Главная страница
Навигация по странице:

  • Киев Рсуінің христиан дінін қабылдауы

  • Германияда заң ретінде қабылдаған феолдалдық құқықтан үзінді ХІ‑ХҮ ғ.ғ. Англия

  • 1066 жылы (Вильгельнің Англияны жаулап алуы) Ғылым мен білімнің дамуы

  • Ағылшындық Ост‑Үнді компанясы

  • 1904-1905 жылдардағы орыс‑жапон соғысы

  • 1921 жылы наурызда РК(б)П Х съезінде

  • БК(б)П ХV съезінде ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бағыты

  • Қытайдағы 1919 жылғы «4 мамыр» қозғалысы

  • Монғолияда Республиканың орнауы

  • 1919 жылғы Версальш шарты

  • 1945 жылы 11ақпан Қырым конференциясы

  • работа над текстом. Мәтінмен жұмыс. Киев Русі Мтінде сипатталан оианы анытаыз 988 жылы Владимир ырымдаы Корсунь (Херсонес) аласына келеді. ала халы Владимирді алаа кіргізбейді.


    Скачать 21.03 Kb.
    НазваниеКиев Русі Мтінде сипатталан оианы анытаыз 988 жылы Владимир ырымдаы Корсунь (Херсонес) аласына келеді. ала халы Владимирді алаа кіргізбейді.
    Анкорработа над текстом
    Дата23.07.2020
    Размер21.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМәтінмен жұмыс.docx
    ТипДокументы
    #134760

    Киев Русі

    Мәтінде сипатталған оқиғаны анықтаңыз: «988 жылы Владимир Қырымдағы Корсунь (Херсонес) қаласына келеді. Қала халқы Владимирді қалаға кіргізбейді. Қала халқына ауыз суы баратын құбырды жауып тастауға бұйрық береді, үш күннен кейін шөлге шыдамаған қала адамдары қала қақпасын ашуға мәжбүр болады. Византия императорының қызын Владимирге беріп, Владимир шіркеу арқылы шоқындырылып, христиан діні қабылдайды.»: Киев Рсуінің христиан дінін қабылдауы

    Мәтінде қай құқықтан үзінді берілген: «Егер вассал өз феодының жартысын иемденім алғысы келсе, ол мұны сеньорының рұқсатынсыз істей алады. Әділетті де дұрыс салт бойынша ол жартысынан көбін ала алмайды, әйтпесе федтан айырылады, келісім күшін жояды»: Германияда заң ретінде қабылдаған феолдалдық құқықтан үзінді

    ХІ‑ХҮ ғ.ғ. Англия

    Мәтінде сипатталған оқиға қай жылы орын алды: «Эдуардтың өлімінен Англиядағы король тұқымының тамыры кесілді. Гарольд таққа отырып, тәжді шіркеудің рұқсатынсыз киді. Нормандия герцогі Вильгельм Александр папаға елшілер жіберіп, жаулап алу (Англияны) жоспарын бекітуді өтінді. Белгіленген уақытта олар келіп жетті. Бәрі кемеге отырып, желдің көмегімен Гастингстің жағасына тез‑ақ жетіп келді. Вильгелмнің келуі туралы хабарды ести салысымен Гарольд дереу Гастингке аттанды»: 1066 жылы (Вильгельнің Англияны жаулап алуы)

    Ғылым мен білімнің дамуы

    Мәтінде кім жайлы айтылған: «Мен өзімнің жетпісінші жылғы өмірімде сол алдында тұрып, сіздердің алдарыңызда тіземді бүгіп, қасиетті католик шіркеуінің заңдары неден тұрады, нені насихаттайды, нені оқытатындығының бәріне әрқашан да сендім, қазір де сенемін және Құдайдың көмегімен бұдан әрі де сенуге ант беремін. Бірақ та осы қасиетті сот орны Күннің аспан әлеміндегі орны ортада және қозғалмайды деген менің «қате пікірімнен» бас тартуымды, бұл пікірімді қорғауымды, бұған оқытпауымды айтып, маған әлдеқашан заңды ескерту жасаған болатын, ал мен болсам заңға қарсы шығып, Жер орталық емес және қозғалады деп ойлап, сенетіндіме қарсы...»: Галилео Галилей

