Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
Қарағанда: дене бітімі астеникалық, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпесінде іркілмелі сырылдар, жүрек ұшында иррадияциясыз диастолалық шу, жыбыр аритмиясы естіледі. Митральді саңылаудың алаңы – 1,2 см2, айқын өкпелік гипертензия . Науқасқа қандай ем БАРЫНША мүмкін көрсетілген? A) Инотропты қолдау B) Дезагрегантты заттар C) Антиаритмиялық терапия D) Антикоагулянтты дәрілер E) +Ақаудың хирургиялық коррекциясы 31. 58 жастағы әйел жатқанда күшейетін инспираторлы ентігу ұстамаларымен ауруханаға жатты. Өкпесінде өте көп ылғалды сырылдар. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия, өкпе артериясында II тонның акценті. Анамнезінде: артериальды гипертензия, қант диабеті. ЭКГде: QS және SТV2-V6 элевациясы, қарыншалық экстрасистолалар. Қандай терапияны БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындаған дұрыс? A) Антиаритмиялық B) +Тромболитикалық C) Антиагреганттық D) Оксигенотерапияны E) Метаболикалық 32. Артериальды гипертониямен ауыратын 49 жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктісін алғанан кейін ырғақ бұзылысы экстрасистолиялар пайда болды. Осы науқасты емдеуге БАРЫНША тиімді дәрілік топты таңдаңыз? A) Нитраттар B) Диуретиктер C) +Бетта – блокаторлар D) ААФ ингибиторлары E) Жүрек гликозидтері 33. 76 жастағы ер адамға жедел кардиологияға түскенде жедел коронарлық синдром диагнозы қойылды. Коронароангиографиялық зерттеуде сол жақ коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының аздаған гемодинамикалық стенозы анықталды. Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді? A) Бақылау B) Стенттеу C) +Консервативті терапия D) Аорто-коронарлы шунттау E) Маммарлы-коронарлы шунттау 34. 72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған. Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты? A) Жүректік натрийуретикалық пептидті B) С-реактивті белокты C) Трансаминазаны D) Гомоцистеинді E) +Тропонин I ді 35. 57 жастағы ер адамда алдынғы жайылған миокард инфаркт белгілері, ЭКГда үш апта бойы сақталған ST сегментінің жоғарылауы және парадоксальді прекардиальді пульсация анықталды. БАРЫНША мүмкін асқынуды атаңыз? A) Тромбоэндокардит B) Инфарктан кейінгі синдромы C) Миокард инфарктің рецидиві D) +Сол қарыншаның аневризмасы E) Қарынша аралық перденің жыртылуы 36. 72 жастағы әйел 30 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Зәр анализінде үнемі протеинурия анықталады. Гипертониялық нефросклерозды нақтылауға ақпаратты биохимиялық көрсеткіш БАРЫНША мүмкін болады: A) Мочевина B) +Креатинин C) Электролиттер D) Жалпы белок E) Зәр қышқылы 37. 47 жастағы әйел жүрек астма ұстамасы, жүрек қағу, айқын жалпы әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түсті. Қарағанда: өкпесінде іркілмелі сырылдар, кардиомегалия, аяқтарында ісінулер. Эхокардиогрфиялық зерттеуде миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі анықталды. Осы жағдайда көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? A) Изоптинді B) +Дигоксинді C) Атенололды D) Гипотиазидті E) Престариумды 38. 61 жастағы ер адам физикалық күштеме кезінде мазалайтын жүрек тұсындағы басып ауыру сезіміне, басында шуға, бас ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: толық, ірі буындарының аймағында көптеген ксантомалар, қабақ терісінде ксантелазмалар; мүйізді қабықта сенильді шеңбер. Қанда холестерин 7,2 ммоль/л, ТТЛП холестерин 3,4 ммоль/л. Науқаста көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысының өзгерісін күтуге болады? А) Триглицеридтердің төмендеуін B) Хиломикрондардың жоғарылауын C) Төмен тығыздықты липопротеидтердің төмендеуін D)+Төмен тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын E) Жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын 39. 