ПСТХ. ! КандинскийКлерамбо синдромына тн сандыра
Скачать 1.36 Mb.
|
348. ! Псевдогаллюцинациялар кездеспейді: *+ алкогольді психоздарда *истерияда * Пик ауруында *шизофренияда *невроздарда 349. ! Науқас кілемдегі суреттерді көрсете отырып, олардың құбыжық екенін айтып, олардан тығылуға тырысады. Суреттелген бұзылыс аталады: *гиперестезия * дереализация *деперсонализация *+ парейдолиялық иллюзиялар *парестезиялар 350. ! Өзгерген қарапайым мас болудың (жедел алкогольдік улану) истериялық вариантына тән: *+ мінез-құлықтың театральділігі және демонстративтілігі ; *әртүрлі айқындылықтағы және сипаттағы төмен көңіл-күй *өзін-өзі жою идеяларының пайда болуы * моторлы тежелу * ұялшақтық 351. ! Опийлік қатар есірткілерінің антагонисті: * Кофеин * Барбамил * Седуксен * Финлепсин *+ Налоксон (Антаксон) 352. ! Опийлік қатар есірткілерінің антагонисті: * Опиум-сырец * Гашиш * Седуксен * Спазмалгон *+ Налоксон (Антаксон) 353. ! Опийлік қатар есірткілерінің антагонисті: * Первитин * Кокаин * барбитураты * Спазмалгон *+ Налоксон (Антаксон) 354. ! Наркопсихотерапия кезінде қолданылады: * Аминазин * Анафранил * Трифтазин * + Реланиум * Тизерцин 355. ! Опийлік абстиненцияны басу үшін дәрілік заттардан қолданылады: * Пирроксан * Атропин * Баралгин * Клофелин *+ аталғандардың барлығы 356. ! Науқас 20 жыл бойы алкоголь қабылдайды. Соңғы 5 жылда үнемі және бірнеше күн қатарынан тоқтамай ішетін болды. Кезекті ішкілікке салынудың бастамасы айлық жалақысын алудан басталған, көбіне жұмысына бармайды. Қабылданатын алкоголь мөлшері бірқалыпты. Ішімдік ішуді ақшасы таусылғанда және жұмыстан шығарумен қорқытқанда ғана тоқтатады. Науқаста ішкілікке салынудың сипаты қандай: *+ жалған ішкілікке салыну *шынайы ішкілікке салыну *дипсомания *алкоголді эпизодты түрде қабылдау *палимпсесттер 357. 28 жастағы науқас. Басынан өткерген бас-ми жарақатынан соң (машина соққан), бас ауру, бас айналуын сезінген, дәрігерге көрінбеген, қиналып жүріп штукатур міндетін атқаруды жалғастыра берген. Сондай-ақ, спирттік ішімдіктерді салынып ішіп жүре берген. Кезекті мастанудан соң, бірден алкоголь қабылдауды тоқтатқан, 3-4 күн ұйқысы бұзылған, одан кейін оны балағаттап және комментарий айтып жатқан бейтаныс ер кісінің дауысын естіген. Тек содан кейін ғана туыстара құлақ түрулерін ұсынуғаннан кейін дәрігерге көрініп, ауруханаға орналастырылған. Болжамалы диагноз: * Парафрендік синдром. * Параноидты шизофрения *+Алкогольдігаллюциноз. *Травматикалық галлюциноз. * Эпилепсия 358.! Тексерілуші А., 21 жаста. Қарау кезінде алкогольдің иісі сезіледі. Жүрісі нашар, моторикасы шиеленген, қимылы үзілістермен. Әңгімелесу кезінде көңіл күйі көтеріңкі. Әңгіме айтуға ынтасы бар екенін және өзіне көңілі толық екенін білдіреді. Зейіні оңай ауысады. Бетінің гиперемиясы, тахикардия байқалады. Сексуальділігі тежелген. Өте қатты тамақ жегісі келіп отырғанын айтты. Тексеруден 4 сағаттан соң адинамиялы, бос бола бастап, кейін ұйықтап кетті. Келесі күні алдын болған оқиғаларды, не болғанын есіне түсіре алмайды. Болжамалы диагнозыңыз қандай: *+ Алкогольмен жеңіл мас болу * Алкогольмен орташа мас болу * Алкогольмен ауыр мас болу * Маниакальді синдром. * Тұрмыстық мас болу 359.! Наркологиялық диспансердің қабылдау бөліміне көшеден ұсталған 17 жастағы науқас жеткізіледі. Сөнумен алмасатын қозу жағдайлары байқалған. Ауруханаға тасымалдағышпен жеткізілген. Байланысқа жоқ. Қозғалыссыз, сыртқы және ауру тітіркендіргіштерге әсері жоқ. Аузынан алкоголь иісі бар. Ауыз қуысында құсық массаларының қалдықтары бар. Тері қабаттары бозарған, цианозды. Терісі ылғалды. Дене температурасы 35оС, АҚ-85/50 мм.