Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
Келтірілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) изониазид 2) ровамицин 3) метотрексат 4) +преднизолон 5) ампициллин 99. 74 жастағы әйел, жедел басталған тыныстың қиындауына шағымданады. Жүрек ауруы және эмфиземамен ауырады. Түнде айқын ентігу, қызғылт түсті қақырық бөлінетін жөтелден оянды. Қарап тексергенде: ТЖ - 36 рет мин., АҚҚ 200/110 мм.с.б.б., пульс 110 рет минутына. Дене қызуы 38ºС. Өкпенің төменгі бөліктерінің екі жағынан да ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аускультациясында бөдене ырғағы, тахикардия анықталады. Науқаста рентген көрінісінің қандай болуы БАРЫНША мүмкін: 1) екі жақты плевральді сұйықтық 2) «қарлы боран» типті көптеген майда ошақтар 3) төменгі аймақтарда екі жақты интенсивті инфильтрация 4) сол жүрекше көлеңкесінің ұлғаюы және плевральді синустардағы сұйықтық 5) +жүрек көлеңкесінің ұлғаюы және альвеолярлы суреттің екі жақты күшеюі 100. Созылмалы өкпелік жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы БАРЫНША мүмкін: 1) сол қарыншаның дилятациясы 2) оң қарыншаның дилятациясы 3) сол қарыншаның гипертрофиясы 4) оң қарыншаның гипертрофиясы 5) +оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы 101. ӨСОА-мен ауыратын науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі болуы БАрынша мүмкін: 1) тыныс жолдарының обструкциясы 2) бронхиальді ағаштың деформациясы 3) жүректің минуттық көлемінің азаюы 4) +өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы 5) бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі 102. Тромбофилиямен ауыратын әйелде, тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үнінің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте қосқан жөн: 1) антибиотиктерді 2) бета-блокаторларды 3) антикоагулянттарды 4) +кортикостероидтарды 5) АПФ ингибиторларын 103. Кәсіптік канцерогендерге жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) +асбест 2) бензин 3) қорғасын 4) кремний 5) марганец 104. 12 жыл бойы көмір шахтасында жұмыс істеген 50 жастағы науқас, жұмысынан антракосиликоз анықталуына байланысыт шеттетілді. 5 жылдан кейін науқаста әлсіздік, жөтел күшейіп, жүдеп, әсіресе түнгі уақытта мазалайтын тершеңдік, субфебрилитет пайда болды. Аускультацияда қатаң тыныс, екі жақтан да құрғақ және ылғалды сырылдар. ЭТЖ -27мм/сағ. Өкпенің қандай дертінің қосылуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмонияның 2) +өкпе туберкулезінің 3) созылмалы бронхиттің 4) өкпенің орталық рагының 5) бронхоэктаздық аурудың 105. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) диуретиктерді 2) +муколитиктерді 3) бета- блокаторларды 4) антибиотиктерді 5) ұзартылған әсерлі нитраттарды 106. Тыныс жеткіліксізді бар және пневмокониозбен ауыратын науқастың кіші қан айналымындағы қысымын төмендету үшін тағайындалатын БАРЫНША тиімді дәрі: 1) +изокет 2) лазолван 3) дигоксин 4) варфарин 5) верошпирон 107. Муковисцидозбен ауыратын науқасқа тұрақты қолдануға БАРЫНША тиімді: 1) +креон 2) фестал 3) урсосан 4) лактулоза 5) хилак форте 108. Қандай туа пайда болған өкпе дертінде үдемелі өкпе эмфиземасының дамуы БАРЫНША мүмкін? 1) саркоидозда 2) муковисцидозда 3) гамартохондромада 4) бронх демікпесінде 5)+ a1-антитрипсин жеткіліксіздігінде 109. 48 жастағы әйел, құрғақ жөтелге, ентігуге, буындардағы және бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, тершеңдік, әлсіздік, дене температурасының 37,8° С көтерілуі. 3 ай бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті: кеуде қуысының алдыңғы бетінде түйінді эритема, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегамия. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғырылаған, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы. Квейм тесті оң мәнді. Рентгенограммада көптеген әр түрлі формадағы және мөлшердегі ошақтар, бір-бірімен қосылып дұрыс емес формадағы түзілген ірі конгломераттар анықталады. Компьютерлік томографияда: кеуделік лимфа түйіндердің ұлғаюы. Диагнозды дәлелдеу үшін келтірілген әдістердің қайсысы БАРЫНША тиімді? 