Главная страница

Телал. 1. 6 Пн бойынша орытынды білімін жне дадысын баалауа арналан баылаулшеу ралдары


Скачать 0.82 Mb.
Название1. 6 Пн бойынша орытынды білімін жне дадысын баалауа арналан баылаулшеу ралдары
АнкорТелал
Дата25.08.2022
Размер0.82 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла6%20%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%82%D1%80-%D0%B8%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%8.doc
ТипДокументы
#652993
страница4 из 6
1   2   3   4   5   6

«БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» ПӘНІНЕН №2 БЛОК БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ (КОЛЛОКВИУМ)



1 НҰСҚА
1. Перинаталдық кезең деп қай кезеңді айтады:

А. туылғаннан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін

Б. ұрықтанудан бастап туылғанға дейін

В. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін

Г. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 1-ші айына дейін

Д. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 2-ші айына дейін
2. Нәресте қыз бала, 5 күндік, туылғандағы дене салмағы 3100, қараған кезде баланың дене салмағы 3000 г., бетінің терісінде, мұрнының үстінде, кеңсірігінің үстінде ақ-сары түсті ұсақ түйіндер бар, кеудесі мен ішінің терісінің ірі пластинкалы түлеуі байқалады. Сүт бездері екі жақта да ұлғайған, басқанда ақ-сары сұйықтық бөлінеді, нәжісі қорытылмаған түйіршіктермен, шырышпен. Балада шекаралық жағдайлардың қайсысы байқалмайды?

А. физиологиялық дене салмағын жоғалту

Б. физиологиялық түлеу

В. жыныстық криз

Г. физиологиялық сарғаю

Д. ішектің транзиторлық катары
3. Нәрестеде тыныс белгілері жоқ, көкшіл, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі минутына шамамен 90 рет, аяқ-қолдары салбырап жатыр. Апгар бойынша алғашқы бағалау құрайды:

А. 0 балл

Б. 1 балл

В. 2 балл

Г. 3 балл

Д. 4 балл
4. Нәрестелердің физиологиялық сарғаюын қандай сарғаюларға жатқызамыз:

А. гемолитикалық

Б. конъюгациялық

В. механикалық

Г. паренхиматоздық

Д. дәрілік
5. «Жетілген ана сүті» - бұл:

А. босанғаннан соң 14 күннен кейін пайда болады

Б. босанғаннан кейін бірден пайда болатын сүт

В. емізудің басында пайда болатын сүт

Г. емізудің аяғында пайда болатын сүт

Д. босанғаннан соң 5 күннен кейін пайда болатын сүт
6. Милиа мынаның салдарынан түзіледі:

А. май бездерінің бітелуінен

Б. тер бездерінің шығару өзектерінің бітелуінен

В. тоңудан

Г. күтім кемшіліктерінен

Д. физиологиялық эритеманың
7. Бала 3 жүктіліктен (2 мед.түсік), мерзіміне жетіп туылды. 2-ші тәулікте сарғаю пайда болды. Бауыры +1,5 см қабырға доғасынан шығып тұр. Гемоглобин 168 г/л, жалпы билирубин 92,8 мкмоль/л, тікелей емес – 84,6 мкмоль/л, тікелей – 8,2 мкмоль/л, тимол сынамасы – 2 бірл. Мейілінше жуық диагноз:

А. нәрестенің гемолитикалық ауруы

Б. іштен біткен токсоплазмоз

В. нәрестенің физиологиялық сарғаюы

Г. өт жолдарының атрезиясы

Д. гемолитикалық Минковский-Шоффар анемиясы
8. 1 жасқа дейінгі балалардың лоқсуға бейімділігі немен түсіндіріледі:

А. асқазанның кардиалды бөлімінің бұлшық ет қабатының жеткіліксіз дамуы

Б. асқазанның пилорикалық бөлімінің функционалды жетілмеуі

В. асқазанның кардиалды бөлімінің функционалды жетілмеуі

Г. өңештің кілегей және бұлшық ет қабаттарының шамадан тыс дамуы

Д. артық тамақтандыру
9. Қалыпты өткен І жүктіліктен және босанудан туылған нәрестенің дене салмағы 2800 г, бойы 47 см, өмірінің 4-ші күні терісі аздап сарғайды. Анасының қан тобы А (II), резус-оң, балада В (III), резус-теріс. Баланың жағдайы қалыпты, белсенді емеді, рефлекстері тежелмеген. Қан анализінде: Эр. 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин 98 ммоль/л, тікелей емес 78 ммоль/л. Сіздің диагноз:

А. пренаталді гипотрофия

Б. резус-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

В. АВ0-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

Г. физиологиялық сарғаю

Д. сарғаю
10. Нәрестелердегі жиі кездесетін сарғаюды көрсетіңіз:

А. гемолитикалық

Б. конъюгациялық

В. холестатикалық

Г. өт жолдарының атрезиясына немесе гипоплазиясына негізделген сарғаю

Д. зат алмасудың тұқым қуалайтын аномалиясына негізделген сарғаю
11. Нәресте III жүктіліктен, жүктілік созылмалы фетоплацентарлық жеткіліксіздігімен, ІІ дәрежелі анемиямен, І триместрдегі ЖРВИ-мен өткен, ІІ туыттан 28 аптада. Ұл бала, салмағы 800 грамм. Қалың лануго, тері асты-май қабаты біркелкі жұқарған, құлақ қалқандары жұмсақ, бас тігістері мен еңбектері ашық, аталық бездері ұмаға түспеген, кіндік сақинасы төмен орналасқан. Сіздің қорытындыңыз:

А. тірі туылған өмірге қабілетсіз ұрық

Б. тірі туылған бала, ІІ дәрежелі шала туылу

В. ІІІ дәрежелі шала туылу, өмірге қабілетсіз ұрық

Г. ІV дәрежелі шала туылу, өмірге қабілетсіз ұрық

Д. тірі туылған бала, IV дәрежелі шала туылу
12. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы эмбриофетопатияларды шақырмайды?

