Карточка № 1
| Ауызекі тіл дегеніміз не?
Мазмұндама дегеніміз не?
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін қалай құралады?
| Бірін бірі көріп және сетіп тұрған адамдардың өзара қарым қатынасы, әңгімелесуі.
Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндап беру.
Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.
| Карточка № 2
| Тақырып деген не?
Жазбаша тіл дегеніміз не?
Әңгімелеу мәтіні дегені не?
Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
| Мәтін атауын тақырып деп атайды. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.
Адамдардың хабарды жазып беруі жазбаша тіл дейміз.
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.
Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.
| Карточка № 3
| Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлем дегеніміз не?
| Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтінің атайды.
Бәрдене жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді атайды. Соңында нүкте қойылады.
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді атайды. Соңында сұрақ белгісі қойылады.
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді айтады.
| Карточка № 4
| Сөйлемдердің байланысын қалай табады?
Мәндес сөздер деген не?
Түбір деген не?
Қосымша деген не?
| Сөйлемдегі сөздер бір бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табылады.
Тілімізде бір бірімен мәндес, мағыналас сөздер болады. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір деп айтады.
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз.
| Карточка №5
| Жұрнақ деген не?
Туынды сөз деген не?
Жалғау деген не?
Тілімізде неше сөз таптары бар?
| Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды айтады.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді айтамыз.
Сөздің мағынасын өзгертпей түбірге жалғанатын қосымшаны айтады.
Тіліміздегі сөздер бірнеше сөз таптарына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, таға басқа.
| Карточка №6
| Зат есім дегеніміз не?
Затесімнің сұрақтарын ата. Жалқы есім дегеніміз не?
Жалқы есімдер қандай әріппен жазылады?
| Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.
Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кісінің аты жөні, жер су аттары, жан жануарларға қойылған атауларды айтады.
Жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысалы: Астана, Құлагер.
| Карточка № 7
| Жалпы есім дегеніміз
не?
Жалпы есімдер қандай әріппен жазылады? Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
| Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалып есім дейміз.
Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. М/ы: оқушы, қарбыз.
Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз. М/ы: биші,аға.
Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.М/ы: ағалар.
| Карточка № 8
| Көптік жалғалуарды ата?
Етістік дегеніміз не?
Етістіктердің сұрақтарын ата?
Етістік нешеге бөлінеді? Ата.
| -лар,-лер,-дар,-дер, -тар,-тер зат есімнің көпше түріне жалғанатын жалғаулар.
Заттың қимылын, әс ірекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады.
Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
| Карточка № 9
| Дара етістік дегеніміз не?
Кұрделі етістік дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімге қойылатын сұрақтарды ата.
| Дара етістік бір сөзден тұратын сөздер. М/ы: барды, келді.
Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады. М/ы: алып бар.
Заттыі түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады. М/ы: қызыл.
| Карточка №10
| Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?
Сөз және оның құрамы дегеніміз не?
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Сөз дегеніміз не?
| Тілімізде дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер болады. Ол мағыналардың бір біріне қатысы жоқ.
Сөз тек қана дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады.
Тілімізде бір бірімен мәндес, мағыналас сөзде болады. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді.
Сөздер дыбыстардан құралады және әр сөздің мағынасы болады.
| Карточка №11
| Абзац деген не?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады? Жазбаша тіл дегеніміз не? Шығарма дегеніміз не?
| Мәтін бірнеше бөліктерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан басталады.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады.
Жазбаша тіл адамдардың хабарды жазып беруі
Шығарма өз ойыңды жүйелі түрде дұрыс жеткізуге дағдылану.
| Карточка № 17
| Сөз соңында б естілгенмен қандай әріп жазылады? П дыбысы б-ға қай уақытта айналады?
Қ дыбысы ғ-ға қай кезде айналады?
Соңына б әрпі жазылатын кей сөздерге мысал келтір.
| Сөз соңында б естілгенмен, п әрпі жазылады. М/ы: қолғап, талап.
П дыбысына аяөталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады.
Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады.
Клуб, штаб, куб, араб тәрізді кейбір сөздердің соңында б әрпі жазылады.
| Карточка №12
| Сан есім дегеніміз не?
Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
У дыбысы қай кезде дауыссыз болады?
| Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады.
Сан есімдерге қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қойылады.
Бұл қазақ тілінде сөздерді орынды және шебер пайдалана білу.
Сөздің басында дауыстыдан бұрын және дауыстыдан соң келген у дыбысы дауыссыз болады.
| Карточка № 13
| У дыбысы қай кезде дауысты болады?
У дыбысы қай кезде жуан және жіңішке айтылады?
И әрпі қай кезде жазылады?
Й әрпі қандай дыбыстан кейін жазылады?
| Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады.
Сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай сөз құрамындағы у дыбысы да жуан не жіңішке айтылады.
И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады.
Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады.
| Карточка №14
| И қандай дыбыс? Й қандай дыбыс? Я қандай дауыты дыбыс?
Йа дыбыстары естілгенде қандай яріп жазылады.
| И дауысты дыбыс.
Й дауыссыз дыбыс.
Я қосарылы дауысты дыбыс.
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, олардың орнына я әрпі жазылады.
| Карточка № 15
| И әрпінен кейін а естілгенмен қщандай әріп жазылады? Ю қандай дыбыс
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен қандай әріп жазылады? Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенмен қандай әріп жазылады?
| Сөздегі ии әрпінен кейін а естілгенмен, я жазылады. Ю қосарлы дауысты дыбыс.
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, олардың орнына ю әрпі жазылады.
Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенмен, ю әрпі жазылады.
| Карточка №16
| Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қатаң дауыссыздарды ата. Ұяң дауыссыздарды ата. Үнді дауыссыздарды ата.
| Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.
К, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ.
Б, в, г, ғ, д, ж, з.
Р, л, м, н, ң, й, у(бау)
| Бағалау парағы №
| Дұрыс\бұрыс (+;-)
| №
| Дұрыс\бұрыс (+;-)
| 1
|
| 10
|
| 2
|
| 11
|
| 3
|
| 12
|
| 4
|
| 13
|
| 5
|
| 14
|
| 6
|
| 15
|
| 7
|
| 16
|
| 8
|
| 17
|
| 9
|
| 18
|
| Қазақ тілі пәнінен карточкалар ЖИНАҒЫ ________________________ 3-сынып оқушысы Павлодар қаласы, Лебяжі ауданы, Шарбақты ауылы
Шарбақты ЖОББМ
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
2015-2016 оқу жылы |