Аку. 1. ?андай ауруларда механикалы? сар?аю пайда болады? А жіті виру. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті вирусты а гепатитте
Скачать 1.28 Mb.
|
Жағдайының күрт нашарлауының себебі БАРЫНША болуы мүмкін: 1) сепсис 2) кардиогенді шок 3) + инфекциялы- токсикалық шок 4) өкпе артериясы тромбоэмболиясы 5) жедел респираторлық дистресс- синдромы 73. Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда, дерттің 7-ші күні оң жақ жауырын астынан тыныс естілмейді. Науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін: 1) құрғақ плеврит 2) плевра эмпиемасы 3) бауырасты абсцессі 4)+ экссудативті плеврит 5) спонтанды пневмоторакс 74. 65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды. Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті: 1) компьютерлік томография 2) трансбронхиальды пункция 3) онкомаркерлерге тексеру 4) магнитті резонансты томогрфия 5)+ экссудатты цитологиялық зерттеу 75. Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі БАРЫНША мүмкін: 1) бронх шырыштарының ісінуі 2) трахеобронхиальды дискинезия 3) +мукоцилиарлы жеткіліксіздігі 4) бронхтардың гиперпластикалық өзгерістері 5) майда бронхтардың экспираторлы коллапсы 76. Құрғақ жөтелде ұзақ уақыт бойы қан түкіру қандай ауруға БАРЫНША тән? 1) пневмокониозға 2) өкпе туберкулезіне 3)+ бронхогенді қатерлі ісікке 4 ) созылмалы бронхитке 5) бронхоэктазды ауруға 77. Профилактикалық тексеру жүргізгенде ер адам, 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН: 1) жедел бронхиттің 2) бронхоэктазды аурудың 3) созылмалы іріңді бронхиттің 4)+ созылмалы катаральды бронхиттің 5) созылмалы обструктивті бронхиттің 78. 48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмония 2) өкпе туберкулезі 3) бронхоэктазды ауру 4)+ созылмалы іріңді бронхит 5) созылмалы катаральды бронхит 79. 35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді? 1) теофиллин per os 2) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т 3) вентолин небулайзер арқылы 4) +преднизолон 30-60 мг к/т 5) беротекпен ингаляцияны жалғастыру 80. 48 жастағы ер адам, күніне 5-6 рет тұншығу ұстамасына шағымданады; көбікті шырышты қақырығы бар жөтел; әр түнде тұншығу ұстамасынан оянады.Қараған кезде ТАЖ– 26 рет минутына.Дем шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін? 1) бронх демікпесі, орта дәрежелі, өршу, ДН II 2) + бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршу, ДН II 3) созылмалы обструктивті бронхит, өршу, ДН II 4) созылмалы обструктивті бронхит, өршу, ДН III 5) бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршу, ДН III 81. 67 жастағы инфарктан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистоласы бар ер адамда орташа ауырлықты бронх демікпесінің өршуі байқалады. Қандай базисті терапияны тағайындаған БАРЫНША тиімді? 1) теотардты 2) атровентті 3) кетотифенді 4) +фликсатидті 5) сальметеролды 82. Бронхты астма емінің бірінші кезеңінде тағайындаған, БАРЫНША тиімді: 1) преднизолонды 2) +сальбутамолды 3) монтелукасты 4) теофиллинді 5) будесонидті 83. ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) экспираторлық диспноэ 2) қақырықт бөлінетін жөтел 3) қорапты сипатты өкпелік дыбыс 4)+ жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция 5) құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі 84. ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) оксигенотерапия 2) антибактериальды ем 3) тыныс жеткіліксіздігін реттеу 4) муколитикалық, мукорегуляторлық ем 5) +бронхолитиктерді жүйелі қолдану 85. 