48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтар ұштарының терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде көрсетілген қандай өзгерістердің анықталуы БАРЫНША мүмкін? а) +Вегетациялар В) Аортаның атеросклерозы С) Қуыстардың кеңеюі D) Жүрек қақпақшаларының тығыздануы Е) Қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы 40. Біріншілік өкпелік гипертензиямен ауыратын науқастарға хирургиялық емдеу әдісі мына жағдайда көрсетілген A) III ФК B) IV ФК C) I және II ФК D) Барлық науқастарға E) +Дәрілерге рефрактерлікте 41. 16 жастағы жігіт мезгіл - мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты. Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты? а) Вентрикулография B) Өңеш арқылы эхокардиография C) +ЭКГ Холтерлік мониторлау D) Жүректің өңеш арқылы электростимуляция E) Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу 42. Диллатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болуы БАРЫНША мүмкін: A) ЭКГ B)+ ЭхоКГ C) Сцинтиграфия D) Коронароангиография E) Позитронды-эмиссионнды томография 43. 49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A)+ Инфекциялық эндокардит B) Инфаркттан кейінгі синдром C) Перикардит D) Плеврит E) Сепсис 44. 59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сб.бб. Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет? A) Но-шпаны B) Дофаминді C) Папаверинді D) Преднизолонды E) +Нитропруссидті 45. 25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы B) Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі C) Митральді қақпақшаның жетімсіздігі D) Өкпе артериясы саңылауының тарылуы E) +Аорта саңылауның тарылуы 46. 25 жастағы әйел суықтағаннан кейін аз мөлшерлі қиын бөлінетін кілегейлі- ірінді қақырықты жөтелге, делсалдыққа шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,5°С жоғарылайды. Сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бронхофонияның күшеюі анықталды. Аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциттер- 9х109/л., ЭТЖ- 25 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында төменде көрсетілген өзгерістерінің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін? А) Сол жақ өкпе суретінің күшеюі B) Өкпе түбірлерінің кеңеюі, структурасының жоғалуы C) Сол өкпенің төменгі алаңының интенсивті қараюы D) +Сол өкпенің төменгі алаңында орналасқан ошақты инфильтративті көлеңкелер E) Оң жақ костодиафрагмальды синустың 7 қабырғасына дейін тегістелуі 47. 18 жастағы ер кісіде екі күн бұрын кенеттен қалтырау, қызудың 39°С дейін көтерілуі, құрғақ жөтел басталды. Об-ті: оң беті қызарып тұр, кеуденің оң жағы дем алғанда қалынқы. Оң жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Тыңдағанда- жауырын арасында бронхттық тыныс, оң жауырын астында крепитация анықталады. Жүрек шекаралары өзгермеген, I тон бәсеңдеген, тахикардия. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді: А) Гентамицин B) Эритромицин C) Линкомицин D)+ Цефтриаскон E) Доксициклин 48. 16 жастағы қыз 5 күн бойы ұстамалы жөтелге, мұрыннан сұйықтықтың бөлінуіне, түшкіруге шағымданады. 5-ші күніне ауруханаға жатқызылып, пенициллин тағайындалған. 3 күннен соң жағдайы нашарланып, ентігу мен жөтел күшейген. Об-ті: дене t-36,6 °С, дистантты сырылдар, дем шығаруы ұзарған, ысқырықты сырылдыр. Спирографияда: ФТК1=65%; PEF 50=55%; FEF75=45%; Сальбутамол сынамадан соң көрсеткіштері қалпына келді. Диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін ?: А) ЖРВИ, обструктивті бронхит B) Жедел аллергиялық альвеолит C) Аллергиялық бронх демікпесі, жеңіл ағымы D) +Аллергиялық бронх демікпесі, орта ауырлықта E) Астмалық компонентімен өтетін ошақты пневмония 49. 32 жастағы ер кісі аптасына 2-3 рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Аптасына 2-3 рет түнде ентігуден оянады. Спирографияда: FEV1=70%; PEF50=60%; FEF75=55%; сальбутамолмен сынама өткізгеннен соң барлық көрсеткіштер қалпына келді. Көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?: А) Кромогликат натрия B) Триамцинолон C) Преднизолон D) +Будесонид E) Эуфиллин 50. 