Главная страница

Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте


Скачать 1.28 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Дата09.04.2021
Размер1.28 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру.docx
ТипДокументы
#193086
страница1 из 35
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

1. Қандай ауруларда механикалық сарғаю пайда болады?

А) жіті вирусты А гепатитте

В) созылмалы вирусты С гепатитте

С) +созылмалы калькулезды холециститте

D) аралас этиологиялы бауыр циррозында,

Е) созылмалы токсикалық гепатитте


2. Науқас, 60 жаста, қақырықтың қиын шығуымен жөтелге, шамалы физикалық жүктемеден кейінгі демікпеге, дене температурасы 38°С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бурын жөтел пайда болды, терапевтте «Д» есебінде тұрады, жағдайының нашарлағанына бір апта болды. Өкпеде аускультативті: ұзақ дем шығаруымен қатқыл дем үні, таралған құрғақ сырылдар. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы дұрыс?

A) ошақты пневмония

B)+ созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронхылы түрі

C) бронх демікпесі

D) созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

E) жедел іріңді бронхит


3. 50 жастағы ер адам отбасылық дәрігерде бронх демікпесі мен диспансерлік есебінде тұр. Ұстама аптасына 1-2 рет болады, демікпенің түнгі симптомдары айына 2 рет. Фнотерол ингаляциясын үнемі қолданады. Төменде көрсетілген ағым нүскаларынын қайсысы дурыс?

A) ауыр ағымды персистирлеуші бронх демікпесі

B) +жеңіл ағымды персистирлеуші бронх демікпесің

C) ауырлығы орташа персистирлеуші бронх демікпесі

D) интермиттирлеуші бронх демікпесі

E) созылмалы обструкциялы бронхиттің асқынысы


4. Науқас 63 жаста, ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериндің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аумақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз.

А) қабылдайтың препараттардың мүлшерін көбейту

B) кардиологтың кеңесіне бағыттама беру

C) +стационардың кардиологиялық бөліміне емделуге бағыттама беру

D) пролонгирленген нитраттарды тағайындау

E) үй стационарын ұйымдастыру


5. Отбасылық дәрігердің қабылдауына науқас келді, таңертең кенеттен пайда болған жүрек айынуына, құсуға шағымданады. Объективті: тісі құрғақ, ақ жамылғыспен, дене қызуы 380С, пальпацияда іштің ауырсынуы және іштің алдыңғы бөлігінде бөлшықеттің кернеуі аңықталады. АҚ 90/70 мм.с.б. ЖЖЖ минутына 100 рет. Науқасты жүргізуде қай нұсқау таңдалмалы болады?

А) құсуға қарсы және дене қызуын төмендететін препараттарды беру

В) емхана жағдайында науқастыңң жағдайын бақылау

С) үй жағдайында бақылау, қатты ауырсынуда анальгетиктерді тағайындау.

D) +хирургиялық бөлімге шұғыл жатқызу

Е) жағдайдың қалпына келуге дейін реополиглюкинді тамыр ішілік инфузиялар


6. Науқас 50 жаста, аз мөлшерді қақырық бөлінуімен жөтелуге, жүктемеде демікпеге шағымданады. Анамнезінде: 15 жыл бойы темекі тартады. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, бұғана үсті аймағы ісінген. Дауыстың дірілдеуі екі жақта әлсізденген. Перкуторлы: қорапша дыбыс. Аускультативті: ұзақ дем шығаруымен қатқыл дем үні, сырылдар естіледі, форсирленген тыныс шығаруы кезінде белсенді. Мұндай ауру кезінде берілген зерттеулердең қайсысы жоғары диагностикалық ақпараттығы болады?

A) кеуде клеткасының рентгенографиясы

B) қақырықтың жалпы анализі

C) өкпенің компьютерлік томографиясы

D) бронхоскопия

E) +спирография


7. Аумақтық дәрігердің қабылдауында соңғы ай бойы жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратынбен контакт. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.

Айтылған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагнозды қоюға дәлелді болады?

