Телал. 1. 6 Пн бойынша орытынды білімін жне дадысын баалауа арналан баылаулшеу ралдары
Скачать 0.82 Mb.
|
1.6 ПӘН БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМІН ЖӘНЕ ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ Курс: IV Пән: Балалар аурулары Блок №2. Нәрестелер және ерте жастағы балалар физиологиясы және патологиясы, педиатриялық көмекті ұйымдастыру Мамандық: 051301 – Жалпы медицина Алматы, 2010 ж. Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер №1 тақырып. Құрсақішілік даму кезеңдері, шекаралық жағдайлар 1. Перинаталдық кезең деп қай кезеңді айтады: А. туылғаннан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін Б. ұрықтанудан бастап туылғанға дейін В. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 7-ші күніне дейін Г. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 1-ші айына дейін Д. құрсақ ішілік дамудың 28-ші аптасынан бастап өмірінің 2-ші айына дейін 17. Сәбилік өлім – бұл: тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 сағатта қайтыс болған балалар саны тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны 3. Нәресте қыз бала, 5 күндік, туылғандағы дене салмағы 3100, қараған кезде баланың дене салмағы 3000 г., бетінің терісінде, мұрнының үстінде, кеңсірігінің үстінде ақ-сары түсті ұсақ түйіндер бар, кеудесі мен ішінің терісінің ірі пластинкалы түлеуі байқалады. Сүт бездері екі жақта да ұлғайған, басқанда ақ-сары сұйықтық бөлінеді, нәжісі қорытылмаған түйіршіктермен, шырышпен. Балада шекаралық жағдайлардың қайсысы байқалмайды? А. физиологиялық дене салмағын жоғалту Б. физиологиялық түлеу В. жыныстық криз Г. физиологиялық сарғаю Д. ішектің транзиторлық катары 4. Апгар бойынша 2 баллмен бағалауға мына жағдай сәйкес келмейді: А. жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 100 және одан көп Б. терінің қызғылт бояуы және акроцианоз В. тыныс қалыпты, айқайы қатты Г. бұлшық ет тонусы қалыпты, қозғалысы белсенді Д. рефлекторлық қозғыштығы: жөтелу, түшкіру, айқай 5. Нәрестеде тыныс белгілері жоқ, көкшіл, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі минутына шамамен 90 рет, аяқ-қолдары салбырап жатыр. Апгар бойынша алғашқы бағалау құрайды: А. 0 балл Б. 1 балл В. 2 балл Г. 3 балл Д. 4 балл 6. Зиготаның ұрықтанудан кейін алғашқы екі аптада зақымдануын қандай құрсақ ішілік патологияға жатқызады: А. бластопатия Б. гаметопатия В. ерте фетопатия Г. эмбриопатия Д. фетопатия 7. Нәрестелердің физиологиялық сарғаюын қандай сарғаюларға жатқызамыз: А. гемолитикалық Б. конъюгациялық В. механикалық Г. паренхиматоздық Д. дәрілік 8. Физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы: А. 1-7 күн Б. 3-7 күн В. 7-10 күн Г. 10-12 күн Д. 10-14 күн 9. Тірі туылудың барлық белгілеріне ұрық гестацияның мына мерзімінен бастап сәйкес келеді: 27 апта 20 апта 22 апта 30 апта 25 апта 10. Гестациялық мерзімі 22 апталық тірі туылған ұрықтың салмағы: 500 гр. 700 гр. 300 гр. 1000 гр. 800 гр. 11. Мерзімінен асқан жүктіліктің гестациялық мерзімі сәйкес келеді: А. 42 апта Б. 35-37 апта В. 40 апта Г. 32-34 апта Д. 28 апта 12. Перинаталдық