с.б. Тынысы беткей, сирек. Қарашықтардың жарыққа және сіңірлік рефлекстерге реакциясы жоқ. Психопатологиялық жағдайды анықтаңыз: * абстинентті синдром *+ Алкогольмен ауыр дәрежелі мас болу * алкогольді делирий * Алкогольмен орташа дәрежелі мас болу * патологиялық мас болу 360.! Астениямен жалғасқан ауыр пневмониямен ауырған 18 жасар науқас. Досының тойында 200 мл арақ ішкен, тез мас болды, сөздері бұрмаланып, жүрісі шатасқан. Сосын сауыққандай болып, орнынан тұрды және бөлмеден шығып ас үйге қарай бет алды. Үй егесінің не керек деген сұрағына жауап бермей, пышақты алды да, тез орнына келіп, айғайлап, пышағымен оңды соңды серпи бастады. Қонақтарға бас салып, өлтіремін деп қорқытып, оны ұстауға тырысқан адамдарға қарсыласу көрсетті. Бет-әлпеті бозарып, қарашықтары кеңіп кетті. 20 минуттан соң тынышталып, көрші бөлмедегі диванда ұйықтап кетті. Келесі күні таңертең болған жағдайдың біреуін де есіне түсіре алмады. Мас болудың түрін анықтаңыз: * орташа дәрежелі жай мас болу *+ патологиялық мас болу * жай мас болудың дисфориялық түрі * жай мас болудың параноидты түрі * жай мас болудың истериялық түрі 361.! 17 жастағы жасөспірім. Тұқымында алкоголизм анықталған. Мінезі бойынша ұялшық, өз өзіне сенімсіз, ата-анасымен бірге тұрады, орта мектепке оқиды. Ештеңемен айналыспайды. 15 жасынан бері достарымен бірге тұрақты түрде спирттік ішімдікпен әуестенеді. Шамамен күн сайын, максимальді 1л дейін шарап ішеді. Абстиненция жағдайында әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің төмендеуі мен ұйқысыздыққа шағымданады. Алкогольді қолданудың түрін анықтаңыз: * тұрмыстық мас болу * дипсомания *+ алкоголизмнің II сатысы * алкоголизмнің III сатысы 362. ! 20 жастағы жасөспірім. Рөлде отырып тұманданған жолда көшеде кетіп бара жатқан адамды соғып, оған жеңіл дене жарақаттарын тигізген. МАИ қызметкерлерімен мастықты сараптау мақсатында наркологиялық кабинетіне жеткізілген. Объективті: бозарған, қолдары дірілдеген, тахикардия, қарашықтары кеңейген және қант диабетімен ауыратын болып шықты. Спирттік ішімдік ішкенін теріске шығарады. Раппопорт реакциясы оң. Қанында 11 ммоль/л мөлшерінде алкоголь анықталды. Зерттелушінің жағдайын бағалаңыз: *+ сау * қалыпты мас болудың орташа дәрежесі * қалыпты мас болудың ауыр дәрежесі * патологиялық мас болу * абстиненция жағдайы 363.! 17 жастағы қыз. 0,2 л шарап ішкеннен кейін қатты сөйлеп, өзіне назар аударта бастады. Орнынан тұрып, анық ымдармен үнді биін билей бастады. Сосын орнына келіп оны ата-анасы түсінбейтінін, балағаттайтынын, ал оның өзі дарынды және қоғамның оны мойындауына лайық екенін айтып айғайлап жылады. Кенет еденге құлап, қолдарымен сермей бастады. Мас болудың түрін анықтаңыз: * маниакальді түрі * депрессивді түрі * параноидты түрі *+ истериялық түрі * тұрмыстық мас болу 364.! 18 жастағы жасөспірім 14 жасынан бері темекі тартады. Қозулы, эйфориялы, көп сөйлейді, алайда сөздері түсініксіз, әзілдейді, қозғалыс координациясы бұзылған, қарашықтары кеңейген, беті аздап гиперемияланған, алкоголь иісі сезілмейді. Берілген бұзылыс мынаны қабылдаумен байланысты болуы мүмкін: *+ барбитурат * гашиш * опий * алкоголь *табак 365. ! 