Главная страница

эссе. білайыр ханны Алмас ылыш романындаы орны


Скачать 14.99 Kb.
Названиебілайыр ханны Алмас ылыш романындаы орны
Дата21.02.2023
Размер14.99 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе.docx
ТипДокументы
#949072

Әбілқайыр ханның Алмас Қылыш романындағы орны

Алмас Қылыш – Көшпенділер трилогиясының бірінші кітабы, қазақ әдебиетіндегі алғашқылардың бірі болып тарихи тақырыпта жазылған аты шулы романдардың бірі. Ілияс Есенберлин жас жазушыларға жаңа бағыт есігін ашып қана қоймай , ғасырлар бойы отар болып келе жатқан халықты тарих тұңғиығына бойлатып , рухтарын оята алды. Алмас Қылышта 14-15 ғасырлардағы қазақ жеріндегі Ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының алтын тақ пен халықтың алдындағы абырой үшін күрескені жайлы баяндалған.

Дәл осы күрестерде өзін хан тағының мұрагері ретінде көрсетіп, 17 жасында Дешті Қыпшақ даласының тағына отырған- Шайбан ұрпағы Әбілқайыр хан басты кейіпкерлердің бірі болып табылады. Жәнібек пен Керейдің бөлек хандық құрғысы келетіне әрдайым көңілі толмай, ғұмырын тек екеуін өлімге жеткізу мақсатымен өткізді. Оның басқару кезеңінде бүкіл Дәшті Қыпшақ даласының сыртқы , ішкі күштері қатты әлсіреп , халық арасында да беделді бола алмаған Әбілқайыр барлығына Керей мен Жәнібекті кінәлі санады. Қобыландыны алдап Ақжол биді өлтіргізген немесе мүлде кінәлі емес саян батырды халық алдында қарабет етіп, екі ірі руды жанжалдастырған істеріне қарасақ , қастандық жасауға құмар адамдардың бірі екеніне көз жеткізе аламыз. Қанша қастандық жасағанды ұнатса да әскери жағынан елін жақсы басқарып , жаңа жерлерді жылдам бағындыра алған. Яғни тарихи тұлға ретінде де, роман кейіпкері ретінде де алатын орны өте зор.

Алмас Қылыш романының тарихи құндылығы

Ілияс Есенберлин


написать администратору сайта