    Мәтінде сипатталған келісімді атаңыз: «1748 жылғы бұл келісім – бір жағынан Англия мен Голландия, екінші жағынан Франция арасында жасалды. Ол Австрия тағы үшін болған соғысқа нүкте қойды. Соғыс екі жақты да әбден титықтатты, сөйтіп оларды бейбіт келісімге келуге мәжбүр етті. Келісім 18 қазан күні басталды, оған 20 қазанда Испания, 18 қарашада Австрия, 20 қарашада Сардиния қосылды. Бұл бейбіт келісім бойынша Карл VІ жасаған Прагматикалық санкция бекітілді. Мария Терезия император тағына отырды. Силезияны Пруссия алды, Испания мен Сардинияға Италиядағы Австрия иеліктерінен жер бөлініп берілді. Франция ағылшындарға қарсы Үндістандағы және Америкадағы кейбір отарларын беруге мәжбүр болды»: Аахен бейбіт келісімі

    Мәтінде берілген конституция үзіндісі қай жылы қабылданды: «Заң шығарушы орнынның мұнда белгіленген барлық міндеттері Сенат пен Өкілдер Палатасынан тұратын Құрама Штаттар конгресіне тиесілі. Өкілдер Палатасы әр штат тұрғындарынан екі жылда бір сайланатын мүшелерден тұрады. Жиырма бес жасқа толмаған жеті жыл Құрама Штаттар азаматы болмаған, сайлау кезінде сайланатын шатта тұрмайтын адам өкіл бола алмайды. Әрбір отыз мың тұрғыннан бір өкілден артық сайланбауы тиіс»: 1787 жылы

    Мәтінде сипатталған компанияны табыңыз: «Әр қолөнершінің қанша тауар және қандай бағамен әкелетінін ағылшындар өздерінің үнділік агенттерімен бірге өз еркінше шешеді. Байғұс тоқымашының келісімі қажет деп табылмайды. Компанияда жұмыс істейтін жергілікті агенттер‑гомастахтар үнділерді өз дегендеріне көндіріп, зорлап қол қойғызған. Тауар үшін ұсынған ақшаны алудан бас тартқан тоқымашылдарды олардың өз белбеуімен байлап, ұрып‑соққаны белгілі. Көптеген тоқымашылар компанияның жергілікті агенттерінің кітаптарында тіркелген: олардың басқа біреуге жұмыс істеуіне рұқсат жоқ, оларды бір агенттен басқа агентке құл тәрізді ауыстырады»: Ағылшындық Ост‑Үнді компанясы

    Мәтінде Иран шахы Нәдір қай мемлекетке шапқыншылық жорығын жасайды: «1743-1746 жылдардағы бұл мемлекетпен жаңа соғыстан Иранның әскерлеріне мықты шапқыншылық болмаса да, біраз табыстар әкелді. Өйткені осы кезде Иранда және оларға бағынышты елдерде көтерілістер болып, оларды басу үшін соғыс алаңынан әскерлердің бір бөлігін жіберуге тура келді. 1746 жылғы Кердан бітімшарты бойынша бұл екі мемлекет арасындағы шекаралар бұрынғысынша қала берді. Нәдір шах екі рет, яғни 1737 және 1741 жылдары Оман мен Арабияныңң оңтүстік‑шығысын жаулап алу үшін әскерлерін жібергенімен, бұл жорықтар сәтсіз аяқталды»: Түркия жеріне

    Мәтінде қадан соғыс сипатталады: «ХІХ ғасырдың соңынан бастап империалистік елдер арасында Тынық мұхитта билік жүргізу және Қытайды бөлісу үшін күрес басталды. Бұл күреске Англия, Германия, Италия, Ресей, Жапония қатысты. Қиыр шығыстағы Өзінің басқыншылық саясатында патшалық Ресей Жапониямен қақтығысып келді, ол Корея мен Маньчжурияны өзіне алғысы келді. Сахалинді және Қиыр Шығысты жаулап алу жоспарыын құрды.Бұл – екі қарсылас аралығындағы империалистік соғыс еді.»: 1904-1905 жылдардағы орыс‑жапон соғысы

    Мәтінде берілген Ресейдегі салық түрі қай съезде қабылданды: «Шаруашылықта диқандар өзінің шаруашылық қорлары мен шаруа қожалықтарын нығайту және оның өнімділігін арттыру, дұрыс және байсалды жүргізуді қамтамасыз ету, диқандардың үлесіне тиетін мемлекеттік міндеттемелерді дәл белгілеу мақсатында азықты, шикізат пен жемшөпті мемлекеттік дайындау әдісі ретінде азық салғырты табиғи салықпен алмастырылсын...»: 1921 жылы наурызда РК(б)П Х съезінде

