Главная страница

Қайырымдылық эссе. эссе Қайырымдылық — копия. Бір кнде бір жасылы жасайы 11 абылданан дрыс шешімдеріммені мірлік станымым эссе


Скачать 15.2 Kb.
НазваниеБір кнде бір жасылы жасайы 11 абылданан дрыс шешімдеріммені мірлік станымым эссе
АнкорҚайырымдылық эссе
Дата23.11.2022
Размер15.2 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе Қайырымдылық — копия.docx
ТипДокументы
#807062

«Бір күнде бір жақсылық жасайық 1+1»

«Қабылданған дұрыс шешімдерім-менің өмірлік ұстанымым »

ЭССЕ

«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің

базасындағы тірек мектебі

(ресурстық орталығы)» КММ-нің

9-сынып оқушысы Съэзд Ардагүл
Ұстаным деген, түсіне білген адамға, адамның бет-бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе!? Ал өмірлік ұстаным – адам іс-әрекетінде белсенділік танытып, жеке тұлға болып қалыптасуы, яғни, оның өмірден өз орынын саналы түрде таба білуі. Ол адамның өмірге деген көзқарасы оның таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Адамдарды ұстанымына қарап, оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін байқауға болады. Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым. Адам дұрыс шешім қабылдаған кезде ақыл мен ойға ерік береді. Ол дұрыс шешім болса, өмірінің жалғасын тауып жатады.

Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» деп жазып еді дана Абай он бесінші қара сөзінде. Сондықтан да әр істеген ісіне есеп беріп, дұрыс шешім қабылдау керексің. Күніне болмаса да, аптасына бір мәрте өзімнен есеп алып тұратын сұрақтар үлгісімен бөліскім келеді. 1. Өзімді жетілдіріп жүрмін бе, кері кетіп жатырмын ба? 2.Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған кезім болды ма? 3. Осы аптада істелуі керек істі кейінге қалдырдым ба? 4. Кімге көмек көрсете аламын? Біреуге жақсылық жасасаңыз, қайтарымы мың есе болмақ. Оның айтқан алғысының өзі бақытқа жол ашады т.б. Әр аптада осы сұрақтарға шынайы жауап берсеңіз, жаңа мүмкіндіктер мен үміттерге қол жеткізіп отырасыз. Осы аптадағы жоспардың бірі 1-қазан қарттар мерекесіне орай сыныппен бірге Нүсіп ақсақалдың үйіне бару болатын. Бардық, ұлдар көмірін кіргізіп берсе, қыздар үйін жинастырып бердік. Атамыз бізге риза болып, ақ батасын берді, ал біздер, бір адамды болса да қуантқанымызға мәз болдық қайттық. Қолыңнан келсе жақсылық жасауға тырыс, сіз біреуге жақсылық жасасаңыз, ол да бұл жақсылықты есте сақтап, келесі адамға жақсылық жасайды.
Өмірдегі шешім қабылдау кезіндегі сана мен ақылдың түйген ойы - дұрыс шешім болып табылады. Ол өмірлік ұстанымға сай болуы керек. Менің өмірлік ұстанымым – болашақта мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау. Мен өзімді бақытты санаймын. Менің арманым - тіл маманы болу. Өзім қабылдаған бұл шешімім-дұрыс шешімдерімнің бірі деп ойлаймын. Өзім пір тұтатын, соларға ұқсағым келетін ұстаздарым жеткілікті. Менің азаматтық ұстанымым: Отанды сүю, туған жерімді қадірлеу, тарихты бағалау, үлкендерді құрметтеу. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тіліміздің өзіне лайықты шыңына қондыруға үлесімді қосқым келеді.

Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ» деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанатын, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой жатыр. Сондықтан да менің қабылдаған шешімім мен ұстанымымның өзгеруі еш мүмкін емес. «Егер бір жылыңды ойласаң, дән сеп; он жылыңды ойласаң, ағаш ек; бір ғасырыңды ойласаң, жақсы адам тәрбиеле» демей ме? Мен де өмір атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнымды табуға шешім қабылдадым. Бұл – менің өмірлік ұстанымым, дұрыс қабылдаған шешімім!


написать администратору сайта