Главная страница

ашық сабақ 5 сынып. 5 сынып ашық сабақ онд бөл қосу. за мерзімді жоспарды тарауы 3в онды блшектер жне олара амалдар олдану


Скачать 0.66 Mb.
Названиеза мерзімді жоспарды тарауы 3в онды блшектер жне олара амалдар олдану
Анкорашық сабақ 5 сынып
Дата18.10.2022
Размер0.66 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5 сынып ашық сабақ онд бөл қосу.docx
ТипДокументы
#739664

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.3В

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Ә.Марғұлан ЖОББ мектебі


Күні: 03.02

Мұғалімнің аты-жөні: Тылешова А.А

Сыныбы: 5

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Оқу мақсаты

5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды орындау

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну , қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді қосу ережелерін біледі.

Басым бөлігі: Қарапайым ондық бөлшектерге берілген қосу және азайту амалдарын орындайды.

Кейбір оқушылар: Ондық бөлшектерді қосу ережелерін пайдаланып күрделі ондық бөлшектерге амалдар қолданып есептер шығарады.

Бағалау критерийлері

  1. Ондық бөлшектерді қосу ережелерін біледі.

  2. Қарапайым ондық бөлшектерге берілген қосу амалдарын орындай алады.

  3. Ондық бөлшектерді қосу ережелерін пайдаланып күрделі есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Ондық өлшектерді қосу ережелерін ауызша түсіндіріп, нақты мысалдармен сипаттай алады.

Пәндік лексика және терминология:

Ондық бөлшек, бірлік орын, ондық орын, жүздік орын, мыңдық орын дар

Диалогқа/ жазуға қажетті сөз тіркестері

  1. Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылған сандар болғандықтан, оларды қосу...

  2. Ондық бөлшкетерді қосуда аттас разрядтар ....

  3. Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың ...

Құндылықтарға баулу

Өз пікірін бүкіл сыныпта айта отырып, өзіне сенімі артады, сөйлеу мәдениеті дамиды. Жеке есептер шығару арқылы жауапкершілік сезімі артады.

Пәнарамалық байланыс

Информатика, қазақ әдебиеті,

Алдыңғы білім

Ондық бөлшек, ондық бөлшектерді оқу және жазу, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру, ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1400-14.03 3минут

14.03-14.13
10 минут


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал орнату

Жағымды көңіл күй сыйлау,өздерін еркін ұстауға үйрету

Өткен тақырыпқа шолу жасау.

1.Волейбол ойыны

Мұғалім оқушыларға доп лақтыру арқылы, өткен тақырып бойынша сабақ бойынша сұрақ қояды.

Сұрақтар.

1.Жай бөлшек деген не? Мысал келтір

2. Дұрыс бөлшек деген не? Мысал келтір.

3. Бұрыс бөлшек деген не ? Мысал келтір.

4.Аралас сан деген не? Мысал келтір.

5.Аралас санды жай бөлшекке айналдыр

6.Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр

7.Ондық бөлшек қалай жазылады?

8. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыр.

9. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр.
Жаңа тақырыпқа ену

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл кімнің өлең жолдарынан? Бұл өлеңнің мағынасын кім айтады? Абай атамыздың қанша жылдығын тойладық? Тағы қандай өлең жолдарын білеміз? Ендеше «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін еске түсірейікші - Өте жақсы балалар ендеше бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың бес асыл ісімен байланысты болмақ. Яғни 5 кезеңнен тұрады.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.


Тақтаға назар аударайық, бес дұшпан қара бұлт тәріздес, қайтсек осы күннің көзін ашамыз, яғни бес асыл іс жасау керек ,олай болса талаптанып еңбектенейік.

Ондық бөлшектерді оқыдыңдар,жаздыңдар, енді амалдар қолдануға бола ма? Ең қарапайым амалдар не ? Әрине қосу және азайту амалы, олай болса бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»

Ұранымыз:Әрқашан күн сөнбесін! Мақсатымыз: Ондық бөлшектерді қосу және азайту»



Сабақтың ортасы

14.13-14.20

7 минут

14.20-14.25

5 минут

14.25-14.27

2 минут

14.27-14.29

10 минут


14.29-14.36

7 минут

Сабақтың соңы

14.36-14.40

4 минут



II. Жаңа материалмен жұмыс , «Джигсо» әдісін қолану

«Үштік одақ» құрып, әр одаққа жаңа тақарып мысалын талдап, бір мысал беру

1.«Талап»

  1. Сарапшылар кездесуі

  2. «Үштік одақ» пен талдау



Білімленд платформасынан видео көрсетіп, жаңа тақырыпты талдау.
ІІ. «Еңбек» кезеңі. Жеке жұмыс

Еңбек оздырады , жалқаулық тоздырады дегендей еңбектеніп ,білімізді шыңдайық!

