лекция 3. 3 Аудиториялы саба Жедел уланулар. Трмысты улану, трлері, алашы медициналы кмек
Скачать 25.06 Kb.
|
№ 3 Аудиториялық сабақ Жедел уланулар.Тұрмыстық улану, түрлері, алғашқы медициналық көмек. Күйдірмейтін және күйдіретін улар. Жоспары: 1.Жедел уланулар анықтамасы және жіктелуі. 2.Жедел уланулар кезінде ағзада дамитын патологиялық процестер 3.Уланулар кезінде алғашқы көмек көрсету қағидалары. 4.Күйдіретін улар Уланулар — бұл химиялық заттардың (улардың) ағзаға токсикалық мөлшерде түсуінен дамитын, өмірге маңызды мүшелер қызметінің қабілетін бұзатын және өмірге қауіп төндіретін химиялык этиологиясы бар ауру. Бұл бұзылыстар ағзаға улардың өзара әрекеттесуінен дамиды. У — дегеніміз ағзаға түсіп, денсаулыққа катер төндіретін және өлімге әкелетін әр түрлі заттар. Уларды келесі түрде жіктеуге болады: -өндірісте колданылатын, өндірістік удар: еріткіштер, отын, бояғыштар, химиялық агенттер және т.б.; -ауылшаруашылықта колданылатын, улыхимикаттар: пестицидтер, инсектицидтер, сынапорганикалық заттар және т.б; -дәрілік заттар; -тұрмыстық химикаттар, тағам коспалары түрінде колданылатын, санитария заттары, косметикалар, киім күтуге арналған заттар және т.б. -биологиялық өсімдікте және жануарлар уы; -жаугершілікке арналған улы заттар. Ағзаға удың ену жолының төрт жолын ажыратады: ауыз арқылы, тыныс алу жолдары аркылы, жара аркылы (шағу) және иньекциялык егу арқылы. Улармен улану жедел және созылмалы түрде көрінеді. Жедел уланулар ағзаға у түскенде бірден немесе аздаған жасырын кезеңнен кейін пайда болады. Қазіргі кезде уланудың себебі мен олардың пайда болған жеріне байланысты жіктелуі колданылады. кездейсок уланулар: -кәсіптік; -тұрмыстық: өзін-өзі емдеу, артық мөлшерлі дәрілерді қолдану, алкогольді және наркотикалық интоксикация; -медициналық кателіктер. әдейі уланулар: -қылмыстык: өлтіру максатымен, мүқтажды жағдайға келтіру; -суицидті. Жедел уланулар кезінде патологиялық процестің дамуы, барлык клиникалык синдромдар бірден дамуымен сипатталады. Кез келген уланудың клиникалык көрінісін екі сатыға белуге болады: токсигенді (1 сағаттан 2—3 тәулікке созылады) және соматогенді, эндотоксикоздың дамуымен сипатталатын, ағза жүйесі мен мүшелердің кұрылысы мен кызметін закымдайды. Улану кезінде ем кешенінің барлығы сәтті болуы, закымданудың токсигенді сатысында уакытылы шұғыл көмек көрсетуге байланысты. У ағзаға әр түрлі жолмен түседі және көп жағдайда уланудың көптеген клиникалық көрінісі анықталады. Зардап шегушіні карағанда наукастан шығып тұрған иіске, одан бөлінген бөлінулерге мән беру керек. Иіс уланудың себебін анықтауға көмектеседі. Яғни, алкоголь иісі (этил, метил) — алкагольмен уланғандығын, спиртті-тәтті иіс, тежелетін сұйықтыктардан улануды, шіріген алма иісі — ацетон және ерітінділермен уланғандығын, сарымсак иісі — фосфор, мышьякпен уланғандығын білдіреді. Терінің түсіне де мән беру керек, ол уланудың себептерін нактылауға мүмкіндік береді. Тері гиперемиясы — беладонна, атропинмен, цианидтермен, дифенгидраминмен (димедрол) дәрілерімен уланғандығын білдіреді. Таңқурай кызыл түсті болуы — ысталған (тұрып қалған) газбен уланғандығын білдіреді. Қоңыр түсті — бролидтермен улануда болады. Жедел уланулар жиі психикалык, неврологиялық және соматовегетативті синдромдарымен бірге жүреді. Мысалы, барбитураттармен, никотинмен, атропинмен улану кезінде жүру тепе-теңдігі бұзылып — атаксия дамиды. Алкогольмен, наркотикалықзаттармен, ұйықтататын дәрілермен уланған кезде сана-сезімі шатасып, галюцинация болуы, жүрістің бұзылысы дамиды. Егер токсикалық зат әрі карай эсер