Главная страница
Навигация по странице:

  • Меншікті қуат бойынша есептеу

  • Меншікті қуат әдісімен есептеу мысалдарын қарастырамыз.

  • Нүктелік әдісіпен жарықтануды есептеу

  • Меншікті уат бойынша есептеу. Жарытандыруды нктелік діспен есептеу


    Скачать 51.15 Kb.
    НазваниеМеншікті уат бойынша есептеу. Жарытандыруды нктелік діспен есептеу
    Дата16.05.2022
    Размер51.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәріс+11.docx
    ТипДокументы
    #533257

    Меншікті қуат бойынша есептеу. Жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеу

    Жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісінің бір бөлігі меншікті қуат әдісі бойынша есептеу болып табылады.

    Меншікті қуат әдісі бойынша есептеулерді жүргізу келесі жағдайларда қолданылады: жарық қондырғысына орнатылған қуатты алдын ала анықтау үшін; жарық техникалық есептің дұрыс жүргізілуін жуықтап бағалау үшін; дәлдік жұмысты талап етпейтін орташа және кіші бөлмелердің жарықтануын жобалаған кезде жүргізіледі.

    Жобалау үшін бөлменің ауданы, биіктігі, таңдалған шамның түрі және минималды жарықтануы бастапқы деректерде беріледі. Анықтамаларда әртүрлі нормаланған жарықтану, бөлменің ауданы және биіктігі үшін w мәні келтірілген. Шамдардың санын алдын ала алып, анықтаманың кестесі бойынша қуатты w анықтаймыз, содан соң шамның қуаты төмендегі теңдеу бойынша анықталады

    Меншікті қуат бойынша есептеу

     

    Бұл есептеу тәсілі анағұрлым қарапайым, жеткілікті түрде дәл нәтижелер береді және жобалауда кеңінен қолданылады. Меншікті қуаты бойынша есептеу жалпы бірқалыпты жарықтандыру үшін қолданылады, бірақ оқшауландырылған жарықтандыруды есептеу үшін жарамсыз. Олармен тек жабдықтар үйілмеген ауданы 10 м2 астам орынжайды жалпы жарықтандыруды ғана, шырақтардың жалпы бірқалыпты орналасуы және горизонталь жазықтықта бірдей жарықтанған барлық бөлме бойынша нормалау кезінде есептеуге болады. 

    Меншікті қуаттың мәні W, Вт/м2 (жарықтандыратын орынжайдың әрбір шаршы метріне келетін шам қуаты) /Л-3/ сәйкес шырақтардың меншікті қуатының кестелері бойынша табылады.

    Меншікті қуат шамасы төмендегілерге тәуелді: 

    а)  шырақтарды жұмыс бетінен ілу биіктігі – биіктік артқан сайын меншікті қуат ұлғаяды; 

    б)  жарықтандырылатын бөлме өлшемдері – орынжай ауданы ұлғайған сайын меншікті қуат азаяды; 

    в)  нормаланатын жарықтылық шамасы – жарықтылық артқан сайын меншікті қуат артады; 

    г)  шырақтардың типі;

    д) төбенің, қабырғалардың және еденнің шағылу коэффициенттері. 

     

    Қыздыру шамдарын пайдаланған кезде меншікті қуат әдісімен есептеу реттілігі мынадай: 

    1. Орынжайларда шырақтар немесе шырақтардың қатарлары арасындағы L1,5 h қашықтықтан және h есептік биіктіктен шыға отырып, шырақтардың (шамдардың) типін және санын белгілейді.  

    2. /Л-3/ шырақтардың меншікті қуатының кестесі бойынша W меншікті қуат мәнін қабылдайды.   

    3. Формула бойынша бір шамның есептік қуатын анықтайды:

     

     



     

    (3.2.1)

     

    4. /Л-3/ кестелер бойынша қуаты бойынша жақын шамды таңдайды.

     

    Егер шамның қуаты есептіктен айтарлықтай ерекшеленетін болса, онда шырақтардың немесе шамдардың санын өзгертеді. 

