№
| Дағдылар алгоритмі.
|
I
| Көрсеткіштері: венадан қан кеткен жағдайда, артериядағы майда тамырлардан қан кеткенде және т.б
Қарсы көрсеткіштері : тізе астындағы жаралар кезінде (тізе немесе табан некрозына алып келуі мүмкін себебі бұл жердің коллатеральді қан айналысы әлсіз).
Мақсаты: қан тоқтату
|
ІІ
| Науқасқа өзін таныстыру:(ФИО,қызметі), манипуляцияның науқасқа маңыздылығын және қалай жасалынатынын түсіндіру, келісімін алу(жазбаша, ауызша).
|
III
| Құрал-жабдықтарды дайындау:
Стерильді салфеткалар, тампондар. 2. 70% спирті, 1% йодонат, антисептик 3. Бинт. 4. Лоток.
5.тампон
6. таңуға арналған материал 7. Қайшы-1. 8. Пинцет немесе қысқыш. 9. Стерильді қолғап.
Талапқа сай: қолды гигиеналық жуу, хирургиялық өңдеу, қолғап кию
|
IV
| Манипуляцияны орындау алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандыру
2. Науқасқа ыңғайлы қалыпта жатқызу 3. Стерильді қолғаптарды ережеге сай кию.
|
V
| 4.Жараны антисептик немесе спиртпен өңдеп аламыз.
5.Пинцетпен құрғақ салфеткаларды алып жараны және шеткі жақтарын кұрғатамыз
6. Йодонатқа алынған салфетканы пинцетпен алып терінің ортасынан бастап шеткері аймаққа дейін өңдеу жасаймыз, және бұл өңдеуді 2 рет қайталаймыз
7. 2 Пинцеттің көмегімен марліден жасалынған тампонның бір шетін жара ішіне енгіземіз ал екінші бөлігін жара бетінде калдырамыз
8. Жара түбінен бастап тампонды тығыздап орналастырамыз
9.Жараның бетіне құрғақ стерильді салфетканы қоямыз
10. Бинттен жасалынған таңғышпен жасалынған тампонадамызды бекітіп орап қоямыз
|
VI
| Таңғышты бірнеше сағат бойы бақылауда ұстаймыз, науқастың жағдайын бақылаймыз
|
VII
| Егерде таңғыштан көптеп қан кетіп жатса жедел түрде дәрігерге хабарлау қажет
|
Асқынуы:
|
Шеткері перифериялық ағзалардың ишемиясы болуы мүмкін
|