ете берсе, сана-сезімінің адасуы ағзаның коматозды жағдайына өтуі мүмкін. Комфора, никотин, фосфорорганикалык косылыстармен уланғанда тартылу синдромы дамуы мүмкін. Әсіресе қышкылдар, сілтілер, ФОҚ, тұншыктыратын газдармен уланғанда тыныс алу жүйесі жағынан өзгерістер дамуы мүмкін. Тыныс алудың бұзылысы әр түрлі болады, наркотикалык заттармен, гистаминге қарсы дәрілермен уланғанда — тыныстың баяулауын шақырады; көміркышкыл газымен, бензинмен уланғанда — тыныстың жиілеуі, метил спиртімен уланғанда — Куссмауль тынысы байкалады. Газдармен (хлор, фосген, көміртегітотығы), барбитураттармен уланғанда өкпенің токсикалык ісінуі байқалуы мүмкін. Жүрек-қан тамыр жүйесінін токсикалык зақымдалу синдромында бастапқыда біріншілікті токсигенді шок, экзотоксикалық шок (канның ұйығыштык касиеті бұзылуы және токсигенді коагулопатия) дамиды. Содан кейін миокардтың жедел токсикалык дистрофиясы дамиды. Кейде әр түрлі жүрек ырғағының бұзылыстары дамиды: атропинмен, ацетилсалицил қышқылымен (аспиринмен), эфедринмен уланған кезде — тахикардия, дигиталиспен, саңыраукұлакпен, наркотикалық заттармен уланғанда — брадикардия дамиды. Никотинмен, эфедринмен уланған кезде — артериалды гипертензия, ал барбитураттармен уланган кезде — гипотензия дамиды. Асқорыту жүйесінің зақымдалуы эр түрлі болады. Сынап, мыс қосылыстарымен, саңыраукұлакпен уланғанда іш бұралып ауруы мүмкін. Кейде улану кезінде ішперденің алдыңғы кабырғасының бұлшыкетінің ширығуы, пальпациялағанда ауру сезімінің болуы мүмкін, катты іштің кұрылдауын аныктауға болады. Жедел уланулар кезінде хлор қосындылары карбол қышқылы, фосфор, бозғылт улы саңырауқұлақ, сірке эссенциясы сиякты заттармен уланғанда — токсикалык гепатит «токсикалык гепатопатия» дамиды. Бүйрек комасы тез дамып, геморрагиялық синдром өрістейді. Бауыр зақымдалуы бүйрек зақымдалуымен бірге жүреді (токсикалық нефропатия). Жедел бүйрек жетіспеушілігі даму кезінде алғашқы күндері улану симптомдары ғана байқалатындығын, 2—4 күннен соң ғана бүйрек қызметінің бұзылыстарының белгілері пайда болатындығын (олигурия, анурия, гипергликемия және т.б.) ескеру керек. Тез арада су — түз алмасу тепе-теңдігі бұзылады. Ауыз куысында өзгерістер пайда болады. Мысалы, салицилаттармен, саңырауқұлақтармен, никотинмен уланғанда, көлемді сілекей ағу байқалады. Атропинмен, эфедринмен, наркотикалык заттармен уланған кезде — ауыз куысының шырышты қабаттарының құрғауы болады. Ащы заттармен улану ауыз қуысынын шырышты қабаттары мен аранның қабыну өзгерістеріне әкеледі. Уланудың себебін анықтауды бағдарлауға мүмкіндік беретін көрсеткіш белгілерінің бірі — коз симптомдары болып саналады. Наркотикалык заттармен, ФОҚ-мен уланғанда карашықтың тарылуы (миоз) байқалады. ФОҚ улану, сонымен қатар көздің жасаурауымен катар жүреді. Қарашықтың кеңеюі (мидриаз) атропинмен, эфирмен, гистаминге қарсы дәрілермен, дротаверинмен уланғанда дамиды. Барбитураттармен, көміркышқыл газымен ауыр улануларда нистагм дамиды. Бұл белгілерді анықтаумен қатар, мүмкіндігінше зардап шегушіден немесе бірге жүрген кісілерден анамнез жинап, оқиға болған жерді қарап, қажетті болса дәрі қалдыктарын, олардың қораптарын жинап, ас қалдыктарын немесе басқа да күдікті заттарды жинау керек. Сонымен катар бөлек ыдысқа кұсық қалдықтарын салу, жуылған судың алғашкы бөлігін, эксперименттерін салу. Бұлардың барлығын зардап шегушімен бірге улану себептерін накты анықтау үшін химиялык сараптама өткізу мақсатында тасымалданады. Улану кезінде алғашқы көмек көрсету қағидалары. Улануды емдеудің негізгі қағидасына детоксикация жатады. Детоксикация