Главная страница

Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте


Скачать 1.28 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Дата09.04.2021
Размер1.28 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру.docx
ТипДокументы
#193086
страница29 из 35
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35

B) Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия.

C) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок.

D) +Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогеннді шок.

E) Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.
37.

75 -жастағы әйел бір сағат бұрын пайда болған төс артындағы басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГде –STV1-V6 депрессиясы. Ауруханаға түскенде жедел коронарлық синдром қойылған.

Науқасқа БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ қандай зерттеу тағайындау көрсетілген?

A) Сцинтиграфияны

B) Велоэргометрияны

C) Эхокардиографияны

D) +Коронароангиографияны

E) ЭКГ холтеровлік мониторлауды
38.

Артериальді өзекшенің бітіспеуінің басты аускультативті белгісі:

А) +Төстің сол жағында II қабырға аралықтағы діріл және үзіліссіз шу

B) Төстен оң жағында II қабырға арлықта есілетін систолалық шу

C) Жүрек ұшында протодиастолалық шу

D) I нүктеде ерте диастолалық шу

E) Жүрек ұшында систолалық шу
39.

31 жастағы әйелде жедел респираторлық вирусты инфекциядан кейін қызба, әлсіздік, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауыру сезімі анықталды. Қанда ЭТЖ жоғарылаған. ЭКГ да I дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Метаболиктерді

B) Антибиотиктерді

C) Антикоагулянттарды

D) Жүрек гликозидтерін

E) +Глюкокортикостероидтарды
40.

54 жастағы ер адам, ентігуге, ұстама тәрізді қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, көкшіл-сұр түсті реңкпен бозарған, қолдары жылы, тырнақтар «сағат әйнегі» тәрізді, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Эпигастрлық пульсация көзбен анықталады, жүрек соғуы пальпацияланады. Аускультация: Боткин-Эрб нүктесінде және семсер тәрізді өсіндінің негізінде I тон әлсіреуі.

Келесі өзгерістердің қайсысы ЭКГ-да көрінуі мүмкін?

A) Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

B) Сол жақ жүрекше гипертрофия

C) + Оң жақ қарынша гипертрофиясы

D) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

E) сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы
41.

25 жастағы әйел суықтағаннан кейін аз мөлшерлі қиын бөлінетін кілегейлі- ірінді қақырықты жөтелге, делсалдыққа шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,5°С жоғарылайды. Сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бронхофонияның күшеюі анықталды. Аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциттер- 9х109/л., ЭТЖ- 25 мм/сағ.

Өкпе рентгенограммасында төменде көрсетілген өзгерістерінің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Сол жақ өкпе суретінің күшеюі

B) Өкпе түбірлерінің кеңеюі, структурасының жоғалуы

C) Сол өкпенің төменгі алаңының интенсивті қараюы

D) +Сол өкпенің төменгі алаңында орналасқан ошақты инфильтративті көлеңкелер

E) Оң жақ костодиафрагмальды синустың 7 қабырғасына дейін тегістелуі
42.

62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүрек үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті

B) Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия.

C) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок.

D) +Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогеннді шок.

E) Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.
43.

58 жастағы ер адам, кең көлемді миокард инфарктісін басынан өткергеннен бір жылдан кейін ортопное, түнгі жөтел, тахикардияны 120 минуттан артық пайда болды. Қарау кезінде мойын тамырларының ісінуі, гепатомегалия, аяқтың ісінуі байқалады. Эхокардиографияда: кардиомегалия. Терапияға рефракторлық.

Науқаста СЖЖ қандай кезеңін дамыды:

A) 0

B) I

C) IIА

D)+ IIБ

E) III
44.

Жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырған 28 жастағы әйел 2 аптадан кейін ауыр жағдайда жүрек жеткіліксіздігінің клииникалық көрінісімен ауруханаға түсті.

Аурудың БАРЫНША сенімді диагностикалық әдісін көрсетіңіз:

A) ЭКГ

B) ЭХОКГ

C) Рентгенография

D)+ Миокард биопсиясы

E) Миокард сцинтиграфиясы
45.

57 жастағы ер кісі, жүрек тұсындағы басып ауыратын ауыру сезіміне, физикалық күштемедегі ентігу, басының шулауына, бас ауыруына шағымданады. Анамнезінен; асқазанның ойық жара ауруымен ауырады; шашының ерте ағарғанын байқаған, шылым тартады. Қарап тексергенде: толық, Франк, Габриэл симптомы анықталады. Қанда холестерин деңгейі 6,8 ммоль/л, ТТЛП холестерин деңгейі 3,6 ммоль/л.

Бұл жағдай көрсетілген аурулардың қайсысымен БАРЫНША мүмкін байланысты?

А)+ Жүрек қан тамырларының, бас миының атеросклерозы

В) Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы

С) Созылмалы холециститтің өршуі

D) Асқазанның ойық жара ауруы

E) Қабырға аралық невралгия
46.

