отчёт (2). Халыаралы туризм жне меймандосты университеті Туризм жне спорт факультеті Туризм жне онажайлылы кафедрасы
Скачать 0.92 Mb.
|
Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Туризм және спорт» факультеті «Туризм және қонақжайлылық» кафедрасы ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ Білім алушы аты-жөні:Ақжанова Ақбілек Қожағұлқызы Білім беру бағдарламасы:6В11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру Курсы және тобы:ТҚИҰ20-02 Практика жетекшісі:Арыстанов Н. Түркістан, 2022 Мазмұны I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы. 2.Қонақ үй қызметтерінің міндетті. 3.Кәсіпорында тәжірибе өту барысы. III.Қорытынды. Кіріспе Бұл өндірістік практикадан өткенім туралы есеп беру жұмысым 3 бөлімнен тұрады;кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды. Негізгі бөлімде “Rixos Turkistan”отелінің жалпы сипаттамасы,қызметіне мінездеме.Жұмысымының мақсаты практикадан өту барысында жинақтаған тәжірибемді көрсету,үйренгенімді сипаттау. Rixos Hotels-штаб-пәтері Дубайда орналасқан Түрік люкс қонақүйлер желісі. Ол 2000 жылы Түркияда Fettah Tamince құрды. Компания бүкіл Еуропа мен Таяу Шығыстағы 27 қонақ үйлер мен курорттарды, соның ішінде Әзірбайжан, Египет, Қазақстан, Ресей, Швейцария, Түркия, Украина және БАӘ-дегі жылжымайтын мүлікті басқарады.Компанияда шамамен 10 000 адам жұмыс істейді. Қазақстанда Нұр-Сұлтан,Алматы,Бурабай,Ақтау,Шымкент,Түркестан қалаларында Rixos қонақ үйі орналасқан. 1)Нұр-Сұлтан қаласында-Rixos President Astana-2005 жылы Астанада (қазіргі Нұр-сұлтан) The Sembol компаниясы салған, Феттах Таминдж негізін салған , Rixos President Astana халықаралық Rixos Hotels желісіне кіретін сәнді бес жұлдызды қонақ үй. Inşaat құрылыс компаниясы ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді Rixos President Astana 9 айда салынды және Қазақстан Республикасындағы алғашқы 5 жұлдызды қонақ үй болып табылады.Rixos President Astana қонақ үйі қонақтарды Қазақстанның ерекше қалаларының бірінде жайлылық пен салтанаттың жоғары деңгейіне шақырады. Қонақ үй қонақтарға жартылай люкс, Премиум, Люкс, Премиум люкс, Президенттік люкс, Корольдік люкс сияқты әсем панорамалық көріністері бар 184 бөлмені ұсынады. 2)Бурабай- Ұлттық парктің қарағай орманы мен қайың орманының ортасында Rixos Borovoe орналасқан. Қонақ үйді Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 21 желтоқсанда ашқан. Бұл курорттағы жалғыз бес жұлдызды қонақ үй, мұнда барлық бөлшектер қонақтардың жайлылығы үшін 200нөмер ұсынады. 3)Алматы – еліміздің оңтүстігіндегі таулы жерлерде орналасқан Қазақстанның ең көп ұлтты қаласы Алматыда премиум-класты Rixos Almaty Hotel бес жұлдызды отель 2009жылы ашылды.262 люкс нөмірімен, қонақ үйде екі президенттік нөмір бар 4)Ақтау-Rixos Water World Aktau-Отель әуежайдан 42 шақырым, Ақтау қаласының орталығынан 20 шақырым (20-30 минуттық жол) жерде орналасқан.462 нөмір, Deluxe Suite тұрпатты 22 нөмір, Presidential Suite тұрпатты 1 нөмір мен 15 жайлы вилла, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нөмірлер бар 5)Шымкент- Шымкенттің қақ ортасында-Оңтүстік Қазақстанның көрікті де сәулетті қаласында орналасқан Rixos Khadisha Shymkent алғашқы халықаралық бес жұлдызды отелі тарихты, мәдениетті және қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін біріктіреді. Бөлмелер, мейрамханалар, СПА және қонақ үйдің конференц-залдарын қолдана отырып, жайлылық пен ләззат әкелетін ерекше әлемге еніңіз. Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінің Оңтүстік Қазақстандағы ең үлкен және сан алуан нөмірлік қоры бар. Қонақтарға 177 кең нөмірлер, орындалған классикалық стильде пайдалана отырып, қазіргі заманғы технологиялар. Нөмірі қонақ əр көлемі мен жоспарлануы атап көрсетіп, оның классикалық стиль мен кеше бай архитектуралық мұра. Әр бөлме киім бөлмесінен, сәнді жатын бөлмеден және ванна бөлмесінен тұрады. Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйіндегі шынайы қонақжайлылық пен мінсіз қызмет көрсету сіздің тұруыңызды ерекше және ұмытылмас етеді. Шымкенттің ең беделді ауданында, әуежай мен теміржол станциясының жанында орналасқан Rixos Khadisha Shymkent отелі өз қонақтарын дәстүрлі қазақ қонақжайлығына негізделген Rixos сиқырлы әлеміне шақырады. Қонақ үй қаланың дәл орталығында орналасқан. 6)Түркістан -Rixos Turkistan 7 қабатты қонақ үй қонақтарына жаңа технологияларды пайдалана отырып, заманауи стильде безендірілген 121 кең бөлме ұсынылған. 5 түрлі санаттағы нөмірлер-Суперор, жартылай люкс, Отбасылық Люкс, Корольдік Люкс және Президенттік Люкс. Rixos Turkistan қонақ үйі . Қонақтарға мейрамхана, фитнес-орталық, бар және бақша. Бұл 5 жұлдызды қонақ үйде бөлмеге тамақ пен сусын жеткізіледі. Қонақтар багажды сақтау камерасын пайдалана алады. Қонақтар үшін жабық бассейн, хаммам және тәулік бойы тіркеу орны бар. Бөлмелерде кондиционер, жалпақ экранды теледидар және кабельдік арналар, тоңазытқыш, шайнек, душ және үстел бар. Қонақтарға халаттар беріледі. Барлық бөлмелерде қауіпсіз және ақысыз Wi-Fi бар, ал кейбір бөлмелерде балкон бар. Әр бөлмеде төсек-орын бар. Қонақтарға континентальды таңғы ас беріледі. R ixos Turkistan қонақ үйінің сауықтыру және спа-орталығында сауна жұмыс істейді. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады. Қонақ үйдің аумағында келушілерге мейрамханалар, барлар, конференц -залдар бар. Банкет залында кезкелген іс-шаралар – корпоративтік кештерден салтанатты үйлену тойларына дейін өткізуге болады Енді қонақ үйдің негізін қалайтын оның құрылымы мен бөлімдері туралы айтқым келіп тұр. Кез келген кәсіпорынның сияқты басшысы және бөлімдері бар.Әрбір бөлім өзінің міндеттерін атқарады және әр бөлімнің өзінің менеджері бар. Бірақ бұл жеке бөлімдер бір бірімен тығыз байланысты. Осы құрылымға жататын әрбір бөлімге жеке тоқталғым келіп тұр. «Reseption» - қонақты күтіп алу мен орналастыру бөлімі. Қонақ үй қонақтарының check-in (кіру) және check-out (шығу) шараларын орындайды. Check-in (кіру) және check-out (шығу) кезінде қонақтардың жүгін тасуға бұйрық беру. Қонақ үй қызметтері жайлы жалпы мәліметтер беру. Сонымен қатар, жергілікті назар аударарлық жерлер жайлы да мағлұматтар беру. Қонақтарға сапалы қызметтер түрін ұсыну. Мысалы, факс, пошта, вальта ауыстыру және хабарламалар жіберу. Кеткен қонақтардың шоттарын жабу. Қонақтардың қалаулары, тілектері мен талаптарына көңіл аударып, орындау. Оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап ұсыну. Эксплуатациялық бөлімдер мен қонақтар арасында байланыс орнату. Қонақтардың тілектерін сезіну. Келген қонақтардың көрсетілген қызметтермен қанағаттануын бақылау. Қонақүй тарапынан демалушылардың алғашқы пікірін қабылдау және оррналастыру қызметтерінен басталады. Қонақүй қызметін тұтынушылармен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: Алдын ала орынға сұраныс беру (брондау); Қонақтарды қабылдау, тіркеу және орналастыру; Қонақжайлылық және тамақтану қызметін ұйымдастыру; Тұрғындарға басқаша қосымша қызметтер көрсету; Eсеп айырысу және чек беру; Шығарып салу рәсімі. «Food&Beverage»–мейрамханалар мен барлар,конференц залдарындағы қонақтарға қызмет көрсетеді және үстел сервировкасына жауап беретін бөлім. Қонақ үйдегі барлық тағамдар және сусындар сатылатын жерлердің, осыған қоса мейрамханалардың, барлардың, қызметкерлерге арналған асханалардың және конференц залдардың жақсы жұмыс күшінде болуын қадағалайды. Мейрамхана менеджерінің міндеті: Келуші қонақтарға көрсетілетін қызметтердің сапалы және жоғары болуын қадағалайды. Мейрамханалардағы үстелдің жабдықтарының таза болуын, сервировканың ұқыпты жасалуын қадағалайды. Даяшылардың қонақтарға жоғарғы сапалы қызмет көрсету. Бөлмелерде, мини-барларда, коктейль