Сарапшылар ауысады.
1.Топ мүшелеріне тапсырма беру, тақтамен жауаптарын тексеру алдарында жатқан смайлик арқылы дұрыс-бұрыстығын тексеру, қате есептерін сарапшымен бірігіп талдайды. бес бармақ әдісі арқылы бағалау

634-635

634

1-есеп 57,87

2-есеп 7,882

3-есеп 11,469

4-есеп 65,976

635

1-есеп 17,217

2-есеп 2,67

3-есеп 10,767

4 есеп 6,9766

ІІІ. «Терең ой» кезеңі. Топпен жұмыс

Топ мүшелері ауысады.

Қатесін тап! Топпен ақылдаса отырып, есептің қатесін табады.

1.топ

0,5+2,5=7,5

0,25-0,21=4

2 топ.

3,25-3=25

7,05+2,423=3,128

3топ.

2,11+11=2,22

6,5-3,45=3,15
Дұрыс жауабы:

1.топ

0,5+2,5=3

0,25-0,21=0,04

2 топ.

3,25-3=0,25

7,05+2,423=9,473

3топ.

2,11+11=13,11

6,5-3,45=3,05
ІV. «Рақым» кезеңі

«Қар кесегі» ойынын ойнайық. Ақ параққа есеп шығарып бір-біріне екі айналым жасап лақтырады, соңғы алған кесекті ашып ішіндегі есепті тексереді. Егер қате болса жұппен жұмыс жасайды, дұрыс болса бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.
V. «Қанағат» кезеңі Қанағат қарын тойғызар

1топ-«Өрмекші» сұлбасын жасау

2 топ- «Түймедақ»

3 топ « Күннің көзі»



5-сыныптың математика оқулығы, 2- бөлім


Білімленд

5 – сыныптың математика оқулығы №634

Үлестірмелі қағаздар

Үлестірме қағаздар

№636

№643 қосымша есеп


IV.Сабақты қорытындылау.

0-2 балл Талаптан, сенің қолыңнан келеді!

2-5 балл Жақсы, мен саған сенемін!

5-9 балл Керемет, менің сенімімді ақтадың!

Сонымен еңбекпен тапқан нан тәтті дей келе, бүгінгі сабақта көп еңбектендік, күніміз жайдары ашық, жарқын болып тұр ,яғни абай атамыздың

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз -бұл қасиеттер біздің бойымызда бар екен

Үй ге тапсырма:

N638-639 оқулықтан 28 -бет.

Рефлексия:



Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қаблетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз ?

Денсаулық және хаупсіздік техникасын сақтау

Оқушылар жаңа сабақты ашу кезінде «Жигсо» әдісі арқалы топпен және бүкіл сыныппен диалогқа түсіуіне қолдау көрсету, сабақты бекіту кезеңінде деңгейлік тапсырмалар беру сннымен қатар қаблетті оқушыларға шығармашылық тапсырмалар, үлгерімі төмен оқушыларға лездік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз деңгейінде жұмыс істеуіне қолдау көрсету сонымен қатар әрбір тапсырманың өз ерекшелігіне қарай қалыптастырушы бағалауларды қолданып, оларды ынталандыру және қолдау көрсетілді.

Оқушыларға топтардың бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау , жеке жұмыстарды ұпай санны арқылы немесе дескрипторлар арқылы бағалауарқылы нені білетіні, нені білгені, нені білу керектігі тексеріліп, бағаланып отырады, сондай-ақ әрбір оқушыны назардан тыс қалдырмай әрір жасаған жұмысы мен іс-әрекеті үшін мадақатау алады.

Оқушының жас ерекшелігін ескеріп, үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтадағы жазуларды, сзбаларды анық көрінетіндей етіп жазамын.

Оқушылар арасында келіспеушіліктер болуына жол бермейтін жайлі атмосфера құрамын, парталар мен орындықтардың оқушыларға дене жарақаттарын салмауын қадағалап шығамын.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізіледі?

Өтілген сабақ туралы ойлау үшін төмендегі орнды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Ең жақсы өтілген екі нәрсе(оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан жақсы өтіуіне ықпалын тигізер еді (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




1.Мысал: 8,01+6,5=14,51



2.Мысал:13-8,15=4,85




1.Мысал: 8,01+6,5=14,51



2.Мысал:13-8,15=4,85

1.Мысал: 8,01+6,5=14,51

2.Мысал:13-8,15=4,85


1.Мысал: 8,01+6,5=14,51

2.Мысал:13-8,15=4,85



1.Мысал: 8,01+6,5=14,51



2.Мысал:13-8,15=4,85














Өсек



Мақтаншақ



Еріншек



Мал шашпақ








написать администратору сайта