: Адал достық. Менің асыл ұстазым. Күз келбеті. Туған жерім менің! Асыл анам. Менің сүйікті мерекем. Қазақ елі – менің Отаным. Кітап –асыл қазына. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі. тапсырма. Жұмбақ құру. Оқушыға заттың суреті беріледі, сол заттың қасиетін, қызметін сипаттап жұмбақ жазады. Берілетін заттың суреттері: кітап, телефон, қалам, сабын, күн, қар, машина, шана, қолғап, балық, дүкен, дәрігер, айна т.с.с 3-тапсырма. Лимерик құру. Оқушыға өлең құрау тәртібі түсіндіріледі, өлеңде айтылатын оқиға қызықты, бірақ өмірде кездеспейтін оқиға болуы шарт (өтірік өлең тәрізді) 1 жол – кейіпкер таңдау 2 жол – кейіпкердің мінезі. 3 жол – кейіпкердің іс – әрекеті 4 жол – оқиғаның аяқталуы 4 – тапсырма. Мәтінді өз ойыңмен толықтырып жаз және ат қой. № 1 Еңбек – адамның екінші анасы. Еңбек етпеген адам қадірсіз болады. Адам еңбек арқылы көптеген игіліктерге қол жеткізеді. Қазақстанның әрбір азаматы өзі үшін ғана емес, Отанымыздың гүлденуі үшін еңбек етуі керек. № 2 Отан – адамның туып - өскен жері. Айдын шалқар көлдер мен өзендер, ұлан-байтақ кең дала, басын қар жапқан биік таулар, әдемі қалалар мен ауылдар. Осының бәрі – менің Отаным. Мен Қазақстанда ғана өмір сүргім келеді! № 3 Жиырма бірінші ғасырда білімнің маңызы ерекше. Әр адам білім алып, мамандық иесі болуы керек. Білімді адам мәдениетті болады. Надан адам тәрбиесіз болады. Білімді адам еңбек етіп Отанына пайда келтіреді. № 4 Отбасы – шағын мемлекет. Әке – отбасының басшысы, ана – жанашыры. Бала – отбасының бақыты. Ата –ана баланы тәрбиелейді, өсіреді. № 5 Қазақ халқының тарихында ұлы тарихи тұлғалар көп. Олар: Абай, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Олжас Сүлейменов, Бауыржан Момышұлы, Төле би. Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, Мұхтар Әуезов – ұлы ғалым, жазушы. Олжас Сүлейменов – қоғам қайраткері. № 6 Астана – тарихи қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 1998 жылы 10 маусымда Астананың салтанатты түрде ашылуы болды. Астана – алып құрылыстар қаласы. №7 Тағамның түрі көп. Тағам арқылы адам ағзасы қажетті заттарды алады. Әр халықтың ұлттық тағамдары болады. Ас атасы –нан. № 8 Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам еңбек етіп, қызықты өмір сүре алады. Денің сау болу үшін спортпен айналысу керек. Адам өз денсаулығын күтуі тиіс. 5-тапсырма. Берілген өлеңді қара сөзбен жаз: Сәуір келіп жетті енді, Дала гүл-гүл жайнады. Жырға қосып көктемді Әнші құстар сайрады. 6 - тапсырма. Төменде берілген оқиға мазмұнына сәйкес монолог, диалог құр: № 1 Саған мұғалімің Қазақстандағы қорықтар туралы қосымша ақпарат дайындауға тапсырма берді. Сен кітапханаға келдің. Кітапханашымен сөйлес. № 2 Бүгін сенің досыңның туған күні. Сен туған күнге бару үшін ата-анаңнан қалай рұқсат сұрайсың? № 3 Әкең саған театрға екі билет сатып әкелді. Құрбыңды спектакль көруге шақыр. № 4 Сен сыныпта кезекші болдың. Байқамай гүлді құлатып алдың. Мұғаліміңе не айтасың? № 5 Жуықта Наурыз мерекесі. Наурыз көжені қалай дайындайсың? № 6 8 наурыз мерекесімен анаңды қалай құттықтайсың? № 7 Анаң сені дүкенге жіберді. Дүкеннен сүт, ірімшік, қант әкелуді тапсырды. Сатушымен сөйлес. № 8 Сен жазғы демалыста ауылдағы әжеңе барып көмектестің. Үйге келген соң, ата-анаң әжеңе қалай көмектескенің туралы сұрады. Әңгімелеп бер. № 9 Сен үйге берілген шығарманы жазып әкелдің. Сыныптасың сенен көшіріп алды. Мұғалім екеуіңе де «екі» қойды. Ата-анаңа қалай түсіндіресің? № 10 Сен асығыс жұмыстарыңмен кетуге жиналғанда, үйіңе досың келді. Сен оған не айтасың? Мұндай жағдаяттық тапсырмалар қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырып, ой - өрісін дамытады. Тапсырмаларға лайық өз бетімен сөйлемдер құрастырып, ізденуіне мүмкіндік тудырады. Бұл тұста тілге ғана тән ерекшелік көрініп қоймайды, сол тілде сөйлеушінің тілдік мәдениеті де байқалады. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру, дамытуда әдебиет сабағының орын ерекше. Оқушы бай ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының көркемдік қуаты мол үлгілерін оқып білу арқылы қазақ халқының ұлттық рухын, дүниетанымын, мәдениетін танып, әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасады. Қазақ әдебиеті үлгілерімен танысып, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, өз ойларын қазақ тілінде қорғай білуге үйренеді. Әдебиет сабақтарында «ПАЙДА –ЗИЯН» стратегиясын қолдану сөйлеу әрекетін дамытып қана қоймай, өз пікірін білдіріп, шығармашылық дербестігін дамытуға ықпал етеді. Мысалы: Шортанбай Қанайұлы өлеңдерінің мазмұны бойынша оқушыларға кестені толтыртамын: Ақша туралы ақынның пікірі қандай?
Өмірде кездесетін жағдайларды сабақта қолдану, олардың шешімін табу арқылы оқушының шығармашылық қиялы дамиды. Мемлекеттік тілді меңгерту үшін мұғалімнің теориялық білімінің болуы жеткіліксіз, сапалы оқулық пен бағдарлама, оқытудың белсенді түрлерін қолдану оң нәтижеге жеткізеді. Біздің жағдайымызда мемлекеттік тілдің дамуына тілдік ортаның болмауы тежеу болып отыр. Қазақ тілін саналы түрде үйренуге бағытталған, тілдік жаттығуларды жиі қолдануға мүмкіндік беретін, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолданысқа енгізу керек. Тілді меңгеруде мотивацияның (уәж) жоғары болуы - табыстың кілті. Мотивацияның (уәж) жоғарылауына сабақтардың қызықты өткізілуі әсер етеді. Жоба әдісі. Оқушылар тілді толық меңгермегендіктен, жобаның ақпараттық түрлерін жиі қолданамын. Оқушы берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды, оны іріктейді. Материалды ресімдейді, презентация дайындайды. Қорытынды: Аталған әдіс – тәсілдер, сабақ түрлері мен стратегиялар - оқушының ойлауын дамытуға; - сөйлеу тілін, артикуляциясын дамытуға; - өзгелерді тыңдауға, олардың пікірін құрметтеуге; - өз ойын жеткізе білуге; - сыни тұрғыда ойлауға; - қиялын, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Жалпы, шығармашылық қабілет бірнеше құрамдас бөліктен тұратын ұғым: жаңаны тануға деген құлшыныс; жаңаша ойлау; алған білімін тәжірибеде қолдану біліктілігі; қиял еркіндігі. Оқытудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін қолдану оқушының қызығушылығын оятады, тілді үйренуде табысқа жетуге мүмкіндік береді. Сабақты жоспарлағанда, мұғалім оқушылардың тек жаңа сөздерді жадында сақтауын ғана емес, әр оқушының дербес тұлға ретінде дамуы үшін жағдай жасауды есінен шығармауы керек. Сондай-ақ, мұғалім білім сапасын көтеру, оқытудың тиімділігін арттырудың жолдарын, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қандай әдіс-тәсілдер, технологиялар арқылы қолдау керек екенін білуі қажет. Әрбір оқушы дербес тұлға болып қалыптасады. Ал шығармашылық дербестік дегеніміз – әр оқушының өз ой-пікірі болуы, өмірлік тәжірибеде алған білімін қолдана алуы. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін ұсынылатын жұмыс түрлері: Зерттеу, шығармашылық аспектілері бар жеке тапсырмалар; Ғылыми жоба, шолу, баяндамаларды дайындау және қорғау; Пәндік олимпиадалар; Жағдаяттарды қолдану; Интеллектуалды сайыстар; Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық. «В.Комаров атындағы №7 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Шығармашылық дербестік қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Дайындаған : Касимова А.А |