дегеніміз ағзадан токсикалық эсер ететін заттарды токтату және оларды алып тастау. Детоксикация әдістері: -ағзадан табиғи жолмен тазару процесін күшейту әдісі; -жасанды детоксикация әдістері; антидотты (фармакалогиялық) детоксикация әдістері — арнайы антидотты терапия. Үшінші этап: науқастар уланған жағдайда синдромдар бойынша емдеу кезінде, ағзаның маңызды қызметтерін қолдауға бағытталған емдеу болып саналады. Дәрігерге дейінгі көмектің алғашқы кезеңінде белсенді детоксикацияны қолдануға негізгі мән беріледі, яғни бұл шаралар өте карапайым және әсерлі болып табылады. Белсенді детоксикация тәсілі удың ағзаға түсу жолына байланысты бөлінеді. Тері, шырышты қабықтар Уландырғыш заттарды механикалык жолмен алу немесе зақымдалған аймақты көп мөлшердегі сумен шаю. Зарарсыздандырылған таңу салу. Теріге ФОҚ түскенде 3% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен шаю. Көздің коньюктивасы 0,9% натрий хлориді зарарсыздандырылған ерітіндісімен көптеп жуу, шаю. Зарарсыздандырылған таңу немесе қараңғы көзілдірік кию. ФОҚ түскен кезде, тыңғылықты көп мөлшерде 3% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен шаю. Тыныс алу жолдары Зардап шегушіні бірден зақымдану аймағынан алып кету немесе шығару, киімдерін босату. Таза ауаға немесе жаксы желдетілген бөлмеге орналастыру. Оттегімен ингаляция. Қажетті болса жасанды өкпе желдетуі. Ауыз қуысын және жұткыншақты шаю, 2% натрий гидрокарбонатын ішкізу, жылы сүт беру, қыша, банкалар қою, жылыту. Асқорыту жолы Ішке у түскен кезде уды ішкен мезеттен бастап, әсіресе алғашқы сағаттарда, шұғыл түрде уақытқа қарамай асқазанды жуу керек. Коматозды жағдайда жатқан науқастардың асқазанын зонд арқылы немесе трахеяға интубациядан кейін ғана шаю. Есі бар науқастардың асқазандарын зонд арқылы жууға немесе су ішкеннен кейін құсықты шақыруға болады. Асқазанды жуу үшін 12—15 л суды бөлме температурасында 300—500 мл үлесінде қолданады. Суға келесі ингредиенттерді қосуға болады: белсендендірілген көмір (2-4 ас қасық 1 л суға), танин (2-ден 20 г-ға дейін 1 л суға), магний оксиді (20 г 1 л суға). Жуу кезінде мезгіл-мезгіл мұрын жұтқыншақты кұсыктан және кілегейден тазалап тұру керек. Жуу біткен соң асқазанға 100—150 мл тұзды әлсіздендірілген (30%) магний сульфаты ертіндісін немесе 100—150 мл вазелин майын енгізу. Содан кейін тазалау немесе сифонды клизма тағайындалады, оған асқазанды жуғандағы дәрілерді қолданады. Асқазан-ішек жолындағы заттарды адсорбциялау үшін ішке бір ас касықтан белсендендірілген көмір жуу алдында және жуғаннан кейін беруді ұсынады. Күйдіретін улармен уланған кезде (кышқыл, сілтілермен) асқазанды жуар алдында премидикация жүргізу керек. Зондқа көптеп вазелин немесе өсімдік майын жағады. Күйдіретін улармен уланған кезде өз еркімен құсуды немесе жасанды қүсықты шакырудың керегі жок, себебі ол күюді күшейтіп жіберуі мүмкін, сонымен қатар күйдіретін сұйықтық аспирацияланады және тыныс жолдарын күйдіреді. Аз ғана порциясы (250 мл-ден) салқын сумен шаяды. Жуылған суда қан болса да асқазанды міндетті түрде жуу керек. Асқазанның кышқылды-сілтілі ерітіндісін колдану арқылы бейтараптау әсерін тигізбейді, ал осы мақсатта натрий гидрокарбонатын колдану қарсы көрсетілген, ол асқазанда көміркышкыл газының пайда болуына әкеліп, кеңейтіп кауіп төндіреді. Күйдіретін улармен уланған кезде іш жүргізетін дәрілер енгізбейді, тек вазелин майын енгізу керек. Асқазанды жуғаннан кейін 10% майлы эмульсия немесе алмагель 50 мл беріледі. Құрсаулайтын және ыдырататын дәрілер беруге болады: сүт, ақуыз-сүтті қоспа, кисель, желе, крахмалды бүқпа. Фосформен, фенолмен, анилинмен; бензинмен, камфорамен және т.