30 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін ауыр экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті ( соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған). Жағдайы ауыр, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі. Парентеральді тағайындалған сальметеролға қосу БАРЫНША тиімді? А) Натрий кромогликатты B) Гидрокортизонды C) +Преднизолонды D) Будесонидті E) Эуфиллинді 51. 45 жастағы ер кісіде спирографиялық зерттеу жүргізгенде келесі көрсеткіштер анықталды: ӨТС– 38%, ФТШҚ- 28%, Тиффно индексі ФТШҚ/ӨТС- 58%, ӨМВ (МВЛ)-29%, ТМК (МОД) –73%, ТЖ-24 мин Төменде көрсетілген сыртқы тыныс алу қызметінің қандай бұзылыстар түрі БАРЫНША мүмкін науқаста анықталады? А) Обструктивті 2 дәреже B) Обструктивті 3 дәреже C) Рестриктивті 2 дәреже D) Рестриктивті 3 дәреже E) +Аралас 3 дәреже 52. 62 жастағы ер кісіде көп мөлшерлі шырышты-ірінді қақырықты жөтел, шамалы ентігеді.Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының акроцианозы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеуде қимылдары шектелген, балтырлары пастозды.Жүрек соққысы пальпацияланады.Семсер тәрізді өсіндігінің негізінде систолалық шу. Өкпесінде әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашырынқы құрғақ сырылдар. Эхокардиограммада қандай өзгеріс БАРЫНША болу мүмкін? А) Сол қарынша гипертрофиясы және аортальді жетіспеушілік B) Сол қарынша гипертрофиясы және митральді жетіспеушілік C) Оң қарынша артқы қабырғасының гиперкинезиясы D) +Оң қарыншаның гипертрофия және дилятациясы E) Сол қарыншаның гипертрофия және дилятациясы 53. 64 жастағы ер адам көп мөлшерлі шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, аздаған ентігуге, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Анамнезінде – жиі ЖРВА. Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, қол уштары –суық, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді өзгерген, балтырлары ісінген. Аускультативті - әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашыраған құрғақ сырылдар. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болу мүмкін? А) Созылмалы обструктивті емес бронхит B) Бронх демікпесі, ауыр ағым C) ӨСОА, эмфизематозды тип D) +ӨСОА, бронхиттік тип E) Өкпе туберкулезі 54. 52 жастағы ер кісіні 3 ай ішінде біртіндеп күшеетін ентігу, ылғалды жөтел, субфебрилды дене қызыу мазалайды. Тыңдағанда-әлсіреген везикулалық тыныс, екі өкпенің төменгі бөліктерінде «целлофан шытыры» тәрізді крепитация. Спирография: ӨТС–55%, ФТШК1(ОФВ1)-60%, Тиффно индексі ӨТС/ ФТШК1 (ОФВ1/ЖЕЛ)–110%, ӨМВ (МВЛ)-35%. Өкпе Р-граммасында- фиброзды компонентіне байланысты өкпе суретінің күшеюі. Өкпе КТ-сында көруге болатынын БАРЫНША мүмкін белгілер: А) Өкпе түбірлерінің лимфа түйіндерінің тығыздануы мен ұлғаюі B) Екі өкпенің төменгі бөліктерінің айқын инфильтрациясы C) Өкпе ұштарында инфильтративті көленкелер D)+ Ұялы өкпе және «бұлыңғыр әйнек» симптомы E) Шашырынқы ошақты көленкелер 55. 27 жастағы әйелде жедел ауырды, 38°С-дейін қызба, кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, делсалдық. 1 аптадан соң кеуденің оң жақ ауырсынуы қосылып тыныс алуы қиындады. Об-ті: кеуденің оң жағы тыныс алғанда қалыңқы, перкуторлық дыбыс тұйықталған, жауырын асты мен оң жақ бүйірінде тынысы әлсіреген. ТЖ – 28/мин. ЖЖЖ – 86/мин . Р-графия: оң жақ төменгі бөлігінде интенсивті қараю, костодиафрагмальды синустың тегістелуі. Плевра сұйықтығы қандай болуы мүмкін? А) Мөлдір, Ривальт пробасы теріс B) Бұлыңғыр, лимфоцитарлы цитоз C) +Бұлыңғыр, нейтрофильды цитоз D) Бұлыңғыр, хилезды E) Геморрагиялық 56. Жасы 59-дағы ер кісі 4 апта бойы ауырады. Соңғы аптада жағдайы кенеттен нашарлап, қызуы 40 ºС дейін жоғарылаған, тәулігіне 100 мл-дей ірінді қақырықты жөтел, тыныштықта ентігу. R-граммада: сол өкпенің ортанғы бөлігінің түбірінде орналасқан интенсивті инфильтрациялық және деструкциялық ошақтар. Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін? А) Плевра эмпиемасы B) Асқынған плеврит C) Сол өкпенің абсцессі D) +Сол өкпенің гангренасы E) Сол өкпенің ателектазы 57. Орта дәрежелі бронх демікпесі диагнозы қойылған ер адам тәулігіне 400 мкг беклометазон дипропионат пен сальметерол қабылдайды. Соңғы 2 апта түнгі ұстамалар мазаламайды. Физикалық күштемеден кейін ентігудің 2 эпизоды болған. Пикфлоуметрияның тәуліктік айырмашылықтары 450-500 мл. Емді жалғастыру үшін төмендегі тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді? А) +Беклометазон дипропионаттың дозасын тәулігіне 300 мг-дейін азайту B) Сальметеролды теофиллиннің ұзақ әсерлі түріне ауыстыру C) Беклометазон дипропионатты тайледке аустыру D) Сальметеролдың тәуліктік дозасын кеміту E) Сальметерол орнына беродуал тағайындау 58. 50 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін айқын экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті (соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған-нәтижесіз). 5 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдап жүрген. Об-ті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық еттері тыныс алуға қатысады, дистантты құрғақ сырылдар естіледі. Тағайындалған парентеральды сальметеролға қандай метилпреднизолон дозасын тағайындаған тиімді? А) 10 мг B) 20 мг C) 30 мг D) +120 мг E) 500 мг 59. 54 жастағы ер кісіде ентігу, аз мөлшерлі қақырықты ұстамалы жөтел.Об-ті: тері жамылғысы құрғақ, көгілді-сұр түсті бозғылт, қолдары жылы, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді, кеудесі «бөшке тәрізді». Визуальды эпигастральды пульсация байқалады және жүрек соққысы пальпацияланады. Боткина-Эрб нүктесінде және семсер тәрізді өсінді негізінде I тонның әлсіреуі. Электрокардиограммада БАРЫНША қандай өзгерістер болуы мүмкін? А) Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы B) Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы C) +Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы D) Гис будасы сол жақ аяқшасының блокадасы E) Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы 60. 48 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеден кейінгі пайда болатын экспираторлы ентігуге, аз мөлшерлі қақырықты ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. 30 жыл бойы темекі шеккен. Об-ті: терісі құрғақ, көкшіл-бозғылт түстес, қолдары жылы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеудесі «бөшке тәрізді». Перкуторлы «қораптық» дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығаруы қысқарған, аздаған құрғақ сырылдар. БАРЫНША мүмкін болатын диагноз: А) Бронх демікпесі B) Фиброздаушы альвеолит C) ӨСОА, бронхиттік тип D)+ӨСОА, эмфизематозды тип E) Созылмалы обструктивті емес бронхит 61. Біртіндеп күшейетін ентігу, өкпенің екі жақты өзгерістері, рентгенограммада диссеминирленген тор тәрізді зақымданулар, КТ-да «бұлыңғыр әйнек» тәрізді өзгеріс, сыртқы тыныс функциясының өзгеруінің рестриктивті түрі қандай патологияға БАРЫНША тән? А) Пневмокониозға B) Өкпе саркоидозына C)+ Идиопатиялық альвеолитке D) Интерстициальды пневмонияға E) Өкпенің милиарлы туберкулезіне 62. 50 жастағы әйелде құрғақ жөтел, ентігу, кеудесінде ауру сезімі, субфебрилитет. 3 айда 5 кг жоғалтқан. Антибактериальді ем әсерсіз. Об-ті: балтырларында түйінді эритема, өкпеде – қатаң тыныс. Лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. СРБ +++. Квейм сынамасы – оң. КТ-графия: түбірі кеңейген, екі өкпеде симметриялы контуры айқын емес көптеген ошақты көлеңкелер, фиброз, кеуде аралық және өкпе түбірінің л/т ұлғаюы, кальцинозсыз. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болу мүмкін? |