Главная страница

КТЖ. Сабақ жоспары 2021. Саба 55 Колледж МК Клік Колледжі


Скачать 398.14 Kb.
НазваниеСаба 55 Колледж МК Клік Колледжі
Дата21.11.2022
Размер398.14 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСабақ жоспары 2021.docx
ТипДокументы
#802539

Сабақ № 55

Колледж: ҚМКҚ Көлік Колледжі

Пәні

Физика

Күні: 22.02.2021ж

Оқытушының аты-жөні: Шеттыкбаева С.С.

Тобы: 12 ТРэк

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Электромагниттік толқындар

Сабақ тақырыбы

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.2.1 -электромагниттік толқындардың пайда болу жағдайларын түсіндіріп, олардың қасиеттерін сипаттау


Сабақ мақсаттары

  • Электромагниттік толқындардың пайда болуын түсіндіре алады

  • Электромагниттік толқындардың түрлерін және олардың диапазондарын ажыратады

  • Электромагниттік толқындардың қасиеттерін сипаттай алады

Сабақтың типі

  • Аралас сабақ

Бағалау критерийлері

Тілдік мақсаттар

  • Электромагниттік толқындардың көздерін сипаттайды;

  • Электромагниттік толқындардың пайда болу шарттары мен қасиеттерін түсінеді және түсіндіреді;

  • Графикалық электромагниттік толқындарды бейнелейді

  • Электромагниттік толқындарды қолдануға мысалдар келтіреді;

Тілдік мақсаттарды, оның ішінде лексика мен сөз тіркестерін анықтаңыз.

Студенттер тапсырмаларды ауызша және жазбаша түрде орындай алады, тиісті терминологияны қолдана отырып, сабақ тақырыбы бойынша теория мен проблеманы шешуді түсіндіреді.

Тақырыптық лексика мен терминология:

Тербелістер, механикалық, электромагниттік, периодты өзгерістер, ығысу толқындары, таралу, орта, таралу бағыты, вакуум.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Топқа бөлу.

  1. Психологиялық ахуал

Бүгінгі сабақта сендерді саяхатқа шығуға шақырамын. Саяхат барысында бір қаладан екінші қалаға өту үшін тапсырмалар беріледі (сұрақ, есеп түрінде),тапсырмаларды орындайсыңдар. Тапсырмаларды орындай электромагниттік толқындар жайлы оқып үйренеміз. Бәріміз дайынбыз ба? Олай болса, жолға шығуға дайындалайық.

Барлығымыз бір вагонға сыймаймыз, сондықтан да алдымен екі топқа бірігейік және бір бірімізге сәттілік тілейік те, саяхатымызды бастайық.

Тақырып бойынша дайындалған ресурстар

Сабақтың ортасы
10 минут


15 минут


Жаңа сабақ

Ой қозғау

«Терминдер» тапсырмасын орындау арқылы студенттер сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

«Білімділер» станциясы

Жоспары:

  1. Электромагниттік толқындарды алу жолдары;

  2. Электромагниттік толқындардың түрлері;

  3. Электромагниттік толқындардың қасиеттері және қолданылуы.

Біздің айналамызда электромагниттік толқындарды шығаратын және қабылдайтын көптеген құрылғылар бар. Бұл ұялы телефондар, такси жүргізушілерінің, өрт сөндірушілердің және күзетшілердің «рациялары». Электромагниттік толқындардың таратқыштары мен қабылдағыштарының жұмыс принципі қандай?




Тербелмелі тізбекте конденсатордың заряды пероидты артады немесе азаяды. Бұл оның плиталары арасындағы электр өрісі периодты өзгеріп отыратынын білдіреді: ол күшейіп, әлсірейді, Бірдей жиілікте индуктордағы ток күшіөзгереді, сондықтан магнит өрісі де периодты өзгеріп отырады: ол күшейіп, әлсірейді.

Бірақ, конденсатор тек электр өрісін, ал индуктор - тек магнит өрісін жасайды деп ойламау қателік. 1864 жылы ағылшын ғалымы Дж.Максвелл электрлік және магниттік өрістер уақыт өте келе өзгермесе ғана «өздігінен» байқалады деген теорияны жасады. Электрлік және магниттік өрістер тұрақсыз болғандықтан, тербелмелі тізбектің айналасында өзгеретін электромагниттік өріс болады.