кезең мына кезеңдерден тұрады: А. антенаталды кезең + интранаталды кезең + ерте неонаталды кезең Б. интранаталды кезең + нәрестелік кезең В. пренаталды кезең + антенаталды кезең + интранаталды кезең Г. антенаталды кезең + интранаталды кезең Д. эмбрионалды кезең + феталды кезең 13. Нәрестенің асқорыту мүшелері жағынан шекаралық жағдайы болып табылады: А. вирустық диарея Б. энтероколит В. аэрофагия Г. ішек катары Д. пилороспазм 14. Неонаталдық кезеңнің ұзақтығы құрайды: А. 1 апта Б. 2 апта В. 3 апта Г. 4 апта Д. 6 апта 15. Нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына мына төменде көрсетілгендердің қайсысы тән емес: А. өмірінің 3-5 тәуліктерінде пайда болады Б. туылғаннан кейін бірден пайда болады В. дене қызуының 38,5-39,5 0С дейін жоғарылауымен көрінеді Г. ыстықтағанда дамуы мүмкін Д. себебі суды аз беру болуы мүмкін Қан сарысуындағы билирубиннің қай деңгейінде сарғаю көзге көрінеді: А. ≤40 мкмоль/л Б. ≤50 мкмоль/л В. ≤60 мкмоль/л Г. ≥80 мкмоль/л Д. ≥90 мкмоль/л 17. Перинаталдық өлімнің көрсеткішін айқындайды: А. акушерлік көмектің сапасы Б. педиатриялық көмектің сапасы В. жалпы алғандағы әлеуметтік-демографиялық саясаттың тиімділігі Г. неонатологтардың I және II этапағы жұмысының сапасы Д. айтылғандардың барлығы 18. Ерте неонаталді өлім – бұл: тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 3 айда қайтыс болған балалар саны Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән: Туылғаннан кейін 36 сағаттан соң пайда болады Жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 12-14 күні Билирубиннің шыңдық деңгейі 260 мкмоль/л Баланың жағдайы ауыр Жетіліп туылған нәрестеде сарғаю өмірінің 4-ші күніне дейін жоғалады 20. Ұрықтың эмбрионалдық кезеңі созылады: гестацияның бірінші аптасының соңына дейін гестацияның 4-ші аптасына дейін гестацияның 8-ші аптасына дейін гестацияның 12-ші аптасына дейін гестацияның 16-шы аптасына дейін 21. Нәрестенің физиологиялық сарғаюына тән емес: сарғаю өмірінің бірінші күнінде пайда болады тікелей емес фракция есебінен болатын гипербилирубинемия Бауырдың өлшемі қалыпты Зәр мен нәжістің түсі өзгермейді Трансаминазалар қалыпты деңгейде 22. Нәрестенің физиологиялық сарғаюын қандай симптом сипаттайды: баланың жағдайы қанағаттанарлық жетіліп туылған нәрестелерде билирубиннің шыңдық деңгейі (пиковый уровень) 7-10 күні билирубиннің шыңдық деңгейі 360 мкмоль/л зәр мен нәжістің түсі өзгереді тікелей билирубин жоғарылайды Нәрестенің патологиялық сарғаюына тән: Сарғаю бала өмірінің алғашқы 2-3 күнінде пайда болады Жалпы билирубиннің өсу темпі < 3,5 мкмоль/л/сағ. Баланың жағдайы қанағаттанарлық Тікелей билирубиннің деңгейі жалпы билирубиннің деңгейінің > 40% құрайды Тікелей билирубиннің деңгейі жалпы билирубиннің деңгейінің < 10% құрайды 24. Нәрестедегі зәр қышқылды инфаркт мынаның салдары болып табылады: Бүйректің каналша қызметінің төмендеуімен зат алмасудың катаболикалық бағытымен Бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен АДГ концентрациясының төмендеуімен Эритропоэтин концентрациясының жоғарылауымен 25. Мынадай жүрек жиырылуының жиілігінде Апгар шкаласы бойынша 2 балл беріледі: А. Минутына 50-ге дейін Б. Минутына 50-100 рет В. Минутына 100-160 рет Г. Минутына 200-ден артық Д. Жүрек соғуы жоқ 26. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалау жүргізіледі: А. туылғаннан кейін 1-ші және 3-ші минуттарда Б. туылғаннан кейін 1-ші және 5-ші минуттарда В. туылғаннан кейін 1-ші және 10-шы минуттарда Г. туылғаннан кейін 1-ші және 15-ші минуттарда Д. туылғаннан кейін 1-ші және 20-шы минуттарда 27. Мына көрсетілген жағдайлардың қайсысы қолданылмайды: А. Дені сау нәресте анасымен болуы керек Б. Босану әрекетін тек көрсеткіштер болғанда белсендіру керек В. Емшекпен ерте тамақтандыруды қолдау Г. Босану кезінде ауыруды басатын және жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді қолдану Д. Кесар тілігін тек көрсеткіштер болғанда ғана жүргізу 28. БДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша әлемде неонаталді өлімнің басты себебі: А. Инфекциялар Б. Туылу кезіндегі асфиксия В. Туылу жарақаттары Г. Туа біткен даму ақаулары Д. Шала туылу Перинаталді көмек көрсету кезінде мына жағдайлардың қайсысы қолданылмайды? А. Демедикаментализация Б. Баланы сағат бойынша тамақтандыру В. Баланы күтуге анасының қатысуы Г. Перзентханада аз уақыт болу Д. Нәрестедегі дискомфорт пен ауыру сезімінің алдын алу Мына көрсетілген принциптердің қайсысы дәрігер-неонатологтың жұмысында қолданылмайды? А. Асептика Б. Баланы күтуге анасының қатысуына шектеу қою В. баланың талабы бойынша тамақтандыру Г. Температуралық қорғаныс Д. Эмпатия Нәрестелердегі тікелей емес билирубиннің деңгейінің жоғарылауы нені көрсетеді? А. Холециститті Б. Конъюгация процесстерінің бұзылуын В. Ұйқы безінің қызметінің бұзылуын Г. Өт қапшығының туа біткен аномалиясын Д. Өт шығару жолдарының дискинезиясын Нәрестедегі сарғаю синдромы кезіндегі диагностикалық маңызы бар зерттеу: А. Қалдық азот пен мочевина деңгейі Б. Қанның электролиттік құрамын бағалау В. Эндогенді креатинин клиренсі Г. Билирубин мен оның фракцияларын анықтау Д. Кортизол деңгейін анықтау Патологиялық сарғаю дамуының қауіп-қатер факторы: А. Туылғандағы салмағы 3200гр Б. Сусыз кезең 1 сағат В. Жүктіліктің 1 триместріндегі анасындағы 1 дәрежелі анемия Г. Тез босану Д. Жүктілік кезіндегі анасының жұқпалы аурулары 34. Мыналардың қайсысы дизэмбриогенез стигмасы емес? А. Гипертелоризм Б. Готикалық таңдай В. Анофтальм Г. Эпикант Д. Брахидактилия Дені сау нәрестеде Апгар шкаласы: А. 2-4 балл Б. 4-6 балл В. 6-7 балл Г. 8-10 балл Д. 10-12 балл Нәрестеде жүрек соғысы минутына 100-ден аз, брадипноэ, бұлшық ет тонусы төмендеген, рефлекторлық қозғыштығы сақталған, тері жабындыларының түсі қызғылт, бірақ аяқ-қолдарының цианозы байқалады. Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз: А. 2 балл Б. 4 балл В. 6 балл Г. 8 балл Д. 10 балл 37. Нәресте: тері түсі қызғылт, брадипноэ, жөтеледі, түшкіреді, жүрек соғуы – минутына 90 рет, қимыл-қозғалысы өте белсенді. Апгар бойынша бағалаңыз: А. 5 балл Б. 6 балл В. 7 балл Г. 8 балл Д. 10 балл 38. Ерте сәбилік өлім – бұл: А. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы сағаттарда қайтыс болған балалар саны Б. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны В. туылған 1000 баланың ішіндегі өлі туылған балалар саны Г. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 7 тәулікте қайтыс болған балалар саны Д. тірі туылған 1000 баланың ішіндегі алғашқы 28 тәулікте қайтыс болған балалар саны Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер №2 тақырып. Нәрестелер. Мүшелер мен жүйелердің АФЕ 1. «Жетілген ана сүті» - бұл: А. босанғаннан соң 14 күннен кейін пайда болады Б. босанғаннан кейін бірден пайда болатын сүт В. емізудің басында пайда болатын сүт Г. емізудің аяғында пайда болатын сүт Д. босанғаннан соң 5 күннен кейін пайда болатын сүт 2. Нәрестеге БЦЖ жасауға қарсы көрсеткіш: А. ВИЧ-инфицирлену Б. аспирациялық пневмония В. құрсақішілік дамудың кідіруі Г. шала туылу Д. туылу кезіндегі асфиксия 3. Милиа мынаның салдарынан түзіледі: А. май бездерінің бітелуінен Б. тер бездерінің шығару өзектерінің бітелуінен В. тоңудан Г. күтім кемшіліктерінен Д. физиологиялық эритеманың 4. Нәрестеде өмірінің 4-ші күні сарғаю пайда болды. Гемоглобин – 194 г/л; жалпы билирубин 48,4 мкмоль/л; анасының қан тобы О (I), резус-оң, балада – А (II), резус-теріс. Болжам диагноз: А. резус-фактор бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы Б. аутоиммундық гемолитикалық анемия В. нәрестенің физиологиялық сарғаюы Г. АВ0-жүйе бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы Д. туа біткен гепатит 5. Нәрестелердегі жылу жоғалтудың алдын алу жолдары, МЫНАДАН БАСҚА: сүрту орау терімен теріге жанасу кеудемен тамақтандыру дененің салқындаған бөлігіне компресс қою 6. Бала 3 жүктіліктен (2 мед.түсік), мерзіміне жетіп туылды. 2-ші тәулікте сарғаю пайда болды. Бауыры +1,5 см қабырға доғасынан шығып тұр. Гемоглобин 168 г/л, жалпы билирубин 92,8 мкмоль/л, тікелей емес – 84,6 мкмоль/л, тікелей – 8,2 мкмоль/л, тимол сынамасы – 2 бірл. Мейілінше жуық диагноз: А. нәрестенің гемолитикалық ауруы Б. іштен біткен токсоплазмоз В. нәрестенің физиологиялық сарғаюы Г. өт жолдарының атрезиясы Д. гемолитикалық Минковский-Шоффар анемиясы 7. Дені сау нәресте анасының омырауына қашан береді: А. туылғаннан кейін бірден Б. туылғаннан кейін 30 минуттан соң В. 1 сағаттан кейін Г. 2 сағаттан кейін Д. алғашқы тәуліктің ішінде 8. 1 жасқа дейінгі балалардың лоқсуға бейімділігі немен түсіндіріледі: А. асқазанның кардиалды бөлімінің бұлшық ет қабатының жеткіліксіз дамуы Б. асқазанның пилорикалық бөлімінің функционалды жетілмеуі В. асқазанның кардиалды бөлімінің функционалды жетілмеуі Г. өңештің кілегей және бұлшық ет қабаттарының шамадан тыс дамуы Д. артық тамақтандыру 9. Мерзіміне жетіп туылған дені сау нәрестенің терісінің сарғаюы қан сары суындағы тікелей емес билирубиннің концентрациясы мынадай болғанда пайда болады (ммоль/л): А. 10-30 Б. 30-50 В. 50-70 Г. 70-90 Д. 90-110 10. Қалыпты өткен І жүктіліктен және босанудан туылған нәрестенің дене салмағы 2800 г, бойы 47 см, өмірінің 4-ші күні терісі аздап сарғайды. Анасының қан тобы А (II), резус-оң, балада В (III), резус-теріс. Баланың жағдайы қалыпты, белсенді емеді, рефлекстері тежелмеген. Қан анализінде: Эр. 