1) +өкпенің трансбронхиальді биопсиясы 2) магнитті-резонансты томография 3) бронхография 4) спирография 5) ангиография 110. 68 жастағы ер адамда гормонғатәуелді бронхиальды демікпе. Тыныс шығарудың жоғары жылдамдығы қалыпты жағдайдан 65-85 % аралығында өзгереді. Жүргізілген базистік терапияға қайсысын қосу БАРЫНША тиімді? 1) кетотифен 2) теофиллин 3) +флютиказон 4) преднизолон 5) кромогликат натрия 111. 17 жасар студент С. дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуіне, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, суықта қол және аяқ ұштарының қатты ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Физикалық тексергенде қатқыл тыныс естіледі, сырыл жоқ.ИФА кезінде «атипиялық» қоздырғыш анықталды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) метрид 100, 0 т/і 3 күнде 1 рет 2) гентамицин 80 мг/тәлігіне т/і 10 күн 3) амоксиклав 625 мг 2 рет 10 күн 4) цефтриаксон 2,0 т/і 2 рет 14 күн 5) +азитромицин 0,5 г 3 күн 112. 18 жастағы ер бала 2 жыл бойы кілегейлі қиын бөлінетін қақырықты жөтел, тыныс шығарудың қиындауы мен ентігу мазалайды. Бала кезінде поллинозбен ауырған, аспирин, жұмыртқаның ақуызы және шоколадқа аллергиясы бар. Қан анализінде– эозинофилдер - 7%. Спирография –Тиффно индексі - 55%. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) өкпе туберкулезі 2) +бронхиальды демікпе 3) ауруханадан тыс пневмония 4) бронхоэктаз ауруы 5) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 112. 48 жастағы әйел, 20 жыл бойы бронхиальды демікпемен ауырған. Терапия бөлімшесіне тұншығу ұстамасымен келіп түсті. Сальбутамол, эуфиллин көмек бермеген. 1 апта бойы ұйқысы бұзылған соң ұйықтатын препараттар қабылдаған. Об-ті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды; тынысы беткей, жиі; аускультативті - «мылқауз» өкпе; аритмия, АҚҚ - 90/50 мм с.б.б. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) жедел бронхит 2) ауруханадан тыс пневмония 3) бронхоэктаз ауруы, өршуі 4) +бронхиальды демікпе, астматикалық статус 5) өкпенің обструктивті ауруы, өршуі 113. 35 жастағы ер адам, гормонға тәуелді бронхиальды демікпемен 8 жылдан бері ауырады. Соңғы кездері АҚҚ 160/90 мм с.б.б. дейін жоғарылайтынын анықтады және қандағы қанттың деңгейі бір рет көбейген. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) инталдың ингаляциясын қосу 2) эуфиллинді қосу 3) преднизолонның дозасын азайту 4) антигипертензивті және қантты төмендететін препараттарды қосу 5) +преднизолонның дозасын біртіндеп азайтып, фликсотидті қосу 114. Көп жылдардан бері бронхиальды демікпемен ауыратын 58 жастағы ер адамды соңғы кезде жүректің шалыс соғуы, ентігуі мазалайды. Қарағанда, созылмалы жүрек шамасыздығының IIБ, 3 ФК белгілері анықталды. ЭКГ-де -жыбыр аритмиясы. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді? 1) атенолол 25 мг күніне 2) фуросемид 40 мг күніне 3) верошпирон 25 мг күніне 4) +дигоксин 0, 025 мг күніне 5) изоптин 20 мг 3 рет күніне 115. Созылмалы бронхиттің өршу сатысы мен өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төмендегі тәсілдердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) +спирография 2) торакоскопия 3) диагностикалық бронхоскопия 4) кеуде ағзаларының рентгенографиясы 5) кеуде ағзаларының компьютерлік томографиясы 116. Ауруханадан тыс пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышына жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) легионелла 2)+ пневмококк 3) стафилококк 4) гемофильді таяқша 5) көк іріңді таяқша 117. Дәрігерге 53 жастағы ер адам, тыныс шығарудың қиындауы мен ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдар бір жыл бойы мазалайды. Анамнезінде: 20 жыл бойы темекі шеккен. Объективті: ернінде аздаған цианоз, кеудесі бөшке тәрізді. Өкпесінде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпе кеңістігінің мөлдірлігі жоғары, қабырға аралықтары кеңейген, қабырғалары горизантальды, түбір маңы суреті күшейген. Төмендегі көрсетілген препараттардың қайсысы базисті терапия жүргізуге БАРЫНША тиімді? 