35 жастағы ер адамның оң жағындағы қабырғааралығында амфоралық тыныс естіледі. Қандай дерт болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмоторакс 2) +өкпе абсцессі 3) өкпе гангренасы 4) өкпе эмфиземасы 5) бронхоэктаздық ауру 86. 38 жастағы әйел, ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. 3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35 мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) +саркоидоздың 2) өкпе амилоидозаның 3) ауруханадан тыс пневмонияның 4) фиброздаушы альвеолиттің 5) оң өкпенің ошақты туберкулезінің 87. 43 жастағы әйел адам, 4 ай бұрын субфебрильді қызба, аз өнімді жөтел, ақырындап ұлғаятын ентігу, әлсіздік пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде тыныс әлсіреген, базальды бөлікте – крепитация. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі байқалады. Қанда: лейкоциттер –10,5 мың, ЭТЖ - 23мм/сағ. Пенициллинмен жүргізілген антибиотикотерапия науқастың жағдайын нашарлатты, ентігу артты. СТФ (ФВД) зерттеу: тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивті титрінің белгілері. Бұл дертте қандай этиологиялық фактордың маңызды болуы БАРЫНША мүмкін? 1) вирустық 2) +саңырауқұлақтық 3) токсикалық 4 ) паразитарлық 5) бактериальдік 88. Компьютерлі томографияда ұялы өкпе және екіжақты «бұлыңғыр әйнек» сияқты өзгерістердің сипаттамасы тән: 1) + фиброздаушы альвеолит 2) екі жақты пневмония 3) милиарлы туберкулез 4) өкпе амилоидозы 5) өкпе саркоидозы 89. 52 жастағы әйел,3 - 4 ай бойы құрғақ жөтелге, физикалық жүктемеде ентігуге, түнгі терлеуге, әлсіздікке, қызбаға 38,5 ° C дейін шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесі, терісі ылғалды, полилимфаденит. Бронхопульмональды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы рентгенологияда анықталды. Бауыр қабырғасының шетінен 2 см шығып тұр.ЭТЖ - 43 мм / сағ. AЛT, AСT жоғары. Трансбронхиальді өкпе биопсиясы бойынша эпителиоидты-жасушалы гранулемалар некрозсыз табылған. Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША орынды болып табылады? 1) муколитикитер 2) +преднизолон 3) антибиотиктер 4) антипиретиктер 5) туберкулостатиктер 90. 65 жастағы 3 жыл бұрын жедел миокард инфарктісіне алған ер адамда бірте бірте ентігу артады. Кеуде қуысының ауыру сезімінсіз плевральды жалқық, қызба және қан анализіндегі өзгерістер анықталды. Жалқықтың пайда болуының ең ықтимал себебі: 1) тоқыраулық жүрек жеткіліксіздігі + 2) жүйелі қызыл жегі 3) постинфаркттық синдром 4) өкпе туберкулезі 5) өкпелік инфаркт 91. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтауға БАРЫНША мәліметті әдіс: 1) науқастың шағымдары мен анамнезі 2) рентгенологиялық зерттеу 3) спирографиялық зерттеу 4) науқасты физикалық тексеру 5) +артериалық қанның газдық құрамын зерттеу 92. Кенеттен кеудеде ауыру сезімі, арта түскен ентігу, цианоз, қораптық перкуторлы дыбыс, тыныс алудың күрт әлсіреуі ең сипатты: 1) плеврит 2) пневмония 3) + пневмоторакс 4) миокард инфарктісі 5) қабырға аралық невралгия 93. Өкпе артериясының тромбоэмболиясына күдіктенгенде БАРЫНША тағайындаған орынды: A) пролонгирленген әсерлі нитраттар B) +тромболитикалық дәрілер C) кальций антагонистері D) антибиотиктер E) варфарин 94. 74 жастағы әйел, жедел басталған тыныстың қиындауына шағымданады. Жүрек ауруы және эмфиземамен ауырады. Түнде айқын ентігу, қызғылт түсті қақырық бөлінетін жөтелден оянды. Қарап тексергенде: ТЖ - 36 рет мин., АҚҚ 200/110 мм.с.б.