Электромагниттік өріс үлкен қашықтық қатаралуы үшін тербелмелі контур ашық болуы керек. Елестетіп көріңізші, конденсатор плиталары біртіндеп бір-бірінен алшақтайды (суретті қараңыз). Бұл жағдайда пластиналар арасында болатын ауыспалы электромагниттік өріс тербелмелі тізбектен тыс болады және кеңістіктегі электромагниттік толқындар түрінде таралады. Тәжірибелер Максвеллдің теориясын растайды және конденсатор плиталарын алып тастауға болатындығын көрсетеді. Содан кейін сымдардың түзу қималары қарапайым антенна – электромагниттік толқындарды шығаратын немесе қабылдайтын құрылғыға айналады.

  1. Төменгі жиілікті толқындар.

  2. Радиотолқындар.

  3. Инфрақызыл сәулелер.

  4. Көрінетін жарық.

  5. Ультракүлгін.

  6. Рентген сәулелері.

  7. Гамма-сәуле шығару

Электромагниттік толқындарды жиілік бойынша жіктеу электромагниттік толқындар шкаласы деп аталады. Олар (ν = 10-3 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (ν < 1021 Гц) аралықты қамтиды.Жиілігі мен толқын ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі.Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер және γ – гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған

  1. Төменгі жиілікті толқындар

Бұл толқындарды арнайы жасалған генераторлар мен айнымалы токтың генераторлары шығарады. Электрлік приборла мен электрлік қозғалтқыштардың басым көпшілігі жиілігі 50 – 60 Гц айнымалы токпен қоректенеді.

  1. Радиотолқындар

Радиосәулелерді шығаратын генераторлармен таныссыңдар. Олардың толқын ұзындықтары 10−6м-ден 5 ·104 м-ге дейінгі аймақты қамтиды.

  1. Инфрақызыл сәулелер шығару

Толқын ұзындығы 2 мм-ден 760 нм-ге дейінгі, жылулық және электрлік әсерлерден молекулалар мен атомдардың тербелісі кезінде инфрақызыл сәулелер шығады.

  1. Ультракүлгін сәулелер шығару

Толқын ұзындығы 400 нм-ден 10 нм-ге дейін болатын ультракүлгін сәулелерді шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын солғын разряд арқылы алады. 

  1. Рентген сәулелері

1895 жылы В.Рентген толқын ұзындығы 10 нм-ден 10−3нм болатын, ультракүлгін толқындар ұзындығынан қысқа сәуле шығарудың түрін ашты. Рентген сәулелері шапшаң электрондар мен зарядталған бөлшектер кенет тежелгенде пайда болады.

  1. Гамма-сәуле шығару

Электромагниттік сәуле шығарудың ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы — гамма – сәулелер. Олардың толқын ұзындығы 10−10м мен 3·10−13 м аралығында болады. Гамма – сәулелер қозған атом ядроларында және радиоактивті ыдырау құбылысы кезінде шығарылады. Оның көзі Жер бетінде де, ғарышта да кездеседі. Ғарыштан келетін электромагниттік сәуле шығарудың кейбір бөлігі ғана Жер атмосферасында жұтылмай өтеді. Ал гамма –сәуле шығарудың барлығы дерлік Жер атмосферасының озон қабатында жұтылады. Жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруі тікелей осы озон қабатының сақталуына байланысты.


Презентация.ppt

Қосымша_1

Қосымша _ 2

Ресурстар

Электромагниттік толқындар қасиеттері

  1. h ttps://www.youtube.com/watch?v=mvAmN50qhPs



  1. https://www.youtube.com/watch?v=oolHfsPlCH8



  1. h ttps://interneturok.ru/textfiles/fizika/demonstratsiya-svoystv-elektromagnitnyh-voln

https://www.youtube.com/watch?v=Z3uADz9hOh8
  1. Физика: подготовка к ЕГЭ. Электромагнитные волны


https://www.youtube.com/watch?v=E4o-cl2a4nw

  1. https://multiurok.ru/files/test-elektromagnitnye-volny-i-ikh-obnaruzhenie-plo.html