5 адамнан құралған жасөспірімдер тобы қиғаш жанып жатқан темекі тартуда. 10 минуттан соң көңілденіп, айналадағылардың таң қалулары мен қарайлауларына мән бермей айғайлап күліп, бұралаңдап секіре бастады. Аяқтарының астындағы ағаш бұтақтары үлкен дөңкеге айналып кеткендей сезім пайда болды. Бұл жаңа күлкіні шақырды. Жасөспірімдердің қандай есірткі қабылдағанын анықтаңыз: *героин *+ гашиш *«экстаз» * барбитурат * алкоголь 366.! 19 жасар жасөспірім. Есірткіні қабылдаудан 1 сағаттан кейін мынадай сезімдер пайда болды: көздерінің алдында анық емес контурлы үшбұрыштар мен дөңгелектердің жарқылдаулары пайда болды. Содан соң оған қарай келе жатқан бір топ қорқынышты бейнелі адамдарды көреді. Бастапқыда үрей мен мазасыздықпен алмасқан экстаз сезімін байқаған. Түстер мен дауыстар айқындалып, әуен жарықпен бірге жүрді. Оның рухының денесінен алыстап жатқанын сезген. Аталған жағдай 10 сағатқа созылған. Аталған интоксикациялық көрініс кай есірткіні қабылдаумен шақырылғанын анықтаңыз? *+ ЛСД * гашиш * героин * барбитурат *метадон 367.! 15 жасар жасөспірім 14 жасынан бастап достарымен марихуана шеккен. 2 ай алдын циклодол қабылдай бастаған. 20 таблетка ішіп, қайда екенін білмейтін дәрежеге жеткен. Бастапқыда оны аңдып жүрген сезім, қорқу, үзінділі көру галлюцинациялары пайда болды. Қауіп төндіруші адамдардың дауыстарын естіп, оларды көре бастады. Фантастикалық мазмұндағы сахналар көз алдында өте бастады. Кезеңді түрде «жарықтану» пайда болды. Объективті-мидриаз, беттің гиперемиясы, тремор мен тахикардия. Циклодолды көп қабылдаудан пайда болған психопатологиялық синдромды анықтаңыз: * онейроидты * естің қарауытқан жағдайы *+ делириозды * сөну *аменция 368.! 12 жастағы жасөспірім. Қатарластарының арасында өзінің «физикалық күшін» көрсету үшін қатарынан никотині бар 5 темекі тартқан. Бірнеше минуттан кейін тамағы мен ішінде қысу сезімі, көп мөлшерде құсу, гиперсаливация, сұйық нәжіс пен іш ауруы пайда болды. Бас айналуына, бас ауруына шағымданады, аурудан жерді тепкілеуде. Бет әлпеті қызарған, қарашықтары тарылған. Қозған. Бірнеше уақыттан кейін ступор, клоникалық және тоникалық тырысулар пайда болды. Пульсі жіп тәрізді, АҚ төмендеген. Науқас реанимациялық бөлімшеге жіберілген. Жасөспірімнің жағдайын квалификациялаңыз: * никотиндік интоксикацияның орташа дәрежесі *+никотиндік интоксикацияның ауыр дәрежесі * анықталмаған умен улану * абстиненция * никотиндік интоксикацияның жеңіл дәрежесі 369.! 15 жасар қыз. Әкесі белгісіз, шешесі ішімдік ішіп, ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеуде. 14 жасында құрбысының кеңесімен дайындалған есірткіні өзіне енгізген. Ерекше жеңілдіктегі өте жағымды сәтті басынан өткізген, жарық түстер көріп, сөйлегіш болды және өте активту болып кетті. 5 инъекциядан соң тәуелділіктер пайда болған. Тұрақты түрде қабылдағаннан соң психофизикалық жағдайы өзгере бастады: дизартриямен сөздері баяулады, қозғалыстары епсіз, жазуы кенеттен бұзылған. Оқуды тастады, есі мен ой ұшқырлығы төмендеген. Өзінің жағдайына мән бермейді. Науқастың қандай есірткі қабылдағанын анықтаңыз: * мескалин *+ эфедрон * первитин * амфетамин *кокаин 370.! 