Главная страница

Пікір маған (2). Боранбай Нрблт Жармухамбетлыны істжірибесіне


Скачать 18.15 Kb.
НазваниеБоранбай Нрблт Жармухамбетлыны істжірибесіне
АнкорПікір
Дата09.03.2023
Размер18.15 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПікір маған (2).docx
ТипДокументы
#976130



«М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлының іс-тәжірибесіне
ПІКІР

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлының – алты жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар ұстаз. Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлының география пәні сабақтарында өз пәнінің теориялык білімін жақсы меңгеріп, сабақтың құрылымын, мазмұнын өткен тақырыптармен сабақтастыра отырып құрайды. Сабақта инновациялық технологияны: «Ойын технологиясы», «Топпен жұмыс», «Ақпараттық-коммуникативтік технология», «Тест технологиясы» т.б. кеңінен қолданады. Сонымен қатар сабағында дәстүрлі емес сабақ түрлерін де қолданады. Атап айтатын болсақ: саяхат сабақ, зерттеу сабағы, жарыс сабақ. Көрнекіліктерді эстетикалық талғамдарға сай пайдаланады. Сондай-ақ жекелеме жұмысқа аса үлкен көңіл бөледі, оның ішінде үлгерімі төмен, қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізу бағытталған.

Боранбай Нұрбұлт әр оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, жетістіктері үшін қуанады. Сабақтары әрқашан қызықты өтеді, барлық оқушының белсенді қатысуына жағдай жасайды. Оқушы еңбегін әділ бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін ескеріп отырады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, сабақта оқушыларға өзбетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттері мен ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.Сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын орынды қолданады. Оқушының өз ойын жүйелі жеткізуіне, пікірін дәлелдеуіне жағдай жасайды. Сабақ барысында қосымша материалды тиімді пайдалана біледі. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық- коммуникативтік технология нысандарын - компьютер, сабақ презентацияларын кеңінен пайдаланады.

Адал да ақ жүрегімен өз оқушыларына, ата- аналарына, мектептегі әріптестеріне қиын сәттерде қол ұшын беруге қашан да дайын. Оқушылары мен ата-аналарының, әріптестерінің алдында өзіндік беделі бар.

Мектеп директорының оқу- әдістемелік

жұмыс жөніндегі орынбасары: Г. Т. Жетписбаева
«М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлының іс-тәжірибесіне
Пікір

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлы география пәнінен сабақ береді. Ол сынып жетекші ретінде де пән мұғалімі ретінде де жауапкершілігі мол ұстаз. Әрбір оқушының мінезін, болмысын, жанұя жағдайын, қабілетін ескере отырып жұмыс жасайды.

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлы оқушылардың және өзге ұстаздардың еңбегін өте жоғары бағалайтынын байқадым. Сынып жетекші ретінде ата-аналармен де тығыз байланыста болып, баланың жақсы тұлға болып қалыптасуына көп еңбек етеді. Сынып жиналыстары, тәрбие сағаттары және ата-аналар жиналысын жиі өткізіп, мектеппен тығыз байланыста болуына жұмыс жасайды.

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары: Г. А. Чалимбекова


«М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлының іс-тәжірибесіне
Пікір


Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлы мектепте 2016 жылдан бері жұмыс істеп, тәрбиемен білімді жетілдіруге үлкен мән беріп келеді. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді. Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлы оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.

Педагог– мінезі ақжарқын, ісіне адал. Ол педагогикалық іс – тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Ұстаздың өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашықта, анық көрсете біледі.. Өз педагогикасының іс-тәжірибесінде тұлғалық бағдар тәсілін қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады,оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданады, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасайды, жалпыға міндетті негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған оқушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастырады.


Ұсыным беруші: Р.А.Аджекова

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі педагог - сарапшы


«М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлының іс-тәжірибесіне
Пікір


Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлы мектепте 2016 жылдан бері жұмыс істеп, тәрбиемен білімді жетілдіруге үлкен мән беріп келеді. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді. Боранбай Нұрбұлт Жармухамбетұлы оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.
Сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын орынды қолданады. Оқушының өз ойын жүйелі жеткізуіне, пікірін дәлелдеуіне жағдай жасайды. Сабақ барысында қосымша материалды тиімді пайдалана біледі. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық- коммуникативтік технология нысандарын - компьютер, сабақ презентацияларын кеңінен пайдаланады.
Ұсыным беруші: С.Н.Аблясанов

География пәнінің мұғалімі

педагог - сарапшы


написать администратору сайта