A) қанның жалпы анализі

B) +қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

C) қақырықтың жалпы анализі

D) қақырықтың антибиотикограммасы

E) атиптік ұлпаларға қақырық 
8. Жас адамдарда ауыр емес пневмонияны емдеуге, қосарласпайтын патологиясыз емхана жағдайында бірінші таңдамалы препарат?

А) тетрациклиндер

В) аминогликозидтер

С) цефалоспориндер

D)+пенициллиндер

E) фторхинолондар


9. Аумақтық дәрігерге 35 жасар әйел жүректің қатты соғысына, демікпеге, әлсіздікке, ашуланшақтыққа, терлеуге, дене салмағының төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойы ауырып жүр, қатты стресспен байланыстырады. Объективті: қарбаластық, көздері жарқырайды, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖСЖ – 110 рет минутына, АҚ 160/70 мм.с.б. үлкен дәреті көбінесе сұйық.

Науқастың диагнозын айтыңыз.

A) нейроциркуляторлы дистония

B) +гипертиреоз

C) гипотиреоз

D) феохромацитома

E) біріншілік альдостеронизм 
10. Науқас К., 50 жаста диспансерлік есепте – 15 жыл бойы созылмалы обструктивті бронхит диагнозымен тұр, соңғы 3 жыл бойы артериальді қысымның жоғарылауы белгіленді 170/90 мм.с.б. дейін. Бронхообструкциялық синдроммен науқастың артериальді қысымды коррекциялауға қандай препаратты тағайындау керек.

A) диуретиктер

B) ААФ ингибиторлары

C) нитраттар

D) кальций антагонисттері

E)+ β-адреноблокаторлар


11. Науқас, 56 жаста, 2 типті қант диабетіне байланысты диспансерлік есепте тұр, соңғы жылы стенокардия ұстамалары байқалған. ЖИА емінде қандай антиангиналды топ препараттары таңдалады?

A) +кардиоселективті бета-блокаторлар

B) селективті емес бета-блокаторлар

C) нитраттар (монотерапия т‰рінде)

D) ИААФ ингибиторлары

E) кальций антагонисттері


12. Науқас 60 жаста, жүрек аймағында қысылу ауырсынулары пайда болды, физикалық жүктемемен байланыссыз, бірақ нитроглицериннен купирленеді. Сонымен бірге, АҚ 160/90 мм.с.б, дейін жоғарлауы белгіленеді. ЭКГ барлық бөліктерінде спецификалық өзгерістері жоқ.

Айтылғандардың қайсысы диагнозды дәлелдейді?

A) велоэргометрия

B) фармакологиялық сынама

C) +ЭКГ тәуліктік мониторинг

D) коронароангиография

E) қан құрамында ферменттердің денгейін 

13. Отбасылық дәрігерге М. 41 жасар науқас жоспарлы қаралуға келді. Диагнозы: ЖИА. Кернеу стенокардиясы ІІ ФК. Артериальді гипертензия 2, қауіптілігі 3, ҚЖ0. Қаралу кезінде шағымданбайды. АҚ 130/80 мм.с.б., ЖСЖ 72 рет минутына. ЭКГ сирек кездесетің қарыншалық экстрасистолалар кездеседі. Эхо КГ қосымша желі аңықталды. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау қажеттілігі бар ма?

А) иә, өйткені пароксизмальді қарыншалық тахикардия дамуына қауіптілігі бар

В) иә, өйткені қосымша желі аңықталған

С) +жоқ, өйткені науқас аритмияны субъективті жақсы көтереді

D) жоқ, өйткені ритмді жасанды жүргізушіні орнатуға қажет болғандықтан

Е) иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін


14. Науқас А., 40 жаста, 2 типті қантты диабетпен ауырады, 2 кезенді артериальді гипертензияны байқалады. Қан құрамында глюкоза денгейі 8 ммоль/л.

Осы жағдайда гипотензиялы препараттардың қай тобын таңдау керек.

