Главная страница
Навигация по странице:

  • Олай болса сынып оқушыларының ............ орындауындағы Домбыра үні күйін тыңдаңыздар! ІІ –жүргізуші Нұржан

  • Математика : Самал

  • Информатика: ..............

  • І- жүргізуші: Жангали Кешіміз жалғасады тағаттасақШыңымыз биік болар, білім қусақӨмір деген өнермен үйлеспей ме дей келе 10 А сынып оқушысы.....

  • 8-«Ә» сынып оқушысы Амангелді Самалдың орындауда «Математика ғылымдар патшасы» атты мәнерлеп оқуды қабыл алыңыздар!

  • Көрініс Дастан саяхатшы

  • Ақжол оқушы

  • Оқушы жауап береді

  • І- жүргізуші

  • СЦЕНАРИЙ Матем инфор. Би 9А сынып оушыларыны ыздарыны орындауында би биімен ашамыз. І жргізуші Жангали. рметті стаздар мен оушылар! Бгінгі Математика, информатика жне экономика


    Скачать 34.57 Kb.
    НазваниеБи 9А сынып оушыларыны ыздарыны орындауында би биімен ашамыз. І жргізуші Жангали. рметті стаздар мен оушылар! Бгінгі Математика, информатика жне экономика
    Дата27.02.2022
    Размер34.57 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСЦЕНАРИЙ Матем инфор.docx
    ТипДокументы
    #374943

    ««Инновация – нақты ғылымдар жетістігі» атты математика , информатика және экономика пәндерінің салтанатты ашылуы

    Күні: 29.01. 2022 жыл

    Өтілетін орны: Акт зал
    Би: 9-«А» сынып оқушыларының қыздарының орындауында БИ биімен ашамыз.

    І- жүргізуші:Жангали.

    Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Математика, информатика және экономика » пәндер айлығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

    Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән айлықтарының орны ерекше. Бұл пән айлығының өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар математика мен информатиканы және экономиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс шаралар өткіземіз. Сол іс -шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Бүгінгі айлығымыздың ашылуының өзі бір мереке емес пе?

    Олай болса сынып оқушыларының ............ орындауындағы Домбыра үні күйін тыңдаңыздар!

    ІІ –жүргізуші Нұржан:

    Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін екі егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген екі оқушы: математика , информатика шығып тақпақтар оқиды )
    Математика : Самал
    Уа, халайық, халайық!
    Бәріңе жар салайық!
    Бүгінгі кеш төрінде,
    Математика елінде,
    Информатика тілінде,
    Есеп шешіп жарысып,
    Жұмбақ шешіп аңдысып…
    Шабыттанып шалқысып,
    Есеппен ән салысып.
    Көңілді кеш жасайық,
    Жұмбақ шерді шашайық.
    Ат салысып аянбай,
    Бар өнерге басайық.
    Бұл адамдар ардақтаған халықты
    Математикада даңқы шыққан алыптар.
    Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
    Алыптарды әрқашанда танып қал.
    Информатика: ..............

    Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
    Құтқарып ауыр бейнеттен
    Техниканы үйреткен
    Роботтай – адамды
    Тіл бітіріп сөйлеткен
    Компьютер емей немене
    Білмегенді білдірген
    Өлшеп киім кигізген
    Барлық істі атқарып
    Пайдасын елге тигізген
    Компьютер емей немене
    Бәріңіз маған қараңыз!
    Ойынымызды бастайық
    Алуан түрлі ойларды
    Ортамызға тастайық.
    Информатика пәнінен
    Көрсетіп біздер батырлық
    Ой толғалық жүйелі
    Таңдайымызға татырлық
    І- жүргізуші: Жангали

    Бүгінгі кеш төрінде,

    Дарындылар елінде.

    Тапқыштардың тілінде,

    Батыл қадам бастайық.

    Осылайша шабытпен,

    Талантты оқушыларымыздың.

    Сап түзеуін қарайық деп оқушыларымыздың математика және информатика пәндері бойынша жаттап жүрген тақпақтарын тыңдайық.
    ..........:

    Шындықты алғаш таратқан,

    Жыл күнінді санатқан.

    Тауып барды жаратқан,

    Компьютер емей немене?

    Құтқарып ауыр бейнеттен,

    Техниканы үйреткен.

    Роботтай адамды,

    Тіл бітіріп сөйлеткен,

    Компьютер емей немене?
    Білмегенді білдірген,

    Өлшеп киім кигізген.

    Барлық істі атқарып,

    Пайдасын елге тигізген.

    Компьютер емей немене?
    ..........:

    Математика әлемі,

    Қызықты да күрделі.

    Шығаратын есепті ,

    Амалы бар әр түрлі .
    Қасқайып тұр басында ,

    Ашып қалсаң қосуы .

    Бір сызық боп қасында ,

    Жымыяды алуы .
    Масаттанып тұрмайды көбейту,

    Көбейтеді сандарды өсіреді .