17 жасар жас жігіт. Бума түріндегі коноплядан жасалынған есірткіні қабылдайды. Жедел интоксикация кезінде жағдайы эйфориялы, қозғалмалы, бүкіл денесінде жеңілдікті сезінеді, жеңіл қимылдайды. Дауыстар мен түстер әлдеқайда жарық болып қабылданады, макропсии пайда болады және айналаны қабылдауы өзгере бастаған. Постинтоксикациялы кезеңде тәбеті бірден көтеріледі. Коноплядан жасалатын есірткілерді енгізу жолының ең жиі кездесетін әдісін атағыз: * шайнау * ішке қабылдау *+ темекі тарту арқылы * көк тамырға енгізу * бұлшық етке енгізу 371.! 17 жастағы науқас 3 жыл бойы есірткі қабылдайды. Абстиненция жағдайында келесі симптомдар пайда болды: мұрын біту, жас ағу, мидриаз, түшкіру, қалтырау, «үйрек терісі», аяқ-қолдарының, мойын, арқа, шайнау бұлшықеттерінде ауру сезімі мен диспепсиялық бұзылыстар. Науқастың қандай есірткі қабылдайтынын анықтаңыз: * гашиш * галлюциногендер * «экстази» *+ опиоидтар *ЛСД 372.! Трамвай аялдамасында 17 жасар жасөспірім ессіз күйде табылған. Қарап тексеру кезінде: тынысы әлсіреген, қарашықтары «нүктелі», ауру тітіркендіргіштеріне реакция жоқ, брадикардия. Шынтақ бүгілулерінде вена жолдары бойында көптеген катаюлар мен майда қанталаулар байқалады. Жағдайға квалификация беріңіз: *+ Опиаттармен жедел улану * наркотикалық затты қабылдаумен шақырылған галлюцинаторлы синдром * каннабиноидтармен жедел улану * жедел гипогликемиялық кома * галлюциногендермен жедел улану 373.! 16 жастығы жас жігіт би кешінде достарының талап етуімен қандай да бір зат қабылдаған. 1,5-2 сағаттан кейін ыстықтаумен, тершеңдікпен, сілекей ағумен, жүрек қағумен және АҚ жоғарылауымен қатар қатты қозу сезімі пайда болды. Наркодиспансерге жеткізілген. Объективті: мидриаз, анизокория, жарық сәулені көтере алмау, қарашықтардың тарылуы мен кеңеюі; гиперрефлексия. Науқастың айтуынша, бөлмеде қараңғы орнап, әртүрлі түсті қимылдайтын бейнелер бар. Көңілі тұрақсыз, біресе эйфория, біресе үрейлі дисфория. Қабылданатын есірткіні анықтаңыз: * Амфетамин * Фенциклидин * Кетамин *+ ЛСД *Первитин 374.! Жедел жәрдем арқылы 13 жастағы жасөспірім қозу күйінде жеткізілген. Оны ГАИ қызметкерлері достарымен бірге үйдің жертөлесінен тауып алған. Ориентациясы мен байланысқа жоқ. Қабырғада «мультфильмдер» тәрізді суреттерді көретіні және оларды өзі «тапсыра» алатындығы анықталды. Оларды ұстап алу мақсатында қабырғаға, столға шыққысы келетін әрекеттер жасауда. Бөлімшеде тез тынышталып, түні бойы ұйықтады. Таңертең психотикалық бұзылыстары жоқ. Синдромальді және нозологиялық диагнозды анықтаңыз: * Онейроидты синдром. Шизофрен дебюті . *+ Делириозды синдром. Токсикоманиялық (злоупотребление летучими веществами) психоз. * Алкогольді галлюциноз * Галлюцинаторлы синдром, шизофрения *Гашиштік психоз 375.! 12 жастағы қыз. Құрбысының кеңесімен белгісіз препараттың таблеткасын қабылдаған, сосын күші тасып, активті болып, шаршамай бірнеше сағат бойы билеген. Бұл жағдай көтеріңкі көңіл күймен, рахаттанумен және адамдарға деген махаббатпен жүрген. Ойлары тез болып, басы «тұманданғандай» болды. Үйіне таңғы сағат 4-те оралды, әлсіздікті, сынған, бұлшықеттердегі ауру сезімі мен ұшқырлығының нашарлауын сезген. Қыздың қандай есірткі қабылдағанын анықтаңыз: * Промедол * Эфедрон *+ «Экстази» * ЛСД *Амфетаминдер 376.! 18 жастағы жасөспірім. Психиатриялық ауруханаға әскери-психиатриялық экспертиза үшін шақырылған. 14 жасында алғаш рет «шөппен» қосылған темекі тартып көрген. 16 жасынан бастап көк тамырына кустарлы түрде жасалған макты соломкалы есірткі қабылдайды. 