Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
12/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ. Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді? A) Цитруллинге антиденелер B) Миоглобинге антиденелер C) Sm-антигенге антиденелер D) +Антинуклеярлы антиденелер E) Рибонуклеопротеинге антиденелер 69. 55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 160/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген. Көрсетілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді? A) Периндоприл B) Бисопролол C) Амлодипин D)+ Индапамид E) Лозартан 70. 34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Остеоартроз B) Бруцеллездік артрит C) Подагралық артрит D) +Ревматоидты артрит E) Ревматикалық артрит 71. 45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Пиелонефрит B)+ Бүйрек амилоидозы C) Гломерулонефрит D) Бүйрек гидронефрозы E) Миеломды ауру 72. Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША негізделген? А) Месалазин В) Метотрексат С) Преднизолон D) Инфликсимаб Е) +D-пеницилламин 73. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 39 жасар әйел, аздаған қан мен шырыш қоспаларымен, күніне 2-3 ретке дейін болатын диареяға шағымданып келді. Терісінде түйінді эритема. Қан талдауында: эритроциттер 3х109 /л, Hb 113 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Эндоскопияда: сол жақтық колит, контактты қан ағушылық, бірен-саран бір-бірімен қосылған эрозиялар анықталады. Төменде көрсетілген қандай дәріләрді тағайындау БАРЫНША негізделген? А) Ципрофлоксацин В) Инфликсимаб С) Циклоспорин D) Тетрациклин Е) +Месалазин 74. Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +Апластическая анемия В) В12 -дефицитная анемия С) Железодефицитная анемия D) Болезнь Маркиафавы-Микели Е) Болезнь Минковского-Шоффара 75. Бронхиальді демікпе кезінде гормонға тәуелділіктің дамуы қандай механизмге БАРЫНША тән? A) +Иммунды қабынудың өршуі B) Эндогенді кортиз деңгейінің жоғарлауы C) Эпителий жасушасының кортизолға сезімталдылығының жоғарлауы D) Жаңа этиологиялы бағалы аллергендердің қосылуы E) Кортикостероидтарға қабыну жасушылар сезімталдылығының төмендеуі 76. Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб. Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді? A)+ Спирометрия B) Пикфлоуметрия C) Рентгенография D) Қақырық анализі E) Томография 77. 18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +Қолқа коарктациясы B) Гиперальдостеронизм C) Түйінді периартериит D) Спецификалық аортоартериит E) Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі 78. Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б. Қандай дәрілік заттар БАРЫНША тиімді? A) Кальций антагонистері B) Тиазидті диуретиктер C) +Бета-адреноблокаторлар D) Ұзақ әсерлі нитраттар E) Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы 79. 54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған, оң жақтағы қуыста – кішкентай ойыс. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы. Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +Остеоартроз B) Реактивті артрит C) Бруцеллезді артрит D) Ревматоидты артрит E) Подагралық артрит 80. 36 жастағы жүргізуші ер адам, түннің екінші жартысында және таң ертен күшеетін омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігінде шамалы ауыру сезіміне, омыртқа қозғалысының шектелуі және таң ертелік қырусыларға шағымданып клиникаға түсті. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң. Рентгенограммада екі жақты сакроилит белгілері. ЭТЖ – 25 мм/с. Қандай дәріден емді бастау БАРЫНША тиімді? A) +Диклофенак B) Азатиоприн C) Метотрексат D) Преднизолон E) Аллопуринол 81. Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) Созылмалы гастрит В) Созылмалы дуоденит С) Асқазанның ойық жара ауруы D)+ Функциональді диспепсия Е) Диаграмманың өңеш тесігінің жарығы 82. 3 апта бұрын миокард инфарктін алып, үйде реабилитация өткен 69 жасар ер адамда кіндік жарығының қысылуы пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет, Артериальды қан қысымы – 140/90 мм.,с.б.б. Көрсетілген жүргізу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді? А) Қою және бандаж кию В) Жарықты үйде абайлап орнына салу С) Жарық тұсына мұзбен грелка қою D) +Хирургиялық аруханаға жатқызу Е) Емхана хирургын кеңеске шақыру 83. 56 жасар ер кісі. Тамақ қабылдаумен байланысссыз іштегі жағымсыз сезімдерге, жүдеуге, тамақтағы «қыңырлыққа», іш көлемінің үлкеюіне, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Оъбективті: тамақтануы төмен, іші жайылған, пальпация кезінде нақты локализациясыз ауру сезімі, төменгі-бүйір бөлімдерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Қан анализінде – эритроциттер 3,0х1012 г/л, гемоглобин 89 г/л, ЭТЖ – 65 мм/с Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Бауыр циррозы B) Бадд-Киари синдромы C) Спонтанды перитонит D) +Ішперденің канцероматозы E) Қақпа венасының тромбозы 84. 38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) өкпе рагінің 2) жедел бронхиттің 3) +ошақты пневмонияның 4 ) крупозды пневмонияның 5) өкпенің ошақты туберкулезінің 85. Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән: 1) хламидиялық 2) +легионеллездік 3) микоплазмалық 4) пневмококктық 5) стафилококктық 86. 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) +құрғақ плевриттің 2) плевра эмпиемасының 3) жедел пневмонияның 4) экссудативті плевриттің 5) бронхоэктаз ауруының 87. Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі БАРЫНША мүмкін: 1) бронх шырыштарының ісінуі 2) трахеобронхиальды дискинезия 3) +мукоцилиарлы жеткіліксіздігі 4) бронхтардың гиперпластикалық өзгерістері 5) майда бронхтардың экспираторлы коллапсы 88. 65 жасқа дейінгі созылмалы бронхитпен ауыратын, қосымша аурусыз, сирек өршитін (жылына 4 реттен сирек) аздаған бронхообструкциялы (ФТК1>50%) науқасқа көрсетілген дәрілердің барлығын тағайындаған барынша тиімді, мынадан БАСҚАСЫн: 1) левофлоксацинді 2) амоксициллинді 3) азитромицинді 4) +ванкомиицинді 5) цефуроксимді 89. 38 жастағы ер адамды, ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдаған. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы - 65%. Қандай базисті терапияны тағайындаған Барынша тиімді? 1) теотардты 2) атровентті 3) +будесонидті 4) сальметеролды 5) дексаметазонды 90. 67 жастағы инфарктан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистоласы бар ер адамда орташа ауырлықты бронх демікпесінің өршуі байқалады. Қандай базисті терапияны тағайындаған Барынша тиімді? 1) теотардты 2) атровентті 3) кетотифенді 4) +фликсатидті 5) сальметеролды 91. Экспираторлы ентікпе ұстамасын басуға төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған Барынша тиімді? 1) инталды 2) бекотидті 3) атровентті 4) кетотифенді 5) +сальбутамолды 92. 25 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам, жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі Барынша мәліметті? 1) бронхоскопия 2) пневмотахометрия 3) сальбутамолмен сынама 4) +физикалық күштемемен сынама 5) провокациялық ингаляциялық сынама 93. Бронхты астма емінің бірінші кезеңінде тағайындаған, Барынша тиімді: 1) преднизолонды 2) +сальбутамолды 3) монтелукасты 4) теофиллинді 5) будесонидті 94. ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) экспираторлық диспноэ 2) қақырықт бөлінетін жөтел 3) қорапты сипатты өкпелік дыбыс 4)+ жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция 5) құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі 95. 52 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, дене қызуының - 37,7 оС дейін жоғарылауына шағымданады. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтел мазалайды. Объективті: әлсіз везикулалық тыныс, дем шығару ұзарған, барлық өкпе алаңында құрғақ ызыңдаған сырылдар. Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмонияның 2) бронх демікпесінің 3) экссудативті плевриттің 4) созылмалы іріңді бронхиттің 5) +созылмалы обструктивті бронхиттің 96. ӨСОА-мен ауыратын науқастардың емдік жоспарына берілген шаралардың барлығын енгізген жөн, мынадан БАСҚАСЫн: 1) мукорегуляторларды тағайындауды 2) бронходилататорларды қолдануды 3) тыныс жеткіліксіздігін реттеуді 4) +тұрақты глюкокортикоидты емді 5) қабынуға қарсы емді жүргізуді 97. ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) оксигенотерапия 2) антибактериальды ем 3) тыныс жеткіліксіздігін реттеу 4) муколитикалық, мукорегуляторлық ем 5)+ бронхолитиктерді жүйелі қолдану 98. 45 жастағы ер адам, 10 жыл бойы аллюминий шығаратын зауытта жұмыс істейді, жол апатынан кейін қалтырау және тершеңдік, миалгия, жөтелмен бірге жүретін дене қызуының 38,5 С жоғарылауына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тыныштық жағдайда ентігеді. Өкпенің екі жағының төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада екі жақты инфильтрация және өкпе суретінің күшеюі байқалады. Қанда: лейкоциттер - 16 мың, ЭТЖ - 28мм/сағ. СТФ (ФВ5) зерттеу: тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивті титрінің белгілері. Бұл дертте қандай этиологиялық фактордың маңызды болуы БАРЫНША мүмкін? 1) вирустық 2) саңырауқұлақтық 3) +токсикалық 4 ) паразитарлық 5) бактериальдік 99. 28 жастағы ер адам, 4 аптадан бұрын тұмаудан кейін ауырған. Қақырықты жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Оң жақ жауырын астынан ылғалды сырылдар естіледі; рентгенде: оң жақта интенсивтілігі орташа және ортасы ағарған үшбұрыш пішінді күңгірттену, өкпе түбірі кеңейген, түбір маңы аймағында бірен-саран ошақты көлеңкелер. Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді? 1) антибиотиктер 2) цитостатиктер 3) +туберкулостатиктер 4) глюкокортикостероидтар 5) аминохинолин туындылары 100. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтауға БАРЫНША мәліметті әдіс: 1) науқастың шағымдары мен анамнезі 2) рентгенологиялық зерттеу 3) спирографиялық зерттеу 4) науқасты физикалық тексеру 5) +артериалық қанның газдық құрамын зерттеу 101. Созылмалы өкпелік жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы БАРЫНША мүмкін: 1) сол қарыншаның дилятациясы 2) оң қарыншаның дилятациясы 3) сол қарыншаның гипертрофиясы 4) оң қарыншаның гипертрофиясы 5) +оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы 102. Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды. Дамыған жағдайдың себебі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) спонтанды пневмоторакс 2) бронх демікпесінің ұстамасы 3) тыныс жолдарындағы бөгде зат 4) өкпе артериясының ауалы эмболиясы 5) +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы 103. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын ер адамда, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да мына белгінің анықталуы БАРЫНША мүмкін: 1) қарыншаішілік бөгемелер 2) солжақ қарынша гипертрофиясы |