Главная страница
Навигация по странице:

  • 405. ! Науқастың орында және уақытта бағдары бұзылған, ал жеке тұлғасында бағдары дұрыс

  • 406.! Аурудың құрылысында шынайы есту галлюцинацияларының басым болуы

  • 407. ! Шынайы сахнатәрізді көру галлюцинацияларының айқын тасқыны

  • 409.! Вербальді комментирлеуші шынайы галлюцинациялар байқалады

  • 410.! Галлюцинаци ялар

  • 411. ! Қабылдаудың қандай бұзылыстары жедел госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады

  • 412. ! Науқас себепсіз қозулы, агрессивті, бетінде ыза бейнесі бар

  • 414.! Алкоголизммен ауыратын науқастардың қоғамдық қауіптілігі анықталады

  • 415.! Сандырақтық бұзылыстардың болуында көрсетілетін тағайындау

  • 417.! Шу түріндегі элементарлы есту галлюцинациялары аталады

  • 418. Науқастың тұлғасына жат, бағынбайтын ойлардың, елестетулердің, күдіктердің және т.б. оларға сын көзқарастың және күресуге талпыныстың сақталуы кезінде де пайда болуы аталады

  • 419. ! Тітіркендіргіштерді қабылдаудың төмендеуі аталады

  • ПСТХ. ! КандинскийКлерамбо синдромына тн сандыра


    Скачать 1.36 Mb.
    Название! КандинскийКлерамбо синдромына тн сандыра
    Дата28.07.2021
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПСТХ.doc
    ТипДокументы
    #225584
    страница19 из 23
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

    382.! 60 жастағы науқас, 30жылдан бері алкогольмен әуестенеді, 29 жасынан бері бас жазу синдромы. Алғашында 2л дейін арақ ішсе де масаймайтын. Соңғы жылдары 100 мл арақтан да мас болып қалады. Күн бойы тұрақты ішеді. Еш жерде жұмыс жасамайды, кездейсоқ тапқан ақшасына өмір сүреді. 5 жыл бұрын әйелімен ажырасқанын, онымен бір ауданда тұрады. 2 жыл мерзімінде әйелінің үйіне жиі келеді, оны көзіме шөп саласың деп кіналайтынды шығарған. Ол әйелінің көптеген еркектермен – жасөс-пірімдерден бастап үлкен кісілерге дейін адамдармен интимдік ара қатынасқа түсіп жүргендігін көретінін айтады. Әйелін кіналап, немерелерін қорлауды тоқтатуын талап етеді. Әйеліне бас салып оны өлтірмекші болғаны үшін сот-психиатриялық сараптамасын өткізген. Бұрын психиатриялық және наркологиялық стационарларда емделмеген.

    Науқастың диагнозын анықтаңыз:

    *шизофрения

    * инволюциялы психоз

    * реактивты сандырақтық психоз

    *+ қызғанудың алкогольді сандырағы

    *психопатия
    383.! 42 жастағы науқас терапевтикалық бөлімшеге пневмонияға байланысты түскен. 21 жылдан бері алкогольмен әуестенеді, тәулігіне 1,5л арақ ішіп, 9 жылдан бері бас жазады. 5 жыл бұрын есін жоғалтумен болған бас-ми жарақатын алған. Госпитализацияға дейін 7 күн бойына салынып ішкен, сосын ұйқысыздық пайда болған. Бірінші түні ұйқысы тыныш емес болды, медбикені жиі шақырып, үйіне қоңырау шалуды, температурасы мен АҚ өлшеп беруді сұрай берген. Таңертеңнен түске дейін ұйықтап кеткен. Кешке жақын үрей, қорқыныш, пайда болған, палатада шыбындардың, тышқандардың жыбырлап жүргенін көріп, олардан қашуға тырысады. Айналасындағыларды танымай, қайда екенңн түсінбей отырды. Қудалау сандырағының үзінділік ойларын айтып жатты.

    Психоздың типін анықтаңыз:

    *соматогенді

    *травматикалық

    *психогенді

    *+аққызба (белая горячка)

    *шизофрения
    384.! 35 жастағы науқас, рөлде отырып тұманданған жолда көшеде кетіп бара жатқан адамды соғып, оған жеңіл дене жарақаттарын тигізген. МАИ қызметкерлерімен мастықты сараптау мақсатында наркологиялық кабинетіне жеткізілген. Объективті: бозарған, қолдары дірілдеген, тахикардия, қарашықтары кеңейген. Спирттік ішімдік ішкенін теріске шығарады. Раппопорт реакциясы оң. Қанында А.Е.Личко бойынша 1,5г/л мөлшерінде алкоголь анықталды.