    Мәтінде сипатталған КСРО‑дағы бағдарлама қай кезде қабылдады: «Съезд Орталық Комитетке ауыл шаруашылығын көтеруді күшейту үшін практикалық шараларды қабылдауды тапсырады. Әрі қарай кооперативтендіру негізінде бірінші кезектегі міндеттер ретінде ортақтастырылған ауыл шаруашылығы еңбек өскінін барынша қолдап, дем бере отырып, ұсақ шаруа шаруашылығын ірі өндіріс рельсіне біртінде өтуді қою»: БК(б)П ХV съезінде ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бағыты

    Мәтінде сипатталған екінші дүниежүзілік соғыста өз үстемдігін жүргізуге тырысқан империалістік елді табыңыз: «Дүниежүзінде осыншама орман байлығы, материалдық қорлар мен ауылшаруашылық өнімдерінің молшылығы (Маньчжурия мен Моңғолиядағы сияқты). Егер біз келешекте Қытайға бақылау жасауды өз қолымызға алғымыз келсее, біз АҚШ‑ты қиратуымыз керек. Ал Қытайды жаулап алу үшін біз, алдымен, Маньчжурия мен Моңғолияны жаулап алуымыз керек. Дүниежүзін жаулап алу үшін біз лдымен, Қытайды және қалған Азия елдерін жаулап алуымыз керек. Үндістан және оңтүстік теңіздегі елдер бізден қорқып, тізе бүгеді»: Жапония

    Мәтінде сипатталған көтерілісті табыңыыз: «Таяудағы бітім конференциясында Жапония Циндаоны бөліп алу және Шаньдунге бақылау жасау құқығын талап етті және дегеніне қол жеткізді. Оның жеңісі біздің жеңілісімізді білдіреді. Жапонияға Шаньдунде билік ету құқығын беру Қытайдың тәуелсіздігін бұзып, елді апатқа әкеп тірейді. Сондықтан да біз, студенттер, ұйымдасқан түрде шетел елшіліктеріне барып, барлық елдерден қолдау, әділеттілік талап етеміз. Біз жұмысшылар, саудагерлер, халықтың және басқа да топтары ұлттық жиналысты ышақыру үшін, ұлттық тәуелсіздігімізді қорғап қалу үшін көтеріліп, қолдан келген шаралардың бәрін жасайды деп үміттенеміз. Қытайдың өмір сүруі не құрып бітуі осыған байланысты»: Қытайдағы 1919 жылғы «4 мамыр» қозғалысы

    Мәтінде қай елде республика құрылғаны туралы жазылған: «халық үкіметі мен Боғды хан арасындағы сертті келісімнің тоқтатылуына байланысты республика жарияланды. Боғды ханның мөрін сақтау үшін үкіметке тапсырылсын. Елде мемлкет басшысы ретінде президентсіз республикалық құрылыс енгізіліп, жоғары билік Ұлы Халық Хуралы мен сайланатын үкіметке берілсін.»: Монғолияда Республиканың орнауы

    Мәтінде қандай бейбііт бітімшартынан үзінде келтірілген: «Барлық мемлекеттер, доминиондар немесе отарлар Лигаға мүше болады. Лиганың бүкіл қызметін осы статуста анықталғандай, жиналыс пен кеңес атқарады, олардың жанында тұрақты хатшылық жұмыс істейді. 1871 жылдың 26 ақпанында Версальда қол қойылған бітімге және 1871 жылдың 10 мамырындағы Франкфурт шартына байланысты Германия жағына кеткен аумақтар 1918 жылғы 11 қарашадағы уақытша бітім күнінен бастап Францияның қарамағына қайтарылып берілсін. Германия»: 1919 жылғы Версальш шарты

    Мәтінде не туралы айтылған: «Соңғы сегіз күн бойы Қырымда Сыртқы істер министрлігі, штаб басшылары және басқа да кеңесшілердің қатысуымен үш одақтас мемлекет басшылары – Ұлыбритания Премьер‑министрі У.Черчилль мырзаның, Америка Құрама Штаттарының Президенті Ф.Д.Рузвельт мырзаның және КСРО халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы И.В.Сталиннің қатысуымен конференция болды»: 1945 жылы 11ақпан Қырым конференциясы


    написать администратору сайта