    Мәз болады , күлімдейді бөлуі,

    Отырған сақ басшы болып бөліп санды .
    Жақшасы бар әрқашанда қорғандай,

    Сиқырлап амалдарды алмастырат.

    Беймәлім бір әлемге келгендей ,

    Шатасасың түсінбесең жол білмей.

    ........................:
    Әсел:

    Ұстаз да, шәкірт те бас иетін

    Компьютер, бар сенің қасиетің

    Бір емес, бірнеше іс атқаратын

    Ақпарат, ақпараттық әрекеті

    Жүзеге асырасың, бас ұрасың

    Интернет желісін жүктейсін де

    Әлемдік жүйеге сен енесің

    Өмірдің талап жатқан толқынында

    Өзіңді өзгелермен бір көресің

    Ақпарат, ақпараттық әрекеті

    Жүзеге асырасың бас ұрасың

    І- жүргізуші: Жангали

    Кешіміз жалғасады тағаттасақ

    Шыңымыз биік болар, білім қусақ

    Өмір деген өнермен үйлеспей ме? дей келе 10 А сынып оқушысы..... орындауында « » атты әнің қабыл алыңыздар!

    8-«Ә» сынып оқушысы Амангелді Самалдың орындауда «Математика ғылымдар патшасы» атты мәнерлеп оқуды қабыл алыңыздар!

    Сырын ашып беретін әр ұғымның,
    Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
    Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
    Математика – патшасы сан ғылымның.

    Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
    Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
    Математика – ақыл-ойдың иесі,
    Ес тандырып баурап алар сан цифр.

    Шағылса егер өр талабың, сынбағын,
    Жанып қайрат, ұстаз сөзін тыңдағын.
    Түсінбеген тұрса қарап аңырып,
    Түсінгенге ашады ол жұмбағын.

    Сондай шәкірт ой-арманын ұшырды,
    Ғылымда осы өз жобасын ұсынды.
    Таныды олар тарихты да есіне ап,
    Ең ежелгі Грекия, Мысырды.

    Өркендігі тарихында күн құшқан,
    Болды ол елдер ғылымда осы үлгі ұстам.
    Есінде әр кез жас өскіннің тағы да,
    Көне Бабыл, Қытай және Үндістан.

    Білімменен ашқан мектеп есігін,
    Тапқан талай қиын теңдеу шешімін.
    Таныды әр сәт математик жас өрен,
    Евклидтің, Пифагордың есімін.

    Өр даналар бірін-бірі ұғысқан,
    Ақиқат жол – ғылымда әр кез ұлы ұстам.
    Сол ғылымның небір тарау жолы да,
    Бастау алып жатыпты ғой Шығыстан.

    Осылайша қаққан ғылым қазықты,
    Орта ғасыр ғылым дамып озыпты.
    Алгебра саласының еңбегін,
    Алғаш болып әл-Хорезми жазыпты.

    Мұнан басқа шыққан ғалым көптеген,
    Ғылым туы осылайша көктеген.
    Теориясын түзулердің параллель,
    Шығыста алғаш әл-Жауһари зерттеген.

    Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
    Біліп алғын мұны да сен сұра да.
    Геометрия, тригонометрия саласын,
    Өрістеткен әл-Фараби ғұлама.

    Игі істі қашанда сен үзбегін,
    Тек үнемі шын асылды іздегін.
    Әл-Бируни, Омар Хайям, Ұлықбек,
    Жалғастырған даналардың іздерін.

    Ат-Туси мен Түркістани түйіндеп,
    Жазған еңбек бұл ғылымға бейімдеп.
    Осылайша қанат жайған бұл ғылым
    Европада дами түсті кейіндеп.

    Қазағым да көрінеді зор маған,
    Топырағында ғылым туы орнаған.
    И.Ақбергенов, Б.Оразбаев, О.Жәутіков
    Алғаш болып кандидаттық қорғаған.

    Тазарт енді пиғылыңды, санаңды,
    Кең табиғат, кеш адасса балаңды.
    Бір Тәңірім математикалық есеппен,
    Жаратқан ғой он сегіз мың ғаламды.

    Ашылады кілтін тапсаң сандықтар,
    Математика жүздіктер мен ондықтар.
    Сүресі мен аятында Құранның,
    Ұғынғанға математикалық дәлдік бар.

    Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
    Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
    Математика өміріңе зор қажет,
    Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның.

    Көрініс

    Дастан саяхатшы: Мен саяхатшымын көп саяхаттадым, сусыз, көлсіз шөлдерден өттім. Көп күндер мен түндер бойы дамыл таппадым. Зерттелмеген аралды іздеп жүрмін, міне сол сапармен жүріп Ынтымақ елдімекеніне жеттім. Ынтымақ елдімекені керемет екен, адамдары мейірімді, қонақжайлы екен. Бұл елдімекеннің адамдары маған №1мектеп-лицейіне соғып сол мектептің оқушыларымен кездесіп кетуімді сұрады.

