Абдулла Аружан 303А-ХО. Семинар Экологиялы мониторинг ымына анытама берііз. Экологиялы мониторинг
Скачать 17.37 Kb.
|
Абдулла Аружан 303К-ХО 13-семинар Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз. Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторингжүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралықынтымақтастық негізінде, ұлттықЭкологиялық мониторинг бір мемлекеттіңшегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындардақоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі. Экологиялық мониторинг — табиғи құбылыстардың жәнс антропогендік іс-әрскеттсрдің әсерінен коршаған орта жағдайыныіі өзгеруін бакылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин “монитор” – сактандырушы, қадағалаушы деген латын созінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи жөне антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші корсеткіш больш экологиялык шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, Бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылык карекеті. Бұл шектен асушылык экожүйенің тұрақтылығының бүзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның ден-саулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта Бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауга барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырактың температурасының, қысымының, ылғалдығының озгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде отеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер оте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сырткы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің езіне тән тұрақтылық кабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның түрактылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни түрактылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен коршаған орта оздерінің түрактылығын кез-келген геологиялык кезендерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды. Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестсрдід озгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан кызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалык, ионосферлык және баскалар) жүйелер жүргізеді. Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік озгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауга, болжауға экологиялык монито-рингтің информациялык жүйесі жасалды. Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері: антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау; антропогендік әсер факторларын бақылау; антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының озгеруін бақылау; табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау; антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау. |