Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
Науқасқа не тағайындау қажет? А) Жөтелге қарсы препараттар. В)+ Бронхты кеңейтуші препараттар. С) Дәрумендер. Д) Антиагреганттар. Е) Седативті препараттар. 61. 30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 1 ай бойы антибиотиктерге тұрақты, 38 0С дейін жоғарылаған дене қызуына, гипергидрозға шағымданып келді. Тексеріп көргенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 50 мм/сағатқа көтерілуі анықталды. Диагнозын анықтау үшін не істеу қажет? А) Цитостатиктер тағайындап көру В) Жергілікті антибиотиктер тағайындау С)+ Бейспецификалық ем тағайындап көру Д) Кортикостероидтар тағайындап көру Е) Антибиотиктер тағайындап көру 62. 40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, бас айналуына, көз қарауытуына шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, терісі және кілегейлі қабаты бозғылт. Эритроциттері – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіші – 0,83 Сарысудағы темір – 9 мкмоль/л. Сарысудың жалпы темірбекіту көрсеткіші – 76 мкмоль/л Науқасқа қандай дәрілік ем тағайындау қажет? А) Витамин В12 200 мкг б/і күнара. В) Преднизолон 20 мг/т. С) +Темір сульфаты 150 мг/т. Д) Фолий қышқылы 5 мг/т. Е) Витамин Е 200 мг/т. 63. 40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы 37,60С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр. Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл. Сіздің диагностикалық тактикаңыз қандай? А) Буын пункциясы. В) Қанның клиникалық талдауы. С) Табанның R-граммасы. Д) Ревматоидты факторды анықтау. Е) +Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау. 64. 62 жастағы ер кісі созылмалы обструктивті бронхитпен, созылмалы тыныс жетімсіздігімен, екіншілік эритроцитозбен, декомпенсацияланған өкпелік жүрекпен ауыратын науқаста төс артындағы стенокардиялық күшті ұстама дамыды. Обьективті: айқын акроцианоз, тыныс алу жиілігі минутына 25 рет, жүректің жиырылу жиілігі минутына 84 рет, АҚ 130/80 мм.сын. бағ. ЭКГ түсіргенге дейін ауырсыну ұстамасын басу керек. Негізгі ауруын ескере отырып қай аналгетиктің тағайындалуы қарсы көрсеткіш болады? A) Кетонал B) +Морфин C) Анальгин D) Перлинганит E) Диклофенак натрий 65. 36 жастағы әйел тез шаршау, көп ашуланғыштық, көңіл күйінің өзгеріп тұруы, басының ауыруы, жүректің шаншып ауыруы шағымдарымен терапевтке қаралды. 3 жыл бойы темекі шегеді. Жанұялық анамнезінде - артериалды гипертониямен анасы ауырған. Объективті: азғын, қолдарында тремор, қалқанша безінің үлкейгені байқалады. Жүрек тондары айқын, жүректің жиырылу жиілігі минутына 104 рет , АҚ 150/90 мм.сын.бағ. ЭКГ-да синустық тахикардия. Артериалық гипертонияның емінде қай дәрілік топты қолдану тиімді? Альфа – адреноблокаторларды +Бета - адреноблокаторларды Альфа- и бета- адреноблокаторларды Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын Диуретиктерді 66. Бронхиальді ұстама кезінде обструкцияның туындауына қандай механизм басты болып табылады? A) Ісік B) Дискинезия C) Дискриния D) +Бронхоспазм E) Гиперплазия 67. 16 жасар ер бала, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады. Көрсетілгендер ішінде қандай қоздырғыш БАРЫНША мүмкін? А) Staphylococcus aureus В) Steptococcus pneumoniae С) Klebsiella pneumoniae D) +Micoplasma pneumoniae Е) Haemophilus influenzae 68. 20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ. Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді? A) Цитруллинге антиденелер B) Миоглобинге антиденелер C) Sm-антигенге антиденелер D) +Антинуклеярлы антиденелер E) Рибонуклеопротеинге антиденелер 69. 55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 160/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген. Көрсетілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді? A) Периндоприл B) Бисопролол C) Амлодипин D) +Индапамид E) Лозартан 70. 34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Остеоартроз B) Бруцеллездік артрит C) Подагралық артрит D) +Ревматоидты артрит E) Ревматикалық артрит 71. 45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Пиелонефрит B)+ Бүйрек амилоидозы C) Гломерулонефрит D) Бүйрек гидронефрозы E) Миеломды ауру 72. Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША негізделген? А) Месалазин В) Метотрексат С) Преднизолон D) Инфликсимаб Е) +D-пеницилламин 73. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 39 жасар әйел, аздаған қан мен шырыш қоспаларымен, күніне 2-3 ретке дейін болатын диареяға шағымданып келді. Терісінде түйінді эритема. Қан талдауында: эритроциттер 3х109 /л, Hb 113 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Эндоскопияда: сол жақтық колит, контактты қан ағушылық, бірен-саран бір-бірімен қосылған эрозиялар анықталады. Төменде көрсетілген қандай дәріләрді тағайындау БАРЫНША негізделген? А) Ципрофлоксацин В) Инфликсимаб С) Циклоспорин D) Тетрациклин Е)+ Месалазин 74. Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) Апластическая анемия В) В12 -дефицитная анемия С) Железодефицитная анемия D) +Болезнь Маркиафавы-Микели Е) Болезнь Минковского-Шоффара 75. Бронхиальді демікпе кезінде гормонға тәуелділіктің дамуы қандай механизмге БАРЫНША тән? A) Иммунды қабынудың өршуі B) Эндогенді кортиз деңгейінің жоғарлауы C) Эпителий жасушасының кортизолға сезімталдылығының жоғарлауы D) Жаңа этиологиялы бағалы аллергендердің қосылуы E) +Кортикостероидтарға қабыну жасушылар сезімталдылығының төмендеуі 76. Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб. Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді? A) +Спирометрия B) Пикфлоуметрия C) Рентгенография D) Қақырық анализі E) Томография 77. 18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А)+ Қолқа коарктациясы B) Гиперальдостеронизм C) Түйінді периартериит D) Спецификалық аортоартериит E) Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі 78. Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б. Қандай дәрілік заттар БАРЫНША тиімді? A) Кальций антагонистері B) Тиазидті диуретиктер C) +Бета-адреноблокаторлар D) Ұзақ әсерлі нитраттар E) Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы 79. 54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған, оң жақтағы қуыста – кішкентай ойыс. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы. Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +Остеоартроз B) Реактивті артрит C) Бруцеллезді артрит D) Ревматоидты артрит E) Подагралық артрит 80. 36 жастағы жүргізуші ер адам, түннің екінші жартысында және таң ертен күшеетін омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігінде шамалы ауыру сезіміне, омыртқа қозғалысының шектелуі және таң ертелік қырусыларға шағымданып клиникаға түсті. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң. Рентгенограммада екі жақты сакроилит белгілері. ЭТЖ – 25 мм/с. Қандай дәріден емді бастау БАРЫНША тиімді? A) +Диклофенак B) Азатиоприн C) Метотрексат D) Преднизолон E) Аллопуринол 81. Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) Созылмалы гастрит В) Созылмалы дуоденит С) Асқазанның ойық жара ауруы D) +Функциональді диспепсия Е) Диаграмманың өңеш тесігінің жарығы 82. 3 апта бұрын миокард инфарктін алып, үйде реабилитация өткен 69 жасар ер адамда кіндік жарығының қысылуы пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет, Артериальды қан қысымы – 140/90 мм.,с.б.б. Көрсетілген жүргізу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді? А) Қою және бандаж кию В) Жарықты үйде абайлап орнына салу С) Жарық тұсына мұзбен грелка қою D) +Хирургиялық аруханаға жатқызу Е) Емхана хирургын кеңеске шақыру 83. 56 жасар ер кісі. Тамақ қабылдаумен байланысссыз іштегі жағымсыз сезімдерге, жүдеуге, тамақтағы «қыңырлыққа», іш көлемінің үлкеюіне, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Оъбективті: тамақтануы төмен, іші жайылған, пальпация кезінде нақты локализациясыз ауру сезімі, төменгі-бүйір бөлімдерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Қан анализінде – эритроциттер 3,0х1012 г/л, гемоглобин 89 г/л, ЭТЖ – 65 мм/с Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Бауыр циррозы B) Бадд-Киари синдромы C) Спонтанды перитонит D) +Ішперденің канцероматозы E) Қақпа венасының тромбозы 84. 38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) өкпе рагінің 2) жедел бронхиттің 3) +ошақты пневмонияның 4 ) крупозды пневмонияның 5) өкпенің ошақты туберкулезінің 85. Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән: 1) хламидиялық 2) +легионеллездік 3) микоплазмалық 4) пневмококктық 5) стафилококктық 86. 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) +құрғақ плевриттің 2) плевра эмпиемасының 3) жедел пневмонияның 4) экссудативті плевриттің 5) бронхоэктаз ауруының 87. Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі БАРЫНША мүмкін: 1) бронх шырыштарының ісінуі 2) трахеобронхиальды дискинезия 3) +мукоцилиарлы жеткіліксіздігі 4) бронхтардың гиперпластикалық өзгерістері 5) майда бронхтардың экспираторлы коллапсы 88. 65 жасқа дейінгі созылмалы бронхитпен ауыратын, қосымша аурусыз, сирек өршитін (жылына 4 реттен сирек) аздаған бронхообструкциялы (ФТК1>50%) науқасқа көрсетілген дәрілердің барлығын тағайындаған барынша тиімді, мынадан БАСҚАСЫн: 1) левофлоксацинді 2) амоксициллинді 3) азитромицинді 4)+ ванкомиицинді 5) цефуроксимді 89. 38 жастағы ер адамды, ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдаған. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы - 65%. Қандай базисті терапияны тағайындаған Барынша тиімді? 1) теотардты 2) атровентті 3) +будесонидті 4) сальметеролды 5) дексаметазонды 90. 67 жастағы инфарктан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистоласы бар ер адамда орташа ауырлықты бронх демікпесінің өршуі байқалады. Қандай базисті терапияны тағайындаған Барынша тиімді? 1) теотардты 2) атровентті 3) кетотифенді 4) +фликсатидті 5) сальметеролды 91. Экспираторлы ентікпе ұстамасын басуға төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған Барынша тиімді? 1) инталды 2) бекотидті 3) атровентті 4) кетотифенді 5) +сальбутамолды |