воп тест. 1 айда 1 реттен кем емес
Скачать 62.46 Kb.
|
#1 *!ИБС ауруымен қауіп тобындағы науқастардың дәрігерге келу жиілігі (инфаркт миокардын немесе инсультты өткізген,аритмиясы бар науқастар,жиі стенокардия ұстамасы бар науқастар) *+1 айда 1 реттен кем емес *2 айда кем емес 1 реттен *3 айда 1 реттенкем емес *4 айда 1 реттен кем емес *6 айда 1 реттен кем емес #2 *!45 жастағы Д есепте дилатациялық кардиомиопатия диагнозымен тұратын әйелде созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі триадасын ата? *+Ентігу,жалпы әлсіздік, аяқтарындағы ісіну *Жүрек тұсындағы ауру сезімі, жоғарғы жақтағы ісіну және жөтел *Жөтел спленомегалия,лимфаденопатия *Гепатомегалия, асцит и портальды гипертензия *Кеуде тартындағы ауру сезімі,ентігу,жүрек қағуы #3 *!Төменде аталғандардың ішіндегі симптомдардың кардиальді қан айналым жеткіліксіздігі белгісі? * Өкпенің созылмалы ауруы *Бронхиальды астма. *Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. *+Туа және жүре пайда болған жүрек ақауы *Созылмалы бауыр жеткіліксіздігі. #4 *! Қарыншалық экстрасистолаға тән ритм өзгерісі? *Толық емес компенсаторлы пауза *Толық АВ блокада *+Толық компенсаторлы пауза *Компенсаторлы паузаның болмауы *Дұрыс синусты ритм #5 *!Қай синдром жүрекшелік фибрилляцияны,синоатрикулярлы блокаданы,тахи-брадикардиялық синдромды,тұрақты синусты брадикардияны қамтиды? *+СССУ * CLC * WPW * МЭС * Фредерика #6 *!Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі белгісі? *+Ентігу *Полидипсия *Шаршағыштық *Пастозность *Полиурия. #7 *!ЖТД қабылдауында 58 жастағы ер адам, айына 2-3 рет болатын тұншығу ұстамасына, аздаған физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге, кеуде артындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. Көптеген жылдар бойы ауырады. Соңғы 5 жыл көлемінде периодты түрде аяқта ісінулер, оң қабырға астында ауырлық сезімі пайда болған. Денсаулығының нашарлағанына 2 ай болған. Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын веналарының ісінуі, эпигастральды аймақтың пульсациясы. Жүрек шекаралары оңға ығысқан. Жүрек тондары анық, ритмді, аортада 2 тон акценті. ЖСЖ 116 рет мин, АҚҚ 140/90мм сын бағ. ЕҢ бірінші қандай зерттеу әдісін тағайындаған дұрыс болып табылады? *ЖҚА *ЖЗА *+Жүрек УДЗ-сі *Кеуде ағзаларының рентгенографиясы *ЭКГ #8 *!Әйел 25 жаста. Кенеттен АҚҚ жоғарылауына, жүрек қағуына. Ұстама кезінде науқас қызарады, жоғары терлегіштік байқалады. Анамнезінен: соңғы жылдан бері өзін науқаспын деп санайды. АҚҚ 200 мм сын бағ дейін жоғарылап, пульс 110 рет мин жиілеген. Тексеруден өтпеген. Гипотензивтң препаратттар көмегі болмаған. АҚҚ ақырындап өзі төмендеп отырған. Қандай тексеру әдісі ЕҢ МАҢЫЗДЫ болып табылады? *бас миының МРТ (гипофиз, қарыншалар) *Іш қуысы ағзаларының УДЗ-сі (бауыр, бүйрек) *+бүйрек пен бүйрекүсті бездерінің МРТ *Эхо-КГ *АҚҚ тәуліктік бақылау #9 *!Ер адам 43 жаста, артериалды гипертензиямен есепте тұрады, периодты түрде таңертең пайда болатын бас ауруына, қатты әлсіздікке шағымданып келді. Қарау барысында: пульс 85 рет мин, АҚҚ 210/120 мм сын бағ. ЭКГ: айқын сол қарынша гипертрофиясы. Қан анализі: калий-2,6 ммоль/л, натрий-147 ммоль/л. Зәр анализі: гипоизостенурия, зәр тұтқырығы өзгермеген, реакциясы- сілтілі. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *Феохромоцитома *+Кон синдромы *Созылмалы пиелонефрит *Созылмалы гломерулонефрит *Иценко – Кушинг синдромы #10 *!Әйел Адам 59 жаста, соңғы 3 жыл көлемінде артериалды қан қысымының тұрақты түрде жоғарылауына шағымданып келді.