А. антибиотиктер

Б. цитостатиктер

В. С витамині алдын алу дозасында

Г. гормондар

Д. транквилизаторлар
13. «Шала туылған нәресте» диагнозы мынаған сүйеніп қойылады:

А. салмағына

Б. бойына

В. статусына

Г. гестациялық жасына

Д. тері жабындысының түсін бағалауға
14. Нәрестелердің терісінің жүре пайда болған жұқпалы емес ауруына жатады:

А. везикулопустулез

Б. склерема

В. эксфолиативті дерматит

Г. стрептодермия

Д. пемфигус
15. Нәрестеде өмірінің 12 күнінде сан, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші лайлы сұйықтықпен толған ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жағдайы нашарламаған. Сіздің диагноз:

А. пемфигус

Б. стрептодермия

В. Риттердің эксфолиативті дерматиті

Г. Фигнердің псевдофурункулезі

Д. тілме (рожа)
16. Нәрестеде өмірінің 12 күнінде сан, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші лайлы сұйықтықпен толған ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жағдайы нашарламаған. Емінде қолданылады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:

А. дезинфицирлеуші заттарды қолданумен гигиеналық ванналар

Б. көпіршіктерді 70% спиртпен өңдеу

В. жергілікті анилин бояуларын қолдану

Г. УКС

Д. ровамицин
17. Риттердің эксфолиативті дерматитінің еміне кірмейді:

А. ашық жөргектеу, 0,5% калий перманганатының ерітіндісімен примочкалар

Б. иммунотерапия

В. антибиотиктер

Г. дезинтоксикациялық ем

Д. иммунодепрессанттар


  1. Рахит мына жасқа дейін анықталатын ауру:

  1. 1 айға дейін

  2. 6 айға дейін

  3. 12 айға дейін

  4. 2-3 жасқа дейін

  5. 5 жасқа дейін


19. Рахиттің еміне кіреді, МЫНАДАН БАСҚА:

А. рационалді тамақтандыру

Б. күн тәртібі, серуендеу

В. массаж, емдік дене шынықтыру

Г. Д витаминін қабылдау

Д. антибактериалды ем
20. Рахиттің арнайы алдын алуын жүргізуге қарсы көрсеткіштер:

А. ОНЖ-ң органикалық зақымданулары

Б. лимфатикалық-гипопластикалық диатез

В. 1 дәрежелі анемия

Г. 1 дәрежелі белок-энергетикалық жеткіліксіздік

Д. экссудативті-катаралді диатез

2 НҰСҚА
1. Перинаталдық кезең мына кезеңдерден тұрады:

А. антенаталды кезең + интранаталды кезең + ерте неонаталды кезең

Б. интранаталды кезең + нәрестелік кезең

В. пренаталды кезең + антенаталды кезең + интранаталды кезең

Г. антенаталды кезең + интранаталды кезең

Д. эмбрионалды кезең + феталды кезең
2. Нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына мына төменде көрсетілгендердің қайсысы тән емес:

А. өмірінің 3-5 тәуліктерінде пайда болады

Б. туылғаннан кейін бірден пайда болады

В. дене қызуының 38,5-39,5 0С дейін жоғарылауымен көрінеді

Г. ыстықтағанда дамуы мүмкін

Д. себебі суды аз беру болуы мүмкін


  1. Қан сарысуындағы билирубиннің қай деңгейінде сарғаю көзге көрінеді:

А. ≤40 мкмоль/л

Б. ≤50 мкмоль/л

В. ≤60 мкмоль/л

Г. ≥80 мкмоль/л

Д. ≥90 мкмоль/л
4. Ұрықтың эмбрионалдық кезеңі созылады:

  1. гестацияның бірінші аптасының соңына дейін

  2. гестацияның 4-ші аптасына дейін

  3. гестацияның 8-ші аптасына дейін

  4. гестацияның 12-ші аптасына дейін

  5. гестацияның 16-шы аптасына дейін


5. Дені сау нәресте анасының омырауына қашан береді:

А. туылғаннан кейін бірден

Б. туылғаннан кейін 30 минуттан соң

В. 1 сағаттан кейін

Г. 2 сағаттан кейін

Д. алғашқы тәуліктің ішінде
6. Мерзіміне жетіп туылған дені сау нәрестенің терісінің сарғаюы қан сары суындағы тікелей емес билирубиннің концентрациясы мынадай болғанда пайда болады (ммоль/л):

А. 10-30

Б. 30-50

В. 50-70

Г. 70-90

Д. 90-110
7. Бала I жүктіліктен, I мерзіміне жеткен туыттан. Босану патологиясыз, дене салмағы 3600 г. 3 тәулікте балада тері жабындылары мен склерасы сарғайды. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Баланың жалпы жағдайы нашарламаған. ЖҚА: Нв 180 г/л, билирубин 60 мкмоль/л, тікелей емес – 51,9 мкмоль/л. Сіздің диагноз:

А. туа біткен гепатит

Б. физиологиялық сарғаю

В. Криглер-Найяр сарғаюы

Г. өт жолдарының атрезиясы

Д. құрсақішілік инфекция
8. Нәрестенің барынша тоңуы қашан болады:

А. туылғаннан кейін алғашқы минуттарда

Б. туылғаннан соң 6 сағаттан кейін

В. тамақтандыру мүмкін болмағанда

Г. гематокриттің жоғары көрсеткіштерінде

Д. гипогликемияда
9. Нәрестенің бірінші тыныс алуы мынаның нәтижесінде жүзеге асады:

  1. қанда көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы

  2. қанда оттегі концентрациясының төмендеуі

  3. тыныс орталығының қандағы СО2 жоғары концентрациясымен тітіркенуі

  4. шунттардың жабылуы

  5. көкеттің спонтанды жиырылуы


10. Нәрестенің ішегінің микробиоценозының қалыптасуы үшін маңызды жағдай болып табылады:

А. өмірінің бірінші сағатынан кеудемен тамақтандыру

Б. өмірінің бірінші тәулігінен кеудемен тамақтандыру

В. ана омырауына кеш беру

Г. жасанды тамақтандыру

Д. аралас тамақтандыру
11. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы шала туылудың БЕЛГІСІ ЕМЕС?

  1. қолдарында тырнақтарының жетілмеуі

  2. құлақ қалқанының жұмсақ болуы

  3. гениталийдің жетілмеуі

  4. кіші еңбегінің жабық болуы

  5. айқын лануго


12. Терең шала туылған балаларды күтіп-баптау кезінде кювезде қандай температура болуы керек?

А. 15°-20° С

Б. 20°-25° С

В. 25°-30° С

Г. 30°-35° С

Д. 35°-40° С


  1. Шала туылған нәрестелердің күтімі кезінде қолданылмайды:

А. кеудемен тамақтандыру

Б. бөлме температура 250С

В. шомылдыратын судың температурасы 360С

Г. терісін 70% спиртпен өңдеу

Д. ішке 5% глюкоза ерітіндісін беру
14. Нәрестелер флегмонасының клиникалық көріністеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:

А.алақан мен табан терісінің қызаруы, ісінуі

Б. қызба

В. аурудың өмірінің 2-3 аптасында пайда болуы

Г. жедел басталуы

Д. арқасының қызаруы және ісінуі
15. Нәрестелерде сепсис кезінде кіру қақпасы болып табылмайды:

А. кіндік жарасы

Б. жарақаттанған тері жабындылары мен кілегей қабықтары

В. ішек

Г. өкпе

Д. жүрек
16. Нәрестелердің ЦМВИ-на тән емес симптомдар:

А. терідегі түйінді бөртпе

Б. сарғаю

В. тромбоцитопениялық пурпура

Г. гепатоспленомегалия

Д. микроцефалия
17. Іштен біткен герпестік инфекцияның арнайы емін жүргізгенде тағайындайды:

А. ацикловир

Б. видабирин

В. цитотект

Г. реоферон

Д. ганцикловир
18. Д витаминінің белсенді түрі қай мүшеде түзіледі:

  1. теріде

  2. ішекте

  3. көкбауырда

  4. бауырда

  5. бүйректе

19. Мерзіміне жетіп туылған балаға рахиттің постнаталды арнайы алдын алу принциптеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:

А. Д витаминінің дозасы тәулігіне 400-500 ХБ

Б. Д витаминін өмірінің 3-4 аптасынан тағайындау

В. жаз айларында Д витаминін беруді тоқтату

Г. Д витаминін УКС-мен біріктіріп тағайындау

Д. 1,5 жасқа дейін жүргізіледі
20. Қандай ауру жалпақ жамбастың дамуына әкеледі:

А. микроцефалия

Б. рахит

В. белок-энергетикалық жеткіліксіздік

Г. анемия

Д. лейкоз
3 НҰСҚА
1. Апгар бойынша 2 баллмен бағалауға мына жағдай сәйкес келмейді:

А. жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 100 және одан көп

Б. терінің қызғылт бояуы және акроцианоз

В. тыныс қалыпты, айқайы қатты

Г. бұлшық ет тонусы қалыпты, қозғалысы белсенді

Д. рефлекторлық қозғыштығы: жөтелу, түшкіру, айқай
2. Физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы:

А. 1-7 күн

Б. 3-7 күн

В. 7-10 күн

Г. 10-12 күн

Д. 10-14 күн
3. Нәрестенің асқорыту мүшелері жағынан шекаралық жағдайы болып табылады:

А. вирустық диарея

Б. энтероколит

В. аэрофагия

Г. ішек катары

Д. пилороспазм

4. Ерте неонаталді өлім – бұл:

  1. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны

  2. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны

  3. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны

  4. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны

  5. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 айда қайтыс болған балалар саны


5. Нәрестенің антропометриясы ұғымына кірмейді:

А. баланың бойын өлшеу

Б. бас шеңберін өлшеу

В. дене салмағын өлшеу

Г. кеуде шеңберін өлшеу

Д. баланың дене қызуын өлшеу
6. 4 күндік нәрестеде нәжісі сары-жасыл түсті, тәулігіне 3-4 рет, жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Копрограммада – лейкоциттер көру аймағында 30-ға дейін, шырыш бар. Осы копрограмма қандай жағдайға тән:

А. өтпелі нәжіс

Б. меконий

В. мелена

Г. ішектің жүрмеуі

Д. ішек инфекциясы
7. Дені сау нәрестенің көру анализаторына тән:

А. қылилық

Б. жыпылықтау рефлексінің болмауы

В. түсті жақсы ажыратуы

Г. жас ағу

Д. алыстан жақсы көруі


  1. Нәрестенің алақанын тенорға жақын жерден бас бармақпен басқанда ол аузын ашып, басын иеді, бұл қандай рефлекс:

А. қорғаныс рефлексі

Б. қармау рефлексі

В. Бабкин рефлексі

Г. Перес рефлексі

Д. Галант рефлексі
9. Мына белгілердің қайсысы нәрестенің орталық жүйке жүйесінің жағдайын сипаттамайды?