    Жағдайды анықтаңыз:

    * жеңіл мас болу

    * +орташа ауырлықтағы мас болу

    * патологиялық мас болу

    * ауыр мас болу

    * сау
    385.! 49 жастағы ер кісі 20 ж алкогольді қабылдайды,алкоголб суррогаттарын да ішеді. Соңғы жылдары тәулік бойында аз дозалармен бірнеше рет ішеді. Табандарында ауру сезімталдығы мен жүрістің бұзылысы байқалады. Соңғы күндері ұмысшақтық орнағаннан соң туысқандары алып келген. Берілген күнді білмейді, бірнеше минут алдын не болғанын есіне түсіре алмайды.

    Сіздің қорытындыңыз:

    * аққызба (белая горячка)

    * алкогольді параноид

    *+Корсаков психозы

    * патологиялық мас болу

    * жай мас болу
    386.! 25 жастағы ер кісі қозғыш, эйфориялы, көп сөйлейді, кейде агрессивті, тахикардия мен жоғары артериялық қысым байқалады.

    Бұл жағдай мына затты қабылдаудан болуы мүмкін:

    * седуксен

    * кофеин

    * опий

    *+кокаин

    * конопля
    387. 19 жастағы ер кісі қозғыш, эйфориялы, көп сөйлейді, алайда сөздері түсініксіз, әзілдейді, қозғалыс координациясы бұзылған, қарашықтары бірден үлкейген, беті аздап гиперемияланған, алкогольдің иісі сезілмейді. Бұл жағдай мынаны қабылдаумен байланысты болуы мүмкін:

    * кокаин

    *+барбитураттар

    * гашиш

    * опий

    * тұрмыстық химиялық бұйымдарды
    388.! М-37 жастағы ер адам. Емделуге ішімдік ішуді тоқтатқаннан кейін пайда болатын ұйқысыздыққа, анорексияға, бас ауруына, жүрек қағуына, ентігугеу шағымданып түсті. 10 жылдан астам ішімдік ішеді, соңғы кездері көп мөлшерлде ішсе де мас болмайды. Жұмысына бірнеше рет алкоголь иісімен келген.

    Жүргізуші синдром:

    *+абстинентті

    *делирий

    *психоорганикалық

    *астениялық

    *паранойяльді
    389.! 42 жастағы ер кісі 20 жасынан бастап алкогольмен әуестенеді. Алкоголь суррогаттарын қабылдайды. Соңғы жылдары тәулік бойы аз дозаларда ішеді. Табандарда ауру сезімталдығының төмендеуі, жүрістің бұзылысы байқалады. Ағымдағы күнді білмейді, бірнеше минут алдын не болғанын есіне түсіре алмайды.

    Негізгі синдром қандай:

    * абстинентті

    * параноидты

    * делирий

    *+Корсаков

    * сандырақ
    390.! 45 жастағы науқас, инженер. Тұқымқуалаушылығы анықталмаған. Анамнезі қалыпты. Қызығушылықпен жақсы оқыған. Жұмысында әрқашан инициативтілікпен және мейірімділікпен көзге түсетін. 30 жасынан бастап достарының әсерімен алкогольді қабылдауды бастаған. Бастапқыда 100-150мл арақтан масайып қалатын және спиртке деген жиіркеніш болатын. Біртіндеп үйреніп, дозасы 500мл араққа дейін жеткен. Ертесіне таңертең өзін нашар сезінеді; әлсіздік, сынғыштық, бас ауруы, төмендеген көңіл-күйде болған. Алкоголь жайлы ойлар оған жағымсыз әсерлер беретін. Достарының айтуларымен, бас жазбақшы болса да бәрібір нәтиже болмаған. Туысқандарының айтуымен, емге келген. Барлық адамдар да осылай ішеді деп есептейді.

    Диагнозды анықтаңыз:

    *+ тұрмыстық мас болу

    *алкоголизм 1 саты.

    *дипсомания

    *алкоголизм 2 саты.

    *дипсомания
    391.! 18 жстағы жасөспірім. Эйфориялы, біршама тежелген, ұйқышыл, сөздері аздап түсініксіз, өзіне айтылған сөзді бірден түсіне алмайды, беті аздап гиперемияланған, қарашықтары аздап кеңейген, алкоголь иісі сезілмейді.

