Главная страница

Ааа. Жктілікті физиологиясы


Скачать 28.5 Kb.
НазваниеЖктілікті физиологиясы
Дата10.06.2021
Размер28.5 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла4e58ef9b-2049-414a-a8b9-751d2388084d (1).docx
ТипДокументы
#216237

Жүктіліктің физиологиясы
Әйел организмінің басты ерекшелігі , оның репродуктивтік қызметі болып есептеледі, ол овариалды менструалдық қызметпен тікелей байланысты. Әйел организмінде 21 – 31 күн аралығында қайталанып отыратын менструалды- овариалды циклге байланысты аналық безде фолликула дамып жетілген ұрық пайда болады. Гипофиздің гонадотропты лютеиндеуші гормоны (ЛГ) және фолликулин ынталандырушы гормонының (ФЫГ) әсер етуіне байланысты аналық безде 1 немесе кейде 2 3 фолликула өсіп, дамиды. Фолликула ішіндегі аналық ұрық жетіліп, оның көлемі 1,5 2 мм жетеді. Осы кезде фолликула жарылады да азғантай қан кетеді, ішінен аналық ұрық босап шығады. Бұл процесс – овуляция деп аталады. Овуляция процесіне жоғарыда аталған екі гормондармен (ФЫГ, ЛГ) бірге андрогендік гормонда (АГ) қатысады.

Аналық бездің жарақаттанған жерінде сары дене өсіп, тамырлана бастайды. Ол 10 12 күнге дейін дамып жетіледі. Егер аналық ұрық аталық шауһатпен қосылып ұрықтану процесі жүрсе, онда сары дене өсуін әрі қарай жалғастырады. Оның дамуын гипофиздің лютеиндеуші гормоны (ЛГ) қабілеттендіреді. Сары дене жетілгеннен кейін прогестерон гормонын түзе бастайды, оны кейде жүктілік гормоны деп атайды. Прогестерон гормоны өз кезегінде жатыр бұлшық еттерінің тонусын төмендетіп, жүктіліктің жалғасып дамуына қолайлы жағдай жасайды. Егер аналық ұрық шауһатпен бірігіп ұрықтанбаған жағдайда, овуляциядан 12 14 күннен кейін сары дене кері дамып, бүрісе бастайды да ақ денеге айналып, қызметін тоқтатады. Жалпы ерлі – зайыптылар арасында жыныстық қатынасу овуляциядан 2 3 күн бұрын болған жағдайда әйел организмінде жүктілік дамиды. Ұрық жынысы ер немесе қыз болып қалыптасуы овуляция даму мерзіміне тікелей байлвнысты. Жыныстық қатынас овуляцияға өте жақын, немесе дәл сол күні болса ер бала қалыптасу мүмкіншілігі арта түседі, себебі ер жынысының бастауы саналатын у хромосомалардың мөлшері шауһат құрамында көбірек болады. Күн өткен сайын тіршілікке қабілеті төмен у хромосомалардың саны азаюына байланысты, басқа күндерде х хромсомалардың мөлшері сақталып қыз жынысты бала туу мүмкіншілігі арта түседі,

Ұрықтану процесі - деп ер және әйел жыныстық жасушаларының (гаметалар) қосылып бірігуі нәтижесінде жаңа бір жасуша зиготаның пайда болуын айтады. Бұл жаңа ұрпақтың организмінің қалыптасуы болып табылады. Осыған байланысты жаңа дамыған зиготада аталық және аналық тұқымқуалаушылық қасиеттері бірігу процесі жүреді.

Адамзат ұрпағының жеке басының дамуы сапалық жағынан бөлек құрсақішілік, кұрсақ сыртындағы болып екі кезеңге ажырайды. Құрсақішілік кезең 280 күнге немесе 40 аптаға созылады. Бұл жағдайда ауытқу (+, -) 2 аптаны құрайды Акушерлік тәжрибеде құрсақ ішінде дамып келе жатқан организм алғашқы екі айда ұрық, ал кейінгі 3 10 ай аралығында құрсақ ішіндегі нәресте деп аталады. Адамның эмбрионалдық дамуы өте күрделі процеске жатады.

