Главная страница

26 Таңдауды ұйымдастыру. Сабақ 1. Программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды олдану. Сабаты масаты


Скачать 64.19 Kb.
НазваниеПрограммалау тіліндегі кірістірілген шарттарды олдану. Сабаты масаты
Дата04.04.2023
Размер64.19 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла26 Таңдауды ұйымдастыру. Сабақ 1.docx
ТипПрограмма
#1036914

Қысқамерзімді жоспар


Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Жорабектегі Абдуқадірұлы Елшібек

Күні: 09.03.2023 жыл

№61 жоббм кмм

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Таңдауды ұйымдастыру. Сабақ 1

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болатынын біледі.

Оқушылардыңкөбіүшін:таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға болатынын біледі.

Кейбіроқушыларүшін:күнделікті өмірден алынған таңдау алгоритміне жататын мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болатынын біледі.

Күнделікті өмірден алынған таңдау алгоритміне жататын мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Диалогтерменжазуүшінпайдалысөзтіркестері:

  • Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?

  • Заттар қандай параметрлермен сипатталады?

  • Заттардың параметрлеріне қарап таңдау үшін қоятын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

  • Таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға қолданады деп ойлайсың ?

  • Таңдауды ұйымдастыру алгоритмі дегеніміз не?

  • Күнделікті өмірден таңдау алгоритміне жататын қандай мысалда келтіре аласың?

  • Сөздікті пайдаланып, таңдау алгоритмін ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?

  • if - elif - else құрылымының шарт тексерудің басқа құрылымдарымен қандай айырмашылық жасайды?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Тармақталу алгоритмдерін программалау.

Сабақтың барысы:

Сабақтың

кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтыңбасы
2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

  4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен

таныстыру.

Топтастыру Оқушылар үш түсті кәмпитті қалауына қарай таңдау арқылы бірігеді.

І топ, ІІ топ, ІІІ топ.










5 мин

Ұжымдық жұмыс

«Миға шабуыл»әдісіАлдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  • Python

программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?

  • Заттар қандай параметрлермен сипатталады?

  • Заттардың параметрлеріне қарап таңдау

үшін қоятын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?

  • Таңдау

алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға қолданады деп ойлайсың?

Бағалау: Мұғалім оқушыларды

«Мадақтаусөзі» әдісіарқылы бағалайды.

Өте жақсы! Жақсы!

Талпын!

7-сынып оқулығы.

Компьютер




Жаңа сабаққа кіріспе.

Оқушыларға жаңа ақпаратпен танысу үшін мәтінді оқуға және арнайы жасалғалған үлгілік есептен программаны құрастыру жолын үйренуге тапсырма беріледі.

Сабақтыңортасы31 мин



Топтық жұмыс. Талдау

Python программалау тілінде таңдауды ұйымдастыруда if - elif-else құрылымы мен сөздікті пайдалануды

салыстырыңдар.

Дескриптор:

  • if-elif-else құрылымы мен сөздікті пайдалануды салыстырады.

  • Таңдауды ұйымдастыруда

Бағалау: Топтағы оқушылар бір-біріне

«Мадақтаусөзі» әдісіарқылы

топтық










Таңдауды ұйымдастыруда осы екеуінің қайсы

тиімдірек? Себебін түсіндіріңдер.

осы екеуінің қайсысы тиімдірек екенін

түсіндіреді.

бағалау жүргізеді. Өте жақсы!

Жақсы! Талпын!







Практикалық жұмыс

(Ж) 1-тапсырма Берілген апта күнінің нөміріне қарап, оның атауын экранға шығаратын программа құрастыр.

Дескриптор:

  • Апта күнінің нөміріне қарап, оның атауын табатын программа құрастырады.

  • Апта күнінің нөміріне қарап, оның атауын табатын программа

құрастырады.

Бағалау: Жұптағы оқушылар бір-біріне

«Мадақтаусөзі» әдісіарқылы бағалау жүргізеді. Өте жақсы!

Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы.

Компьютер.




(Д) 2-тапсырма

0-ден 9-ға дейінгі цифрларды енгізіп, олардың атын

көрсететін жоба дайында.

Дескриптор:

- 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды енгізіп, олардың атын

көрсететін жоба дайында.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі

«Мадақтаусөзі» әдісіарқылы бағалайды. Өте жақсы! Жақсы!

Талпын!

7-сынып оқулығы.

Компьютер.

Сабақтыңсоңы



7 мин

Рефлексия

Сабақты бекіту

(Ұ) «Өрмекшіторы»әдісі.

Бұл әдіс арқылы оқушылар бүгінгі

сабақтан алған әсерлерін, білгендерін бір-біріне жіпті ұзатып беру арқылы, сұрақ қойып, келесі оқушы жауап беріп, ары қарай өзі қалаған оқушыға сұрақ қоя отырып, өрмекші торы тоқылады.

  • Таңдауды ұйымдастыру алгоритмі дегеніміз не?

  • Күнделікті өмірден таңдау алгоритміне жататын қандай мысалда келтіре аласың?

  • Сөздікті пайдаланып, таңдау алгоритмін ұйымдастыру қалай жүзеге асырылады?

  • if - elif - else құрылымының шарт тексерудің басқа құрылымдарымен қандай айырмашылық

жасайды?

Бағалау: Мұғалім оқушыларды

«Мадақтаусөзі» әдісіарқылы бағалайды.

Өте жақсы! Жақсы!

Талпын!

Оралған тоқыма жіп.




Үй тапсырмасы

Математикада 2n дәрежесінің соңғы цифрын табуға арналған есеп бар.

Мысалы, 28 дәрежесінің соңғы цифры 6–ға тең. Бірақ есепті орындаудың қиындығы сол, n (010) санының шегі өте үлкен. Есептің математикалық


Мысалы

Нәтиже

4

Beisenbi




Мысалы

Нәтиже

3

ush








шешімі оңай. 2 санының дәрежелерінің соңғы цифры белгілі заңдылықпен қайталанып отырады (3-сурет). Осы заңдылықты ескере отырып, таңдау алгоритмін қолданып, есептің программа кодын құрастыр. Төмендегі (3-сурет)










ҚМЖ-ға ҚОСЫМША

Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.

Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың

«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың

«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.

Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым­қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге талпынып, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады. Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.

Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады.

«Миға шабуыл» әдісін қолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.

Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушы өзінің ойымен бөлісіп, сұрақ қойып, өзгенің де сұрағына жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма беру мақсаты: Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім алуына бағытталады.


написать администратору сайта