Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
А) +Сепсис B) Инфекциялық эндокардит C) Жедел жүрек жеткіліксіздігі D) Жедел тыныс жеткіліксіздігі E) Жедел респираторлық дистресс-синдромы 39. 56 жастағы науқаста оң жақ кеуде торшасының тыныс алудан қалыңқы екендігі байқалды, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дауыс дірілі күшейген, осы жерде перкуторлы дыбыс тынықталған, бронхиальды тыныс пен крепитация анықталынады. Өкпенің басқа бөліктерінде перкторлы дыбыс қорап тәрізді, аускультацияда қатқыл дыбыс пен құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: нейтрофильды лейкоцитоз, эритроциттер тұну жылдамдығы – 37 мм/сағ. Рентгендік зерттеуде – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде интенсивті гомогенді қараю бар. Қандай диагноздың болуы барынша мүмкін? A) +Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің крупозды пневмониясы созылмалы бронхит төңірегінде B) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі C) Созылмалы бронхит өршу сатысында D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің крупозды пневмониясы мен экссудативті плеврит Е) Бронх демікпесі өкпе эмфиземасымен асқынған 40. 55 жастағы ер адам кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс. Қандай дерттің дамуы мүмкін? A)+Өкпе эмфиземасының B) Пневмонияның C) Пневмоторакстың D) Жедел бронхиттің E) Созылмалы бронхиттің 41. Науқас 31 жаста, темекі шекпейді. Шағымдары: тұншығу ұстамасы айына 3 реттен, түнгі тұншығу ұстама айына 1-2 рет. Қан анализінде 9% эозинофилдер бар. Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді? A) +Пикфлуометрия B) Реопульмонография C) Пульсоксиметрия D) Оксигемометрия E) Электрокардиография 42. 50 жастағы науқаста оң жақ кеуде торшасың тыныс алудан қалыңқы екендігі байқалды, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дауыс дірілі күшейген, осы жерде перкуторлы дыбыс тұйықталған, бронхиальды тыныс пен крепитация анықталады. Қан анализінде: нейтрофильды лейкоцитоз - 10000, эритроциттер тұну жылдамдығы – 37 мм/сағ. Рентгендік зерттеуде – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде интенсивті гомогенді қараю бар. Ауруханадан тыс пневмония деген диагноз қойылды. Қандай тиімді антибактериальды терапияны аурудың қоздырғышын анықтағанға дейін тағайындаған жөн? A) Ровамицин B) Тетрациклин C)+ Гентамицин D) Бисептол E) Кефзол 43. Анамнезінде пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея, лейкоцитоз және лимфоцитопениямен жүретін пневмонияның емінде қандай препаратты тағайындаған жөн? A) +Эритромицин B) Пенициллин C) Ампициллин D) Гентамицин E) Тетрациклин 44. 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде әлсіз лейкоцитоз, эритроциттер тұну жылдамдығының жоғарылауы анықталған. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескере отырып қандай антибактериальді емді тағайындаған барынша тиімді? A)+ Ампицилинді B) Гентамицинді C) Азитромицинді D) Доксициклинді E) Ципрофлоксацинді 45. Аталған дәрмектердің қайсысы соңғы мәліметтер бойынша жүрек ишемиялық ауруы бар науқастың өмірін ұзартады? A) Кальций антогонисттері B) Статиндер C) Ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары D) Антиагреганттар E) + Бета-адреноблокаторлар 46. Вазоренальды артериялық гипертензияның ең жиі себебіне не жатады? A) Бейспецификалық аортоартериит B) +Бүйрек артерияларының атеросклерозы C) Бүйрек артерияларының фибромускулярлы дисплазиясы D) Бүйрек артерияларының аневризмалары E) Бүйрек артерияларының тромбоздары мен эмболиялары 47. Жедел миокард инфарктінің ең ерте электрокардиграфиялық белгісіне не жатады? A) +ST сегментінің жоғарылауы B) R тісше амплитудасының төмендеуі C) Т тісшесінің инверсиясы D) Жүрек ырғағының бұзылысы E) Q тісшесінің пайда болуы 48. 38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті? A) +Қандағы котехоламиндерді анықтау B) Қандағы кортизолды анықтау C) Қандағы альдестеронды анықтау D) Қандағы электролиттерді анықтау E) Қандағы ренинді анықтау 49. 