ШЖ Кеес Одаыны Батыры Мншк Мметова атындаы Атбе Жоары медициналы колледжі мкк
Скачать 243.18 Kb.
|
ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК Тақырыбы: Паркинсон ауруымен ауыратын науқастарға күтім жасау ерекшеліктері Пән: факультатив неврологиядағы пациент-орталықтанған мейірбике күтімі Қабылдаған: Ешниязова Г.Н. Орындаған: Хасанова Б.Ф. Тобы: 305 - «Медбикелік іс» Паркинсон ауруы – ересек адамдарда болатын созылмалы ауру. Нейромедиатор дофамин болып қолданылатын орталық жүйке жүйесінің немесе орта мидың қара субстанция нейрондарының бүлініп немесе өліп қалуынан пайда болады. Жалпы түсініктемесі Паркинсон ауруы келесі қозғалыстық бұзуларға әкеледі: діріл(тремор), гипокинезия, бұлшықет ригиді, сонымен қатар вегетативті және психикалық бұзулар. Бұзулардың барлығы бас миының алдыңғы жағында орналасқан өңсіз шар (палладиум) тежегіш ықпалынан болады. Палладиум нейрондарының бұзылуы перефериялық қозғалыстық нейрондарының қатты тежеуіне әкеледі. Қазіргі таңда аурудың емі жоқ, бірақ дәрігелер реабилитациялық курсты жүргізеді. Реабилитация көмегімен Паркинсон ауруының синдромдары едәуір азайады, сондықтан осы аурумен ауырған адамдардың өмірі біраз жеңілдетіледі. Аталу себебі Аурудың аталуы әйгілі француз неврологы Жан Шарконың көмегімен пайда болды. Ол осы ауруды алғаш зерттеп эссе жазған британдық Джеймс Паркинсон атымен қойылсын деген ниет білдірді. Зерттелу тарихы Паркинсон ауруының сипаттамасы 1817 жылы Джеймс Паркинсонның “Діріл параличі туралы эссе” атты жұмысынан бірнеше мыңжылдықтар бұрын пайда болды. Мысыр папирусында б.з.б. XII ғасырда фараондардың біреуінде Паркинсон ауруына сай келетін белгілер байқалған. Ал Библияда діріл (тремор) байқалған адамдар туралы жазылған. Аюрведа жұмыстарында да діріл, қозғалыстың шектелуі, сілекейдің еріксіз ағуы, басқа да Паркинсон ауруына сәйкес белгілердің сипаттамалары бар. Оларды емдеудің бір жолы ғана көрсетілді – ол бұршақ көкөнісін әртүрлі қолдану. Ежелгі Римнің атақты дәрігері Гален сонау II ғасырда Паркинсон ауруын сипаттап оның белгілерін атап шықты. Галеннен кейін Паркинсон ауруы тек XVII ғасырда ғана қайтадан сипатталды. Голландия дәрігері Франциск Сильвий Паркинсон ауруына сәйкес басқа да тремор түрлерін атап шықты, ал неміс Иероним Гобий паркинсионизмға сай ауру адамның жүрісін сипаттап ерекшеліктерін атап шықты. Джон Хантер паркинсионизм синдромына ұшыраған адамның толық сипаттамасын берді. Джеймс Паркинсон 1817 жылы өзінің жазған жұмысында Паркинсон ауруына шалдыққан 6 адамды зерттеп барлық сипаттамасын кітабына енгізген. Және де ол ауру ушығуының динамикасын бақылап бірнеше тұжырамдамаға келді. Джеймс Паркинсонның бұл жұмысына 40 жыл бойы көңіл аударылмады. У.Говерс, С.Уильсон, В.Эрба және Ж.Шарко неврологтарының қарапайым зерттеулері Паркинсон ауруын жеке сырқат ретінде саналуына зор үлес қосты. Паркинсон ауруы бөлек сырқат ретінде санала бастағаннан кейін, ағзада қандай құрылымдардың зақымдануы осы аурудың белгілерінің пайда болуына әкеледі деген сұрақ туындады. Француз неврологы Эдуард Бриссо XIX ғасырдың аяғында Паркинсон ауруының пайда болуына субталамикалық ядро және орта мидың зақымдануы жауапты деген ой түйіндеді. 1912 жылы Фридерик Леви ми бағанасының жасушаларында Паркинсон ауруына сәйкес келетін ерекше жасушаларының қосылуын байқады. Кейіннен, бұл жасушалар Леви денешіктері деп атала басталды. 1919 жылы орыс неврологы К.Н. Третьяков ауру кезінде болатын негізгі патологиялық өзгерістер қара субстанцияда болатынын анықтады. Третьяковтың болжамдары медициналық қауымдастықпен мойындалмады. Тек 1948 жылы неміс патологоанатомы Рольф Хаспер осы болжамды дәлелдегеннен кейін Третьяковтың жұмысы қабылданды. Сырқаттың негізінде жатқан биохимиялық өзгерістер 1950-ші жылдары ғана зерттеле басталды. Паркинсон ауруының дамуына зор үлес қосатын нейротрансмиттер дофаминнің зерттелуі үшін швед фармакологы Арвид Карлссон Физиология және Медицина бойынша Нобель сыйлығына тек 2000 жылы ғана ие болды. Ал Леви денешіктерінің құрамы 1997 жылы ғана толығымен түсіндірілді. Сырқаттың тарихы мен табиғатының зерттелуімен бірге оның емделу әдістері де дамыды. XIX — XX ғасырлардың неврологтары алкалоид пен белладон атропинының қолданылуы емделу жолдарында жақсы нәтижелерге әкелді деген тұжырымдамаларға келді. 1939 жылы хирургиялық жолмен емделу тәсілдері де қарастырылды. Бұл тәсіл бойынша базальды ганглилердің деструкциясы жүргізілді. Өкінішке орай, емделу жолдары ойлаған нәтижелерге жеткізбегесін, келесі 20 жыл бойы хирургиялық емделу жолын жетілдіруге тырысты. Сонымен, антихолинергикалық препарат леведопы клиникалық емделуге енгізілгенге дейін базальды ядролардың хирургиялық бұзылуы Паркинсон ауруының емделуінің басты жолы болып табылатын. 1980-ші жылдардың соңында бас миының тереңдік структураны электрикалық импульстарымен стимуляциялау мүмкін емдел жолдарының бірі ретінде танылды. |