Главная страница

ЭССЕ. ЭССЕ (1). Балабаша баыт баспалдаы


Скачать 14.62 Kb.
НазваниеБалабаша баыт баспалдаы
Дата22.10.2020
Размер14.62 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭССЕ (1).docx
ТипДокументы
#144975

Балабақша – бақыт баспалдағы

Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткені әрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталады. 

Ал барлық тәрбие мен білімнің бастауы балабақшадан басталатындығы бәрімізге мәлім.

Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Себебі, балабақшада оны күткен өзі қатарлас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшада тәрбиеленуші таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.

Елімізде жыл сайын балабақшалар ашылып, балалардың балабақшаға тұру кезегі азайып келеді. Балалардың бақытты мекені балабақшалар жыл өткен сайын заманауи үлгідегі, барлық талаптарға сай жасалып, балаларымызды қуантуда.

Жас ұрпақ тәрбиесі – еліміздің мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.

Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже.
Мен балаларды жанымдай жақсы көрем... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...
Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл...

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.

Балабақша – бақыт мекені, сыңғырлаған пәк сәбидің күлкісі, бақытты балалық шақтың дәмі, умытылмас қуанышты күндер, екінші анасына айналған тәрбиеші апайлар! Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым және өзімнің қызмет жасап отырған балабақшамды одан әрі көркейтіп, балаларымның егеменді еліміздің салиқалы, білімді, тәрбиелі, үш тілді жетік меңгерген, зияткер азамат болатынына сеніммен қараймын!




написать администратору сайта