    І- жүргізуші: Жангали Қайырлы күн! Құрметті саяхатшы. Бұл залда осы мектептің барлық оқушылары жиналды. Біздің арамызда математика және информатика пәндерінің ашылу салтанатты жиын өтіп жатыр. Осы залдан математика және информатика пәндерін өте жақсы оқитын, ең үздік ,ең білімді оқушыны анықтағалы отырмыз. Мүмкін сондай оқушыны табуға сіз көмектесетін шығарсыз?

    Дастан саяхатшы: Әрине көмектесемін, мен жолда көп нәрсе көрдім, көп адамға көмектестім. Сендерге де көмектесемін. Әй менің көмекшілерім! Менің сиқырлы сандығымды әкеліңдер! (сандықты көтеріп екі оқушы келеді)
    -Қане сиқырлы сөздерімді есіме түсірейін (қолына сиқырлы таяғын алады, сиқырлы сөзін айтады, сандықтың оқушы шығады)
    Ақжол оқушы: Маған не болған, қайда тап болдым?

    ІІ- жүргізуші Нұржан: Сіз біздің мерекемізге тап болдыңыз. Біз жаратылыстану математика пәндерін үздік оқитын, көп білетін оқушыны анықтамақпыз. Әрине сіз сиқырлықпен біздің ортамызға тап болсаңыз, мен сізге бірінші сұрағымды қояйын: Компьютер деген не?

    Оқушы жауап береді: Қай компьютерді қол компьютері ноутбук болса ол шағын, үй компьютері ол дербес компьютер болады ғой.

    Саяхатшы: Сұрақтың жауабын тексеріп көрейін. Мұндайды білмеу ұят қой. Ой мына сұрақтың жауабын естіген компьютер ұяттан қып қызыл болып кетті ау!
    І- жүргізуші Жангали: Біздің құрметті қонағымыз сұрақтың жауабын білмесе мүмкін оқушылар сендер жауап берерсіңдер. (Жұмбақтар жасырамыз)

    Жұмбақтар

    1. Он бір түйе, бес жылқы.
      Екі сиыр, бес ешкі
      Екі қоян үш түлкі
      Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)

    2. Жануарға ұқсас атым бар,
      Бағдар  көрсетер затым бар
      Кілемше үстінде тұрамын,
      Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка)

    3. Біз санбыз сызықпен бөлінген
      Математиканы ұқпас адамға
      Құбыжық боп көрінген,
      Дұрыс, бұрыс, аралас,
      Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)

    4. Барлық сурет, мәтінді
      Компьютерге енгізген
      Керек емес жерін де
      Компьютерден өшірген   (мәтіналғы – сканер )

    5. Шекер жейтін ақ құтан
      Бір қазыққа байланды
      Аузына тістеп шекерін,
      Ол қазықты айналды (циркуль)

    6. Қанша тетік тізілген
      Саусағыңды сезінген
      Барлық сенің ойыңды
      Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура )

    7. Алпыс төрт бөлмеде,

    Отыз екі тұрғын бар,

    Бірін – бірі қуғандар.

    Ханы үшінде, жаны үшінде

    Бермейді олар намысын (шахмат, шахмат, chess

    ІІ- жүргізуші:Нұржан

    Ойын ойнаған тозар,

                           Асық ойнаған азар.

                           Бәрінен де әзіл айтып,

                           КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға 2022 жылдың КТК ойындарының бас жүлдесін жеңіп алған « » тобын шақырайық.

    І- жүргізуші: Құрметті оқушылар сіздердің білімдеріңді кеңейту мақсатында сиқырлы саяхатшымен бірге зерттелмеген аралға саяхат жасауға шақырамыз, ол саяхат 17 қаңтар-10 ақпан аралығында жоспар бойынша жүзеге асып жүреді. Сол күнде математика және информатика пәндері бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өтіледі бізбен бірге болыңыз бағалы сыйлықтармен мадақталынады.

    І- жүргізуші: Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Елбасымыз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика - ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. 30 жыл ішінде  біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!

    ІІ- жүргізуші: Олай болса өз өнерлерін көрсеткен барлық оқушыларымызды ортаға шақырып соңғы сөз кезегін берейік. Ал енді құрметті қонақтар, ерекше бата берейік.

    • F1 әрқашан көмекке келе берсін, F2 пәле жаладан сақтай берсін, CTRL, ALT , DELETE ұнемі жар болып қолдай берсі, ENTER

    Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.
    Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
    Білім берген ұста деген қауымның
    Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
    Бағындырып ИФ әлемін, ғарышты

    Қайырмасы:
    Біз 54тың ұланымыз
    Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
    Жаңа, жаңа асуларға, ғаламға
    Білім алып жалпы орта мектепте
    Бар білімді болашаққа арнаймыз

    Қайырмасы:
    Желбіретіп, татулық пен достықты
    Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.

    І- жүргізуші: Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова Н.Ш беріледі.

    ІІ- жүргізуші: Осымен математика және информатика пәндері он күндігі ашық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет!


    написать администратору сайта