Главная страница

қожа. Рамазанова Ш. Б


Скачать 55.74 Kb.
НазваниеРамазанова Ш. Б
Дата24.02.2023
Размер55.74 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлақожа.docx
ТипДокументы
#952623





Рамазанова Ш.Б.

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі

Атырау облысы, Махамбет ауданы

Пәні: Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы:

Менің атым Қожа

Бөлім: Адамның сырт келбеті және мінез

мұғалім

Рамазанова Ш Б . Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі Атырау облысы Махамбет ауданы

Сынып: 5 қазақ








Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (Т\А1)

Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (О6)

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, мәтін мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Болжауда тірек сөздерді қолданады. Автордың ойын жетекші сұрақтар арқылы толық аша алады. Мәтін мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты табады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді. Мәтін мазмұнын толық түсінеді, нақты ақпаратты өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады:

Өз пікірін білдіруде нақты ақпаратты өмірмен байланыстыра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Армиядан келу- әскери міндетті өтеп келу, орден- жоғары марапат, нөпір- көп, майдан-соғыс, ұстара-шаш алатын, сақал, мұрт алатын арнайы өткір пышақ, тікенек-кейбір өсімдік жапырағының шетіне шығатын майда тікен.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Қожаның қиял-арманы

Талқылауға арналған сұрақтар:

*Үзіндіден Қожаның қандай өзіндік әлемі байқалады?

*Қожа қандай себеппен атақты, танымал тұлғаға айналғысы келеді?

*Ол батыр болуды армандағанда алдына қандай мақсат қойды?

*Қожа болашақта өз мінезін, әрекетін қаншалықты өзгерте алды

Құндылықтарды

игерту

Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, ән

Бағалау критерийі

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты таба алады.

Алдыңғы білім

«Менің атым Қожа» кинофильмі

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

6 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. «Туған ел» әнін тыңдай жүріп оқушылар берілген суреттерді құрастырады және сол сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді.

Ой шақыру кезеңі.(Оқушылардың назарын сабаққа аудару.) Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.

Жетекші сұрақтар:

- Берілген суреттер бізге таныс па?

- Тыңдалған әен қандай әуен еді?

- Бұл әуен қай кинофильмге пайдаланылған?

- Суреттердің, әуеннің бүгінгі сабағымызға байланысы қандай деп ойлайсыңдар?

Мозайка



Сабақтың ортасы
2 мин


30 мин

5мин


Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстырылады.

Оқылымалды тапсырмасы:

Қожаға қандай мінездеме беруге болады?

Қожа қандай бала?

Қожа нені армандады?

Қожаның қиялы қаншалықты ұшқыр?

(сұрақтар төңірегінде жауап беру)

Оқылымкезі тапсырмасы

Ж. Ж\Ж. Т\Ж.

«Ойлан. Жұптас. Талқыла» әдісі

Үш топқа мәтін беріледі.

1-топ: «4 қандай» әдісі

Мәтін «Қожаның арман-қиялы»

Тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз және менталды картаға түсіріңіз.

Берілген үзіндіден Қожаның қандай әлемі байқалады?

Қожа қандай себеппен атақты, танымал тұлғаға айналғысы келді?

Ол батыр болуды армандағанда алдына қандай мақсат қойды?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты таба алады.

1.Мәтін мазмұнын толық түсіне алады.

2.Нақты 2 ақпартты табады.

Берілген сұрақтарға толық жауап бере алады

1.Берілген сұрақтарға мәтін мазмұнынан мысалдар келтіру арқылы жауап береді.

2. Өз ойын өмірмен байланыстырып айта алады.



2-топ: Қожаның портреті

Фамилиям – Қадыров. Бір кезде “Қадырұлы” деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі “ов” болып жатқанда, менің олардан алабөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де, “Қадыровқа” қайтып келдім.

Қадыр – менің әкем. Мен әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда мен екі жастамын. Екі жасар бала не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...

Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса сипатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді-өзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрын. Әжем кейде менің атымды атамай “Тампышнеме” дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сый­ып кетеді, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әбубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.

Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар – ол Әбубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып жүрмей қояды. Шашымды әр алған сайын Әбубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таңғалып бітеді.

– Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен- ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр.

Сипатталмаған енді нем қалды? Қаралығымды әуел баста-ақ айтқанмын. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман бол­сашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім.

Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкем тәрізді сұңғақ боласың дейді. Кімдікі рас екенін құдайым білсін. Өткен күзде мектепте дәрігер қарап өлшегенде, бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан едім. Шашым болғанда, жүз қырық шығуы сөзсіз еді. Тақырбас жүргеннің осындай за­лалы да бар. Жасым он екіде. Бесінші класты бітіріп отырмын.

Тапсырма

Мәтінді толық түсініңіз және мәтін мазмұнына сәйкес берілген ойды жалғастырыңыз

1

Қожа әкесінің қандай адам екенін білмейді, өйткені...

2

Қожа аты-жөнін айтып, содан соң сырт бейнесін сипаттауға көшті, себебі...

3

Қожа әжесінің «Тампышнеме» деген сөзімен келіседі, себебі...

4

Әжесі Қожаны ұзын бойлы болады деп ойлайды, себебі...




Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді

Нақты ақпаратты таба алады.

1.Мәтін мазмұнын толық түсініп айта алады.

2. Нақты екі ақпаратты табады.

3.Берілген ойды жалғастыра алады.



3-топ: Берілген мәтін бойынша кейіпкерлерді сомдау және Жантас пен Қожаға мінездеме беру, салыстыру

Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып:

-        Қара көже, мынаның не екенің білесің бе?- дейді.