  2. https://testschool.ru/2019/01/28/test-po-fizike-elektromagnitnye-volny-dlya-11-klassa/

Қосымша _ 3


Жаңа сабақты бекіту

5 минут


5 минут

5 минут

«Сәйкестендіру» станциясы

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (бір сұрақтың 2-3 жауабы болуы мүмкін, интерактивті тақтада орындайды)




Сұрақ

υ, м/с

ν, Гц

Τ, с

λ

с = 3 ∙ 108 м/с

1

Электромагниттік толқынның ұзындығы
















2

Электромагниттік толқынның жылдамдығы
















3

Электромагниттік толқынның периоды
















4

Электромагниттік толқынның жиілігі
















5

Электромагниттік толқынның вакуумдегі формуласы
















6

λ = cT бұл қай шаманың формуласы
















7

λ = c/νбұл қай шаманың формуласы















Шешіп, көр!” станциясы (есеп шығару)

№1.

Толқын ұзындығы 300 м радиотолқындар шығаратын ашық тербелмелі контурдағы тербеліс периоды қандай?

( с = 3 ∙ 108 м/с )

№2

Радиостанция 75 МГц жиілікте хабар жүргізіп отыр. Толқын ұзындығын табыңдар ( с = 3 ∙ 108 м/с )

«Кім жылдам?»станциясы

Тапсырмалар әр түрлі формада болуы мүмкін: формула, сұрақтар, есептің мәтіндері т.с.с.. Торға « × немесе 0 » – ді қойғысы келген оқушы карточкада жасырылған тапсырманы орындауы тиіс. Егер оқушы немесе топ тапсырманы дұрыс орындаса, онда таңдалған торға « × » -ті, ал қателескен болса белгілеу құқығынан айырылады. Сұраққа жауап беру келесі топқа өтеді.

  1. Электромагниттік толқындарды тәжірибе жүзінде алған ғалым (Г.Герц)

  2. Электромагниттік тербелістердің кеңістікте таралуы (электромагниттік толқындар)

  3. Электромагниттік шкала неше сәулеге жіктеледі (7)

  4. Ядролардың радиоактивті ыдырауы кезінде қанадай сәулелер қолданылады? (гамма сәулелері)

  5. Медицинада, рентген түтіктерінде қандай электромагниттік сәулелер қолданылады?(рентген сәуелелері)

  6. Электромагниттік сәулелердің адам ағзасына зияны бар ма? (ия)

  7. Электромагниттік сәулелердің пайдасы бар ма? (ия)

  8. Вакуммдегі электрмагтиттік сәулелердің таралу жылдамдығы нешеге тең? (с=3*108 м/с)

  9. Инфроқызыл сәулелер электромагниттік шкаланың нешінші бөлігінде орналасқан? (3)

  10. Электромагниттік толқындардың табиғатта бар екенін айтқан ғалым? (Максвелл)

Электромагниттік толқындар қасиеттері



https://www.youtube.com/watch?v=8EysU8xTr6o

Электромагниттік толқындар қасиеттері


http://fizmat.by/kursy/jelektromagnt/jelmagn_volny

Қортындылау

Үй тапсырмасын беру

§20 – 23, 12 – жаттығу, №2

Ұзындығы 400 м электромагниттік толқындағы жиілігі 1 кГц дыбыс тердбелісінің периодын анықта

«Бағалау» станциясы

Сабақ барысында өте жақсы жауап бергендерді («5», 90 – 100 балл), жақсы қатысқандарды («4», 70 – 89 балл), толық жауап бермеген оқушылар («3», 50 – 69 балл) бағаладым.



Смайликтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






Дифференциация топтар құру арқылы, оқушыларға ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындауда жеке қолдау көрсету арқылы (қорытынды жасау, дәптерлерде ескертпелер жасау),сабақтың барлық кезеңдерде оқу материалдары мен ресурстарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыларға сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдістерді жазу үшін осы бөлімд іпайдаланыңыз. Топтарда жұмыс жасау кезінд оқушылардың іс-әрекетінбақылау, сұрақтарғ ажауаптар, жазбаша тапсырмалар

Денсаулық сақтау технологиясы.

Кабинетте қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.








     


написать администратору сайта