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин 98 ммоль/л, тікелей емес 78 ммоль/л. Сіздің диагноз: А. пренаталді гипотрофия Б. резус-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру В. АВ0-сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру Г. физиологиялық сарғаю Д. сарғаю 11. Бала I жүктіліктен, I мерзіміне жеткен туыттан. Босану патологиясыз, дене салмағы 3600 г. 3 тәулікте балада тері жабындылары мен склерасы сарғайды. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Баланың жалпы жағдайы нашарламаған. ЖҚА: Нв 180 г/л, билирубин 60 мкмоль/л, тікелей емес – 51,9 мкмоль/л. Сіздің диагноз: А. туа біткен гепатит Б. физиологиялық сарғаю В. Криглер-Найяр сарғаюы Г. өт жолдарының атрезиясы Д. құрсақішілік инфекция 12. Нәрестелердегі жиі кездесетін сарғаюды көрсетіңіз: А. гемолитикалық Б. конъюгациялық В. холестатикалық Г. өт жолдарының атрезиясына немесе гипоплазиясына негізделген сарғаю Д. зат алмасудың тұқым қуалайтын аномалиясына негізделген сарғаю 13. Нәрестелердің температуралық тұрақтылығы мынаған байланысты: А. дене салмағына Б. бой ұзындығына В. гестациялық жасына Г. асфиксияның дәрежесіне 14. Ана құрсағындағы температура: А. 37,5ос Б. 38,0ос В. 37,0ос Г. 36,5ос Д. 36,0ос 15. Бала жағынан кеудемен тамақтандыруға абсолютті қарсы көрсеткіш: А. галактоземия Б. дене салмағын нашар қосуы В. анадағы гипогалактия Г. нәрестелердің коньюгациялық сарғаюы Д. анасындағы қант диабеті 16. Нәрестенің барынша тоңуы қашан болады: А. туылғаннан кейін алғашқы минуттарда Б. туылғаннан соң 6 сағаттан кейін В. тамақтандыру мүмкін болмағанда Г. гематокриттің жоғары көрсеткіштерінде Д. гипогликемияда 17. Босану залындағы жылуды ұстап тұру мақсатындағы оптималді жағдайлар: А. баланы бірден сүрту Б. анасына беру В. жылы одеяламен жабу Г. босану залындағы ауа температурасы 25-28 оС Д. босану залындағы ауа температурасы 20-25 оС 18. Нәрестенің бірінші тыныс алуы мынаның нәтижесінде жүзеге асады: қанда көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы қанда оттегі концентрациясының төмендеуі тыныс орталығының қандағы СО2 жоғары концентрациясымен тітіркенуі шунттардың жабылуы көкеттің спонтанды жиырылуы 19. Нәрестенің антропометриясы ұғымына кірмейді: А. баланың бойын өлшеу Б. бас шеңберін өлшеу В. дене салмағын өлшеу Г. кеуде шеңберін өлшеу Д. баланың дене қызуын өлшеу 20. Нәрестенің ішегінің микробиоценозының қалыптасуы үшін маңызды жағдай болып табылады: А. өмірінің бірінші сағатынан кеудемен тамақтандыру Б. өмірінің бірінші тәулігінен кеудемен тамақтандыру В. ана омырауына кеш беру Г. жасанды тамақтандыру Д. аралас тамақтандыру 21.Нәрестелердегі тербөртпенің (потница) пайда болуының себебі: А. күтім жеткіліксіздігі Б. шала туылу В. нәрестенің тоңуы Г. нәрестені артық тамақтандыру Д. ОНЖ-ң туылу жарақаттары 22. 