барларда қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Food&Beverage бөліміне «room service» - нөмірлерде қызмет көрсету жатады. Олардың негізгі міндеттері 24 сағат бойы бөлмелерге қызмет көрсету, яғни сусын және тағам тасымалдау. Сонымен қатар бөлмелердегі мини-барларды қадағалау. Мейрамхана, барларға келген қонақтарға қызмет көрсету Food&Beverage бөлімінің негізгі міндеті. Қонақ үйдің тамақтандыру кешенінің қызметі– бұл үй бас директорының жетекшілік есебіне кіретін, басқарушы директоры бар жеке жүйелі бөлім. Бас директоры Тамақтану кешенінің директоры Бас аспазшы Көпшілік мереке немесе банкет өткізу бөлімінің меңгерушісі Мейрамхана және жинастыру және ыдыс жуу бөлімінің меңгерушісі Бар менеджері Нөмірлерде қызмет көрсету қызметшісі Банкеттік менеджер Тамақтану кешенінің директоры мына қызмет бойынша бақылау жүргізеді: - асхана жұмыстарын; - буфеттер жүйесіндегі жұмыстар; - банкеттік қызмет түрлерін; - мейрамханаларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру; - нөмірлерде қызмет түрлерін; - мини – барларды жабдықтау не қажетті азық – түлік қамтамасыз ету; - бөлмелерде не демалыс зоналарында қызмет көрсету; - қонақтарға барларда қызмет жасау; - ыдыс жуу және бөлме жинастырушылардың жұмысын жүргізу. «Security» - қонақ үй қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қонақ үйдегі жалпы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайды. Қонақ үйде қабылданған жалпы стандарттарға сай тәртіптің орындалуын қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда қызмет көрсету. Және де қызметкерлермен өртке қарсы және қауіпсіздік ережелері жайлы тренингтер өткізеді. «Technical Service» - қонақ үйдегі техникалық немесе т.б. болатын ахуалдарды алдын алу немесе болдырмау қызметін атқаратын бөлім. Сонымен қатар профилактикалық және жедел жөндеулер жасауды да жүзеге асырады. Қонақ үйге келетін қонақтардың қолданатын жабдықтар, т.б. техникалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды. Яғни бөлмелердегі орталыққа бағындырылған кондиционерлердің дұрыс жұмыс істеуін, бөлмелердің электр тоғымен толық қамтамасыз етілуін және ыстық, салқын сулардың жақсы жұмыс жасауларын реттейді. Жалпы барлық қонақ үйдегі техникалық қызмет көрсетулерді сапалы болуын қалыптастыру. «Housekeeping» - қонақ үйдің және бөлмелердің тазалығына жауапты бөлім. Қонақ үйдегі барлық бөлмелердің және жалпы қолданыстардағы бөлмелердің санитарлық жағдайларына жауап береді. Нөмірлердегі тұрғын және ванна бөлмелерінің тазалығын қадағалау. Яғни тұрғын бөлмедегі барлық жиһаздардың шаңын сүртіп, төсек орынды ауыстыру. Ал ванна бөлмесіндегі әжетхана, ванна, айна және душ кабинкаларын мұқият тазалау. Себебі, шетел қонақтары тазалықты өте жақсы көреді. Егерде бөлмеде санитарлық жағынан ахуал болатын болса, ол қонақ үй атына кір келтіреді.Мен осы Housekeeping қызметімен практикадан өттім.Көзге көрінбейтін жұмыстары көп,оңай көрінгенмен жауапкершілікгі мол жұмыс түрі. «Accounting» - бухгалтерия және қаржылық бөлім. Осы бөлім қонақ үйдің барлық есеп-қисаптарына және қаржылық есеп беруіне жауап береді. Сауда жасау, қызметшілердің айлығын есептеу операцияларын қадағалайды. Қонақ үйдің барлық есеп беруін осы бөлім жүргізеді. «Human Resources» - қонақ үйде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді таңдау және қабылдау. Қызметкердің айлығының мөлшерін белгілеу және қосымша жеңілдіктерді бекіту. Қонақ үйде жұмыс істейтін қызметкерлерді тамақтандыру мен тасымалдау қызметтерін жүзеге асырады. Практикада жүрген кезде келесідей нәрселерді ұқтым: Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе — әр бір қызметші қонақ үй кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны – қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру. Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды ұсына алуы не бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Енді қонақ үйде практика бойынша маған міндеттелген Housekeeping қызметті бойынша түсінгенімді айттып кетсем. Жалпы алғанда, нөмірді тазалаушы мынадай қызметтерді атқарады: Еден жуу; Жиһаз бен кілемдерді тазалау; Қабырғалар мен өзге де жерлерден шаңды сүрту; Терезелерді жуу; Гүлдерге су құю; Төсек-орынды ретке келтіру; Төсек-орынды және орамалдарды ауыстыру; Перделерді қағу; Интерьердің барлық бөліктерін жуу; Тұрақтаушылардан тұрмыстық қызметтерге тапсырыс алады және олардың уақтылы орындалуын қадағау; Мини-барларды әрдайым толтырып отыру; Нөмірлердегі жарықты тексеру; Нөмірдегі бар құрал-жабдықтар мен оның жалпы жағдайын қадағалау; Клиенттен кеткен кезде нөмірді қабылдап алу; Бір смена ішінде тазалаушы 8-ден 20-ға дейін нөмірлер мен қызметтік орындарды жинастырады. Бір нөмірді жинау үшін 20-дан 90 минутқа дейін уақыт беріледі. Статистика бойынша, бір клиент қонақ үйдің 5 қызметкерін жұмыспен қамтамасыз етеді. Нөмерде кілттерін ұмытқан қонақтар немесе жұмысшылар үшін есіктерді ашпау.Супервайзерге хабарлау қажет. Нөмер жинау кезінде,нөмер тазалаушы қызметкер есікі 3 рет қағып қонақтың жоқтығына көз жеткізіп барып нөмер есігін ашып,жұмысына кірісе береді. Нөмер тазалауға берілетін уақыт 20-30минут. Нөмерді тазалау кезінде оған кіретін есік ашық болу қажет,бірақ кіре беріс жұмыс арбашасымен жабу керек. Негізі,нөмірді жинаушы қызметті кезекпен болады. Яғни ол2/2 немесе түнгі кезекте жұмыс істейді. Қонақ үйлерде супервайзерлер қызметі жұмыс істейді,олар стандартқа сәйкес бөлменің жиналуына,жинаушылардың жұмысына бақылау жүргізеді. Супервайзерлердің міндетті-бос және бос емес нөмер туралы қабылдау қызметтіне хабарлама жасау. Қорытынды. Елімізде соңғы жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер. Сондықтан нарықтық экономика жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Ол үшін мамандардың біліктілігін, білімін арттыруда тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан өндірістік тәжірибеден өту барысында студент туризм менеджерлеріне қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Жалпы тәжірибиеден өту барысында қонақ үйдің экономикалық мүмкіндігі, кадрлар саясатымен, негізгі ішкі құрылымымен, қонақ үйдің толықтай қызметімен таныстым. Негізі қызмет көрсетуіне баса назар аударып, мынадай қорытындылар шығардым: Персоналды кәсіби біліктілігін көтеру; Еуропалық немесе дүние жүзілік стандарттарға сәйкес болуын жоғары басшылықтан қадағалау; Кәсіпорынның материалдық базамен қамтамасыз етілуін және оған жеткілікті түрде қаражат бөлінуін жүзеге асыру, яғни ол қонақ үйдің қызмет түрлерін әрі қарай көбейтуге үлкен үлес қосады. Өндірістік практика барысында қонақ үй шаруашылығы кәсібінің маңыздылығын жете түсініп қана қоймай, өзіме қажет деректердң жинақтадым. Осы жинаған тәжірибелік деректер мен мәліметтерді елімізде қонақ үй бизнесі саласын бәсекелі болуына үлес қосу арқылы көрсетуге алғышарт болып отыр. Менеджерлер төрт топқа бөлінеді: жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа менеджерлер қызметіне араласпайды; басқа менеджерлер жұмысын қадағалаушы менеджерлер, жоспарлау саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль атқарады; қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер; қонақ үй кәсіпорынның даму стратегиясының қалыптасуына, ірі мәселелерді шешуші мамандар. Осы менеджерлердің 4 түрі де отелде бар және олар өздерінің жұмыстарына қонақ үйдің өркендеуі үшін жауапкершілікпен қарайды. Мен екі апталық практика ішінде осындай қорытынды шығардым: қонақ үй бизнесі дұрыс басқарылатын, жұмысы дұрыс жоспарланатын болса әрі жақсы пайда әкелетін, әрі елдің туристік имиджін қалыптастыратын, әрі өте қызықты бизнес түрі болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 1.www.rixos.turkestan 2.Мазбаев О.Б,Омаров Қ.М./Қонақ үй шаруашылығы,2006ж |