А. зәр шығару жиілігі

Б. туа біткен автоматизм рефлекстері

В. патологиялық рефлекстердің болуы

Г. қозғалыс белсенділігі

Д. бұлшық ет тонусы
10. 15 күндік нәрестеде қауіптену үшін негіз болады:

  1. басын артқа шалқайтуы

  2. атетоз тәрізді қозғалыстар

  3. автоматтық қадам жасау рефлексі

  4. Моро рефлексі

  5. бүккіштерде тонус жоғарылауы

11. Шала туылған балалар – бұлар мынадай гестация мерзімінде туылған балалар:

А. 26 аптаға дейін

Б. 28 аптаға дейін

В. 30 аптаға дейін

Г. 34 аптаға дейін

Д. 37 аптаға дейін

12. Бала жүктіліктің 37-38 аптасында 2100 г дене салмағымен туылды. Тынысы қалыпты, жүректің жиырылу жиілігі минутына 130-дан артық, тері жабындысының түсі – қызғылт, реакциялары – жақсы, бірақ нашар емеді. Баланың жағдайын қалай бағалайсыз?

  1. дені сау бала

  2. туылғандағы дене салмағы төмен бала

  3. туылғандағы дене салмағы төмен шала туылған бала

  4. шала туылған бала

  5. мерзімінен асып туылған бала

  1. 1 дәрежелі шала туылған дені сау нәрестелер күтімі кезінде ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:

  1. кіндік жарасын өңдеу

  2. жиі тамақтандыру

  3. анасымен жанасу (контакт)

  4. антибиотик тағайындау

  5. тері, көзді гигиеналық өңдеу


14. Нәресте бала салғырт, емшектен бас тартады, лоқсиды. Өмірінің 5-ші күніне қарай дене салмағының 18% жоғалтты. Терісі боз-сұр. Менингоэнцефалит белгілері. Өкпесінде сықырлаушы сырылдар. Іші кебіңкі, гепатолиеналді синдром. Кіндік жарасы қабыршақтанып тұр, іріңдеген. Қанда – лейкоцитоз, солға жылжыған нейтрофилез. Сіздің диагноз:

А. пневмония

Б. құрсақ ішілік сепсис

В. перинаталды энцефалопатия

Г. туа біткен мерез

Д. флегмонозды омфалит

15. Құрсақ ішілік герпестік инфекцияға мына төменде көрсетілген клиникалық формалардың қайсысы тән емес?

А. шырыштық

Б. терілік

В. менингоэнцефалиттік

Г жайылған

Д. ішектік

16. Токсоплазмозды жұқтыру мына жағдайда мүмкін емес:

А. жеткіліксіз өңделген етті қолданғанда

Б. топырақпен ластанған көкөністер мен жемістерді қолданғанда

В. қан құйғанда және ағза алмастырғанда

Г. трансплацентарлы

Д. ана сүті арқылы

  1. Мына вирустардың қайсысы іштен біткен инфекцияны шақырмайды?

А. гепатит вирусы

Б. ротавирус

В. қызамық вирусы

Г. жай герпес вирусы

Д. цитомегаловирус

18. Д витаминіне тәуліктік физиологиялық қажеттілік:

  1. 100 ХБ

  2. 100-300 ХБ

  3. 400-600 ХБ

  4. 600-800 ХБ

  5. 800-900 ХБ

19. Рахиттің арнайы емес алдын алуына жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:

  1. рационалды тамақтандыру

  2. режим мен күтімді дұрыс ұйымдастыру

  3. су процедуралары мен ауа ванналары

  4. жүйелі түрде таза ауада серуендеу

  5. кесте бойынша УКС




      1. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы I дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС:

А. қызыл дермографизм

Б. қозғыштық

В. үлкен еңбектің қырларының жұмсаруы

Г. кеуде торының деформациясы

Д. тершеңдік

4 НҰСҚА
1. Неонаталдық кезеңнің ұзақтығы құрайды:

А. 1 апта

Б. 2 апта

В. 3 апта

Г. 4 апта

Д. 6 апта


  1. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән:

  1. туылғаннан кейін 36 сағаттан соң пайда болады

  2. жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 12-14 күні

  3. билирубиннің шыңдық деңгейі 260 мкмоль/л

  4. баланың жағдайы ауыр

  5. жетіліп туылған нәрестеде сарғаю өмірінің 4-ші күніне дейін жоғалады


3. Нәрестедегі зәр қышқылды инфаркт мынаның салдары болып табылады:

      1. бүйректің каналша қызметінің төмендеуімен

      2. зат алмасудың катаболикалық бағытымен

      3. бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен

      4. АДГ концентрациясының төмендеуімен

      5. эритропоэтин концентрациясының жоғарылауымен

4. Мына көрсетілген жағдайлардың қайсысы қолданылмайды:

А. дені сау нәресте анасымен болуы керек

Б. босану әрекетін тек көрсеткіштер болғанда белсендіру керек

В. емшекпен ерте тамақтандыруды қолдау

Г. босану кезінде ауыруды басатын және жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді қолдану

Д. кесар тілігін тек көрсеткіштер болғанда ғана жүргізу
5. Нәрестелердің температуралық тұрақтылығы мынаған байланысты:

А. дене салмағына

Б. бой ұзындығына

В. гестациялық жасына

Г. асфиксияның дәрежесіне
6. Нәрестелердегі тербөртпенің (потница) пайда болуының себебі:

А.күтім жеткіліксіздігі

Б. шала туылу

В. нәрестенің тоңуы

Г. нәрестені артық тамақтандыру

Д. ОНЖ-ң туылу жарақаттары
7. Нәрестенің ішімен жатқызғанда ол басын бір жағына бұрады, бұл қандай рефлекс?