Ұрықтану процесінен кейін жаңа пайда болған ұрық жатыр түтігімен жылжып отырып 6 7 күнде жатыр қуысына келіп түседі. Сонан кейін ұрық жатыр қуысының ішкі қабырғасына эндометрийге бекиді. Ұрықтың эндометрий қабатына еніп бекуі трофобластың ферменттік қасиетіне байланысты дамиды. Бұл процесті имплантация деп атайды. Келесі 8 – 9 күнде ұрық айналасы көптеп тамырлана бастайды. Трофобластың эндометрийге бекіген аумағында плацента дамиды.

Плацента – ана мен нәресте арасында тыныс, қорек және зат алмасуына қатысатын маңызды мүше. Плацента эстроген, прогестерон гонадотропин гормондары түзіледі. Плацентаның негізгі массасын хорион ворсинкалары құрайды. Ана қанымен нәресте арасында оттегі және қоректік заттар алмасуы перфузия жолымен атқарылады. Жүктілік аяғында плацентаның көлемі 15 - 18 см, қалыңдығы 2 3 см және салмағы 500 600 г жетеді. Плацентаның аналық және нәрстелік аталатын екі беттен тұрады. Нәрестелік беті тегіс және жылтыр болып келеді. Аналық беті қызыл сұр түсті жекеленген бөліктерден тұрады. Плацента қалыпты жағдайда жатыр ішкі қабырғасының жоғарғы алдңғы, не артқы жағына бекиді.

Жатырішілік дамудың алғашқы сатысы аяқталған кезде ұрық айналасы амнионалды сумен және 3 қабат: децидуалды, хорионды және амниондық немесе сулы қабықтармен қоршалады.

Нәресте айналасындағы су, немесе амнионалды сұйықтық тың мөлшері жүктіліктің соңында 1 -1,5 л. дейін жиналады. Бұл судың құрамына белок, тұздар, мочевина, май, қант және гормондар кіреді.

Нәресте сыртындағы судың маңызы:

  • Нәрестенің еркін дамуына және қозғалуына жағдай жасайды;

  • Су нәрестені сыртқы әсерлерден сақтайдыысым, соққы т.б.);

  • Кіндікті жаншылудан сақтайды;

  • Босану кезінде қағанақ жатыр мойнының ашылу процесіне қатысады.

Кіндік – аллантоистан тұратын құрылым, ол арқылы қан тамырлары ұрықтан хорионға жалғасады. Кіндік арқылы екі артерия, бір вена тамырлары өтеді. Кіндіктің артерия тамыры арқылы веналық қан ұрықтан плацентаға қарай ағады, оның құрамын зат алмасу процесінің өнімдері құрайды. Вена тамыры арқылы нәресте тіршілігіне қажетті оттегіге және қоректік заттарға бай артериялық қан

жүреді. Кіндік бір ұшымен плацента ортасына, екінші ұшымен нәрестенің кіндік аймағына жалғасады. Кіндіктің ұзындығы 30 40 см құрайды.

Жүктілік кезінде әйел организмінде орын алатын

физиологиялық өзгерістер
Жүктілік кезінде әйел организмі санқилы өзгерістерге ұшырайды, ол ағзаның барлық дерлік мүшелер мен жүйелерін қамтиды. Әйел организмінде болатын кейбір өзгерістер жәй көзбен қарағанның өзінде байқалады, оған қаңқа сүйектері, тері жамылғысы, ұлпа, сүт безі және жатыр көлемінің өсуі жатады.

Жүктілікке байланысты барлық өзгерістерді жалпы және жыныс мүшелеріндегі жергілікті өзгерістер деп екі топқа ажыратуға болады.

