Қазіргі білім беру жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен мінд. азіргі білім беру жйесін жаартуды зекті масаттары мен міндеттері
Скачать 18.45 Kb.
|
Қазіргі білім беру жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы алғыш рет 1999 жылы 7- маусымда қабылданды. 2007 жылы 27 шілдеде қайта қабылданды. 2011 жылы 24 қазанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар: проблемалық оқыту – оқушылардың логикалық ойлауға шығармашылық ізденіске жетелейтін ғылыми білімнің жеткілікті қарама – қайшылығын шешудің мақсат ететін мұғаліммен оқушының өзара белсенді іс – әрекетіне негізделген оқу; дамыта оқыту – оқушының ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып оның дене, рухани, интелектуалдық қабілеттерін дамытуды көздейтін білім жүйесі; деңгейлеп оқыту – әрбір бала өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді; дәстүрлі оқыту – баланың тілін, ой өрісін, киялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан – жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбелеу; модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді; сұрақ-жауап ойындары; цифрлық білім беру ресурстары – оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдердің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлі графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу материалдары жатады. Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Өйткені,белгілі бір оқу орнын бітіріп шыққан түлектің алған білімі жұмыс берушінің талабымен сәйкес келе бермейді. Ақыры, сол маманға мұқтаж болып отырған жұмыс беруші жас кадрды қайтадан даярлап, оқытуға мәжбүр болады. Бесаспап жұмысшы мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан да кәсіптік білім беру саласында студенттерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі үшін өндірістік оқытуда көптеген инновациялық әдістерді тиімді қолдана отырып, мамандығын жақсы меңгерген, білімін әрі қарай жетілдіріп отыратын білікті де, білімді кәсіби мамандар даярлауға әбден болады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». |