    Аталған жағдайдыанықтаңыз:

    * депрессивті синдром

    * опийлік мас болу

    * гашиштік мас болу

    * кокаиндық мас болу

    *+ барбитурлық мас болу
    392.! 32 жастағы науқас, көлік апатында күйеуі мен ұлы қаза болған, жалғыз қалып, қатты қайғырған. Қайғысын басу үшін шарап іше бастаған, мас болғанша ішіп, сонда ғана ұйықтай алған. Таңертең көңіл-күйі, нашар, басы ауырады, жүрек қағу, анорексия. Ішімдік жайлы жиіркене еске алады. Қызметтестері мен көршілері оны мас күйіне көрмеген, себебі жалғыз өзі кешкі уақыттарда күнделікті ішеді.

    Қарапайым алкогольді мас болудың түрін анықтаңыз:

    *маниакальді

    *+ депрессивті

    *параноидты

    *истероидты

    *патологиялық мас болу
    393.! 36 жастағы науқас 4 жыл бұрын 10 жасар қызының өлімінен кейін қолдана бастады, соңғы 2 жылда бас жазады. Толеранттылығы 1,5л шарап. Суицидтен кейін психиатриялық ауруханаға түскен. Клиникада көңіл-күйі түсіңкі, жылағыш және үрейленген. Қызын құтқарып алып қала алмағандығына өзін кіналайды және ата –анасы мен күйеуін осы ішкілігімен ұятқа қалдырып жүргендігін айтып жылайды. Өмір сүруге лайықты емес екендігін және суицидтің орындалмай қалғандығына өкінеді. Туысқандарының айтуынша, көңіл-күйі өз бетінше ішімдікті тастамақшы болып, одан бірнеше күн алшақтап жүргеннен соң пайда болған. Олар мұны ауру емес, тек стресске байланысты пайда болған психологиялық реакция деп бағалаған.

    Диагнозды анықтаңыз:

    *реактивтті депрессия

    *+ алкогольді депрессия

    *МДП депрессивті фазасы

    *шизофрения

    *депрессивті невроз
    394.! 25 жасар науқас есін жоғалтумен қатар бас-ми жарақатын алған. Аталған күні таңертеңнен бастап өзін нашар сезінген, кешке достарымен кафеде отырғанда 150-200мл шарап ішкен. Кафеден шыққан кезінде жалаңаштанып шешінген, тротуарға барлығын лақтырып тастап, көшедегі адамдардың арқасынан қуған. Бір әйелді ұстап алып, «сендердің көздеріңді жою керек» деп айғайлаған. Және өзі аяқтарынды нық тұрып, сөздерді анық етіп айтқан. «ештеңені түсінбей жатқан адамның кейпін туғызбайды». Өтіп бара жатқан бір әйелді аяғынан шалып, оның киімдерін жыртып тастайды. Милиция бөлімшесінде алғашқылда айғайлап, атылып, қашпақшы да болған, сосын тынышталып, стулға отырды да ұйықтап кетті. Келесі күні есінде ештеңе жоқ.

    Науқастың жағдайын бағалаңыз:

    *+ патологиялық мас болу

    * Алкогольмен мас болудың эпилептоидты формасы

    * Алкогольмен мас болудың параноидты формасы

    * Алкогольмен мас болудың истериялық формасы

    * Алкогольмен мас болудың эксплозивті формасы

    395.! 52 жастағы науқас 20 жылдан астам уақыт бойы ішімдік ішеді, толеранттылық 2-2,5 л болған. Соңғы 2-3 жылда күнделікті ішкен, тәулігіне бірнеше рет 50мл арақпен бас жазады. Отбасын тастап кеткен, жақындарының өміріне қызықпайды, пәтерін сатып жіберген, барлық ақшасына ішіп қойған. Соңғы жылы БОМЖ. Әкесі алкоголизммен науқас болған. Анамнезінде- басының жиі жарақаттары, төбелестер, құлаулар. Клиникаға естің дөрекі бұзылыстарымен түскен. Есінде ештеңені сақтай алмайды, өткен өмірінің көп оқиғаларын ұмытып қалған. Кеше қайда болдың деген сұраққа «парламент отырысына бардым» дейді. Өзінің палатасын, көршілерін, дәрігерді есінде сақтай алмайды. Соматикалық статусында- миокардиодистрофия, бауыр циррозы, неврологиялық- полиневриттер.

    Диагноз қойыңыз:

    *жарақаттан кейінгі деменция

    *қантамырлық деменция

    *алкогольд деменция

    *+ Корсаков психозы

    * Альцгеймер ауруы
    396.! 45 жасар науқас 25 ж алкогольмен әуестенеді, соған байланысты бірнеше рет емделген, нәтижесіз. Соңғы жылдары жыныстық активтілігінің төмендеуіне шағымданады. Сол кезде өз әйелін көзіне шөп салды деп кіналайды. Оны аңдып, іш киімдерін тексеріп, көзіне шөп салғандығын мойындауын және ол еркекті өлтірумен қорқытады. Оның айтуынша, әйелі ашына таңдай алмайды, олардың арасында 78 жастағы көршісі мен өзінің кіші інісі және жай көшеде кетіп бара жатқан еркектер де бар.