Диспансерлік есепте тұрады, антигипертензивті препараттармен емделеді. Қандай қолжетімді және ақпаратты тексеру әдісі жүректің сол қарыншасы гипертрофиясын анықтауға көмектеседі? * Велоэргометрия *+Эхокардиография * Вентрикулография * Сцинтиграфия * Рентгенография #11 *!ЖТД ұарауына 44 жастағы ер адам периодты түрде АҚҚ жоғарылауына шағымданып келді. Қарау барысында: АҚҚ 185/105 мм сын бағ. Анамнезінен: оң бүйрек артериясының туа пайда болған стенозы. 2009 жылы жарақат салдарынан сол жақтық нефрэктомия жасалған. Аптекадан дәрігер тағайындауысыз артериалды гипертензияда каптоприл қабылдаған, бірақ дәрігер тексеруінен соң бұл препаратты қабылдау тоқтатылды. Препаратты қабылдауды тоқтатуға қандай себеп болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *Бір бүйрек салдарынан болған симптоматикалық АГ *Дәлелденбеген артериалды гипертония *Гипертониялық энцефалопатия *Гипертониялық нефропатия *+Жалғыз бүйрек артериясының стенозы #12 *!47 жастағы әйел кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі сол қолға иррадиацияланатын ауру сезіміне, ұзақ жүргенде аяқта пайда болатын сыздап ауру сезіміне шағымданып келді. 2 жыл алдын қанда глюкоза мен холестериннің жоғары мөлшері анықталған. Қантты төмендететін препараттарды тұрақты қабылдамайды. Келтірілген факторлардың қайсысы ЖИА дамуында қауіп факторы болып табылады? *Ақыл-ой жұмысы. *Гиперкалиемия. *Өкпелік гипертензия. *+Қантты диабет. *Асқазан жара ауруы #13 *!Ер адам 37 жаста, күштеме кезінде жүрек тұсындағы тұйықталған ауру сезіміне, айқын жүрек қағуына, жүрек ырғағының дұрыс болмауына шағымданып келді. Күнделікті тұрақты түрде 300-400 гр ішімдік ішеді. Перкуторлы жүрек шекаралары солға жылжыған. ЭКГ: ритм дұрыс, атриовентрикулярлы өткізгіштік төмендеген (РQ-0,30), жиі жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолиялар, кеуде әкетулерінде SТ сегменті төмендеген, V3- V6 әкетулерінде Т тісшесі екі фазалы. Эхо-КГ: лақтыру фракциясы -32% Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *Ревматикалық емес миокардит *Идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия *+Алкогольді кардиомиопатия *Жүректің ишемиялық ауруы *Жүректің митральды ақауы. #14 *!Ер адам 77 жаста, екі рет миокард инфарктісін алған, айқын ентігуге, бірнеше сағат бойы жүрек соғуының жиілеуіне, кенет әлсіздікке шағымданады. ЭКГ: Р тісшесі жоқ, 170 рет минутына қарыншалар жиырылуы. Амиондарон көмектеспеген. Науқаста гемодинамикалық бұзылыстар тез арада дамыған. Қандай жағдайда жүрекшелердің пароксизмальды фибрилляциясында синусты ритмнің жедел реверсиясы жүргізіледі? *Алғаш пайда болған пароксизм *Пароксизмнің ұзақтығы 6 сағаттан асады *+Айқын үдемелі гемодинамикалық бұзылыстар *Науқас жасының 60 тан жоғары болуы *QRS комплексінің 25%-ға кеңеюі #15 *!29 жастағы әйел, жүктеме кезінде болатын айқын ентігуге, жүрек қағуына, субфебриллитет, әлсіздік, тершеңдікке, артралгияға, аяқтардағы айқын ісінулерге шағымданады. Бұрын жиі іріңді баспамен ауырған. Об-ті: жүректің салыстырмалы тұйықтығы жоғары және оңға кеңейген. Аус-ті: жүрекшелер фибрилляциясы, ритм перепела, жүрек ұшында диастолалық шу. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *БХАтериалды эндокардит. Үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ1 *Жедел ревматикалық қызба, Митральды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ0 *+Қайталамалы ревматикалық қызба , митралды қақпақша стенозы. СЖЖ1 *Ревматикалық емес миокардит. *Диффузды токсикалық зоб, тиреотоксикоз. #16 *!