б., пульс 110 рет минутына. Дене қызуы 38ºС. Өкпенің төменгі бөліктерінің екі жағынан да ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аускультациясында бөдене ырғағы, тахикардия анықталады. Науқаста рентген көрінісінің қандай болуы БАРЫНША мүмкін: 1) екі жақты плевральді сұйықтық 2) «қарлы боран» типті көптеген майда ошақтар 3) төменгі аймақтарда екі жақты интенсивті инфильтрация 4) сол жүрекше көлеңкесінің ұлғаюы және плевральді синустардағы сұйықтық 5) +жүрек көлеңкесінің ұлғаюы және альвеолярлы суреттің екі жақты күшеюі 95. Созылмалы өкпелік жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы БАРЫНША мүмкін: 1) сол қарыншаның дилятациясы 2) оң қарыншаның дилятациясы 3) сол қарыншаның гипертрофиясы 4) оң қарыншаның гипертрофиясы 5) +оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы 96. ӨСОА-мен ауыратын науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) тыныс жолдарының обструкциясы 2) бронхиальді ағаштың деформациясы 3) жүректің минуттық көлемінің азаюы 4) +өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы 5) бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі 97. Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды. Дамыған жағдайдың себебі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) спонтанды пневмоторакс 2) бронх демікпесінің ұстамасы 3) тыныс жолдарындағы бөгде зат 4) өкпе артериясының ауалы эмболиясы 5) +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы 98. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын ер адамда, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да мына белгінің анықталуы БАРЫНША мүмкін: 1) қарыншаішілік бөгемелер 2) солжақ қарынша гипертрофиясы 3) солжақ жүрекше гипертрофиясы 4)+оңжақ қарынша гипертрофиясы 5) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі 99. Тромбофилиямен ауыратын әйелде, тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үнінің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте қосқан жөн: 1) антибиотиктерді 2) бета-блокаторларды 3) +антикоагулянттарды 4) кортикостероидтарды 5) АПФ ингибиторларын 100. Кәсіптік канцерогендерге жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) +асбест 2) бензин 3) қорғасын 4) кремний 5) марганец 101. 50 жастағы шахтер көмір кенішінде 12 жыл жұмыс істеген, антракосиликозды анықтауға байланысты жұмыстан шеттетілді. 5 жылдан кейін науқастың жөтелі мен әлсіздігі артты; Тершеңдік пайда болды, әсіресе түнде; салмақ жоғалту, субфебилитет. Аускультация: қатты тыныс алу, екі жағында құрғақ және ылғалды сыралдар естіледі. ЭТЖ - 27 мм / сағ. Антракосиликозға қандай өкпе патологиясы қосылды? А пневмония C) + өкпе туберкулезі C) созылмалы бронхит D) орталық өкпе рагы E) бронхоэктазия 102. 45 жастағы антакосиликознан зардап шегетін шахтер, жөтелге, ентігудің артуына, физикалық жүктемеге төзімділік төмендеуіне, әлсіздік, терлеу, қызба, салмақ жоғалтуға (2 айда 4 кг) шағымданады. Екі жағынан да өкпенің төменгі бөліктерінде қатты дем алудың фонында құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. ЭТЖ - 23 мм / сағ. Науқастың нашарлауының себептерін анықтау үшін ең ақпараттылықты тексеру қандай? 1) бронхоскопия 2) + туберкулинді сынау 3) компьютерлік томография 4) компьютерлік спирография 5) микрофлораның сезімталдылығындағы қақырық себіндісі 103. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) диуретиктерді 2) +муколитиктерді 3) бета- блокаторларды 4) антибиотиктерді 5) ұзартылған әсерлі нитраттарды 104. Тыныс жеткіліксізді бар және пневмокониозбен ауыратын науқастың кіші қан айналымындағы қысымын төмендету үшін тағайындалатын БАРЫНША тиімді дәрі: 1) +изокет 2) лазолван 3) дигоксин 4) варфарин 5) верошпирон 105. Муковисцедоз сенімді диагностикалық белгілері болып табылады: A) қайталанатын өкпе ауруы B) шырышты қақырықың үлкен мөлшері C) қайталанатын стафилококты инфекция. D) тырнақ фалангтарындағы түйрегіш тәрізді өзгерістер E) + терідегі натрий және хлордың иондарының көп мөлшері 106. Қайталанатын пневмония, қинайтын тұтқыр қақырықпен ұстама тәрізді жөтел, бронхобструктивті синдром, жиі іш қату, физикалық дамудың артта қалуымен жасөспірімде қандай патологияға күдіктенеміз? 