1) теотардты 2) бромгексинді 3) ацилцистеинді 4) ципрофлоксацинді 5) +тиотропия бромидті 118. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитті анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) фибробронхоскопияны 2) өкпенің рентгенографиясын 3) кеуде қуысының томографиясын 4) +өкпенің ашық биопсиясын 5) галлиймен 67 өкпе сцинтиграфиясын 119. Жайылмалы саркоидозда тағайындалатын БАРЫНША тиімді терапия: 1) дренаждық 2) муколитикалық 3) антибактериальдық 4) +глюкокортикоидтық 5) бронхдилатирлеуші 120. Саркоидтық гранулемаларда анықталатын БАРЫНША мүмкін жасушалар: 1) бокал тәрізді 2) кірпікті 3) ксантомдық 4)+ алыптық 5) шаңдық 121. 43 - жастағы әйел дене қызуының 38,5˚С-қа жоғарылауына, тізе және шынтақ буындарындағы ауырсынуға; үдемелі ентігуге шағымданады. Қараған кезде түйінді эритема анықталды. Рентгенограммада өкпенің әдеттегі мөлдірлігі фонында екі жағындада түбір маңының лимфа түйіндері элипс түрінде үлкейген. Жүргізілген антибактериальды терапия нәтиже бермеді. Төменде келтірілген диагноздың қайсысы БАРЫНША мүмкін? 1) +саркоидоз 2) туберкулез 3) актиномикоз 4) альвеококкоз 5) пневмокониоз 122. 39 - жастағы әйел әлсіздікке, шаршағыштыққа, құрғақ жөтелге, аралас сипатты ентігуге, буындардағы ауырсынуға, көзінің көруінің нашарлауына шағымданады. Қараған кезде кеуде қуысы шекаралары кеңейген, тынысы күшейген, бірен-саран құрғақ сырылдар, гепатоспленомегалия. Диагнозды анықтау үшін төмендегі зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) бодиплетизмографияны 2) буындардың рентгенографиясы 3) өкпенің торакоскопиялық биопсиясын 4) +кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясын 5) сыртқы тыныс қызметін 123. 37 - жастағы әйел салмақ жоғалтуы, тез шаршағыштық, субфебрильді қызба, ентігу, буындардағы ауырсынуға шағымданады. Зерттеу жүргізгенде увеит және денесінде түйінді эритема тәрізді түйіндер анықталды. Рентгенологиялық зерттеуде билатеральды қақпалық аденопатия анықталды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1)+ саркоидоз 2) кокцидиомикоз 3) Капоши саркомасы 4) Ходжкин ауруы 5) біріншілік туберкулез 124. 30 жастағы әйелде түйінді эритема дамып, өз бетінше жазылған. Кеуденің шолу рентгенограммасында сол өкпенің төменгі бөлігінде белгісіз инфильтрация анықталды. Қақырықтың бактериологиялық зерттеуінде, асқорыту жүйесінде, бронхоальвеолярлық лаваждық себіндіні зерттегенде, туберкулинді терілік сынамада туберкулез дәлелденбеді. Компьютерлік томографияда сол өкпенің төменгі бөлігінде фиброздың белгісі жоқ паренхималық түйіндер және кеуде қуысының лимфа түйіндері үлкейгені анықталды. Төмендегі көрсетілге тәсілдердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) метотрексат 10 мг аптасына 2) бақылау, симптоматикалық терапия 3) төсектік режим, күнге қыздырынбау 4) делагил 0,25 х 2 рет күніне 1-ай бойы 5) +преднизолон 30 мг тәулігіне 2 ай бойы 125. 42- жастағы әйел жарты жыл бойы ентігу, сирек құрғақ жөтел, буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: мойын және қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген, қозғалмалы, диаметрі 0,5-тен 2 см дейінгі көптеген тері астылық түйіндер анықталады. Өкпесінде қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар, гепатоспленомегалия анықталды. Рентгенде: өкпеде фиброзды өзгерістер. Лимфатүйіндердің гистологиясы: казеозды некрозсыз фиброзды тін аймағында эпителиоидты алып клеткалық гранулемалармен көптеген инфильтраттар және шеткі инфильтраттармен байланысқан көп ядролы алып клеткалар анықталды. Емге төмендегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді? 1) гептрал 800 мг в/і, 10күн 2) ванкомицин 2 г в/і, 4-6 апта 3) левофлоксацин 500 мг ішке, 10 күн 4) метотрексат 10 мг аптасына, ұзақ 5) +метилпреднизолон 24 мг 1 ай бойы 126. Плевраның үйкеліс шуына төмендегі сипаттамалардың қайсысы БАРЫНША тән? 1) жөтелден кейін әлсірейді 2) жөтелден кейін өзгермейді 3) жиі тыныс шығарғанда естіледі 4) тыныс шығаруыдың биік шыңында естіледі 5) +тыныс алуда және тыныс шығаруда естіледі 127. Салыстырмалы тығыздығы > 1,018; рН < 7,3; белок > 30г/л; оң мәнді Ривальт сынамасы; глюкоза < 3,3 ммоль/л плевра сұйықтығының анализі төмендегілердің қайсысына БАРЫНША тән: 1) +экссудатқа 2) пиотораксқа 3) транссудатқа 4) гемотораксқа 5) хилотораксқа 128. Төменде көрсетілген іріңді аурулардың қайсысы өкпенің жедел деструкциясының көп тараған формасы БАРЫНША тән? 1) бронхит 2) +абсцесс 3) плеврит 4) пневмония 5) бронхоэктатикалық ауру 129. 