A) +ААФ ингибиторлары

B) кальций каналдарының блокаторлары

C) β-адреноблокаторлары

D) АТ ІІ рецепторларының антагонисттері

E) диуретиктер 

15. Жедел бронхит дамуының жетекші факторы:

A) Физикалық факторлар

B) +Темекі түтіні

C) Аллергиялық факторлар

D) Токсикалық заттармен тыныс алу

E) Ыстық ауамен тыныс алу
16. Учаскелік дәрігер ауруды қарап, диагноз қойды: Ауруханадан тыс төменгі бөлікті сол жақты пневмония. ЖҚА-ның нәтижесі- нейтрофильді лейкоцитоз; СРБ ++, қақырық анализі – лейкоциттер, бірен-саран эритроциттер, кеуде қаңқасының рентгеноскопиясыңда пневмонияға тән деректер жоқ. Дәрігердің тактикасы:

A) Диагнозды анықтау үшін науқасты пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу

B)Науқаста сақталмалы бронхиттің өршу сатысы деп ем тағайындау?

C) Диагнозды аныктау үшін пульмонологтың кеңесіне жіберу

D) +Ауруды пневмониясы бар науқасты емдегендей қарап, қосымша рентгенологиялық тексерулерді (томограмма) емханалық жағдайларда жүргізу.

E) Науқаста пневмонияның барлығына көз жеткізгеннен кейін қосымша тексерулерді тағайындамай, емханалық жағдайларда емдеу.


17. 55 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы жарты жылда тұтқыр ақшыл түсті қақырықпен экспираторлы ентігу күшее тускен. Қажет ететін диагностикалық шаралар қандай?

А) ЭКГ 


B) +Спирография

C) Өкпенің рентгенографиясы мен компьютерлі томографиясы

D) Эхокардиография

E) Антропометрия


18. Шылым шегетін 34 жастағы науқаста қызбаның үстіне қақырықтың бөлінуі күшее түскен. Қақырықтың микроскопиялық зерттеуінде көп лейкоцит, макрофаг, түрлі флоралар анықталады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз.

А)+ Созылмалы бронхит, өршу сатысы

B) Жедел респираторлы ауруы

C) Пневмония

D) Бронхоэктазды ауру

E) Өкпе абсцессі


19. Науқас емханада тексерілген және жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерді үйіне шақырған. Қараған кезде: Т – 400С, мәжбүр қалыпта, бозғылт- көкшіл түстес тері жабындары, склералары сарғыш. ТЖ минутына 38, қабырғааралық бұлшық еттері қатысады. Пальпация , перкуссия және өкпелерді тыңдағанда пневмонияның деректері бар. R-скопия : дерттік өзгеріс қос өкпенің төменгі бөліктерінде орналасқан. Пульс-120 рет/мин. АҚ 90/60 мм.с.б.б. Жүректің тондары әлсіз. Бауыры оң жақ қабырғаастынан 3 см. шығыңқы; Зәр анализі : протеинурия; ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары; фибриноген 7,5 г/л , СРБ +++. Дәргердің тактикасы:

A) Емханалық жағдайларда емдейді

B) Емхананың күндізгі стационарына жібереді

C) Үйінде қалдырады, үй жағдайында емдейді және бақылайды

D) Бөлімше меңгерушісін кеңеске шақырады

E) +Пульмонологиялық бөлімшеге стационарлық емге жаткызады


20. Учаскелік дәрігер науқасты үйінде қарап, ауыр дәрежелі жұқпалы тұмау диагнозың қойды. Амбулаторлық ем кезінде науқасқа қанша уақыт төсек тарту мерзімі тағайындалады:

A) +Дене қызуы қалыпқа түскенше

B) Алғашқы 3 күндер

C) Жалпы жағдайы оңалғанша

D) 6-7 күнге

E) Толық жазылғанша


21. Науқас 18 жаста, ентігуге, шаршағыштыққа, жүрек тұсының ауруына шағымданады. Қараған кезде физикалық дамудан артта қалған, беттің цианозы, қол саусақтары «дабыл таяқшасы» сияқты өзгерген. Аускультация кезінде төстен солға қарай ІІ қабырғааралықта қатаң систолалық шу естіледі. Диагноз:

A) +Жүрекше аралық ақау

B) Қарынша аралық ақау

C) Аорта қақпашасының тарылуы

D) Аорта коарктациясы

E) Митральды қақпашаның шамасыздығы


22. Жүрек жетіспеушілігінің IV функционалдық классы:

