Главная страница

К. Попперді_ “субъектсіз” эпистемологиясы Эпистемология. К. Попперді субъектсіз эпистемологиясы Эпистемология


Скачать 15.18 Kb.
НазваниеК. Попперді субъектсіз эпистемологиясы Эпистемология
Дата17.03.2023
Размер15.18 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаК. Попперді_ “субъектсіз” эпистемологиясы Эпистемология.docx
ТипДокументы
#997775

К.Поппердің “субъектсіз” эпистемологиясы

Эпистемология — философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.[2]. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Орыс тілді философияда, философтар арасында, эпистемология терминінен басқа"таным теориясы"термині де жиі қолданылады. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы болып табылады.

Философиялық дисциплина қызметін де атқара отырып, эпистемология адамның әлемге танымдық қатынасының мәнін, оның бастапқы және әмбебап негіздерін зерттейді, оларды адам өмірінің контекстінде қарастырады. Философияның дамуында эпистемология жетекші рөл атқарды деп сенімді айта аламын, өйткені ол болмыстың әртүрлі сипаттамаларын, табиғаттың, қоғамның және адамның анықтамаларын, ғылыми білімнің нормалары мен өлшемдерін негіздеген ілімдердің бірі. Таным дәстүрлі түрде адам қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналатындығына байланысты танымдық іс-әрекет мәдениетте жоғары бағаланады. Эпистемология адам өмірінің құрылымдары мен байланыстарын түсіндірудің, философияның басқа бөлімдері үшін бағдарларды белгілеудің, содан кейін философиядан бөлінетін ғылымдардың ең алғашқы бастауы болды.

Алғашқылардың бірі болып эпистемологияның қыр-сырын зерттеп, философия саласында “Поппердің эпистемологиясы” деген атпен қалған ағылышн философы әрі социологы Поппер Карл Раймунд. К.Поппердің пікірінше, эпистемология дегеніміз "ғылымның болмысын және оның өсуін түсіндіруте тырысатын" ғылыми таным теориясы. Дәлелді ақиқат білімнің жай күнделікті білімнен айырмашылығы ертедегі гректерге де белгілі болғанымен, ғылыми білімнің эпистемологиялық проблемаларын зерттеу шын мәнінде тек беріректе ғана өз бастауын алды. Поппердің эпистемологиясы объективті проблемалар мен объективті дәлелдерге негізделген ғылыми таным теориясына айнала бастады.

Карл Попперге таным теориясының антипсихологиялық түсінігі тән. Ол үшін К.Поппер мәтіндерде объективті ғылыми таным тарихын зерттеуге негізделуі керек – бұл неокантиандықтарға ұқсас. Таным теориясы жеке субъектке қатысы жоқ. Поппердің пікірінше, жеке индивидуалды субъекттен басқа субъект жоқ болғандықтан, таным теориясының мүлдем субъектіге қатысы жоқ. Сөйтіп Карл Поппердің “субъектсіз” эпистемологиясы теориясы пайда болды. Алайда, неокантианизмнен айырмашылығы, Поппер таным теориясы эмпирикалық ғылым әдістерін қолдануы керек деп санайды. Бұл арада, неокантианизм дегеніміз не деген сұрақ туындайтын болса, бұл XIX ғасырдың екінші жартысы- ХХ ғасырдың басындағы неміс философиясындағы бағыт. Яғни, бұл дегеніміз атап айтқанда, теориялық-танымдық жалпылауды негізінен қайта қарауға болатындығын білдіреді.

Сонымен бірге, эпистемология пәні гнесеология пәнінен өзгеше және таза философиялық зерттеулерден тыс болады деген көзқарас өте кең таралған. Бұл мағынада эпистемология субъекттің ерекшеліктерінен де, білімді объективті шындықпен салыстырудан да алшақтай отырып, білімнің объективті формаларын зерттейді. “Субъектсіз эпистемология” деген ұғымның негізі Карл Поппердің “үш әлем” теориясы болып табылады. Поппердің бұл теорияға қатысты айтқан сөзі бар: “нақты әлем, сананың жай-күйлерінің әлемі, адамның субъективтілігі және адамның субъективтілігінен алшақтататын объективті шындықпен салыстырудан тыс таза білімнің әлемі бар. Бұл соңғы, “үшінші әлем” дәл осы эпистемологияның басты негізі болып табылады”.


написать администратору сайта