52 жастағы ер адам, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады, сол қолға және жауырын астына таралады. Объективті: Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын емес тахикардия. АҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V2-V4 шықпаларда SТ сегментінің элевациясы.

Төмендегі дәрі-дәрмектерден емдеуге БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындаған орынды?

A) Жүректік гликозидтер

B) Антикоагулянттар

C) +Тромболитиктер

D) Дезагреганттар

E) β-блокаторлар
47.

31 жастағы әйелде жедел респираторлық вирусты инфекциядан кейін қызба, әлсіздік, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауыру сезімі анықталды. Қанда ЭТЖ - 32 мм/сағ. ЭКГ да I дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Метаболиктерді

B) Антибиотиктерді

C) Антикоагулянттарды

D) Жүрек гликозидтерін

E) +Глюкокортикостероидтарды
48.

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын 38 жастағы әйел, тыныштықтағы айқын ентігу, тұншығу ұстамасы, әлсіздікке шағымданады.

Қарағанда: дене бітімі астеникалық, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз.

Өкпесінде іркілмелі сырылдар, жүрек ұшында иррадияциясыз диастолалық шу, жыбыр аритмиясы естіледі. Митральді саңылаудың алаңы – 1,2 см2, айқын өкпелік гипертензия .

Науқасқа қандай ем БАРЫНША мүмкін көрсетілген?

A) Инотропты қолдау

B) Дезагрегантты заттар

C) Антиаритмиялық терапия

D) Антикоагулянтты дәрілер

E) +Ақаудың хирургиялық коррекциясы
49.

58 жастағы әйел жатқанда күшейетін инспираторлы ентігу ұстамаларымен ауруханаға жатты. Өкпесінде өте көп ылғалды сырылдар. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия, өкпе артериясында II тонның акценті. Анамнезінде: артериальды гипертензия, қант диабеті. ЭКГде: QS және SТV2-V6 элевациясы, қарыншалық экстрасистолалар.

Қандай терапияны БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындаған дұрыс?

A) Антиаритмиялық

B) +Тромболитикалық

C) Антиагреганттық

D) Оксигенотерапияны

E) Метаболикалық
50.

Артериальды гипертониямен ауыратын 49 жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктісін алғанан кейін ырғақ бұзылысы экстрасистолиялар пайда болды.

Осы науқасты емдеуге БАРЫНША тиімді дәрілік топты таңдаңыз?

A) Нитраттар

B) Диуретиктер

C) +Бета – блокаторлар

D) ААФ ингибиторлары

E) Жүрек гликозидтері
51.

76 жастағы ер адам, жедел кардиологияға түскен кезде жедел коронарлық синдром диагнозы қойылды. Коронарлық ангиографиялық тексеру кезінде сол жақ коронарлық артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының гемодинамикалық айқын емес стенозы анықталды.

Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?

A) Бақылау

B) Стенттеу

C) +Консервативті терапия

D) Аорто-коронарлы шунттау

E) Маммарлы-коронарлы шунттау
52.

72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.

Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы

БАРЫНША ақпаратты?

A) Жүректік натрийуретикалық пептидті

B) С-реактивті белокты

C) Трансаминазаны

D) Гомоцистеинді

E) +Тропонин I ді
53.

57 жастағы ер адамда алдынғы жайылған миокард инфаркт белгілері, ЭКГда үш апта бойы сақталған ST сегментінің жоғарылауы және парадоксальді прекардиальді пульсация анықталды.

БАРЫНША мүмкін асқынуды атаңыз?

A) Тромбоэндокардит

B) Инфарктан кейінгі синдромы

C) Миокард инфарктің рецидиві

D) +Сол қарыншаның аневризмасы

E) Қарынша аралық перденің жыртылуы
54.

22 жастағы жігітке, кардиомегалия қарыншааралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігінің айқын гипертрофиясынмен және сол жақ қарыншаның бос қабырғасына шығу трактін тосқауылдаумен диагнозы қойылды.

Келесі дәрі-дәрмектің топтарын тағайындау БАРЫНША ұсынылады?

A) Нитраттар

B) ААФ ингибиторлары

C)+ в-адреноблокаторлар

D) Кальция антагонисттері

E) Жүрек гликозидтері
55.

72 жастағы әйел 30 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Зәр анализінде үнемі протеинурия анықталады.

Гипертониялық нефросклерозды нақтылауға ақпаратты биохимиялық көрсеткіш БАРЫНША мүмкін болады:

A) Мочевина

B) +Креатинин

C) Электролиттер

D) Жалпы белок

E) Зәр қышқылы
56.

47 жастағы әйел жүрек астма ұстамасы, жүрек қағу, айқын жалпы әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түсті. Қарағанда: өкпесінде іркілмелі сырылдар, кардиомегалия, аяқтарында ісінулер. Эхокардиогрфиялық зерттеуде миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі анықталды.

Осы жағдайда көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

A) Изоптинді

B) +Дигоксинді

C) Атенололды

D) Гипотиазидті

E) Престариумды
57.