A) Физикалық активтіліктің аздап шектелуі

B) Күшейтілген физикалық күштемеден кейінгі ЖЖ белгілері

C) +Тышыш жағдайдағы ЖЖ белгілері

D) Физикалық активтіліктің айқын шектелуі

E) Жасырын жүрек жетіспеушілігі


23. ІV функционалдық кластағы стенокардия ұстамасы дамиды:

A) Түзу жермен 500 м көп жүргенде

B) Интенсивтілігі жоғары күштемеде

C) Түзу жермен 100-500 м жүргенде

D)+ Тыныштықта

E) 1 этажға көтерілгенге дейін


24. Жіті вирусты респираторлы инфекциямен сырқаттанған науқаста 2 аптадан кейін ентікпе, әлсіздік, тахикардия көрініс берді. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы сол бұғана орта сызығына дейін кеңейген, жүрек тондары әлсіз, дұрыс ырғақты. ЭКГ: қарыншалық кешен вольтажы төмендеген. ЭхоКГ: сол жақ қарынша кеңейген. Жүрек шамасыздығының функционалдық классын анықтаңыз:

A) 0 


B) І

C) +ІІ 


D) ІІІ

E) ІV 
25. Науқас П., 49 жаста, төс артының ауруына шағымданады. Ауырсыну сезімі демалғанда, ентікпе кезінде, қанмен қақырғанда күшейеді. Объективті: жүрек тондарының бэсеңдеуі, өкпе артериясында екінші тонның акценті. AҚҚ 100/70 мм с.б. ЖЖЖ 110 рет мин. ЖҚА: эр.-3,7млн., Hb-120г/л, лейк-13.6мың, КФК-90, ЛДГ-250. ЭКГ: ЭО солға ығысқан, S 1,Q III, R- III. Гис шоғырының оң аяқшаларының блакадасы. Болжамалы диагнозыңыз:

A) Миокард инфарктысы

B) +ТЭЛА 


C) Аорта аневризмасы 
D) Спантанды пневмоторакс 
E) Миокардит 
26. Науқас С. 47 жаста аяқ астынан түнде жүрек қағысының пайда болуы, кеуде қысылуына, бас айналуына, ЖСЖ-200 минутына, АҚ 80/50мм с.б.б, ЭКГ-да ЖСЖ-200/мин. QRS жиынтығының ұзаруы 0,12с, R-R интервалының жиiлеуi, QRS жиынтығы мен Р тiсшесiнiң байланысы жоқ. Сiздiң диагнозыңыз:

A) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

B) Қарыншаүстiлiк пароксизмальды тахикардия

C) Топтама қарыншалық экстрасистолия

D) +Қарыншалық пароксизмальдық тахикардия

E) Синустық тахикардия


27. Науқас Г., 48 жаста, алдыңғы ірі ошақты миокард инфаркті бойынша ем қабылдауда. 2 күні кеудесінде қатты ауру сезімі, ентікпе, қан аралас қақырық пайда болып, науқастың жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: алдыңғы миокард, жедел сатысы. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрыш пішінді көлеңке. Асқынудың емін қандай дәріден бастаған дүрыс:

A) +Тромболитиктер

B) Антибиотиктер

C) Кортикостероидтар

D) Дезагреганттар

E) Бронхолитиктер


28. Созылмалы бронхит үшін тән:

А) Қақырықты жөтел 1 жыл бойы

B) Қақырықты жөтел 2 жылға созылған

C)+ 3 ай бойы 2 жыл қатарынан қақырықты жөтелдің болуы

D) 3 жыл бойына созылған қақырықты жөтел

E) Жиі жедел респираторлы ауруларға қабаттасатын қақырықты жөтел


29. 55 жастағы ер науқаста аздаған ауыр көтеру кезiнде пайда болатын демiкпе мен жөтел байқалған. Бұл симптомдар 3 ай бұрын басталған. Физикальды зерттеулер: өкпе негiзiндегi сырылдар, барабанды таяқша секiлдi саусақтар. Рентгенография: өкпедегi көптеген фиброздар. Болжамды диагноз:

A) Пневмонит

B)+Идиопатиялық өкпе фиброзы

C) Гемосидероз

D) СПИД

E) Интерстициальды пневмония


30. 30 жас. науқаста дене салмағын жоғалтуы, шаршағыштығы, субфибрильдi дене қызуы, түйiндердiң бүкiл денеге жайылуы белгiленген. Кеуде торы агзаларының рентгенологиялық зерттеуде билатеральдық аденопатия.

Сіздің диагнозыңыз:

A) Ходжкин ауруы

B) Бастапқы туберкулез

C) +Саркоидоз

D) Капоши саркомасы

E) Мезотелиома 
31. Науқас 3., 34 жаста, тұмаумен ауырған. Дене қызуы 39°C, катаралды өзгерістер. Кейін кардиалгия, ентікпе, аяғының ісінуі косылған. Объективті: жүрек тондарының бәсеңдеуі, жүрек ұшында систолалық шуыл, бауыры улғайған. Қанда: лейк-4,5мың, ЭТЖ 22 мм/сағ. СРБ(+). Рентгенде: сол қарыншаның үлғаюы. ЭКГ: Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы, сол карыншаның алдыңғы жарғақты бөлігінде ошақты өзгеріс. Сіздің диагнозыңыз.

A) Ревмокардит

B) Миокардиодистрофия

C) Гипертрофиялық кардиомиопатия


D) Ревматикалық емес миокардит

E) +Идиопатиялық миокардит


32. Сол жақ қарынша аневризмасының ЭКГ көрінісі:

A)+ «Тұрақталған» ЭКГ

B) «Мұздатылған» ЭКГ

C) «Суыған» ЭКГ

D) «Ұйқтаған» ЭКГ

D) «Тұрған» ЭКГ


33. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің 1 сатысы:

A) +Жасырын жүрек жеткіліксіздігі

B) Физикалық күштемеде симптомдарының пайда болуы

C) Гемодинамиканың ауыр бұзылысы

D) Физикалық күштеменің аздап тежелуі

E) Жәй физикалық күштеме жүрек жеткіліксіздік көрінісін шақырмайды


34. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің 1 сатысы:

A) +Миокард инфаркті

B) Гипертониялық криз

C) Миокардтың ошақты дистрофиясы


D) Үдемелі стенокардия 
E) Күштемелі стенокардия ФК III 
35. Науқас Т., 44 жаста, маскүнем. Ентікпеге, жүрегінің қатты соғуына, ісінуге шағымданады. Объективті: өкпесінде қүрғақ сырылдар, жүрек солға үлкейген, тоңдары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалақ шуыл. ЭКГ: АВ түйінінің өткізгіштігінің бәсеңдеуі, сол қарыншаның гипертрофиясы, SТ төмендеген. ІІ, III, V4, V6 тіркемелерінде Т(-). ФКГ жүрек үшында бірінші тон амплитудасының төмендеуі, төртінші тон тіркелген, төмен амплитудалы систолалық шуыл. ЭхоКГ: сол қарыншаның кеңеюі, жиырылу қызметінің төмендеуі. Сіздің диагнозыңыз:

A) Гипертрофиялық кардиомиопатия

B) Ревматикалық емес миокардит

C) +Алкогольды миокардиодистрофия

D) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК 3

E) АГ 3-дәрежесі, қауіп-2


36. Науқас А., 34 жаста, бас ауруына, құлақтағы шуына, көрудің төмендеуіне шағымданады. Соңғы бес жылда АҚ жоғарлауын, жиі криз болуын байқаған. Объективті: тері жамылғысының гиперемиясы, жүрек тондары бэсеңдеген, ЖЖЖ 78мин., АҚ 230/120 мм с.б.б. ЭКГ: сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы. Көз түбін зерттегенде артериялары тарылған, қан құйылу ошақтары, ретинопатия. Зэр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1018, лейк-1-2, эрит-1-2 к/а. Сіздің диагнозыңыз:

A) АГ 1 -ші дәреже

B) АГ 2-ші дэреже

C) Созылмалы пиелонефрит өршуі, симптоматикалык гипертензия


D)+ АГ 3-ші дәреже

E) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық формасы


37. Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды?

A)+ Атровент

B) Астмопент

C) Дитек 


D) Теофиллин

E) Сальбутамол


38. 47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


написать администратору сайта