1,5 жыл алдын «ломкалары» пайда болған. Екі рет наркологиялық диспансерде емделген, алайда есірткі қабылдауды қайта бастаған. Әскери қызметке лайық екендігі жайлы қандай шешім қабылданатын анықтаңыз: * жарамды *+ әскери тіркеуге байланыссыз жарамды * қатардан тыс қызметке әскери уақытта жарамды * бейбітшілік және әскери уақытта қатардан тыс қызметке жарамды * емге бағыттау 377.! 22 жастағы науқас. 20 жасынан опийлік есірткі қолданады, 1,5 жыл бұрын абстинентті синдром пайда болған, толеранттылығы өскен. Өзінің жасынан үлкен көрінеді, терісі бозғылт, құрғақ, шаштары, тырнақтары сынғыш. Қызығушылық ортасы тарылған. Оқуын тастап кеткен, ата-анасына ашулы, агрессивті. Жұмыс істемейді, жыныстыөқ серіктерін жиі ауыстырады, өзінің болашағына бейғам қарайды. Емдеуге құқық қорғау орындарының санкциясы қаупінен түскен. Емдеуді қажет етпеймін деп санайды. Опийлік нашақорлықтың емінде қай препарат есірткінің антогонисті болып табылатынын анықтаңыз: * Метадон *+ Налоксон (Антаксон) * Клофелин * Тиаприд *Пирроксан 378.! 14 жастағы жасөспірім. ПАЗ қолданады. Интоксикациядан тыс бозғылт, көзінің асты көгерулі, мұрынының және ауыз бұрышының маңайындағы шырышты қабаттары және терісі тітіркенген. Абтиненция кезінде ашулы, агрессивті, төбелескіш. Сонымен қатар гипергидроз, тремор, іш ауруы, зәр шығаруы бұзылған. Жасөспірім қандай ПАЗ қолданатынын анықтаңыз: * Марихуана * Кокаин *+ Ингалянттар * Барбитураттар *Опиоидтар 379.! 14 жастағы жасөспірім. Достарымен кездесуден соң үйіне басқаша жағдайда келген. Қарашықтары кеңейіп, көздері жылтырап, склералары гиперемияланған. Анасына оған тамақ беруін талап етіп, ол дайындап жатқанда тездетуін сұрап, өзі суық сорпаны тауып алды да оны қызғанышпен ішті. қолымен кастрюльдегі ыстық тамақты алып жей бастады. содан соң өз бөлмесіне барды да ұйықтап кетті. анасының айтуынша, баласының киімінен тәтті иіс келіп тұрған. 4 күн бойында тітіркенгіш болып, әлсіздікке шағымданған. Жасөспірімнің қандай есірткі қабылдағанын айтыңыз: *+ Марихуана * Героин * Эфедрон * «Экстази» *ЛСД 380.! 37 жасар науқас наркологиялық диспансерге түскен кезде шағымдары жоқ. Ішкішсің деп әйелінің балап етуімен келгенін мойындайды. 16 жасынан бері алкоголь қабылдайды, тұрақты түрде ішетініне барлығы 23 жыл. Қазіргі таңда 1л дейін самогон ішеді, құсу рефрексі азайған, салынып ішетін болған. Бас жазу кезінде тахикардия, тремор, диярея, жүрек аймағында ауру сезімі мен тітіркенгіштік үрей байқалады. 50 мл дейін арақпен басын жазады және алкоголизмнен бұрын соңды емделген емес: * алкоголизм, 1 саты. * алкоголизм, 2 саты. * + алкоголизм, 3 саты. *дипсомания *тұрмыстық мас болу 381.! 28 жастағы науқас 10 жылдан бері алкогольмен әуестенеді, жұмысынан қуылған. Өзінің отбасын материалдық жағдайсыз тастап кеткен. Өзін ішкішпін деп санамайды, еделуден бас тартады. Қозуына байланысты наркологиялық диспансерге госпитализацияланған. Сол күні кешке үрей, жүрек қағуына, және ұйықтататын дәрісіз ұйықтай алмайтынына шағымданады. Қабырғадағы түсқағаздардың суреттерінен шыбын, таракандар мен өрмекшілерді көреді. Төсек жағдайында өзін әрең ұстайды, оны қуғындаушылардан құтқаруды сұрайды. Дене температурасы 38,5 градус, қолдарының, басының треморы мен гипергидроз айқын. Науқастың диагнозын анықтаңыз: *+ Аққызба (белая горячка) * жедел алкогольді параноид * жедел алкогольді галлюциноз * травматикалық психоз * Гайе-Вернике энцефалопатиясы |