Главная страница
Навигация по странице:

  • § 10. Ғылыми стиль

  • Іс агаздары стилі мен ресми стиль


    Скачать 25.02 Kb.
    Название Іс агаздары стилі мен ресми стиль
    Дата12.12.2022
    Размер25.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5 и 6.docx
    ТипПротокол
    #841367

    .§ 8. Іс қагаздары стилі мен ресми стиль

    Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, мін-деттеме, бұйрық, есеп т. б. жатады. Іс қағаздарыньщ әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыдғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай кағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

    Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс кағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғарғы Совет Указы, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады.

    Мұндай мемлекеттік документтерде саясипублицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдерійің қолданылуы басым келеді. Мысалы, “Жоғарғы сот пленумыньщ шешімш Қазақ ССР Жоғар-РЫ Советі Президиумы да қолдап, 1963 жылдыц 29 ноябрінде аталған, қылмыстылар үшін жазаның мөлшерін арттыру туралы указ қабылдады. Бұл указ бойынша, бұдан былайғы жерде аталған к.ылмыстарды жасаған адамдар үш жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланатын болды” (газеттен). Осы мысалда сөйлем құрылысы жағынан жалпы жазба тіл нормасынан ауытқушылықты байқамаймыз. Ал лексикалық өзгешелігі бірден көзге түседі. Мұнда заң орындарына тән арнаулы сөздер мен сөз тіркестері қолданылған. Ресми стильдің ерекшелігін мына төмендегі үлгілерден байқауға болады:

    СССР ЖОҒАРҒЫ СОВЕТІ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ

    УКАЗЫ

    СССР ЖОҒАРҒЫ СОВЕТІНІҢ САЙЛАУЫН

    ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

    Сегізінші сайланған СССР Жоғарғы Советінің өкілдігі бітуіне байланысты СССР Конституциясының (Негізгі заңыныц) 54-статьясы негізінде, Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Советінің Президиумы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    24

    (СССР Жоғарры Советінщ сайлауы 1974 жылғы 16 июньдегі жексенбіге тағайындалсын.

    СССР Жоғарғы Советі Президиумының

    Председателі

    СССР Жоғаргы. Советі Президиумының

    Секретары

    Москва, Кремль, 22 март, 1974 жыл.

    ВЛКСМ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫНАН

    Одақтас республикалардың ЛҚСМ Орталық Қомитеттеріне, комсомолдың өлкелік, облыстық, округтік, қалалық, аудандыц ко-митеттеріне халыққа білім беру органдарымен бірлесіп, ҚПСС XXIV съезінің шешімдеріне сэйкес жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау, шэкірттерді оқытудық және тэрбиелеудің сапасын арттыру жөнінде, селолық мектепте ерекше назар аудара отырып, нақты шараларды жасау жэне жүзеге асыру ұсынылды. Комсомол ұйымдары білімді кеңінен насихаттауды өрістетуі, өзінің оқуы үшін жэне келешек еңбек қызметіне жан-жақты әзірленуі үшін эрбір комсомолецтің жауапкершілігін арттыруы қажет. ( Лениндік есепті өткізу практикасын барынша жақсарта берген жөн.

    Ресми стнльге жататын мемлекеттік документтер жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың, барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

    1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.

    2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, кысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.

    3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

    Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік құралдар қолда-нылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықаралық ұйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшелі тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер' айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің колданылуы заңды кұбылыс.

    ЛЕНИН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕҚШІЛЕРІНЕ!

    ҚПСС Орталык, Қомитеті, СССР Жоғарғы Советінің Прези-диумы жэне СССР Министрлер Советі Ленинградтың еңбекшілерін тамаша күнмен — қаһарман қаланың іргесінде фашистік тобыр-ларды талқандаудың жиырма жылдығымен — қызу құттықтайды.

    Ешқашан да ұмытылмайтын ерлігі Отанымыздық тарихынан

    25

    мэнгі орын алатын ленинградтықтардыц еңбекте, коммунизм жо-лындағы ұлы куресімізде зор табыстарға жетуіне тілектеспіз. Ленинградты қорғаған батырлардың даңқы мэңгі өшпесін!