     Люминесценттік шамдармен жарықтандыру кезінде меншікті қуат әдісімен жарықтандыруды есептеуді мынадай реттілікпен жүргізеді: 

    1.   h, S, Е және шырақ типіне байланысты /Л-3/ қосымшасы бойынша  ЛБ шамдары үшін W меншікті қуат мәнін қабылдайды. Басқа шамдар үшін меншікті қуат кесте деректерін коэффициентке көбейту арқылы анықталады:  ЛХБ, ЛТБ шамдары үшін - 1,13-ке;   ЛД, ЛТБ80 шамдары үшін -  1,29; ЛДЦ шамдары үшін -  1,68;

    2. Люминесценттік шамдар саны анықталады - n. Бір шамның қуаты РЛ    /Л-3/ кестелер бойынша қабылданады;

     

     



     

    (3.2.2)

     

    3. Бір шыраққа орнатылатын шамдар саны nбойынша және олардың толық есептік саны n бойынша шырақтар саны анықталады:

     

     



     

    (3.2.3)

     

    4. Шырақтар арасындағы және қатарлар арасындағы қашықтықты тексерумен қатар шырақтарды орнататын жерлер белгіленеді. Егер қашықтық  есептіктен (L=1,5h) үлкен болса, онда шамдарының саны аз шырақтарға қайта есептеу жүргізіледі.

     

     

    Меншікті қуат әдісімен есептеу мысалдарын қарастырамыз.

     

    1 мысал.

     

    П = 0,5, СТЕН = 0,3, pn = 0,1 ауданы S = A B =16х10=160 м2  орынжайларда h=3,2 м есептік биіктікте ЛБ типті люминесценттік шамдары бар ЛСП 02-2х40-10 типті шырақтарды (Д-3 типті жарықтың қисық күштері, ПӘК=60%) орнату болжанады. Қор коэффициенті  kз =1,8 және бірқалыптылық  коэффициенті  =1,1 болғанда Ен= 300 лк жарықтылық жасау үшін шырақтардың қажетті санын анықтау талап етіледі.

    Кесте бойынша W100 ЛК = 2,9 Вт/м2 табамыз. Бірақ кестеде Ен = 100 лк; kз = 1,5 және ПӘК= 100% болғандықтан пропорционал қайта есептеу арқылы мынаны анықтаймыз: /Л-3/

     

    W = 2,9 * 1,8 * 300 / (1,5 * 0,6 * 100) = 17,4 Вт/м2

     

    Шырақтар саны

     

    N = WS / P = 17,4 * 160 / 80 = 35 дана.

     

    Осылайша, әрқайсысындағы 12 шырақ бойынша 3 қатарды қарастырамыз.

     

    2 мысал.

     

    Ұзындығы 18 м, ені 10 м және биіктігі 4 м өндірістік орынжайда  ППР-200 типті 8 шырақ орнату белгіленген. Еден деңгейінен шырақтарды ілу биіктігі 3,5 м. егер орынжай едені деңгейінде нормаланған жарықтылық 20 лк тең болса, шамдардың қуатын анықтау керек.  Жарықтандыру желісінің кернеуі   220 В.

    1. Кесте бойынша НР = 3,5 м, ЕН = 20 лк және S = 18  10 =180 м2 үшін   W = 6,2 Вт/м2 меншікті қуат мәнін табамыз;

    2. Шамның талап етілген қуатын табамыз:  6,2  180 / 8 = 139,5 Вт;

    3. Қуаты 150 Вт,  Б220-150 типті шамды қолданамыз.

    Ауданы кіші ( 10 м2 кем) орынжайлар үшін және баспалдық алаңдары үшін қыздыру шамының қуатын 3.2.1-кесте бойынша таңдайды.

     

      3.2.1 – кесте – Қыздырғыш лампаларының кернеуі



    Нүктелік әдісіпен жарықтануды есептеу.

    Нүктелік әдіс орынжайдың кез келген нүктесінде  горизонталь, сондай-ақ вертикаль немесе көлбеу жазықтықтарда жарықтылықты анықтау мүмкіндігін береді.  Көбінесе ол шырақтардың бір бөлігі орынжайда орналасқан жабдықпен жабылған жағдайларда оқшауланған және сыртқы жарықтандыруды есепеу кезінде, көлбеу немесе вертикаль беттерді жарықтандыру кезінде, сонымен қатар қабырғалары мен төбесі қара өндірістік орынжайларды (құю, ұста цехтары, көбінесе металлургиялық зауыттардың цехтары және т.б.) жарықтандыруды есептеу үшін қолданылады. 