4 күндік нәрестеде нәжісі сары-жасыл түсті, тәулігіне 3-4 рет, жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Копрограммада – лейкоциттер көру аймағында 30-ға дейін, шырыш бар. Осы копрограмма қандай жағдайға тән: А. өтпелі нәжіс Б. меконий В. мелена Г. ішектің жүрмеуі Д. ішек инфекциясы 23. Дені сау нәрестенің көру анализаторына тән: А. Қылилық Б. Жыпылықтау рефлексінің болмауы В. Түсті жақсы ажыратуы Г. Жас ағу Д. Алыстан жақсы көруі 24. Нәрестенің ішімен жатқызғанда ол басын бір жағына бұрады, бұл қандай рефлекс? А. Перес рефлескі Б. Іздеу рефлексі В. Қорғаныс рефлексі Г. Робинсон рефлексі Д. Галант рефлексі 25. Нәресте бүйрегінің қызметі: А. шумақтық фильтрация төмен Б. зәрді концентрациялау мүмкіншілігі жоғары В. Н секрециясы төмен Г. Қалыпты (ересектердегідей) Д. Эритропоэтин секрециясы жоғары Нәрестенің қалыпты жағдайдағы тромбоциттер деңгейі: А. 50х10/л-ден аз Б. 50-100 х10/л В. 100-150х10/л Г. 200-400х10/л Д. 400-600х10/л Дені сау жетіліп туылған бала салмағын екі еселейді: А. 2-2,5 айда Б. 2,5-3 айда В. 3-4 айда Г. 5-6 айда Д. 7-8 айда Дені сау жетіліп туылған бала салмағын үш еселейді: А. 3 айда Б. 5 айда В. 7 айда Г. 12 айда Д. 1,5 жаста Нәрестенің алақанын тенорға жақын жерден бас бармақпен басқанда ол аузын ашып, басын иеді, бұл қандай рефлекс: А. қорғаныс рефлексі Б. қармау рефлексі В. Бабкин рефлексі Г. Перес рефлексі Д. Галант рефлексі 30. Мерзіміне жетіліп туылған нәрестенің белокқа қажеттілігі: 1,5-2 г/кг/тәу 2,5-3,5 г/кг/тәу 3,5-4,5 г/кг/тәу 4,5-5,5 г/кг/тәу 6 г/кг/тәу 31. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы мерзімінен асып туған балаға тән емес? Терісінің, тырнақтарының сарғыш-жасыл түске боялуы Алақан терісінің десквамациясы Терісі құрғақ, түлеген Тырнақтары әлсіз дамыған Терісі сыр тәрізді жағындының жоқ болуы 32. Нәрестенің қатты дыбыс шыққанда қолдарын екі жаққа жайып, саусақтарын жазып, артынан қолдарын бастапқы қалпына келтіруі қандай рефлекс: А. қорғаныс рефлексі Б. Галант рефлексі В. іздеу рефлексі Г. Моро рефлексі Д. Перес рефлексі 33. Нәрестенің көру мүшесіне қандай симптом тән емес? А. нистагм Б. қылилық В жас ағу Г. жарықтан қорқу Д. көру өткірлігінің төмен болуы 34. Мына белгілердің қайсысы дені сау нәрестенің көру мүшесіне тән емес? А. фотофобия Б. жас ағу В. қылилық Г. жыпылықтау рефлексі дамыған Д. жақыннан жақсы көру 35. Нәрестенің пульс жиілігі (1 мин.): А. 180 Б. 140 В. 120 Г. 100 Д. 80 36. Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің көмірсуға қажеттілігі: 3-4 г/кг/тәу 5-10 г/кг/тәу 11-16 г/кг/тәу 18-20 г/кг/тәу 21-25 г/кг/тәу 37. Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің майға қажеттілігі: 4-6 г/кг/тәу 7-10 г/кг/тәу 11-15 г/кг/тәу 16-18 г/кг/тәу 18-20 г/кг/тәу 38. Емізетін әйелдегі емшек сүтінің 25% тапшылығы гипогалактияның қай дәрежесіне сай келеді? I дәреже II дәреже III дәреже IV дәреже V дәреже 39. Дені сау нәресте бастапқы салмағын қашан қалпына келтіреді: Өмірінің 6-8-ші күні Өмірінің 9-12-ші күні Өмірінің 12-15-ші күні Өмірінің 15-20-шы күндері Өмірінің 1-ші айына қарай Дені сау нәрестенің өмірінің 6-8 күндерінен бастап 3 айға дейін күн сайын қосып отыратын салмағы: 10 гр. 20-30 гр. 40-50 гр. 60-80 