48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз. Қандай ауруға күдіктенуге болады? A) +Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі B) Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз C) Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі D) Геморрагиялық васкулит E) Ревматикалық емес миокардит 50. 17 жастағы жасөспірім военкоматтан тексерілуге жіберілген. Шағымдары жоқ. Анамнезінде жиі баспамен ауырған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары жоғары және солға аздап ұлғайған. Жүрек тондары ырғақты,Ш тонның әлсіреуі және жүрек ұшында систолалық шу. Қан анализінде өзгеріссіз. Электрокардиограммада синусты ырғақ, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі минутына 72 рет, сол қарынша гипертрофиясының белгілері. Қандай патологияны болжауға болады? A) +Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі B) Жүрекше аралық перденің ақауы C) Қарынша аралық перденің ақаулары D) Функциональды шу E) Қосжармалы клапанның пролапсы 51. 57 жастағы науқас жүрек тұсының тұрақты сипатта ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне, сол иық деңгейіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: бір ай алдын трансмуральды миокард инфарктісін өткерген. Конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлды тұрақты қабылдайды. Қарағанда: дене қызуы 37,40С, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүректің абсолютты тұйықтығы аймағында плевраның үйкеліс шуы, артериялық қысымы 130/70 мм.с.б., жүрек жиырылу жиілігі 76 рет мин. қан анализінде эозинфилия, ЭТЖ жоғарылауы, тропаниндер қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада ST сегментінің І,ІІ,ІІІ тіркемелерінде көтерілуі. Қандай патологияны болжауға болады? A) Тұрақты күштемелік стенокардия ФК ІІІ B) Тұрақты күштемелік стенокардия ФК ІІ C) +Алғаш дамыған стенокардия D) Үдемелі стенокардия E) Вазоспастикалық стенокардия 52. 30 жастағы әйелге бір ай алдын операция жасалған: жүректің ревматикалық ақауына байланысты қосжармалы клапанды протездеу. Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мақсатында қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс? A) +Варфарин B) Гепарин C) Тромбоасс D) Плавикс E) Тромбокард 53. Ұзақ уақыт бойы қант диабеті І типімен ауыратын, 45 жастағы ер кісі тексеру кезінде тұрақты микроальбуминурия анықталды. Қандай емдеу түрі тиімді? А) +Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын тағайындау В) Диуретиктерді тағайындау С) Антикоагулянттар D) Ақуыз препараттары Е) Антиагреганттар 54. Науқас, 44 жаста шағымдары салмағының артуы, басының ауыруы. Объективті: беті қошқыл қызыл түсті, іші өскен, аяқ-қолдары жүдеген, артериалды қан қысымы-190/110 мм.с.б.б. Рентгенограммада: омыртқада остеопороз белгісі анықталды. Қан мен зәрде гидрокортикотропин деңгейі сәл жоғарылаған. Қандай ауру туралы ойлауға болады? А) +Иценко-Кушинго синдромы В) Семіздік С) Глоиерулонефрит. Созылмалы бүйрек жетіспеушелік D) Біріншілік альдестеронизм Е) Гипертония ауруы 55. Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну стенокардияның қай түріне тән? A. +Тұрақты күштемелі стенокардия I ФК. B. Тұрақты күштемелі стенокардия II ФК. C. Тұрақты күштемелі стенокардия III ФК. D. Тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК. E. Тұрақсыз стенокардия. 56. 45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз. Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықта: A. +Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV B. Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III C. Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV D. Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III E. Артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV 57. 55 жастағы ер адам, дәрігерге аяқ астынан пайда болған ентігуге, көкірек тұсында ауырсыну, жүрек соғысы жиілеуі, қанды қақырық, тершеңдік пайда болуына шағымданды. Объективті тексергенде цианоз, мойын веналары кеңеюі, аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Өкпеде плевра үйкеліс шуылы естіледі. Электрокардиограммада: SІQІІІ синдромы, P-pulmonale, Гис бұтағының оң жақ аяғының толық емес блокадасы анықталды. Қандай диагноз ең дұрысы? А. Миокард инфаркті. В. Астматикалық статус. С. +Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. D. Өкпе бөлігінің ателектазы. Е. Өкпенің ошақты туберкулезі. 