    Нүктелік әдіс негізіне жарықтылықты және жарық күшін байланыстыратын теңдеу қойылған:

     

     



     

    (3.2.4)

     

    мұнда I - шығу көзінен жұмыс бетінің берілген нүктесіне қарай бағытта жарық күші (жарық күшінің қисықтары бойынша немесе шырақтың таңдап алынған типінің кестелері бойынша анықтайды);

              – жұмыс бетіне нормаль мен жарық күшінің есептік нүктеге бағыты арасындағы бұрышы; 

             - есептік нүктеден алшақ шырақтардың және есептік нүктеде жұмыс бетіне түсетін, қабырғалардан, төбеден, еденнен, жабдықтан шағылған жарық ағынының әсерінен ескеретін коэффициент (  = 1,05...1,2 шектерінде қабылдайды);

                 k – қор коэффициенті;

                 hp – шырақты жұмыс бетінен ілу биіктігі.

     

    Есептеуді бастар алдында геометриялық қатынастар мен бұрыштарды анықтау үшін шырақтарды орналастыру сұлбасы масштабында сызу керек. 

    Нүктелік әдіспен есептеу, меншікті қуаты бойынша және пайдалану коэффициенті әдісімен есептеуге қарағанда біршама күрделі.  Есептеу арнайы формулалар, номограммалар, графиктер мен қосымша кестелер бойынша жүргізіледі. Горизонталь жазықтықта кеңістіктік изолюкс графиктерінің көмегімен ҚШ бар шырақтардан түсетін жарықтылықты анықтау анағұрлым қарапайым болып табылады. Осындай графиктер әрбір типтегі шырақтар үшін салынады және электрмен жарықтандырудың жобалау бойынша анықтамалық кітаптарда болады. «Изолюкса» деп бірдей жарықтылығы бар нүктелерді қосатын сызықты атайды.  

    3.2.1-суретте вертикаль ось бойынша метрмен алынған h есептік беттен шырақты орнату биіктігі салынған, ал горизонталь ось бойымен – метрмен алынған d қашықтығы. 30, 20, 15, 10, 7 ... – әрбір қисықта жарық ағыны 1000 лм тең шамы бар шырақтан келетін люкспен алынған жарықтылық қойылған. 

    А нүктесінде жарықтылықты анықтау үшін h және d шамаларын білу керек. h = 4 м, d = 6 м деп болжаймыз. 3.2.1-суретте  вертикаль осьте 4 санынан горизонталь сызық және горизонталь осьте 6 санынан вертикаль сызық жүргіземіз.  Сызықтар 1 санымен белгіленген қисық өтетін нүктеде қиылысады.   Бұл А нүктесінде С шырағы е =1 лк  шартты жарықтылық тудыратынын білдіреді. 

    Кеңістік изолюкса мақсатын және солар бойынша есептеу мәнін түсіну үшін қарапайым сурет саламыз (4-сурет). Орынжайда есептік беттен, мысалы еденнен h биіктікте С шырағы орнатылған дейік. Еденде А нүктесін аламыз, онда жарықтылықты анықтау керек. Шырақтың О есептік бетіне проекциясынан А нүктесіне қашықтықты d арқылы белгілейміз.

    Симметриялы жарық тарататын шырақтардан түсетін жарықтылықты нүктелі әдіспен есептеуді (3.2.3-сурет) мынадай реттілікпен жүргізу ұсынылады:

    1. d / hp қатынасы бойынша tg және осыған орай  және cos3 бұрышын  анықтайды, мұнда d – есептік нүктеден шырақтың симметрия осінен оған перпендикуляр және есептік нүктеден өтетін жазықтыққа проекциясына дейінгі қашықтық;

    2. Шырақтардың таңдап алынған типі мен  бұрышы үшін жарық күшінің қисығы бойынша (немесе кесте деректері) I таңдайды;

    3. (*) формуласы бойынша есептік нүктеде әрбір шырақтан түсетін горизонталь жарықтылықты есептейді;

    4. Барлық шырақтар түзетін бақылау нүктесінде қосынды жарықтылықты анықтайды;

    5. Есептік нүктеде талап етілген (нормаланған) жарықтылықты алу үшін әрбір шам түзуі тиіс есептік жарық ағынын (люменмен) есептейді; 

    6. Табылған есептік жарық ағыны бойынша талап етілген қуаттағы шамды табады. 

     


    написать администратору сайта