1) + муковисцидоз 2) АҚТҚ-жұқпасы 3) туа біткен эмфизема 4) антитритриннің жетіспеушілігі 5) бастапқы иммунитет тапшылығы 107. Қандай туа пайда болған өкпе дертінде үдемелі өкпе эмфиземасының дамуы БАРЫНША мүмкін? 1) саркоидозда 2) муковисцидозда 3) гамартохондромада 4) бронх демікпесінде 5)+ a1-антитрипсин жеткіліксіздігінде 108. 28 жастағы әйел бөлінуі қиын қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: температура 380С. ТАЖ- 24 рет минутта. Соққылау дыбысын жауырын бұрышынан оң жақтан қысқыруы; мұнда ылғалды ортакөпіршікті сырылдар естіледі. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? 1) жедел бронхит 2) бронх демікпесі 3) эксудиативті плеврит 4) + ауруханадан тыс пневмония 5) бронхоэктазия ауруы 109. 22 жастағы жас жігіт, ұстама тәрізді құрғақ жөтел, аптасына екі рет түнде демікпе шабуылдарына шағымданады. Ұстамаларды басу үшін беротек, преднизолон 10 мг /тәу. қабылдайды. Қарау кезінде ТАЖ– 26 рет мин. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы - 62%. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? 1) бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі, өршу ДН I 2) + бронх демікпесі, орташа дәрежелі, өршу, ДН II 3) бронх демікпесі, ауыр дәрежелі, өршу ДН III 4) бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу, ДН І 5) өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, орташа ауырлық, өршу, ДН II 110. 48 жастағы әйел, құрғақ жөтелге, ентігуге, буындардағы және бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, тершеңдік, әлсіздік, дене температурасының 37,8° С көтерілуі. 3 ай бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті: кеуде қуысының алдыңғы бетінде түйінді эритема, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегамия. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғырылаған, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы. Квейм тесті оң мәнді. Рентгенограммада көптеген әр түрлі формадағы және мөлшердегі ошақтар, бір-бірімен қосылып дұрыс емес формадағы түзілген ірі конгломераттар анықталады. Компьютерлік томографияда: кеуделік лимфа түйіндердің ұлғаюы. Диагнозды дәлелдеу үшін келтірілген әдістердің қайсысы БАРЫНША тиімді? 1) +өкпенің трансбронхиальді биопсиясы 2) магнитті-резонансты томография 3) бронхография 4) спирография 5) ангиография 111. 16 жасар мектеп оқушысы емханаға қызбаға, тыныс алу кезінде кеуде қуысы күйдіруіне, сары-жасыл түсті қиын бөлінетін күшті ұстаматәрізді жөтелге, бұлшықет ауруы, бас ауруы, әлсіздікке шағымданады. Суықтану фонында жедел ауырады. Өкпелерде қатты тыныс естіледі, жауырын бұрышының төменгі жағында дауысты ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? A) жедел бронхит B) жедел ларингит C) + ауруханадан тыс пневмония D бронхоэктаз ауруы E) жедел респираторлы вирустық инфекция 112. 17 жастағы қыз балада 4 ай бойы кенеттен пайда болатын жөтел ұстамасы, ентігу және ысқырықты сырылдар мазалайды. Тыныстық дискомфорт ұйқысын айына 1-2 рет бөледі. Қыз баланың анасы аллергиялық ринитпен ауырады. ОФВ1 – 82%. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1) өкпе ісінуі 2) жүрек демікпесі 3) +бронхиальды демікпе |