35 жастағы ер адам, көп мөлшердегі иісі сасық кейде «аузы толатын» қақырықты жөтелге, тез ашуланшақтық, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Бала кезінен бастап бронхиттің өршуімен жиі ауырады. Қараған кезде: саусақтары «барабан таяқшасы», тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді. Рентгенограммада сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күшейген өкпе суреті фонында ұя сияқты өзгеріс анықталады. Кеуде қуысы ағзалары солға ығысқан. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) пневмония 2) өкпе абсцессі 3) өкпе туберкулезі 4) +бронхоэктаз ауруы 5) өкпенің созылмалы обструктивті аурулары 130. Бала кезінен тәулігіне 100 мл-дей іріңді- кілегейлі қақырықпен жиі жөтел мазалаған ер адамға төмендегі зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? 1) +бронхографияны 2) пикфлоуметрияны 3) өкпе томографиясын 4) фибробронхоскопияны 5) кеуденің рентгенографиясын 131. 39 - жастағы пневмониямен ауыратын ер адам, ентігу, кеудесінің оң жақ бөлігінде ауыру сезімі пайда болғанына шағымданады. Объективті: оң жақ VIII қабырғадан төмен тыныс естілмейді. Плевра сұйқтығында алтын сары стафилококк анықталды. Төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) қосымша антибиотикті 2) +антибиотикті плевра қуысына енгізу 3) туберкулезге қарсы преапарттарды 4) пероральды глюкокортикостероидтарды 5) қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды 132. Пневмонияға байланысты антибактериалды препараттарды қабылдап жүрген, ұзақ уақыттан бері қант диабетімен және ЖИА-мен ауыратын 50 жастағы ер адам кеудесінде пайда болған күшті ауырсыну сезімі мен ентігуге шағымданады. Қараған кезде жағдайы ауыр, диффузды цианоз, ЖСЖ - 120 мин., АҚҚ – 80/40 мм с.б. Кеуде торшасының оң жағында тыныс естілмейді, жоғары бөлігінде тимпанит, төменгі бөлігінде тұйық дыбыс анықталады. ЭКГ-де реполяризация үрдісінің бұзылыстары анықталады. Осы жағдайда төмендегі диагностикалық зерттеу әдістердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) спирографияны 2) бронхоскопияны 3) велоэргометрияны 4) эхокардиографияны 5) +кеуде ағзаларының рентгеноскопиясын 133. Ауруханадан тыс пневмонияға байланысты ем қабылдап жатқан 24 жастағы ер адам, аздаған физикалық жүктемеге ентігу, жүрек соғу, әлсіздікке шағымданады. Объективті: оң өкпенің төменгі бөлігінде бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің салыстырмалы шекаралары солға 1см-ге ығысқан. Жүрек ұшы түрткісі әлсіреген. Жүрек үндері анық емес, ЖСЖ - 100 мин. Төмен вольтажды ЭКГ, атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі. ЭХОКГ: ШФ - 49%, КДР СҚ - 6,0. Көрсетілген препараттаррдың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? 1) гепаринді 2) кардикетті 3) кордаронды 4)+ нимесулидті 5) преднизолонды 134. Сегментарлық бронхтардың және оның тармақтары сіңірлерінің гипоплазиясынан дамыған Вильямс–Кемпбелл синдромында тыныс алу мен тыныс шығару кезіндегі бронхтардың өзгерістерін қандай әдіс БАРЫНША сенімді анықтайды? 1) спирография 2) бронхоскопия 3) пикфлоуметрия 4) +кинобронхография 5) перфузиялық сцинтиграфия 135. 24 - жастағы әйел, бала кезінен кілегейлі қақырықты, еңкейгенде күшейетін тұрақты жөтел мазалайды. Объективті тыныс алғанда кеуденің сол жағы қалыңқы, перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхографияда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан «жүзімнің шашағы» тәрізді кистозды бронхоэктаздар анықталған. |