58. 22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды. Қандай диагноз барынша мүмкін? А) Митралді стеноз В) +Митралді жетіспеушілік С) Аорталді стеноз D) Аорталді жетіспеушілік Е) Үшжармақты қақпақша стенозы 59. 55 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында физикалық жүктемеге байланысы жоқ, бірақ нитроглицеринге басылатын, қысып ауырсынуға шағымданып келді. Аяқ көқтамырларында варикозды ісіну бар. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Электрокардиограммада спецификалық өзгерістер жоқ. Қандай келесі диагностикалық тексеру түрі болуі мүмкін? А) Велоэргометрия В) Обзиданмен сынама жүргізу С) +Тәуліктік мониторинг Д) Коронароангиография Е) Қандағы ферменттер мөлшерін анықтау 60. 43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі. Науқасқа не тағайындау қажет? А) Жөтелге қарсы препараттар. В) +Бронхты кеңейтуші препараттар. С) Дәрумендер. Д) Антиагреганттар. Е) Седативті препараттар. 61. 30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 1 ай бойы антибиотиктерге тұрақты, 38 0С дейін жоғарылаған дене қызуына, гипергидрозға шағымданып келді. Тексеріп көргенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 50 мм/сағатқа көтерілуі анықталды. Диагнозын анықтау үшін не істеу қажет? А) Цитостатиктер тағайындап көру В) Жергілікті антибиотиктер тағайындау С) +Бейспецификалық ем тағайындап көру Д) Кортикостероидтар тағайындап көру Е) Антибиотиктер тағайындап көру 62. 40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, бас айналуына, көз қарауытуына шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, терісі және кілегейлі қабаты бозғылт. Эритроциттері – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіші – 0,83 Сарысудағы темір – 9 мкмоль/л. Сарысудың жалпы темірбекіту көрсеткіші – 76 мкмоль/л Науқасқа қандай дәрілік ем тағайындау қажет? А) Витамин В12 200 мкг б/і күнара. В) Преднизолон 20 мг/т. С) +Темір сульфаты 150 мг/т. Д) Фолий қышқылы 5 мг/т. Е) Витамин Е 200 мг/т. 63. 40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы 37,60С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр. Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл. Сіздің диагностикалық тактикаңыз қандай? А) Буын пункциясы. В) Қанның клиникалық талдауы. С) Табанның R-граммасы. Д) Ревматоидты факторды анықтау. Е) +Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау. 64. 62 жастағы ер кісі созылмалы обструктивті бронхитпен, созылмалы тыныс жетімсіздігімен, екіншілік эритроцитозбен, декомпенсацияланған өкпелік жүрекпен ауыратын науқаста төс артындағы стенокардиялық күшті ұстама дамыды. Обьективті: айқын акроцианоз, тыныс алу жиілігі минутына 25 рет, жүректің жиырылу жиілігі минутына 84 рет, АҚ 130/80 мм.сын. бағ. ЭКГ түсіргенге дейін ауырсыну ұстамасын басу керек. Негізгі ауруын ескере отырып қай аналгетиктің тағайындалуы қарсы көрсеткіш болады? A) Кетонал B) +Морфин C) Анальгин D) Перлинганит E) Диклофенак натрий 65. 36 жастағы әйел тез шаршау, көп ашуланғыштық, көңіл күйінің өзгеріп тұруы, басының ауыруы, жүректің шаншып ауыруы шағымдарымен терапевтке қаралды. 3 жыл бойы темекі шегеді. Жанұялық анамнезінде - артериалды гипертониямен анасы ауырған. Объективті: азғын, қолдарында тремор, қалқанша безінің үлкейгені байқалады. Жүрек тондары айқын, жүректің жиырылу жиілігі минутына 104 рет , АҚ 150/90 мм.сын.бағ. ЭКГ-да синустық тахикардия. Артериалық гипертонияның емінде қай дәрілік топты қолдану тиімді? А)Альфа – адреноблокаторларды В)+Бета - адреноблокаторларды С)Альфа- и бета- адреноблокаторларды Д)Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын Е)Диуретиктерді 66. Бронхиальді ұстама кезінде обструкцияның туындауына қандай механизм басты болып табылады? A) Ісік B) Дискинезия C) Дискриния D) +Бронхоспазм E) Гиперплазия 67. 16 жасар ер бала, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады. Көрсетілгендер ішінде қандай қоздырғыш БАРЫНША мүмкін? А) Staphylococcus aureus В) Steptococcus pneumoniae С) Klebsiella pneumoniae D)+ Micoplasma pneumoniae Е) Haemophilus influenzae 68. 20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х10 |