    Объективті: қабылдауы бұзылмаған, ориентациясы дұрыс, ауруларға мән бермейді. Госпитализацияланғанын «әйелінің дәрігерлермен келісіп, ол жоқта жаман әрекеттерге бармақшы» деп түсіндіреді.

    Диагнозды анықтаңыз:

    * шизофрения

    *пресенильді параноид

    *реактивті параноид

    *+қызғанудың алкогольді сандырағы

    *психопатия
    397.! Науқас 25 жаста, анамезінде бірнеше рет БМЖ бар, мас болған кезінде ашулы, тітіркенгіш, кірпияз болып кетеді. Жиі ұрысуға себеп іздейді. Ренжіткен адамдарын аямай ұрып, жиһазды, ыдыстарды сындырып төбелес жасайды. Келесі күні болған оқиға есінде қалмайды.

    Қарапайым алкогольді мас болудың түрін анықтаңыз:

    *патологиялық мас болу

    *+ дисфориялық

    *депрессивті

    *параноидты

    *эпилептоидты
    398.! 29 жастағы науқас. Ішімдікті алғаш рет 14 жасында ішіп көрген, 19 жасынан ішеді, 27 жасынан бастап бас жазады. 1 л дейін арақ және самогон ішеді, ішімдікті әртүрлі сылтаулармен ( мейрамдар, кездесулер, жалақы, жұмыс аптасының аяқталуы). Бірнеше күн қатарынан іше алады. Салыну әдетте жағдайлар әсерімен аяқталады- жұмысқа бару керектігі, полиция қызметкерлерінің және жақындарының тарапынан репрессия қаупінен, ақшасы таусылады. Салынулар арасындағы уақытта мас болуға дейін жеткізбей эпизодтық түрде, аздаған мөлшерде ішуді жалғастырады.

    Ішкілік ішудің типін анықтаңыз:

    *тұрақты

    *аралас

    *+ жалған салынулар

    *дипсоманиялар

    *шынайы салынулар
    399.! 40 жастағы науқас, шофер, 23 жасынан ішімдік ішеді, соңғы 5 жылда бас жазады. Алкогольге толеранттылығы 1,5-2,0 л араққа дейін. Жақындарына назар аудармайды. Ішімдікке көп ақша құртады. Қоғамдық орындарда жиі мас күйінде келеді. Бірнеше күн қатарынан іше алады, қысқа үзілістен кейін ішімдікке қайтадан оралады. Жұмысынан шығарып жіберген, жүк тасушы болып жұмыс істейді, бірақ ішкіштігі үшін бір орында ұзаққа қалмайды. Әйелі ажырасуға арыз берген.

    Диагнозды анықтаңыз:

    *алкоголизм 1сатысы

    *+ алкоголизм 2 сатысы

    *алкоголизм 3 сатысы

    *тұрмыстық мас болу

    *дипсомания
    400.! 30 жастағы науқас, алкоголизмнің 2 стадиясы диагнозымен. Наркологиялық бөлімшеде емделуде. Терапияның арқасында абстинентті синдром басылған. Дезинтоксикациялық және жалпы нығайтушы терапияның толық курсын алған. Науқастың соматикалық жағдайы қанағаттанарлық.

    Алкогольді котере алмау сезімін шақыру үшін науқасқа қандай препарат тағайындау керек екенін анықтаңыз:

    *галоперидол

    *витамин В1

    *аминазин

    *+ дисульфирам

    *пирацетам
    401.! Психиатриялық бұзылыстары (аурулары) бар тұлғаларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес шешімімен қолданылады:

    * тергеушінің

    *+ соттың

    * учаскелік полицейдің

    * участкелік дәрігер-психиатрдың

    * участкелік наркологтың
    402.! Медициналық сипаттағы мәжбүрлі шаралардың барлығы ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдарында жүзеге асырылады, біреуінен басқасы:

    * психиатрда амбулаторлық мәжбүрлі бақылауда және емдеуде

    * жалпы түрдегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емделу

    * + жалпысоматикалық стационардың терапиялық бөлімінде мәжбүрлі емделу

    * арнайыландырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емделу

    * қарқынды бақылаумен арнайыландырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емделу
    403.! ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қашан қабылданды:

    * 19 қазан 2008ж.

    *+ 18 қыркүйек 2009ж.

    * 18 қараша 2010ж.

    * 29 мамыр 2009ж.