А. Перес рефлескі

Б. іздеу рефлексі

В. қорғаныс рефлексі

Г. Робинсон рефлексі

Д. Галант рефлексі
8. Дені сау жетіліп туылған бала салмағын екі еселейді:

А. 2-2,5 айда

Б. 2,5-3 айда

В. 3-4 айда

Г. 5-6 айда

Д. 7-8 айда
9. Нәрестенің көру мүшесіне қандай симптом тән емес?

А. нистагм

Б. қылилық

В. жас ағу

Г. жарықтан қорқу

Д. көру өткірлігінің төмен болуы

10. Емізетін әйелдегі емшек сүтінің 25% тапшылығы гипогалактияның қай дәрежесіне сай келеді?

  1. I дәреже

  2. II дәреже

  3. III дәреже

  4. IV дәреже

  5. V дәреже


11. «Экстремалді төмен» салмақ деп туылғандағы мына салмақты айтады:

  1. 800 гр-нан төмен

  2. 1000 гр-нан төмен

  3. 1500 гр-нан төмен

  4. 2000 гр-нан төмен

  5. 2300 гр-нан төмен


12. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы терең шала туылған нәрестелерге КӨРСЕТІЛМЕГЕН:

  1. кювездегі температура 20-220 С

  2. қосымша оттегі беру

  3. бөтелкемен немесе зонд арқылы тамақтандыру

  4. негізгі физиологиялық параметрлерін бақылау

  5. дене қызуын бақылау


13. Шала туылудың кейінгі салдарына жатпайды?

А. церебралді балалар салы (ДЦП)

Б. психикалық дамудың бұзылысы

В. тырысу синдромы

Г. фенилкетонурия

Д. көру мен естудің бұзылыстары
14. Нәрестеде өмірінің 8-ші күні кіндік, шап қатпарлары аймағында қызару, сулану, сызаттану түрінде эритемалар пайда болып, ол ары қарай іш, кеуде терісіне таралды. Солғын көпіршіктер пайда болды, Никольский симптомы оң, аумақты эрозиялар бар. Қайнаған суға күйгендей. Сіздің диагноз:

А. везикулопустулез

Б. пемфигус

В. Риттердің эксфолиативті дерматиті

Г. тілме (рожа)

Д. ихтиоз
15. Нәрестеде туылғаннан кейін 3-ші тәулікте везикулопустулез анықталды. Балаға не тағайындаған жөн?

А. элементтерді фурациллин ерітіндісімен өңдеу

Б. элементтерді бриллиант көгінің 1-2% спиртті ерітіндісімен өңдеу

В. элементтерді гормоналды майлармен өңдеу

Г. антибиотиктер тағайындау

Д. емді қажет етпейді


    1. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы неонаталді сепсис дамуына ӘКЕЛМЕЙДІ:

  1. өкпе ісінуі

  2. өмірінің алғашқы аптасында жергілікті іріңді инфекция болуы

  3. туылған кездегі дене салмағының төмен болуы

  4. анасында инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы

  5. нәрестеде фенилкетонурия болуы


17. Нәрестелік кезеңде мына жағдайлардың қайсысы патологиялық болып бағаланады?

А. нәрестелердің физиологиялық сарғаюы

Б. транзиторлық ацидоз

В. зәр қышқылды инфаркт

Г. жыныстық криз

Д. нәрестелер пемфигусы
18. Рахиттің дамуына мына жағдайлар алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. ерте аралас тамақтандыру

  2. ерте жасанды тамақтандыру

  3. қосымша тамақты кеш енгізу

  4. 6 айға дейін баланы көшеге шығармау

  5. перинаталды энцефалопатиясының болуы


19. Д витаминінің алдын алу дозасын көрсетіңіз:

А. 100 ХБ

  1. 500 ХБ

  2. 1000 ХБ

  3. 1500 ХБ

  4. 50 ХБ


20. Д витаминінің тапшылығы шақырады:

А. ішектерде кальцийдің сіңірілуін төмендетеді

Б. ішектерде кальцийдің сіңірілуін жоғарылатады

В. сілтілі фосфатазаның деңгейін төмендетеді

Г. бүйректерде кальцийдің кері сіңірілуін төмендетеді

Д. бүйректерде фосфордың кері сіңірілуін төмендетеді
5 НҰСҚА
1. Тірі туылудың барлық белгілеріне ұрық гестацияның мына мерзімінен бастап сәйкес келеді:

А. 27 апта

  1. 20 апта

  2. 22 апта

  3. 30 апта

  4. 25 апта


2. Мерзімінен асқан жүктіліктің гестациялық мерзімі сәйкес келеді:

А. 42 апта

Б. 35-37 апта

В. 40 апта

Г. 32-34 апта

Д. 28 апта
3. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән емес:

  1. сарғаю өмірінің бірінші күнінде пайда болады

  2. тікелей емес фракция есебінен болатын гипербилирубинемия

  3. бауырдың өлшемі қалыпты

  4. зәр мен нәжістің түсі өзгермейді

  5. трансаминазалар қалыпты деңгейде


4. Мынадай жүрек жиырылуының жиілігінде Апгар шкаласы бойынша 2 балл беріледі:

А. минутына 50-ге дейін

Б. минутына 50-100 рет

В. минутына 100-160 рет

Г. минутына 200-ден артық

Д. жүрек соғуы жоқ
5. Нәрестеде өмірінің 4-ші күні сарғаю пайда болды. Гемоглобин – 194 г/л; жалпы билирубин 48,4 мкмоль/л; анасының қан тобы О (I), резус-оң, балада – А (II), резус-теріс. Болжам диагноз:

А. резус-фактор бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы

Б. аутоиммундық гемолитикалық анемия

В. нәрестенің физиологиялық сарғаюы

Г. АВ0-жүйе бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы

Д. туа біткен гепатит
6. Нәресте бүйрегінің қызметі:

А. шумақтық фильтрация төмен

Б. зәрді концентрациялау мүмкіншілігі жоғары

В. Н секрециясы төмен

Г. қалыпты (ересектердегідей)

Д. эритропоэтин секрециясы жоғары
7. Дені сау жетіліп туылған бала салмағын үш еселейді:

А. 3 айда

Б. 5 айда

В. 7 айда

Г. 12 айда

Д. 1,5 жаста
8. Нәрестенің қатты дыбыс шыққанда қолдарын екі жаққа жайып, саусақтарын жазып, артынан қолдарын бастапқы қалпына келтіруі қандай рефлекс:

А. қорғаныс рефлексі

Б. Галант рефлексі

В. іздеу рефлексі

Г. Моро рефлексі

Д. Перес рефлексі
9. Нәрестенің пульс жиілігі (1 мин.):

А. 180

Б. 140

В. 120

Г. 100

Д. 80
10. Дені сау нәресте бастапқы салмағын қашан қалпына келтіреді:

  1. өмірінің 6-8-ші күні

  2. өмірінің 9-12-ші күні

  3. өмірінің 12-15-ші күні

  4. өмірінің 15-20-шы күндері

  5. өмірінің 1-ші айына қарай


11. Мына төменде көрсетілген белгілердің қайсысы терең шала туылған балаларға ТӘН ЕМЕС?

  1. бұлшықет гипотониясы

  2. ми тінінің айқын гидрофильділігі

  3. жалпы тежелу

  4. орталық реттелудің жетілмеуі

  5. туа біткен автоматизм рефлекстерінің жақсы жетілуі


12. Шала туылуды анықтауда мыналардың қайсысы негізгі көрсеткіш болып табылады:

  1. гестация мерзімі

  2. тері асты шел қабатының айқындылығы

  3. туа біткен автоматизм рефлекстерінің болуы

  4. Апгар бағанасы бойынша бағалау

  5. туылған кездегі дене салмағы

13. «Өте төмен» салмақ деп туылғандағы мына салмақты айтады:

  1. 500 гр-нан төмен

  2. 1000 гр-нан төмен

  3. 1500 гр-нан төмен

  4. 2000 гр-нан төмен

  5. 2500 гр-нан төмен


14. Құрсақ ішілік сепсис кезінде жұқтырудың төмендеуші жолы деп саналады, егер де инфекция ұрыққа мына жолмен түссе:

А. қан ағысымен

Б. жатыр мойнынан

В. құрсақ қабырғасынан және жатыр түтіктерінен

Г. лимфа жолдарымен

Д. туыт жолдарынан өткенде
15. Іштен біткен токсоплазмозға қандай симптом тән емес?

А. сарғаю

Б. тырысулар

В. микрофтальм

Г. кереңдік

Д. тимомегалия
16. Гемограммадағы қандай көрсеткіш нәрестелердің сепсисіне тән емес?

  1. лейкоцитоз

  2. нейтрофилез

  3. анемия

  4. нейтрофилдердің токсикалық түйіршіктілігі (зернистость)

  5. эозинофилия


17. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияның арнайы емін жүргізгенде тағайындайды:

А. ацикловир

Б. видабирин

В. цитотект

Г. реаферон

Д. ганцикловир


  1. Рахит мынамен байланысты:

А. Д витаминінің тапшылығына

Б. А витаминінің тапшылығына

В. темір тапшылығына

Г. магний тапшылығына

Д. В тобының витаминдерінің тапшылығына
19. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы рахитке ТӘН ЕМЕС:

  1. терінің құрғақтығы

  2. аяқ-қолдардың деформациясы

  3. шошыну

  4. бұлшықет гипотониясы

  5. краниотабес


20. Рахиттің еміне кіреді, МЫНАДАН БАСҚА:

А. рационалді тамақтандыру

Б. күн тәртібі, серуендеу

В. массаж, емдік дене шынықтыру

Г. Д витаминін қабылдау

Д. антибактериалды ем
6 НҰСҚА
1. Ерте сәбилік өлім – бұл:

А. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы сағаттарда қайтыс болған балалар саны

Б. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны

В. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны

Г. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны

Д. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны

2. Мына көрсетілген принциптердің қайсысы дәрігер-неонатологтың жұмысында қолданылмайды?

А. асептика

Б. баланы күтуге анасының қатысуына шектеу қою

В. баланың талабы бойынша тамақтандыру

Г. температуралық қорғаныс

Д. эмпатия
3. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалау жүргізіледі:

А. туылғаннан кейін 1-ші және 3-ші минуттарда

Б. туылғаннан кейін 1-ші және 5-ші минуттарда

В. туылғаннан кейін 1-ші және 10-шы минуттарда

Г. туылғаннан кейін 1-ші және 15-ші минуттарда

Д. туылғаннан кейін 1-ші және 20-шы минуттарда
4. Нәрестелердегі тікелей емес билирубиннің деңгейінің жоғарылауы нені көрсетеді?

А. холециститті

Б. конъюгация процесстерінің бұзылуын

В. ұйқы безінің қызметінің бұзылуын

Г. өт қапшығының туа біткен аномалиясын

Д. өт шығару жолдарының дискинезиясын
5. Анадағы лактацияның басты стимулы болып табылады:

  1. күйзелістердің болмауы

  2. емізетін әйелдің рационалды тамақтануы

  3. сору стимулы

  4. жеткілікті сұйықтық ішу

  5. әйелдің дұрыс тамақтану және демалыс тәртібі


6. Нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

А. микрофтальм

Б. дакриоцистит

В. нистагм

Г. эпикант

Д. ретроленталді фиброплазия
7. Дені сау нәрестенің жүрек-қантамыр жүйесіне тән емес?