61 жастағы ер адам физикалық күштеме кезінде мазалайтын жүрек тұсындағы басып ауыру сезіміне, басында шуға, бас ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: толық, ірі буындарының аймағында көптеген ксантомалар, қабақ терісінде ксантелазмалар; мүйізді қабықта сенильді шеңбер. Қанда холестерин 7,2 ммоль/л, ТТЛП холестерин 3,4 ммоль/л.

Науқаста көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысының өзгерісін күтуге болады?

А) Триглицеридтердің төмендеуін

B) Хиломикрондардың жоғарылауын

C) Төмен тығыздықты липопротеидтердің төмендеуін

D)+Төмен тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын

E) Жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын
58.

67 жастағы ер адам, төс артындағы ұстама тәрізді күшейетін қысып ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ -80 рет мин. АҚҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V1-V2 шықпаларда SТ сегментінің депрессиясы.

Төмендегі дәрі-дәрмектердің қайсысын тағайындаған орынды?

А) +Нитраттар

В) Метаболиктер

С) Дезагреганттар

D) Тромболитиктер

E) Кальций антогонистін
59.

48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтар ұштарының терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде көрсетілген қандай өзгерістердің анықталуы БАРЫНША мүмкін?

А) +Вегетациялар

В) Аортаның атеросклерозы

С) Қуыстардың кеңеюі

D) Жүрек қақпақшаларының тығыздануы

Е) Қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы
60.

Біріншілік өкпелік гипертензиямен ауыратын науқастарға хирургиялық емдеу әдісі мына жағдайда көрсетілген

A) III ФК

B) IV ФК

C) I және II ФК

D) Барлық науқастарға

E) +Дәрілерге рефрактерлікте
61.

16 жастағы жігіт мезгіл - мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты.

Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты?

А) Вентрикулография

B) Өңеш арқылы эхокардиография

C) +ЭКГ Холтерлік мониторлау

D) Жүректің өңеш арқылы электростимуляция

E) Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу
62.

Дилатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болуы БАРЫНША мүмкін:

A) ЭКГ

B) +ЭхоКГ

C) Сцинтиграфия

D) Коронароангиография

E) Позитронды-эмиссионды томография
63.

49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A)+ Инфекциялық эндокардит

B) Инфаркттан кейінгі синдром

C) Перикардит

D) Плеврит

E) Сепсис
64.

59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сб.бб.

Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?

A) Но-шпаны

B) Дофаминді

C) Папаверинді

D) Преднизолонды

E) +Нитропруссидті
65.

25 жастағы әйел суықтағаннан кейін аз мөлшерлі қиын бөлінетін кілегейлі- ірінді қақырықты жөтелге, делсалдыққа шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,5°С жоғарылайды. Сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бронхофонияның күшеюі анықталды. Аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциттер- 9х109/л., ЭТЖ- 25 мм/сағ.

Өкпе рентгенограммасында төменде көрсетілген өзгерістерінің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Сол жақ өкпе суретінің күшеюі

B) Өкпе түбірлерінің кеңеюі, структурасының жоғалуы

C) Сол өкпенің төменгі алаңының интенсивті қараюы

D) +Сол өкпенің төменгі алаңында орналасқан ошақты инфильтративті көлеңкелер

E) Оң жақ костодиафрагмальды синустың 7 қабырғасына дейін тегістелуі
66.

30 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін ауыр экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті ( соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған). Жағдайы ауыр, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.

Парентеральді тағайындалған сальметеролға қосу БАРЫНША тиімді?

А) Натрий кромогликатты

B) Гидрокортизонды

C) +Преднизолонды

D) Будесонидті

E) Эуфиллинді
67.

Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:

1) +кандидалар

2) эхинококтар

3) аспергиллалар

4) микоплазмалар

5) ішек таяқшалары
68.

Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:

1) хламидия

2) +клебсиелла

3) микоплазма

4) гриптің вирусы

5) ішек таяқшалары
69.

Ағымы жедел ауру, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы - төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика қандай дертке БАРЫНША тән :

1) саркоидозға

2) пневмокониозға

3) +ошақты пневмонияға

4 ) милиарлы туберкулезге

5) инфильтративті туберкулезге
70

38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) өкпе рагінің

2) жедел бронхиттің

3) +ошақты пневмонияның

4 ) крупозды пневмонияның

5) өкпенің ошақты туберкулезінің
71.

Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін:

1) микоплазмамен

2) клебсиелламен

3) аденовируспен

4) пневмококкпен

5) +стафилококкпен
72.

72 жастағы ер адам, ауырпневмонияға шалдығып, жоғары дене температурасы төмендеп, тез әлсіздік, бас айналу,құлақта шу, жүрек айнуы және құсу пайда болды. Объективті: бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, минутына ЖСЖ-120 рет минутына, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының кереңдігі, АҚҚ - 80/50 мм.с.б.б.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35


написать администратору сайта