-        Ол не?

-        Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым.

-Оны саған кім берді?

- Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.

"Неге жоқпы?" Жантастан Майқанованың қайда екенін сұрап едім, мектепте деді

Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де, жүгіре жөнелдім. Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп бардым.

Майқанова бірдеңе жазып, жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады:

-        Не болды? Не болды, Қадыров?

-        Лагерьге жолдама беріңізші маған.

-        Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың.

-        Неге?

-       Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.

-        Жантас немене... менен артық болғаны ма?

Майқанова екі бүйірінен біреу қысып қалғандайеңсесін кілт көтеріп алды:

-        Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?

Майқанованың көкшіл көзі шатынай бастады. Оныңбір ашуланса шапылдап, жуық арада толас бермейтінін білем.

-        Бермесеңіз, қойыңыз,- дедім де, жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім. Осындай әділетсіздікке қаның қалай ғана қайнамайды. Жантас, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, (сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Менің сабақ үлгеруім одан көш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес.

Тапсырма

Берілген мәтінді рөлге бөліп оқу, кейіпкерлерді сомдау және Жантас пен Қожаға мінездеме беру, салыстыру

Бағалау критерийі

Дескриптор

Кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыру.

Берілген мәтінді рөлге бөліп оқиды.


1.Мәтінді шеберлікпен рөлге бөліп оқи алады.

2.Мәтін бойынша кейіпкерлерді анықтайды.

3. Жантас пен Қожаға мінездеме береді.

4.Кейіпкерлердің іс-әрекетін саллыстырады, мысалдар арқылы дәлелдейді.


Оқылым соңы тапсырмасы:

«Әуенді жазылым» әдісі арқылы мәтін мазмұнына сүйене отырып, берілген сұраққа өз пікірін жазу

Қожа болашақта өз мінезін, әрекетін қаншалықты өзгерте алды?


Ментальды карта
«Қол шапалақтау»

«Бас бармақ»

Әдісі



Сабақтың соңы
3 мин

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»


Кесте


Қосымша ақпарат: Қазақстандық дизайнерлер туралы дереккөздер

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамытуда құрған топтар мен жұптардың негізгі мақсаты қабілеті төмен оқушыларға қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін жоспарлаймын.


Оқушылардың оқуын тексеру үшін төмендегідей қалыптастырушы бағалау тәсілдерін пайдаландым. «Қол шапалақтау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ»


Пәнаралық байланыс:әдебиет, ән.


Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ жоспарлауда тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай құрдым.Яғни саралау барлық тапсырмада қолданылды.Оқушылардың алдыңғы білімі, қабілеті, қызығушылығы ескерілді.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?




САБАҚ: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Құпия кеңес Мектеп:№10 орта мектеп

Күні: 27.02.2020 жыл Мұғалімнің есімі: Татенова Арайлым Арыстанбековна

СЫНЫП: 5 «Б» Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақ негізделген

оқу

мақсаты

(мақсаттары) әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау(5. Т/Ж2); эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау(5. А/И2); оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу(5. Б/С4)

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: · Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: · Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: · Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі Топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік Жаңа білім, эпикалық шығармадағы автор бейнесі

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кәмпиттер қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сенім арту

Жоспарланған

уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар

Басталуы 3 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру 1 минут: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Топқа бөлу 2 минут Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Үй тапсырмасын еске

түсіру 5 минут “ Кезбе тілші” әдісі 1- топқа: Б. Соқпақбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? Б.Соқпақбаевтың тағы да қандай шығармалары бар? 2-топқа: Хикаят дегеніміз не? Әр топқа тілшінің сұрақ қою әдісі арқылы жүргізіледі. «Бағдаршам» арқылы

А.Байтұрсынұлы хикаятты қалай атаған? 3-топқа: «Менің атым Қожа» хикаяты қай жылы жазылды? «Менің атым Қожа» атты хикаят кіріспені қоспағанда қанша тараудан тұрады? бағаланады

Ортасы 17 минут Топтарға тапсырма: Постер қорғау 12 минут І топ: «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша Қожаның бейнесін сомдау ІІ топ: «Эмоция кестесі» әдісі бойынша хикаяттағы негізгі оқиғаларды жазып, Қожаның көңіл- күйін анықтау ІІІ топ: «Венн диаграммасы» әдісі арқылы хикаяттағы Қожа мен Жантасты салыстыру «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады Оқулықпен, дәптермен жұмыс 5 минут І топ «Бақаның әлегі» сөзін негіз ете отырып, сөзжұмбақ құрастырыңдар ІІ топ «Кейіпкерлер әлемі» кестесін толтыр.

КЕЙІПКЕР БҰЛАР КІМДЕР? ІІІ топ “Теріп алу” әдісі бойынша тапсырманы орында Қожа алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді,қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз Жантас әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз Смайликтер арқылы бағаланады

Сергіту сәті 3 минут «Көңілді күн!» би билеу «Көңілді күн!» биі

Аяқталуы 5 минут «Bilim land» арқылы тест тапсырмаларын орындау Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді

Үйге тапсырма 1 минут Қожаға хат жазу

Бағалау 3 минут 1-5 балл жүйесі арқылы оқушылар бағаланады

Кері байланыс

3 минут «Білім қоржыны» кері байланыс Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

· · ·

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы

ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау

шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай

түзетулер енгіздім жəне неліктен? «Білім қоржыны» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтаға ілінген білім қоржынының біріне жабыстырады. Қоржындар «Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды», «мен сабақты жақсы түсіндім», «Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек» деп аталады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушы


написать администратору сайта