Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
А) Пневмокониоз B) Идиопатикалық альвеолит C) Токсикалық экзогенді альвеолит D) Өкпенің инфильтративті туберкулезі E)+ Өкпенің және лимфа түйіндерінің саркоидозы 63. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы: 1) +кандидалар 2) эхинококтар 3) аспергиллалар 4) микоплазмалар 5) ішек таяқшалары 64. Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін: 1) хламидия 2) +клебсиелла 3) микоплазма 4) гриптің вирусы 5) ішек таяқшалары 65. Ағымы жедел ауру, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы - төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика қандай дертке БАРЫНША тән : 1) саркоидозға 2) пневмокониозға 3) +ошақты пневмонияға 4 ) милиарлы туберкулезге 5) инфильтративті туберкулезге 66. 19 жастағы әскери жауынгер, казармада тұрады, құрғақ жөтел, қалтырау, дене қызуының 38оС көтерілуі, артралгия мен миалгияларға шағымданады. Рентгенде: өкпе суреті күшейген, оң өкпенің төменгі бөлігінде айқын емес күңгірттену. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз. Келтірілген қоздырғыштардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмококктың 2) стафилококктың 3)+ микоплазманың 4) гемофильді таяқшаның 3) көкірің таяқшасының 67. Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән: 1) хламидиялық 2) +легионеллездік 3) микоплазмалық 4) пневмококктық 5) стафилококктық 68. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін: 1) микоплазмамен 2) клебсиелламен 3) аденовируспен 4) пневмококкпен 5) +стафилококкпен 69. 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты - іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады. Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін: 1) миокардиттің 2) өкпе артериясы эмболиясының 3) +тыныс жеткіліксіздігінің 4) инфекциялы- токсикалық шоктың 5) ересектердің респираторлы дистресс - синдромына 70. 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін: 1) +сепсистің 2) инфекциялық эндокардиттің 3) инфекциялық-токсикалық шоктың 4) жедел тыныс жеткіліксіздігінің 5) жедел респираторлық дистресс-синдромының 71. Қант диабетімен, созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда пневмониялар көбінесе грам теріс флорамен шақырылады. Берілген препараттардың қайсысысын тағайындау БАРЫНША тиімді: 1) ампиоксты 2) амикацинді 3) неомицинді 4) пенициллинді 5) +левофлоксацинді 72. Стафилококкты деструктивті пневмония фонында дамыған сепсисте, емдеу жоспарына енгізген БАРЫНША тиімді: 1) метридті 2)+ имипинемді 3) цефтазидимді 4) линкомицин 5) рифампицинді 73. Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда, дерттің 7-ші күні оң жақ жауырын астынан тыныс естілмейді. Науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін: 1) құрғақ плеврит 2) плевра эмпиемасы 3) бауырасты абсцессі 4)+ экссудативті плеврит 5) спонтанды пневмоторакс 74. 65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды. Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті: 1) компьютерлік томография 2) трансбронхиальды пункция 3) онкомаркерлерге тексеру 4) магнитті резонансты томогрфия 5)+ экссудатты цитологиялық зерттеу 75. 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1)+ құрғақ плевриттің 2) плевра эмпиемасының 3) жедел пневмонияның 4) экссудативті плевриттің 5) бронхоэктаз ауруының 76. Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі БАРЫНША мүмкін: 1) бронх шырыштарының ісінуі 2) трахеобронхиальды дискинезия 3) +мукоцилиарлы жеткіліксіздігі 4) бронхтардың гиперпластикалық өзгерістері 5) майда бронхтардың экспираторлы коллапсы 77. Құрғақ жөтелде ұзақ уақыт бойы қан түкіру қандай ауруға БАРЫНША тән? 1) пневмокониозға 2) өкпе туберкулезіне 3)+ бронхогенді қатерлі ісікке 4 ) созылмалы бронхитке 5) бронхоэктазды ауруға 78. Профилактикалық тексеру жүргізгенде ер адам, 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН: 1) жедел бронхиттің 2) бронхоэктазды аурудың 3) созылмалы іріңді бронхиттің 4)+ созылмалы катаральды бронхиттің 5) созылмалы обструктивті бронхиттің 79. 48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмония 2) өкпе туберкулезі 3) бронхоэктазды ауру 4)+ созылмалы іріңді бронхит 5) созылмалы катаральды бронхит 80. 