Главная страница

Дерматовенерология. Нәбиев Асланби 317А. Локальды статусты сипаттаыз, диагноз керек емес


Скачать 0.88 Mb.
НазваниеЛокальды статусты сипаттаыз, диагноз керек емес
АнкорДерматовенерология
Дата21.09.2021
Размер0.88 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНәбиев Асланби 317А.docx
ТипДокументы
#234956

Локальды статусты сипаттаңыз, диагноз керек емес

1



Қолдың сырты бетінде гиперемияланған кызғылт бөртпелер анықталады, бөртпелер ассиметриялы, көлемі 3 мм-ден 8 мм-дейін, тегіс пішінді, кескіні бұрыс пішінді, айқын шекаралы, түсі қызғылт, беті тегіс.

2



Қарау кезінде науқаста көлемі әртүрлі, диаметрі 1-2 см, түсі ашық қоңыр және қонырқошқыл түстерінің арасын қамтитын шашыраңқы дақтар орналасқан. Дақтардың формасы домалақ немесе сопаққа ұқсас, кескіні түзу емес және бейнесі анық емес.

3



Науқастың кеудесінде сүт қосылған кофе түстес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, дақтардың формасы домалақ кескіні айқын, бейнесі анық.

4



Науқастың бетінде қабынған ұсақ көлемді жабық комедондар орналасқан, комедондар ісінген. Шекаралары айқын, бейнесі анық, контуры тегіс емес, гиперемияланған, кызғылт түстес.

5



Науқастың ернінде диеметрі 1-2 мм болатын везикулалар орналасқан, тері бетінен шамамен 1-1,5 мм шығынқы орналасқан, беті тегіс емес, шекарасы айқын емес, бейнесі анық, гиперемияланған, ашық қызғылт түстес.

6



Науқастың қолтық аймағында көптеген қабынған папулалар байқаймыз, тері бетінен 1-2 мм шығыңқы орналасқан, диаметрі 1-2 мм, шекаралары айқын, беті тегіс, бейнесі анық, папулалар айналасы шартты гиперемияланған


написать администратору сайта