  1. парасимпатикалық иннервацияның басымдығы

  2. қанмен жақсы жабдықталуы

  3. бұлшықет талшықтарының жетілмеуі

  4. жүрек салмағы салыстырмалы үлкен болуы

  5. қантамырларының перифериялық қарсылығының төмен болуы


8. Мына төменде берілгендердің қайсысы ДҰРЫС ЕМЕС?

  1. ана сүтімен тамақтандыру нәрестенің бірінші талабы бойынша жүзеге асырылады

  2. дені сау нәресте тамақтану арасында су ішуді талап етпейді

  3. алғашқы емшекке салу туылғаннан кейін 30 минут ішінде

  4. әрбір емізгеннен соң міндетті түрде сауу қажет

  5. қосымша тамақ өмірінің 1 айынан бастап енгізіледі


9. Нәрестенің үлкен еңбегінің өлшемдері:

  1. 1-1,5 см

  2. 2,5-3 см

  3. 4-5 см

  4. 0,5-1 см

  5. 6-7 см


10. Мыналардың қайсысы нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

А. жай эритема

Б. кефалогематома

В. лагофтальм

Г. синдактилия

Д. лимфангиома
11. Қандай симптом терең шала туылған балаға тән емес?

  1. ішек перистальтикасы жоғары

  2. әлсіз айқай

  3. гипотермияға бейімділік

  4. төмен бұлшықет тонусы

  5. рефлекстерінің әлсіздігі және тез өшуі


12. Мына төменде көрсетілгендерден дені сау нәрестенің дене салмағына гестация мерзімінің сәйкестігін таңдаңыз:

  1. дене салмағы 3800 гр. – гестация 35 апта

  2. дене салмағы 2000 гр. – гестация 38 апта

  3. дене салмағы 1500 гр. – гестация 38 апта

  4. дене салмағы 2000 гр. – гестация 42 апта

  5. дене салмағы 3000гр. – гестация 39 апта


13. Экстремалді төмен дене салмағымен туылған (1000 гр.-нан аз) баланың бір жасында салмағы неше есе артады?

А. 2-4 есе

Б. 5-7 есе

В. 8-10 есе

Г. 11-13 есе

Д. 14-16 есе
14. Криптогенді сепсисте инфекцияның кіру қақпасы болып табылады:

А. тері

Б. өкпе

В. ішек

Г. кіру қақпасы анықталмаған

Д. кіндік жарасы
15. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияға қандай жағдай тән емес?

А. ЦМВ-ны ана сүті арқылы жұқтыру мүмкін емес

Б. вирус зәрмен, нәжіспен бөлінуі мүмкін

В. вирус сілекеймен бөлінуі мүмкін

Г. вирус лейкоциттерде репликацияланады

Д. ЦМВИ плазма құйғанда жұғуы мүмкін
16. Туа біткен мерезге қандай симптом тән емес?

А. отит

Б. розеолезды және папулезді бөртпе

В. остеопороз, остеохондрит

Г. ринит

Д. бауыр ұлғаюы, сарғаю
17. Туа пайда болған токсоплазмоздың қай формасы арнайы емді қажет етпейді?

  1. жедел жайылған түрі

  2. жедел жергілікті түрі

  3. токсоплазмозды хориоретиниттің қалдық көріністері

  4. жедел субклиникалық түрі

  5. жеделдеу ағымы


18. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы рахитке ТӘН ЕМЕС?

А. тершеңдік

Б. бұлшықет гипотониясы

В. жоғарылаған бұлшық ет қозғыштығы

Г. төмендеген бұлшық ет қозғыштығы

Д. сүйек деформациясы


    1. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы ІI дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС:

А. бұлшықет гипотониясы

Б. ентігу

В. бас сүйектің деформациясы

Г. ОНЖ-ң тежелуі

Д. тершеңдік
20. Рахиттің дамуына мына жағдайлар алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. ерте аралас тамақтандыру

  2. ерте жасанды тамақтандыру

  3. қосымша тамақты кеш енгізу

  4. 6 айға дейін баланы көшеге шығармау

  5. бала табиғи тамақтандырылуда


7 НҰСҚА
1. Гестациялық мерзімі 22 апталық тірі туылған ұрықтың салмағы:

  1. 500 гр.

  2. 700 гр.

  3. 300 гр.

  4. 1000 гр.

  5. 800 гр.


2. Перинаталдық өлімнің көрсеткішін айқындайды:

А. акушерлік көмектің сапасы

Б. педиатриялық көмектің сапасы

В. жалпы алғандағы әлеуметтік-демографиялық саясаттың тиімділігі

Г. неонатологтардың I және II этапағы жұмысының сапасы

Д. айтылғандардың барлығы
3. Патологиялық сарғаю дамуының қауіп-қатер факторы:

А. туылғандағы салмағы 3200гр

Б. сусыз кезең 1 сағат

В. жүктіліктің 1 триместріндегі анасындағы 1 дәрежелі анемия

Г. тез босану

Д. жүктілік кезіндегі анасының жұқпалы аурулары
4. Дені сау нәрестеде Апгар шкаласы:

А. 2-4 балл

Б. 4-6 балл

В. 6-7 балл

Г. 8-10 балл

Д. 10-12 балл
5. Босану залындағы жылуды ұстап тұру мақсатындағы оптималді жағдайлар:

А. баланы бірден сүрту

Б. анасына беру

В. жылы одеяламен жабу

Г. босану залындағы ауа температурасы 25-28 оС

Д. босану залындағы ауа температурасы 20-25 оС
6. Емізетін әйелде дене температурасы 37,5ºС дейін жоғарылады, сүт безінде тығыздану пайда болды, пальпацияда ауырады, аздаған гиперемия бар. Сүтті сауғанда сүттің түсі өзгермеген, қан мен ірің жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз?