Жалпы өзгерістердің белгілері:

  • Қаңқа сүйектерінде, теріжамылғысындажәне ұлпадағы өзгерістер.

Дене бітімінің бұрынғы қалпымен салыстырғанда омыртқа жотасы түзуленіп, иық пен желке артқа қарай ығысып, арқа тұсы мен бел ойысының иіле түскені байқалады.

Кезінде Шекспир бұл өзгерістерді «жүкті әйелдің паң жүрісі» деп атап кеткен. Шынында сырттай қараған жанға жүкті әйелдің жеңіл аяқ алысы, оның денесінің қимылына ерекше бір көрік беріп тұрғандай әсер қалдырады.

Жалпы қаңқа сүйектерінің қанмен қамтылуы едәуі жақсарады.

Құрсақ терісінің созылған жерлерінде ақшыл күміс түсті жүктілік белдеулері байқалады.

Әйелдің бетінде, іштің ақ сызығы аймағында, сүт безі ұшы мен, оның айналасында және шап бұстарында тері пигментациясы байқалады.

Әйелдің дене массасы нәрестенің, плацентаның, жатырдың және ұрық айналасындағы судың есебінен 8 10 кг дейін артады.

  • Емшек бездерінің болашақ сүтшығару қызметінедайындалуы.

Без бөліктерінің саны артып, көлемі өсе бастайды. Емшек ұшы үлкейіп пигментенеді, жүктіліктің алғашқы кезеңінде - ақ қысқан кезде ұшынан уыз бөліне бастайды. Сүт безінің өсуін эстроген гормоны, ал секреция қызметін гипофиздің алдыңғы бөлігінің лактотропты гормоны (пролактин) ынталандырады.

  • Жүректамыржүйесіжәне қан. Қалыпты ағымда дамитын жүктіліктің өзі жүрек және тамырлар жүйесіне едәуір күш түсіреді. Сол қарыншада гипертрофия дамиды, жүректің минуттық көлемі артады, тамыр соғысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды және капиллярлық қанайналыс өзгереді. Диафрагманы көтерілуіне байланысты жүрек өзінің қалыпты орнынан жоғары көтеріледі. Айналыстағы қан көлемі, әсіресе плазма мөлшері артады.

Қанда: эритроциттер саны аздап көбейеді, лейкоцитоз байқалады, протромбин, тромбциттер, фибриноген саны көбейіп, қанның ұю уақыты қысқарады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы біршама артады.

  • Тыныс алу жүйесі. Көтерілген диафрагманың өкпені жоғары ығыстыруына байланысты тыныс алу жиілеп, тереңдігі азая бастайды, сыртқа шығатын көмір қышқыл газының көлемі едәуір артады..

  • Ішек – қарынжолдары. Жүктіліктің алғашқы сатысында дәм сезу бұзылып, тамаққа тәбеті өзгереді. Жүктілік мерзімі артқан сайын асқазан жоғары ығысып, оның сыйымдылығы азая бастайды. Ішектерде гипотония дамып, іш қатуы артады.

  • Зәршығаружүйесі. Жүктілік кезінде ананың және оған қоса нәрестенің зат алмасу өнімдерін сыртқа шығаруға байланысты бүйрек қызметі артады. Соңғы аптада қуық қысылуынан зәр шыу жиілейді, зәр құрамында белок ізі байқалады.

  • Жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты ұйқышылдық басады, ашушаңдық пайда болады және тамыр реакциясы жоғарылайды.

  • Эндокрин жүйесі. Гипофиз, қалқанша, бүйрекүсті, ұйқы жәнеаналық бездердің гормоналдық қызметі жоғарылайды.

  • Жүктілік кезінде ағзада витаминдер, микроэлементтер мөлшері қалыпты жағдаймен салыстырғанда едәуір азаяды.


написать администратору сайта