    * 20 желтоқсан 2010ж.
    404.! Алкоголизммен, нашақорлықпен және токсикоманиямен науқастардың барлығына құқығы бар, біреуінен басқа:

    * жетілген медициналық көмек алу

    * наркологиялық ұйымды таңдау

    * + әртүрлі дәрілік препараттарды, оның ішінде ПАЗ өздігімен алу

    * тұрғылықты жері бойынша медико-әлеуметтік реабилитацияны жүргізуге, сонымен қатар қажет жағдайда – қазіргі тұрған жері бойынша

    * өзінің құқықтары, олардың наркологиялық бұзылыстардағы сипаты, қолданылатын емдеу және медико-әлеуметтік әдістер туралы ақпарат алуға
    405. ! Науқастың орында және уақытта бағдары бұзылған, ал жеке тұлғасында бағдары дұрыс:

    *+делирий

    *онейроид

    *аменция

    * қарауыту жағдайы

    * grand mal
    406.! Аурудың құрылысында шынайы есту галлюцинацияларының басым болуы:

    *шизофрения

    *алкогольді делирий

    *МДП

    *+алкогольді вербальді галлюциноз

    *реактивті параноид
    407. ! Шынайы сахнатәрізді көру галлюцинацияларының айқын тасқыны:

    *Корсаков психозы

    *шизофрения

    *истерия

    *алкогольді делирий

    *сопороздық жағдай
    408. ! Шынайы есту галлюцинациялары тән мыналар үшін:
    *Корсаков психозы

    *гебефрениялық шизофрения

    *истерия

    *+алкогольді вербальді галлюциноз

    *эпилепсия
    409.! Вербальді комментирлеуші шынайы галлюцинациялар байқалады :

    *алкогольді делирийде

    *корсаков психозында

    *алкогольді параноидта

    *+алкогольді вербальді галлюцинозда

    *реактивті депрессияда
    410.! Галлюцинациялар:

    * негативті (дефицитарлы) симптомдарға жатады

    * невротикалық деңгей бұзылысы болып табылады

    * шизофрения кезінде ғана кездеседі

    *+объектісіз жормалдап қабылдау

    * астеникалық симптомдарға жатады
    411. ! Қабылдаудың қандай бұзылыстары жедел госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады:

    *комментирлеуші галлюцинациялар

    *сахнатәрізді галлюцинациялар

    *сенестопатиялар

    *+императивті галлюцинациялар

    *астеникалық жағдай
    412. ! Науқас себепсіз қозулы, агрессивті, бетінде ыза бейнесі бар:

    *апатия

    *ынжықтық

    *амбиваленттілік

    *+дисфория

    *эйфория
    413.! Галлюцинацияларды емдеу үшін көрсетілген препараттар:

    * реланиум

    * аминазин

    * +галоперидол

    * тизерцин

    * мелипрамин
    414.! Алкоголизммен ауыратын науқастардың қоғамдық қауіптілігі анықталады:

    * резонерлік

    * үзілісті ойлау

    * ойлаудың толықтығы

    *+қызғаныш сандырақтық ойлар болуымен

    * персеверация
    415.! Сандырақтық бұзылыстардың болуында көрсетілетін тағайындау:

    *+галоперидол

    * аминазин

    * тизерцин

    * финлепсин

    * феназепам
    416.! Көз алмаларын басқан кезде көрулік күдікті бейнелердің пайда болу белгісі аталады:

    * тактильді галлюцинациялар

    * псевдогаллюцинациялар

    * гипнагогиялық галлюцинациялар

    *+ Липман симптомы

    * каталепсия симптомы

    417.! Шу түріндегі элементарлы есту галлюцинациялары аталады:

    * псевдогаллюцинациялар

    * +акоазмдар

    * парейдолиялар

    * жабысқақтық

    * сенестопатиялар
    418. Науқастың тұлғасына жат, бағынбайтын ойлардың, елестетулердің, күдіктердің және т.б. оларға сын көзқарастың және күресуге талпыныстың сақталуы кезінде де пайда болуы аталады:

    *аса құнды ойлар

    *сандырақ

    *негативизм

    *+обсессиялар

    *доминантты ойлар
    419. ! Тітіркендіргіштерді қабылдаудың төмендеуі аталады:

    * гиперестезия

    * сенестопатия

    * парестезия

    * анестезия

    *+гипестезия
    420.! Шынай галлюцинацияларға тән:

    * естің бұзылыстары

    * ойлаудың бұзылыстары

    * жасандылық сезімі

    *+қабылданатын объектінің шынайылығын түсіну

    * жақсы көңіл-күй
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


    написать администратору сайта