б. уланған кезде сүтті қолдану, майлы қоспалар, эмульсиялар, камфор майын және т.б. майларды қолдану қарсы көрсетілген. Асказанды жуғанда қосымша форсирленген диурез тәсілін қолданады. Ауруханаға дейінгі бұл кезенде мол сусын ішу тағайындауымен жүреді. Диурездің күшеюі сұйықтықты ішкен соң 20—30 минуттан кейін басталады. Спецификалық антидотты ем, тек емдеу мекемелерінде қолданылады. Синдром бойынша емге негізінен жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесін қолдауға бағытталған дәрілер кіреді. Жүрек гликозидтері, тамыр дәрілері және аналептиктер, никетамид (кордиамин), бендазол (дибазол, кофеин, аминофиллин, фэнилэфрин, норэпинефрин және т.б.), бронхолитикалык дәрілер, ылғалды оттегімен ингаляция, көрсеткіш бойынша реанимациялық шаралар жүргізіледі. Синдром бойынша ем дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі. Этил спирті: Қандағы токсикалық концентрациясы — 1,5 г/л, өлімге әкелетін мөлшері — 3,5 г/л. Өлімге әкелетін мөлшері — 300 мл 96% этил спирті, созылмалы алкоголиктерде — мөлшері едәуір жоғары. Мастану симптомынан кейін тез кома дамиды. Беттің гиперемиясы, дене температурасының төмендеуі, құсу байкалады. Қарашыктары бастапқыда тарылған, кейін кеңейеді, көлденең нистагм. Тынысы баяу. Тахикардия. Антидотты ем: көктамырға 600-1000 мл 4% натрий гидрокарбонаты ерітіндісін енгізу; 40% глюкоза ерітіндісі — 40 мл 15 бірлік инсулинмен бірге. Витаминдер: пиридоксин — 2 мл 5% ерітінді, 5% тиамин ерітіндісі — 5 мл, 1% никотин кышкылы — 3-5,0 мл, 5% аскорбин қышқылы ерітіндісін 5-10 мл бұлшык етке енгізу. Метил спирті: Қандағы токсикалык концентрациясы-300 мг/л, өлімге әкелетін-800 мг/л-ден көп. Летальді мөлшері-100 мл ішке. Мастану әлсіз болады: жүрегі айнып, кұсу, ішінің ауруы, бас ауру, басы айналу дамиды. Көруінің нашарлауы, коз алдында «шіркейлердің» үшуы, диплопия, соқырлық, мидриаз, жарыққа қарашық реакциясының әлсіреуі анықталады. Фосфорорганикалық қосылыстар: Карбофос немесе хлорофосты ішке кабылдағанда өлімге әкелетін мөлшері-шамамен 5 г. Қозу және тартылулар пайда болып, босаңсуға алмасады. Караганда: ентігу, ылғалды сырылдар,бронхорея, тершеңдікті байқауға болады. Кейде тенезмдер, еріксіз сұйық нәжіс, зәр шығаруынын жиілеуі дамиды. Антидотты ем: терімен кілегейлі қабаттардың құрғауына дейін карқынды атропинизация. I сатысында 2-3 мг, II сатысында -20-25 мг, III сатысында 30—35 мг көктамырға. Көміртегі оксиді: Карбоксигемаглобиннің мөлшері кандағы-50% жалпы кұрамын алғанда -1,5 г/л, өлімге әкелетін-3,5 г/л гемоглобин. Науқастар басының сыздап ауруына, бас айналуына, жүрегі айнуына, құсуға шағымданады, галлюцинация дамуы мүмкін. Караганда: АК және дене қызуы жоғарылайды, кейде тыныс алудың бұзылысы аныкталады. Антидотты ем: 2—3 сағат бойы үзіліссіз оттегімен ингаляция, дене кызуын физикалық тәсілдермен түсіру. Улы саңырауқұлақтар: Мухомор (шыбынжут). Латентті кезеңі - 1-6 сағат, наукастар жүрегі айну, кұсу, тершеңдік, күшейтілген сілекей ағу, бронхорея, ішінің ауруына, іш өту, ентігу, кейде тартылуларды байқайды. Кейінірек сана сезімінің бұзылысы дамуы мүмкін: сандырақтау, галлюцинациялар. Антидотты емі: тері мен кілегей қабаттардың кұрғауына дейін атропинизация. Бозғылт улы саңыраукұлақ. Латентті кезеңі 6-24 сағат, содан кейін тоқтаусыз құсу, ішінің ауруы, диарея, канды іш өту, әлсіздік, коллапс, делирия, галлюцинация дамиды. Антидотты емі: тиокт қышқылы-20-30 мг/кг тәулігіне, 0,1% атропин ерітіндісі-1 мл. Көктамырға тамшылатып натрий хлориді ерітіндісі-1000 мл |