гр. 90-100 гр. 41. Анадағы лактацияның басты стимулы болып табылады: күйзелістердің болмауы емізетін әйелдің рационалды тамақтануы сору стимулы жеткілікті сұйықтық ішу әйелдің дұрыс тамақтану және демалыс тәртібі 42. Мына белгілердің қайсысы нәрестенің орталық жүйке жүйесінің жағдайын сипаттамайды? А. зәр шығару жиілігі Б. туа біткен автоматизм рефлекстері В. патологиялық рефлекстердің болуы Г. қозғалыс белсенділігі Д. бұлшық ет тонусы 43. Нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады: А. микрофтальм Б. дакриоцистит В. нистагм Г. эпикант Д. ретроленталді фиброплазия 44. Уыздың калоражы: А. 0,5 ккал/мл Б. 0,7 ккал/мл В. 1,0 ккал/мл Г. 1,2 ккал/мл Д. 1,5 ккал/мл 45. 15 күндік нәрестеде қауіптену үшін негіз болады: басын артқа шалқайтуы атетоз тәрізді қозғалыстар автоматтық қадам жасау рефлексі Моро рефлексі бүккіштерде тонус жоғарылауы 46. Мыналардың қайсысы нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады: А. жай эритема Б. кефалогематома В. лагофтальм Г. синдактилия Д. лимфангиома 47. Дені сау нәрестенің жүрек-қантамыр жүйесіне тән емес? парасимпатикалық иннервацияның басымдығы қанмен жақсы жабдықталуы бұлшықет талшықтарының жетілмеуі жүрек салмағы салыстырмалы үлкен болуы қантамырларының перифериялық қарсылығының төмен болуы 48. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы мерзімінен асып туған балаға тән емес? Алақан мен табан терісінің десквамациясы Айқын лануго Тері тургоры төмен Терісі пергамент тәрізді Тері асты май клетчаткасы әлсіз дамыған 49. Мына төменде берілгендердің қайсысы ДҰРЫС ЕМЕС? ана сүтімен тамақтандыру нәрестенің бірінші талабы бойынша жүзеге асырылады дені сау нәресте тамақтану арасында су ішуді талап етпейді алғашқы емшекке салу туылғаннан кейін 30 минут ішінде әрбір емізгеннен соң міндетті түрде сауу қажет қосымша тамақ өмірінің 1 айынан бастап енгізіледі 50. Патронаж кезінде нәрестенің анасы туылғаннан бері байқалатын шулы тынысқа, ему және жылау кезінде шудың күшейе түсетіндігіне шағымданады. Қарау кезінде ішкі мүшелер бойынша басқа ауытқулар байқалмады. Дәрігер қандай қорытынды жасады? көмей стенозы бронхит трахеит ларингоспазм туа біткен стридор 51. Емізетін әйелде дене температурасы 37,5ºС дейін жоғарылады, сүт безінде тығыздану пайда болды, пальпацияда ауырады, аздаған гиперемия бар. Сүтті сауғанда сүттің түсі өзгермеген, қан мен ірің жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз? Кеудемен емізуге тиым салу Сауылған пастерленген ана сүтімен тамақтандыру Кеудемен емізуді жалғастыру, қалған сүтті міндетті түрде сауып тастап отыру кеудемен емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик беру тек сау кеудемен тамақтандыру керек Нәрестенің үлкен еңбегінің өлшемдері: 1-1,5 см 2,5-3 см 4-5 см 0,5-1 см 6-7 см Бақылаулық салмақ өлшеу: А. лактация деңгейін анықтау мақсатында баланы тамақтандырудан бұрын және одан кейін өлшейді Б. баланың физикалық дамуын бағалау үшін жүргізіледі В. емізетін әйелдің кеуде торының айналымы өлшенеді Г. ылғал жаялықтар өлшенеді Д. 3 күн бойына бала емізердің алдында өлшенеді |