  1. кеудемен емізуге тиым салу

  2. сауылған пастерленген ана сүтімен тамақтандыру

  3. кеудемен емізуді жалғастыру, қалған сүтті міндетті түрде сауып тастап отыру

  4. кеудемен емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик беру

  5. тек сау кеудемен тамақтандыру керек




    1. Бақылаулық салмақ өлшеу:

А. лактация деңгейін анықтау мақсатында баланы тамақтандырудан бұрын және одан кейін өлшейді

Б. баланың физикалық дамуын бағалау үшін жүргізіледі

В. емізетін әйелдің кеуде торының айналымы өлшенеді

Г. ылғал жаялықтар өлшенеді

Д. 3 күн бойына бала емізердің алдында өлшенеді
8. 15 күндік нәрестеде қауіптену үшін негіз болады:

  1. басын артқа шалқайтуы

  2. атетоз тәрізді қозғалыстар

  3. автоматтық қадам жасау рефлексі

  4. Моро рефлексі

  5. бүккіштерде тонус жоғарылауы

9. Мерзіміне жетіліп туылған нәрестенің белокқа қажеттілігі:

    1. 1,5-2 г/кг/тәу

    2. 2,5-3,5 г/кг/тәу

    3. 3,5-4,5 г/кг/тәу

    4. 4,5-5,5 г/кг/тәу

    5. 6 г/кг/тәу

10. Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің көмірсуға қажеттілігі:

      1. 3-4 г/кг/тәу

      2. 5-10 г/кг/тәу

      3. 11-16 г/кг/тәу

      4. 18-20 г/кг/тәу

      5. 21-25 г/кг/тәу



11. Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің майға қажеттілігі:

        1. 4-6 г/кг/тәу

        2. 7-10 г/кг/тәу

        3. 11-15 г/кг/тәу

        4. 16-18 г/кг/тәу

        5. 18-20 г/кг/тәу


12. Терең шала туылған бала жатқан кювездегі оттегінің концентрациясы қандай болуы керек?

А. 10%

Б. 30%

В. 50%

Г. 70%

Д. 90%
13. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған балалардағы ретинопатия дамуының басты қауіп факторы болып табылады:

А. гормондық ем

Б. антибактериалдық ем

В. витаминдік ем

Г. оксигендік ем

Д. ферменттік ем
14. Нәресте III жүктіліктен, жүктілік созылмалы фетоплацентарлық жеткіліксіздігімен, ІІ дәрежелі анемиямен, І триместрдегі ЖРВИ-мен өткен, ІІ туыттан 28 аптада. Ұл бала, салмағы 800 грамм. Қалың лануго, тері асты-май қабаты біркелкі жұқарған, құлақ қалқандары жұмсақ, бас тігістері мен еңбектері ашық, аталық бездері ұмаға түспеген, кіндік сақинасы төмен орналасқан. Сіздің қорытындыңыз:

А. тірі туылған өмірге қабілетсіз ұрық

Б. тірі туылған бала, ІІ дәрежелі шала туылу

В. ІІІ дәрежелі шала туылу, өмірге қабілетсіз ұрық

Г. ІV дәрежелі шала туылу, өмірге қабілетсіз ұрық

Д. тірі туылған бала, IV дәрежелі шала туылу
15. Типті ядроішілік құрылымдары бар гигант клеткаларының түзілуі («үкінің көзі») мына құрсақ ішілік инфекцияға тән:

  1. хламидиоз

  2. ЦМВ-инфекция

  3. микоплазмалық инфекция

  4. токсоплазмоз

  5. қызамық


16. Нәрестелер сепсисі емінде қандай препараттар қолданылмайды?

    1. антибактериалды препараттар

    2. арнайы иммуноглобулиндер

    3. арнайы анатоксиндер

    4. цитостатиктер

    5. саңырауқұлаққа қарсы препараттар

17. Токсоплазмозбен ауыратын әйел қай жағдайда ұрыққа жұқтырмайды?

  1. егер 1 триместрде жұқтырса

  2. егер 2 триместрде жұқтырса

  3. егер 3 триместрде жұқтырса

  4. жүктілікке дейін 1-3 ай бұрын жұқтырса

  5. жүктілікке дейін 6 ай және одан көп уақыт бұрын жұқтырса


18. Учаскелік педиатр нәрестені қарап тексеру кезінде флегмона диагнозын қойды. Дәрігердің іс-әрекеті қандай болуы керек?

  1. зақымданған жерді 3% бриллиант көгімен өңдеу және үйіне жіберу

  2. баланы тез арада нәрестелерге арналған хирургиялық бөлімшеге жіберу

  3. баланы күндізгі стационардың бақылауына қалдыру

  4. дерматологқа кеңеске жолдау

  5. аллергологқа кеңеске жолдау




  1. Баланың аяқтарының қисаюы мынамен байланысты:

А. тығыз жөргектеу болмағандықтан

Б. гипостатурамен

В. церебралді балалар салымен

Г. бұлшық ет гипотониясымен

Д. рахитпен
20. Рахит – мынамен байланысты ауру:

А. вирусты инфекциямен

Б. бактериалды инфекциямен

В. белок алмасуының бұзылысымен

Г. Р-Са алмасуының бұзылысымен

Д. темір алмасуының бұзылысымен
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта