Телал. 1. 6 Пн бойынша орытынды білімін жне дадысын баалауа арналан баылаулшеу ралдары
Скачать 0.82 Mb.
|
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер №5 тақырып. Рахит. 1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы рахитке ТӘН ЕМЕС? А. тершеңдік Б. бұлшықет гипотониясы В. жоғарылаған бұлшық ет қозғыштығы Г. төмендеген бұлшық ет қозғыштығы Д. сүйек деформациясы 2. Балалардағы жоғарылаған бұлшық ет қозғыштығы мына кезде байқалады: А. рахитте Б. белок-энергетикалық жеткіліксіздікте В. пневмонияда Г. анемияда Д. экссудативті-катаральді диатезде Рахит мына жасқа дейін анықталатын ауру: 1 айға дейін 6 айға дейін 12 айға дейін 2-3 жасқа дейін 5 жасқа дейін 4. Рахиттің дамуына мына жағдайлар алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: ерте аралас тамақтандыру ерте жасанды тамақтандыру қосымша тамақты кеш енгізу 6 айға дейін баланы көшеге шығармау перинаталды энцефалопатиясының болуы 5. Д витаминіне тәуліктік физиологиялық қажеттілік: 100 ХБ 100-300 ХБ 400-600 ХБ 600-800 ХБ 800-900 ХБ 6. Д витаминінің белсенді түрі қай мүшеде түзіледі: теріде ішекте көкбауырда бауырда бүйректе 7. Рахиттің арнайы емес алдын алуына жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ: рационалды тамақтандыру режим мен күтімді дұрыс ұйымдастыру су процедуралары мен ауа ванналары жүйелі түрде таза ауада серуендеу кесте бойынша УКС 8. Д витаминінің алдын алу дозасын көрсетіңіз: 100 ХБ 500 ХБ 1000 ХБ 1500 ХБ 50 ХБ Мерзіміне жетіп туылған балаға рахиттің постнаталды арнайы алдын алу принциптеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ: А. Д витаминінің дозасы тәулігіне 400-500 ХБ Б. Д витаминін өмірінің 3-4 аптасынан тағайындау В. жаз айларында Д витаминін беруді тоқтату Г. Д витаминін УКС-мен біріктіріп тағайындау Д. 1,5 жасқа дейін жүргізіледі 10. Рахиттің еміне кіреді, МЫНАДАН БАСҚА: А. рационалді тамақтандыру Б. күн тәртібі, серуендеу В. массаж, емдік дене шынықтыру Г. Д витаминін қабылдау Д. антибактериалды ем 11. Рахиттің арнайы алдын алуын жүргізуге қарсы көрсеткіштер: А. ОНЖ-ң органикалық зақымданулары Б. лимфатикалық-гипопластикалық диатез В. 1 дәрежелі анемия Г. 1 дәрежелі белок-энергетикалық жеткіліксіздік Д. экссудативті-катаралді диатез 12. Д витаминінің тапшылығы шақырады: А. ішектерде кальцийдің сіңірілуін төмендетеді Б. ішектерде кальцийдің сіңірілуін жоғарылатады В. сілтілі фосфатазаның деңгейін төмендетеді Г. бүйректерде кальцийдің кері сіңірілуін төмендетеді Д. бүйректерде фосфордың кері сіңірілуін төмендетеді Рахит мынамен байланысты: А. Д витаминінің тапшылығына Б. А витаминінің тапшылығына В. темір тапшылығына Г. магний тапшылығына Д. В тобының витаминдерінің тапшылығына Баланың аяқтарының қисаюы мынамен байланысты: А. тығыз жөргектеу болмағандықтан Б. гипостатурамен В. церебралді балалар салымен Г. бұлшық ет гипотониясымен Д. рахитпен Қандай ауру жалпақ жамбастың дамуына әкеледі: А. микроцефалия Б. рахит В. белок-энергетикалық жеткіліксіздік Г. анемия Д. лейкоз 16. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы рахитке ТӘН ЕМЕС: терінің құрғақтығы аяқ-қолдардың деформациясы шошыну бұлшықет гипотониясы краниотабес 17. Рахит – мынамен байланысты ауру: А. вирусты инфекциямен Б. бактериалды инфекциямен В. белок алмасуының бұзылысымен Г. Р-Са алмасуының бұзылысымен Д. темір алмасуының бұзылысымен 18. Рахиттің дамуына мына жағдайлар алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ: ерте аралас тамақтандыру ерте жасанды тамақтандыру қосымша тамақты кеш енгізу 6 айға дейін баланы көшеге шығармау Д. бала табиғи тамақтандырылуда Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы I дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС: А. қызыл дермографизм Б. қозғыштық В. үлкен еңбектің қырларының жұмсаруы Г. кеуде торының деформациясы Д. тершеңдік Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы ІI дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС: А. бұлшықет гипотониясы Б. ентігу В. бас сүйектің деформациясы Г. ОНЖ-ң тежелуі Д. тершеңдік Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттердің жауабы №1 сабақ
№2 сабақ
№3 сабақ
№4 сабақ
№5 сабақ
№2 блок бойынша тәжірибелік сабақтарған арналған жағдайлық есептер (қорытынды бақылау) №1 тақырып. Құрсақішілік даму кезеңдері, шекаралық жағдайлар №1 есеп Бала қалыпты өткен 2-ші жүктіліктен, 2 туыттан. Туылғандағы дене салмағы 3000 гр., бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша бағалау 8 балл. 3-ші тәулікте баланың терісі мен склерасы сарғыш түске боялды, баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сұрақтар: Қандай диагноз туралы ойлауға болады? Осы жағдайдың патогенезі қандай? Осы жағдайды қандай аурулардан ажырату керек? Диагнозды тұжырымдау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек? Балаға қандай шаралар жүргізген жөн? №2 есеп 10 күндік қыз бала. Анасы учаскелік дәрігерге нәрестенің сүт безінің қатаюына, жыныс мүшелерінен қанды бөліністердің бөлінуіне шағымданды. Бала ана омырауын белсенді емеді, салмағын қосып жатыр, дене қызуы қалыпты. Сұрақтар: Қандай диагноз туралы ойлауға болады? Осы жағдайдың патогенезі қандай? Осы жағдайды қандай аурулардан ажырату керек? Диагнозды тұжырымдау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек? Балаға қандай шаралар жүргізген жөн? №3 есеп Нәрестеде жүрек соғысы минутына 100-ден аз, брадипноэ, тері жабындылары қызғылт, бірақ акроцианоз байқалады. Қимыл-қозғалыстары белсенді, түшкіреді, жөтеледі. Сұрақтар: Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз Осы жағдайдың мүмкін себептері? Нәрестені анасының омырауына бірден беруге бола ма? №4 есеп 3 күндік нәресте. Туылған кездегі салмағы 3100 гр., қазіргі кезде – 3000 гр. Терісі мен склерасының сарғаюы байқалады, зәрді аз бөледі, жаялықта коңыр-қызыл дақтар бар. Баланың жағдайы қалыпты, емуі белсенді. Сұрақтар: Балада қандай шекаралық жағдайлар байқалады? Осы шекаралық жағдайлардың патогенезі қандай? Бұл балаға қосымша тағайындаулар қажет пе? №5 есеп Нәрестеде тері жабындылары қызғылт, акроцианоз. Жүрек соғысы минутына 160 рет, тынысы 60 рет. Аяқ-қолдары бүгулі, денесіне әкелінген, «айқасқан», аяқ-қолдарын жазуға әрекеттенгенде – айтарлықтай қарсылық, айқайы монотонды, қатты, рефлекстері тежелген. Сұрақтар: Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз. Осы жағдайдың мүмкін себептері? Нәрестені анасының кеудесіне бірден беруге бола ма? №2 тақырып. Нәрестелер. Мүшелер мен жүйелердің АФЕ №1 есеп Балаға 1 ай, туылғандағы салмағы 3100 гр., қазір – 3900 гр. Табиғи тамақтандырылуда. Анасының шағымы: балада үлкен дәреті екі күнде 1 рет, қиыншылықпен бөлінеді, «қойдың құмалағындай». Сұрақтар: Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз Іш қатудың себебін түсіндіріңіз. Анасына қандай кеңестер беруге болады? №2 есеп Балаға 1 ай, туылғандағы салмағы 3500 гр., қазір – 3750 гр. Жасанды тамақтандырылады – сиыр сүті 50 мл-ден әрбір 3 сағат сайын. Қарағанда бала мазасыз, басының шашты бөлігінде – гнейс, бетінің терісі ісіңкі, гиперемирленген, ұсақ-қабыршақты түлеу («сүтті қабыршақ»). Сұрақтар: Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз Терінің жағдайын және оның өзгерістерінің мүмкін себептерін бағалаңыз Баланы тамақтануы дұрыс па? Дұрыс тамақтандыру мен терінің күтімі бойынша кеңес беріңіз. №3 есеп Учаскелік дәрігердің қабылдауында 24 күндік баламен анасы келді. Гипогалактияға шағымданады. Туылғандағы салмағы 3100 гр. Қазіргі салмағы 3300 гр. Бақылаулық салмақ өлшеу кезінде баланың 30.0 мл ана сүтін сорғаны анықталды. Сұрақтар: Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз Баланың тамақтануы бойынша кеңес беріңіз. №4 есеп Мерзіміне жетіп туылған нәресте, туылғандағы дене салмағы 3200 гр., бойы 51 см., Апгар бойынша 10 баллмен бағаланған, өмірінің 4-ші күні үйіне шығарылған. Анасына кеңес беріңіз: Баланы қалай тамақтандырған жөн? Баланың күнделікті туалетін қалай жүргізу керек (терісі, кілегей қабықтары, кіндігі және т.б.) Баланы қашан және қалай шомылдыру керек? Баланы көшеге серуендетуге қашан шығару керек. №5 есеп 15 күндік нәресте. Туылғандағы дене салмағы 3000 гр., бойы 50 см., Апгар бойынша 8 баллмен бағаланған, өмірінің 4-ші күні үйіне шығарылған. Қазіргі кезде салмағы 2900 гр. Терісі қызғылт, тіндердің серпімділігі мен тургоры аздап төмендеген. Мұрын терісінде – милиа, шап терісі мацерацияланған, ісіңкі. Бала мазасыз. Мүшелер бойынша – өзгерістер жоқ. Әрбір 1-1,5 сағат сайын ана омырауын алады, содан кейін біраз уақытқа дейін тынышталады. Сұрақтар: Баланың физикалық дамуын (тамақтануын) бағалаңыз Балада қандай патологиялық жағдай байқалады және оның мүмкін себептері? Баланың күтімі мен тамақтандырылуы бойынша кеңес беріңіз. №3 тақырып. Шала туылған балалар. Құрсақішілік дамудың кідіруі. №1 есеп Бала қалыпты өткен 1 жүктіліктен. Жүктіліктің 36 аптасында анасы ЖРВИ-мен ауырып, сол аурудың фонында босану болды. Бала (қыз бала) дене салмағы 2200 гр., бойы 46 см., бірден айқайлады. Алғашқы қарау кезінде терісі қызғылт, жұқа, денесінде сирек үлпілдек шаштар бар, емізік айналасы мен емізіктері айқын көрінеді, жыныс саңылауы жабық. Айқайы біршама қатты, бірақ бұлшық ет тонусы мен белсенді қимылдары аздап төмендеген. Туа біткен автоматизм рефлекстері шақырылады. ЖЖЖ – минутына 180 рет, ТЖ – 30-70, ырғақсыз. Кіші еңбегі ашық. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №2 есеп Бала 3 жүктіліктен (2 түсік). Жүктілік жүктіліктің бірінші жартысында токсикозбен, 1 және 3 триместрде жүктіліктің үзілу қаупімен, ЖРВИ-мен өткен. Туыт жүктіліктің 32 аптасында. Туылғандағы салмағы 1600 гр, бойы 42 см, мұрын-жұтқыншағынан шырышты сорғаннан кейін бірден айқайлады. Алғашқы қарау кезінде терісі жұқа, қызыл, ауыз-мұрын үш бұрышының цианозы, денесі мен аяқ- қолдарында – қалың лануго, тері асты май қабаты айқын емес, емізіктері мен емізік айналасы әрең көрінеді, тырнақтары жұқа, тырнақ фалангаларын толығымен жаппайды. Аяқ-қолдары қысқа, басы үлкен, бас сүйегінің тігістері мен еңбектері ашық. Туа біткен автоматизм рефлекстері тежелген, бұлшық ет гипотониясы. Тынысы беткей, ырғақсыз, минутына 40-70 рет, өкпесінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, ЖЖЖ – минутына 160-180 рет. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №3 есеп Бала 10 жүктіліктен, 4 туыттан (6 түсік). Бұл жүктілік түсік жасатқаннан кейін 6 айдан кейін басталған. Жүктілік анемия, токсикоз, нефропатия, 3 рет ЖРВИ фонында өткен. Туыт жүктіліктің 30 аптасында болды. Туылған кездегі жағдайы ауыр деп есептелді, салмағы 1100, бойы 36 см. Терісі жұқа, әжімделген, ланугомен түгел жабылған, емізіктері мен емізік айналасы көрінбейді, құлақ қалқандары жұмсақ, басына жабысқан, тырнақтары дұрыс дамымаған. Басы үлкен (бойының 1/3 құрайды), аяқ-қолдары қысқа. Бұлшық ет гипотониясы, қозғалыс белсенділігі төмендеген, айқайы әлсіз, сору және жұту рефлекстері әлсіз байқалады. Дене температурасы тұрақсыз, гипотермияға бейім. Тынысы беткей, тахипноэ, 5-10 секундқа дейін апноэ. Пульсі лабильді (минутына 160-180 рет), эмбриокардия. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №4 есеп Бала 1 жүктіліктен. Анасы 37 жаста, ұзақ уақыт бедеуліктен емделді. Жүктілік үнемі фето-плацентарлық жетіспеушілік, жүктіліктің үзілу қаупі фонында өтті, бірнеше рет ауруханада емделді. Туыт жүктіліктің 27-аптасында, туылғандағы салмағы 500 гр, бойы 31 см. Туылған кездегі жағдайы аса ауыр. Тынысы Чейн-Стокс типінде, пульсі лабильді, минутына 90-140 рет. Терісі жұқа, қызыл, ауыз-мұрын үш бұрышының цианозы, акроцианоз. Беті, денесі, аяқ-қолдары қалың ланугомен жабылған. Бас сүйегінің тігістері мен еңбектері ашық, сүйектері өте жұқа. Айқайы өте әлсіз. Физиологиялық рефлекстері (сору, жұту) жоқ, аяқ-қолдары дене бойымен созылып жатыр. Қимыл-қозғалыстары күрт төмендеген, гипотермияға бейімділік. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №5 есеп Бала 1 жүктіліктен. Жүктілік бірінші триместрде токсикозбен, барлық жүктілік мерзімінде 2 дәрежелі анемиямен, 8 айында жүктіліктің үзілу қаупімен өтті. Анасында герпестік инфекция бар, бірақ жүктілік кезінде оның көріністері болған жоқ. Туыт жүктіліктің 39 аптасында болды, туылғандағы салмағы 2100 гр., бойы 47 см. Шырышты сорғаннан кейін айқайлады. Апгар шкаласы бойынша 7 баллға бағаланды. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №4 тақырып. Нәрестелік кезеңнің іріңді-септикалық аурулары. Құрсақ ішілік инфекциялар №1 есеп Бала 2 жүктіліктен (1 – жүктіліктің ерте мерзімінде түсік). Жүктілік 1 триместрде үзілу қаупімен, анемиямен өткен, УДЗ-де аз сулылық анықталған. Анасында герпестік инфекция бар бірақ жүктілік кезінде оның көріністері болған жоқ. Жүктіліктің 8 айында ЖРВИ-мен ауырған. Босану 38-39 аптада, туылғандағы салмағы 2650 гр., бойы 49 см., Апгар бойынша – 7 балл. 2-ші тәулікте балада еңбегі кернеліп, клоникалық-тоникалық тырысулар, құсу, есінен жоғалуы, дене қызуының 390С дейін жоғарылауы байқалды. Ликворограммада – плеоцитоз лимфоциттердің басым болуымен, белок саны артқан. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы. Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №2 есеп Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік 1 триместрде 1 дәрежелі анемиямен және токсикозбен, 2 триместрде ЖРВИ-мен өткен. Жүктіліктің соңғы айында жыныс мүшелерінен бөліністер әйелді мазалаған, бірақ ем жүргізген жоқ. Туыт жүктіліктің 38-39 аптасында. Салмағы 3100 гр. бойы 50 см, бірден айқайлады. Апгар шкаласы бойынша бағалау – 8 балл. Өмірінің 3-ші күнінде баланың қабақтары ісініп, склераның инъекциясы байқалды, көзінен алғашында шырышты, артынан іріңді бөліністер бөлінді. Бірнеше күннен кейін жөтел пайда болды, артынан ұстама түріндегі жөтелге айналды. Бұл кезде баланың жалпы жағдайы болмашы ғана нашарлады, тәбеті сақталған, дене қызуы қалыпты. Өкпесінде тынысы қатаң, 2 жақта да ылғалды ұсақ көпіршікті және аздаған көлемде құрғақ сырылдар естіледі. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы. Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №3 есеп Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік 1 триместрде 1 дәрежелі анемиямен және токсикозбен, 2 триместрде жүктіліктің үзілу қаупімен, 37 аптада созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туыт жүктіліктің 37 аптасында болды, туылғандағы дене салмағы 2100 гр., бойы 47 см. Бірден айқайлады, Апгар шкаласы бойынша 7-8 баллмен бағаланды. Өмірінің 5 күнінде баланың кіндік жарасынан алдымен серозды, артынан іріңді бөліністер бөлінді, кіндігінің айналасындағы терісі ісіңкі, қызарған. Жергілікті ем жүргізілді. 7 тәулікте дене қызуы жоғарылап, бала емшектен бас тартты, лоқсыды, артынан құсу, клоникалық-тоникалық тырысулар, еңбегінің кернелуі байқалды. Терісі топырақ түстес, іші кебіңкі, нәжісі жиі, шырышпен және жасыл түспен, жағымсыз иіспен. Сусыздану симптомдары. Бауыры ұлғайған, терісінде геморрагиялық бөртпенің бірнеше элементтері. Жағдайының ауырлығы бойынша жансақтау бөлімшесінде жатқызылды. Сұрақтар: Диагноз құраңыз. Осы патологиялық жағдайдың туындауына әкелген мүмкін себептер мен факторлар. Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №4 есеп 7 күндік нәресте. Ішінің төменгі жағында, шап қатпарларында, аяқтарында эритематозды дақтар пайда болды, дақтардың үстінде өлшемдері 0,2-0,5 см болатын ішінде серозды-іріңді сұйықтығы бар көпіршіктер бар. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған, тәбеті сақталған, дене қызуы 37,20С. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №5 есеп Әлеуметтік жағдайы төмен отбасында туылған 10 күндік нәрестенің кіндік айналасының терісінде, шап қатпарларында гиперемия пайда болды, ол артынан қошқыл-қызыл түске айналып, денесіне, аяқ-қолдарына тарады. Артынан зақымдалған теріде сылбыр көпіршіктер, сызаттар, суланулар пайда болды. Никольский симптомы (+). Баланың жағдайы ауыр, дене қызуы жоғары, енжар, емшектен бас тартты. Сұрақтар: Диагноз қойыңыз. Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы. Баланы тексеру қажет пе? Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем). №5 тақырып. Рахит. №1 есеп Профилактикалық қарауға 3 айлық баласымен анасы келді. Туылғандағы дене салмағы 3500 г., қазір – 5 600 г. Бала 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылуға көшірілген. Соңғы кездері шүйде шаштары түсіп, тершеңдік, ұйқысының мазасыздығы байқалған. Қараған кезде үлкен еңбектерінің қырларының жұмсаруы және иілгіштігі, бүйір еңбектерінің аймақтары мен шүйде сүйектерінің жұмсаруы (краниотабес) байқалады. Басын вертикалды қалыпта әлсіз ұстайды. Ішкі мүшелері жағынан патология жоқ. Сұрақтар: 1. Жіктелу бойынша диагноз қойыңыз. 2. Аурудың дамуына қандай себептер ықпал етті? 3. Балаға қандай ем тағайындаған жөн? 4. Балаға қандай арнайы ем көрсетілген? №2 есеп 6 айлық бала 1 айынан бастап жасанды тамақтандырылады. Қазіргі кезде айран тұтас қабылдайды. Салмағын жақсы қосады. 1 айлық жасында Д2 витаминінің майлы ерітіндісін 230 000 ХБ дозасында тығыздалған әдіспен қабылдаған. Қарағанда бала мазасыз емес, тамақтануы дұрыс. Маңдай және төбе дөңестері, «таспиықтар», «білезіктер» эпигастралды бұрыштың сыртқа айналуы байқалады. Отырмайды, арқасынан ішіне, ішіне арқасына нашар айналады. Аяғының үлкен саусағын аузына еркін салады. Іші жайылып жатыр, бауыры ығысқан, ұлғайған. Сұрақтар: 1. Толық диагноз қойыңыз. 2. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдістерін жүргізу керек? 3. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн? №3 есеп Дәрігерге 4 айлық баласымен ана келді, бала тек ана сүтімен тамақтанады. Анасының шағымдары: бала аяғын тіремейді, жалпы тершеңдік пайда болды, кейде мазасыз. Қарағанда: бас формасы өзгерген (шүйдесі жалпайған), үлкен еңбегі – 5х6 см, басы «төртбұрыш». Кеуде торы деформацияланған, бүйірлері қысылған, төменгі апертура сыртқа айналған, қабырғаларында «таспиықтар». Аяқтары өзгеріске ұшырамаған. Бұлшық ет гипотониясы, «құрбақа» іші, сүйек рентгенограммасында: өсу зоналары кеңейген, остеоидты тіндердің шамадан тыс өсіп кеткені, остеопороз байқалады. Сұрақтар: 1. Сіздің диагноз 2. Осы диагнозды болжау үшін қандай клиникалық көріністер байқалып тұр? 3. Осы науқастағы диагнозды рентгонологиялық мәліметтер тұжырымдай ма? 4. «Құрбақа» іші симптомы аурудың қандай көріністерімен байланысты? 5. Осы жағдайда көрсетілген арнайы емес емді көрсетіңіз. Тамақтану коррекциясы жүргізілді. №4 есеп Стационарға пневмония бар деген күдікпен 7 айлық бала жатқызылды. Анықталғандай, ол осыдан 1 ай бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда бала боз, үлкен еңбегі 2,5х3,5 см, шүйде және маңдай дөңестері айқын. Кеуде торының алдыңғы бетінде «таспиықтар» байқалады. Бұлшық ет гипотониясы байқалады, бала отырмайды, тұрмайды. Тыныс жеткіліксіздігі бар. Сұрақтар: 1. Қысқа мерзім ішінде тыныс жолдарының қайталамалы ауруы немен байланысты? 2. Осы фондық ауруды қандай клиникалық көріністер көрсетеді? 3. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн? №5 есеп Дәрігердің қабылдауына 3 айлық баласымен ана келді, анасының шағымдары: бала үркек (қатты дыбыстардан шошынып, жылайды) мазасыз, нашар ұйықтайды, қатты терлейді. Анықталғандай, ана баласына сиыр сүтін береді, аз серуендейді, массаж, гимнастика жасамайды. Қарағанда шүйденің жалпаюы, үлкен еңбектің қырларының жұмсарғаны байқалады. Баланың терісі боз, ісіңкі. ЖЖЖ минутына 120 рет, ТЖ – 35 рет/мин. Бала қарауға жылап жауап береді. Сұрақтар: 1. Диагноз қойыңыз. 2. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн? №6 есеп 1,5 айлық бала. Шала туылған, туылғандағы дене салмағы 2100 гр., бойы 44 см. 1,5 айда 1300 гр. қосты. 2 аптасынан бастап В айранмен жасанды тамақтандырылады. Айраннан басқа ештеңе қабылдамайды. Ретсіз тамақтандырылады. Қарағанда шүйде аймағының тегістеулі, шашының түсуі, үлкен еңбектің қырларының жұмсарғаны байқалады. Бала соңғы 2-3 аптада ұйқысы бұзылып, тітіркенгіш, үркек болды. Шамадан тыс терлегіштік, әсіресе ұйықтаған кезде терлеуі байқалады. Сұрақтар: 1. Толық диагноз қойыңыз (дәрежесі, кезеңі) 2. Рахитке ықпал еткен факторларды көрсетіңіз 3. Балаға қандай негізгі емдеу шараларын жүргізген жөн? |