Ер адам 28 жаста, әлсіздікке, жүрек тұсындағы ауру сезіміне, жүрек қағуына, жүрген кездегі ентігуге, кешкісін аяқтардағы ісінуге шағымданып келді. Ревматологта «Д» есепте тұрады. Об-ті: жүректің митральды конфигурациясы, жүрек түрткісі солға жылжыған, таралған, күшейген, жүрек ұшында І тон әлсіреуі, қолтықасты аймаққа иррадиацияланатын голосистолалық шу. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *+Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ I. *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аортальды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ I *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы. СЖЖ II *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта сағасының стенозы. СЖЖ II *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ III #17 *!Ер адам 59 жаста, анамнезінен 2013 жылы миокард инфарктісін алған. Айқын ентігуге, жүрек қағуына, іштің ұлғаюына шағымданып келді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері цианозы. ТАЖ 24 ретмин. Оң жақта 1V қабырғАҚҚан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, тыныс әлсіреуі. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс емес. ТАЖ 94 рет мин. Іші ұлғайған, кіндік аздап ісінген, бауырдың төменгі қыры +6 см. Аяқтарда ісінулер. NYHA бойынша СЖЖ функционалды класын анықтаңыз. *СЖЖ 0 *СЖЖ I ФК *СЖЖГ II ФК *СЖЖ III ФК *+СЖЖ IV ФК #18 *!Әйел 28 жаста, физикалық жүктеме кезіндегі айқын ентігуге,жүрек тұсындағы, жауырын аралық аймақта «пышақ сұққан» тәріздіауру сезіміне, тізедегі ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен ЖСРА. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оіға қарай жылжыған, жүрек ұшында 1 тон күшейген, диастолалық шу, «бөдене ырғағы, мерцательді аритмия. R-графия: контрасталған өңеш кіші рАҚҚиуста ауытқиды. ЭКГ: Р - mitrale , сол қарынша гипертрофиясы. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *Диффузды токсикалықзоб, тиреотоксикоз *бактериалды эндокардит үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ1 *Жедел ревматикалық қызба, митральды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ0 *+Қайталамалы ревматикалық қызба, митралды қақпақша стенозы. СЖЖ1 *Ревматикалықемес миокардит #19 *!Әйел 67 жаста, кеуде артындағы қысып ауру сезіміне, бір қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге, тахиаритмияға, ісінулерге шағымданып келді. Анамнезінен- миокард инфарктісі. Об-ті: өкпеде ылғалды сырылдар. ЖСЖ 107 рет мин. АҚҚ- 177/105 мм сын. бағ. Холестерин – 6,4 ммоль/л. ЭКГ: сол қарынша артқы-бүйір қабырғасындағы тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы- 42,6%. Қалқаралықтың артқы қабырғасы мен сол қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймағы байқалады. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі симптомдарын табыңыз. *Бас ауруы *+Өкпеде ылғалды сырылдар *Кеуде артындағы қысып ауру сезімі *ЭКГ-дегі тыртықтық өзгерістер *ЭхоКГ гипокинезия аймақтары #20 *!Әйел 22 жаста, жүрек жиі қағуына, күштеме кезіндегі айқын ентігуге, жиі жүрек тұсындағы шаншып ауру сезіміне, тізедегі ісінулерге шағымданып келді. Есепте созылмалы тонзиллит диагнозымен тұрады. Қарап тексеру кезінде: жүрек ұыш түрткісінің солға жылжуы, жүрек шекаралары солға және жоғары жылжыған, жүрек белі тегістелген. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон әлсіреген, систолалық шу, өкпе артериясы үстінен 2-ші тон акценті. Рентгенографияда– жүректің сол бөлігінің ұлғаюы. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *+Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ I. *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аортальды қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ I *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы. СЖЖ II *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта сағасының стенозы. СЖЖ II *Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі. СЖЖ III #21 *!Әйел 32 жаста, 9 жыл бойы ЖСРА, СЖЖ диагнозымен есепте тұрады. Эндокардит пен буындар зақымдалуы анықталады. Қатты әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде болатын ентігу мен жүрек қағуына, кешке қарай тобықтағы ісінуге шағымданады.Жағдайы қанағаттанарлық. Тері қабаты таза, акроцианоз. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшы мен Боткин нүктесінде қатаң пансистолиялық шу есітіледі. Тізелері ісінген. Науқасты жүргізудің ЕҢ ТИІМДІ тактикасы қандай? *+Жүрек УДЗ-сі мен доплерографиясына жолдама беру *Ревматолог консультациясына жіберу *Кардиохирург консультациясына жіберу *Антибиотктер мен зәр айдағыш препараттар тағайындау *Динамикада бақылау #22 *!Ер адам 37 жаста, жүректің ревматикалық ақауы бар, клиникалық сол қарынша жетіспеушілігімен көрінеді. Қарау барысында:Боткин нүктесінде және оң жақ 2-ші қабырға аралықта систолалық және диастолалық шу есітіледі. Систолалық шу дөрекі тембрлі, жармалық шұңқыр және ұйқы артериясына беріледі. Пальпаторлы- төстен оң жақта 2-ші қабырға арлықта систолалық діріл байқалады. ЖСРА диагнозы қойылды. Қосарланған жүрек ақауы. Қандай аускультативті белгі аортальды қақпақша жетіспеушілігін көрсетеді? *Систолалық шу *2 тон әлсіреуі *+Боткин нүктесінде систолалық және диастолалық шу *Диастолалық шу *2-ші қабырға аралықта систолалық діріл. #23 *!Әйел 67 жаста, аздаған физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге, жүрек қағуына,аяқтардағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінен: миокард инфарктісі, темекі көп мөлшерде шегеді. Қарап тексеруде: өкпеде іркілген ылғалды сырылдар, жүрек тондары анық. ЖСЖ-106 рет мин. АҚҚ - 150/95 мм сын.бағ. ЭКГ: сол қарынша алдыңғы қабырғасының тыртықты өзгерістері, жиі қарыншалық экстрасистолиялар. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы-37%. Спирография: Тыныс жетіспеушілігінің рестриктивті типі. Қандай критерий СЖЖ ағымын болжамдауда ЕҢ АҚПАРАТТЫ болып табылады? *Тыныс жетіспеушілігінің рестриктивті типі *Сол жақ коронарлы артериясына стент орнату *Жиі қарыншалық экстрасистолиялар *ЭКГ-дегі тыртықты өзгерістер *+ЭхоКГ лақтыру фракциясы #24 *!27 жастағы әйелде инфекционды миокардитке күмән болды. Қандай клиникалық көріністер ЕҢ ТӘН болып табылады? *Жүрек айну, құсу, іш өту *Отеки, гематурия, гипертензия *Гипертензия, тахиаритмия *+Қызба, жүрек тұсындағы ауру сезімі, ентігу *Қызба, тотық тәрізді қақырықпен жөтел #25 *!Әйел 27 жаста, үй бекесі, дене температурасының 39,5 °С дейін жоғарылауына, тершеңдікке, қалтырау, аздаға физикалық жүктеме кезінде болатын ентігу мен бас айналуына, әлсіздікке, тәбет жоғалуына, соңғы 2 ай ішінде 9 кг салмақ жоғалтқанына шағымданып келді. 2 ай алдын - тіс экстракциясы жасалған. ЖҚА– лейкоцит-14 х109/л, ЭТЖ-27 мм/сағ. Тері қабаты бозғылт, сарғыш, ылғалды, тургоры төмендеген, алақанда диаметрі 3 см болатын ауырсынусыз геморрагиялық дақ. ЭхоКГ: аорта қақпақшасының жармасы эхогенді түзіліс өлшемі 1,0х0,8 см. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *+Бактериалды эндокардит *Миокардит *Жедел ревматикалық қызба * Фибринді перикардит * Плеврит #26 *!43 жастағы ер адамда постгриппозды миокардит диагнозы қойылды. Төменде берілген қандай ЭКГ белгілерінің қайсысы болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ? *ЭКГ вольтажының төмендеуі, PQ=0,22 с, QRS=0,12 с комплексінің кеңеюі *+ ST сегментінің изолиниядан төмен ығысуы және теріс Т тісшесі *ST сегментінің конкордантты жоғарылауы *ST сегментінің дискордантты жоғарылауы *Терең және кеңейгенQ тісшесі, R тісшесі болмауы #27 *!Жалпы тәжірибелік дәрігерге 47 жастағы әйел ошақты миокардитке күмәнданып келді. Қандай шағымдар оның жағдайына ЕҢ ТӘН болып табылады? *Тыныштықтағы ентігу, жүрек тұсындағы ауру сезімі *Тұншығу ұстамалары, жалпы әлсіздік *+Жүрек ырғағының жиілеуін сезіну, жүрек тұсындағы сыздап ауру сезімі *Бас ауруы, тыныштықтағы ентігу *Аяқтардағы ісінулер, бас айналу #28 *!Ер адам, 20 жаста, жүрек тұсындағы ұзақ уақыт шаншып ауру сезіміне, тахикардия, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді. 3 апта алдын гриппен ауырған. Температура 37,8 0С. Қарап тексеруде: жүрек шекаралары 2см солға ығысқан, ұшында - систолалық шу, иррадиациясыз, ЖСЖ - 97 рет. мин. Лабораторлық зерттеу: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, С-реактивті белок оң. ЭКГ:миокардтағы реполяризация және қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылысы. Қандай болжам диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ? * Кардиомиопатия * Миокардиодистрофия * Эндокардит *+Миокардит * Перикардит #29 *!Ер адам 33 жастасоңғы 20 көлемінде жүрек тұсындағы ұзақ уақыт бойы сыздап, қысып ауру сезіміне шағымданады. Сонымен қатар жүрек қағуы, ентігу мазалайды. Ауруы 3 апта алдын суықтанудан кейін дамып, жөтел және қалтыраумен болған, сонымен қоса жүрек жағынан жоғарыдағы шағымдар болған. Жүрек тондары тұйықталған, өкпеде сырылдар жоқ, Бауыр ұлғаймаған. Қандай диагностикалық зерттеуді ең бірінші тағайындаған жөн? * Эхокардиография *+ЭКГ * Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы * Спирография * Тропонин -тест #30 *!Берілген белгілердің қайсысы миокардитте эндомиокардиалды биопсия кезінде теріс диагностикалық қорытынды ретінде болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ? * қабыну инфильтратының болуы *+қабыну инфильтратының болмауы * миокардта некроз бен зақымдану болуы * миокардта некроз бен зақымдану болмауы *кардиомиоциттерде қабыну мен некроз болуы #31 *!Бала 9 айлық, профилактикалықтексеругекелді. Аймақтықдәрігер Д3 витаминініңалдыналудозасынтағайындайды. Д3 витаминініңЕҢдұрысалдыналудозасықандай? *300 ХБ *400 ХБ * + 500 ХБ *600 ХБ * 800 ХБ #32 *!Әлеуметтікжағдайытөменотбасының 1,5 жастағықызға диагноз қойылды: Витаминді дефицитті рахиттің ІІІ дәрежесі. ДиспансерлікбақылаудыңЕҢықтималұзақтығықандай? *1 жыл *2 жыл *+3 жыл * 5 жыл * есептеншығарылмайды #33 *!2,5 айлық сәбидің анасымазасыздыққа, тершеңдікке шағымданады. Жүктіліктің ІІ триместрде гестоз, І босанудан. Туу кезіндегі салмағы 3300 г., бойы 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қыркүйекайындадүниегекелді. Бейімделгенсүтқоспаларыменжасандықоректендіруде. Қазіргіуақыттабаланыңсалмағы 5500 ж., бойы – 59 см. Тексеріп қарағанда каниотабес және шүйдесіндегі шашының түсуі анықталады. Ішкіоргандарда патологиялықөзгерістеріжоқ. Қандайқанзерттеуібаланыңауырлығынбағалауғамүмкіндікбереді? * қалдықазоттыанықтау * жалпыбилирубиндіанықтау * несепқышқылынанықтау * лимон қышқылынанықтау * + сілтіліфосфатазаныанықтау #34 *!3,5 айлыққыздамазасыздық, тершеңдік анықталған. Анамнезінен: і жүктіліктен, І жеделбосанудан. Туукезіндегісалмағы 3300 г., бойы 50 см., Апгар шкаласыбойынша 8/9 балл. Бала қыркүйекайындадүниегекелді. Тексерукезінде Рахит ІІ дәрежесі диагнозы қойылған. |