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескерсек, қандай емді тағайындаған БАРЫНША тиімді: 1) гентамицинді 2)+ампицилин 3) азитромицин 4) доксициклин 5) ципрофлоксацинді 81. 38 жастағы ер адамды, ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдаған. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы - 65%. Қандай базисті терапияны тағайындаған Барынша тиімді? 1) теотардты 2) атровентті 3)+ будесонидті 4) сальметеролды 5) дексаметазонды 82. 35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы барынша тиімді? 1) теофиллин per os 2) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т 3) вентолин небулайзер арқылы 4) +преднизолон 30-60 мг к/т 5) беротекпен ингаляцияны жалғастыру 83. 28 жастағы ер адам, тұншығу, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада 2 рет түнде тұншығудан оянып, ұстаманы беротекпен басқан. Күніне 10 мг преднизолон қабылдайды. Қарап тексергенде ТЖ - 22 рет мин., тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 68%. Қандай диагноздың болуы Барынша мүмкін? 1) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, эмфизематозды түрі, өршуі ТШ I 2) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхиалді түрі, өршу фазасы ТЖ ІІ 3) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхиалді түрі, өршу фазасы ТЖ ІІІ 4) бронх демікпесі, ауыр ағымы, өршуі ТЖ І 5)+ бронх демікпесі, орташа дәрежелі, өршу фазасы, ТЖ ІІ 84. 55 жастағы ер адаме кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс. Қандай дерттің дамуы Барынша мүмкін? 1) пневмонияның 2) пневмоторакстың 3) жедел бронхиттің 4) +өкпе эмфиземасының 5) созылмалы бронхиттің 85. Бронхты астма емінің бірінші кезеңінде тағайындаған, Барынша тиімді: 1) преднизолонды 2) +сальбутамолды 3) монтелукасты 4) теофиллинді 5) будесонидті 86. Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бастапқы кезеңін салыстырмалы диагноз жүргізгендегі барынша сенімді белгі: 1) айқын цианоз 2) мәжбүрлік қалып 3) +бета 2 агонисттерге рефрактерлік 4) экспираторлық тұншығудың ауырлығы 5) эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі 87. Бірнеше жыл бойы бронх демікпесімен ауыратын 42 жасар әйел, аптасына бірнеше рет қайталанатын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін тұншығу ұстамалары бір ай шамасында мазаламаған. Қаралу алдында беротекпен басылмайтын жөтел мен ентігу пайда болды. Түнде жағдайы нашарлады. Қарап тексергенде: қалпы мәжбүрлі, айқын ентігу, сырылдар қашықтықта естіледі. Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі Барынша тиімді? 1) фенотерол к/т, оттегі 2) небулайзер арқылы вентолин, оттегі 3) +30-60 мг преднизолон к/т, оттегі 4) 120 мг метилпреднизолон, фенотерол к/т, оттегі 5) 30 мг преднизолон к/т, эуфиллин к/т, оттегі 88. ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) экспираторлық диспноэ 2) қақырықт бөлінетін жөтел 3) қорапты сипатты өкпелік дыбыс 4) +жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция 5) құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі 89. 67 жастағы ер адам, қиын бөлінетін шырышты - іріңді қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Тәулігіне 20 данаға дейін темекі шегеді. Аускультацияда: тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз тыныс фонынды жайылған құрғақ сырылдар, оң жақтағы жауырын асты аймағында ылғалды - майда көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жерде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер - 14 мың. ЭТЖ – 22 мм/сағ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) созылмалы іріңді бронхиттің, өршу сатысы 2) ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесінің, өршу сатысы 3) бронх демікпесінің, орташа ауырлықта, өршу сатысы 4) бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі пневмониясының 5) +ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясының 90. 52 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, дене қызуының - 37,7 оС дейін жоғарылауына шағымданады. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтел мазалайды. Объективті: әлсіз везикулалық тыныс, дем шығару ұзарған, барлық өкпе алаңында құрғақ ызыңдаған сырылдар. Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмонияның 2) бронх демікпесінің 3) экссудативті плевриттің 4) созылмалы іріңді бронхиттің 5) +созылмалы обструктивті бронхиттің 91. 35 жастағы ер адамның оң жағындағы қабырғааралығында амфоралық тыныс естіледі. Қандай дерт болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмоторакс 2) +өкпе абсцессі 3) өкпе гангренасы 4) өкпе эмфиземасы 5) бронхоэктаздық ауру 92. Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты - іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра) БАРЫНША қайсысына тән: 1) тотальды пневмонияға 2) кавернозды туберкулезге 3)+бронхоэктаздық ауруға 4) өкпе рагының қуысты түріне 5) созылмалы іріңді бронхитке 93. 39 жастағы ер адамда, ішімдік ішкеннен кейін 40оС қызба, кеуде торшасында ауыру сезімі, құсу пайда болды. Рентгенде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біртекті тығыз массивті күңгірттену. Массивті антибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ – 52мм/сағ. Қақырықтан алтынды стафилококк егіліп алынды. Бір аптадан кейінгі рентгенограммада күңгірттену тек жоғарғы емес, ортаңғы бөлігін қамтып, деструкция ошақтары байқалды. Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді: 1) +лобэктомия жасау 2) көк тамырға левофлоксацин тағайындау 3) плазмаферез курсын өткізу 4) тиенам, метрогил тағайындау 5) цефтриаксон, нетромицин тағайындау 94. 38 жастағы әйел, ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. 3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35 мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) +саркоидоздың 2) өкпе амилоидозаның 3) ауруханадан тыс пневмонияның 4) фиброздаушы альвеолиттің 5) оң өкпенің ошақты туберкулезінің 95. 48 жастағы әйел, ентігу, жөтел, әлсіздік, субфебрильді дене қызбасына шағымданады. Антибиотикпен ұзақ уақыт емделу еш нәтиже бермеді. Қарап тексергенде: полилимфаденит, гепатоспленомегалия. Рентгенде: бронхопульмональды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Қанда: ЭТЖ - 34 мм/сағ; АЛТ - 98 Б/л, АСТ -79 Б/л. Компьютерлік томограммада кеуде лимфа түйіндері ұлғайған. Диагнозды нақтылауға қандай қосымша әдіс БАРЫНША мәліметті: 1) бронхография 2) эхокардиография 3) магнитті резонансты томография 4) +өкпенің трансбронхиальды биопсиясы 5) кеуде торшасы ағзаларының рентгеноскопиясы 96. 45 жастағы ер адам, 10 жыл бойы аллюминий шығаратын зауытта жұмыс істейді, жол апатынан кейін қалтырау және тершеңдік, миалгия, жөтелмен бірге жүретін дене қызуының 38,5 С жоғарылауына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тыныштық жағдайда ентігеді. Өкпенің екі жағының төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада екі жақты инфильтрация және өкпе суретінің күшеюі байқалады. Қанда: лейкоциттер - 16 мың, ЭТЖ - 28мм/сағ. СТФ (ФВ5) зерттеу: тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивті титрінің белгілері. Бұл дертте қандай этиологиялық фактордың маңызды болуы БАРЫНША мүмкін? 1) вирустық 2) саңырауқұлақтық 3) +токсикалық 4 ) паразитарлық 5) бактериальдік 97. 43 жастағы ер адамды дене қызуының 38,5 С дейін жоғарылайтын қызба, қалтырау, тершеңдік, миалгия, өнімсіз жөтел мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіз тыныс, базальді бөліктерінде крепитация. Рентгенологиялық зерттеу: екі жақты инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. СТФ (ФВ5) зерттегенде: рестриктивті типті тыныс жеткіліксіздігінің белгілері. Массивті антибактериальді терапия нәтиже бермеді. Пациентке қандай емді тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) муколитиктерді 2) бронхолитиктерді 3) туберкулостатиктерді 4)+ глюкокортикостероидтарды 5) аминохинолин туындыларын 98. 52 жастағы ер адам, тыныштық жағдайдағы ентігу, құрғақ ұстамалы жөтел, жүрек қағуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Рентгенде: 4 ай бұрын пневмонияға ұқсас екі жақты өзгерістер анықталған. Антибактериальді терапия жүргізу барысында науқастың жағдайы нашарлаған–дене қызуы көтерілген, ентігу күшейген, 6 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: жағдайы ауыр, ентігу, акроцианоз. ТЖ - 28 рет мин., тынысы әлсіреген және дөрекі крепитация («целофан сықыры») естіледі. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 42 мм/сағ. |