    КПСС Орталык, Комитеті

    СССР Жоғарғы. Советінің Президиумы

    СССР Министрлер Советі

    § 10. Ғылыми стиль

    Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел'гі болады.

    Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің не-

    гізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образ-

    ды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшелікте-

    ріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл

    білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б.

    физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен

    бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланыс-

    ты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.

    Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның да-

    32

    муымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт;ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.

    Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күр-дёлі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негіз-делуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекше-лігіне қарай баяндау тэсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мы-салы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады1. Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция мо-ментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кең келген айна-лыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасы-ның сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квад-ратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады2.

    Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер — осы мамандықтағы адамдарға- ғана таныс. Сонымен қа-тар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген. Әсіресе қоғамдық ғылымдарда тілдің еркін және мәнерлі қолданылатыны байқалады. Оны В. Г. Белинскийдің мына бір сөзінен аңғаруға болады. “Сана дегеніміз өмірдің рухы, оның жаны, поэзия дегеніміз — өмірдіқ күлімдегені; оныц тасқынды ай-қын жүзінің тез ауысып отыратын түйсігі. Жаратылыста сирек кездесетін эдемі эйелдер болады, бірақ оның сол сымбатты көр-кемдігінің жансыздығымен таң қалдырғанымен де, жүріс-тұрысын-да икемдігі, грация болмаса, мұндай әйелдер өзінше асқан көркем болғанымен, де жэне сізді таңырқатқанымен де, оның кездесуі еш-кімнің жүрегін тебіренте алмайды, оның көркемдігі махаббат туғы-за алмайды, сондықтан махаббатсыз сұлулық та, өмір де, поэзия да жоқ”3.

    Екінші бір мысал, Мұқтар Әуезовтің зерттеу еңбектерінен: “...Абай лирикалық, эстетикалык тақырыптарының махаббатқа арналған жайына тағы да тыңнан жазған екі өлеңмен оралды. Бұлары: “Қызарып, сұрланып”, “Қөзімнің қарасы”. Бұрын да осы тақырыпқа әр алуан үлгіде оралып соғып отыратын ақын мы-

    А Б і р і м ж а н о в. Жалпы химия, Алматы, 1962, 34-бет.

    Э Ф р_и ш және А В. Т и м о р е в а Жалпы физика курсы, I том,

    Алматы, 1962, 137-бет.

    3В Г. Б е л и н с к и й Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1948, 88-бет қазакша)

    33

    .нау екі өлеңінде және де екі алуан өзгешелік байқатады. “Қызарып, сұрланып” өлеңі Пушкин, Лермонтов шығармалары сияқты үлкен бір шындықпен, ы с т ы қ ж а л ы н м е н жырланған. Махаббатты табиғаттың к ө р к е м б е с і г і н е б ө л е п көрсетеді. Жасырын кеште алғаш кездесіп, сөз таба алмай, тек қана лүпіл қаққан жүрекпен, қ а б а қ п е н сыр танытқан жастар көрінеді. Өрепкіген қуаныш арасында а л а б ұ р т қ а н д а ғ д а р ы с та бар. Сәт сайын ауысқан сәл құбылыстар ол жастардың ақыл, сезімін билеген. Бар тынысы бусанып көрініп туған жанды махаббат жырланады.

    Бұл өлең махаббат психологиясын аса нәзік сезінген шеберлікті танытады. Ақын осындай терең күйде жалындаған шындық пен табысқан жүректерді қүптап, қостайды. Шын махаббат сөзсіз, үнсіз-ақ танылсын, ыстық жалынды кеуденің тынысымен-ақ білінсін, айтылып болмастай ыммен, емеурінмен танылатын болсын дейді. Сондай ғашықтықты жастарға үлгі еткенде, бір жағынан, интимная лирика арқылы нәзік сырды тереңдетеді. Екіншіден, өзінің реалистігіне берік ақын аса конкретті жайларды суреттейді. Түстей тұманға, белгісізге батқан қиял жоқ. Абайдьщ махаббат жайындағы ең нәзік, еқ көркем терең сөздері осы өлеңнен көрінген”1.


    написать администратору сайта