Главная страница
Навигация по странице:

  • Мысалы, адреналин, норадреналин, дофамин, тироксин – тирозиннің,гистамин- гистидиннің, сиротонин – триптофанның

  • (кортизол, эстрадиол, альдостреон) 3. Биологиялық қызметіне сәйкес

  • 8.Гормондардың жалпы қасиеттерін атаңыз.

  • 9. Жыныстық жəне физиологиялық жетілу дегеніміз не жəне олардыңқалыптасу мерзімін не үшін білу қажет

  • 11. Қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктерін баяндаңыз.

  • Зоофизиология. 2 рейтинг Зоофизиологя. 1. Ассимиляция жне диссимиляция дегеніміз не Оларды арасындаы байланыса тсінік берііз


    Скачать 117.66 Kb.
    Название1. Ассимиляция жне диссимиляция дегеніміз не Оларды арасындаы байланыса тсінік берііз
    АнкорЗоофизиология
    Дата29.04.2021
    Размер117.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 рейтинг Зоофизиологя.docx
    ТипДокументы
    #200106
    страница2 из 3
    1   2   3

    1.Анатомиялық жіктеу,яғни гормондарды олардың бөлінетін мүшелерінің атымен атау.

  • 2. Химиялық құрамына сәйкес гормондарды 3 топқа бөлуге болады:

  • 2.1 Амин қышқылдарының туындылары. Мысалы, адреналин, норадреналин, дофамин, тироксин – тирозиннің,гистамин- гистидиннің, сиротонин – триптофанның туындылары.

  • 2.2 Табиғи ақуыздық, пептидтік гормондар. Инсулин – 51 амин қышқылынан тұратын А және В полипептид. Эндорфиндер және энкефалиндер, нейропептидтер т.с.с.

  • 2.3 Стероидтық гормондар. Бұлар холестериннен синтезделеді (кортизол, эстрадиол, альдостреон)

  • 3.Биологиялық қызметіне сәйкес:

  • 3.1 Көмірсу, май, ақуыздардың алмасуын реттеуге қатысатын гормондар(инсулин, глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин т.б)

  • 3.2 Тұз және су алмасуына қатысатын гормондар (альдестрон, вазопрессин).

  • 3.3 Кальций және фосфат алмасуына қатысатын (парогормон, калцитонин).

  • 3.4 Көбею, бөліну сияқты репродуктивтік қызметке қатысатын гормондар (эстрадиол, прогестерон, тестостерон).

  • 3.5 Эндокриндік бездердегі гормондардың синтезіне және секрециясын реттеуші гормондар (топтық гормондар, гипоталамустың либериндері мен статиндері).

  • 3.6 Гормондардың синтезі жүретін жерлердегі метоболизмді реттеуге қатысатын гормондар (простогландиндер, гистамин, соматомедин, секретин, гастрин т.б) .


    8.Гормондардың жалпы қасиеттерін атаңыз.

    • Гормондардың химиялық құрылымы әртүрлі, сондықтан олардың физикалық қасиеттері де әртүрлі болады.

    • Түзілген орнынан қашықтықтан әсер етуі;

    • Әсердiң ерекшелiгi - олардың әрқайсысының эффектiсі басқа гормонның эффектiсімен бiрдей емес;

    • Өте тез түзіледі,сәйкесінше өте аз өмір сүреді

    • Жоғары биологиялық белсендiлiк - керек эффект заттың өте аз шоғырландыруының жанында жетедi;

    • Ақпараттың жүйке жүйесінен жасушаға берілу кезіндегі дәнекер болып табылады .


    9. Жыныстық жəне физиологиялық жетілу дегеніміз не жəне олардың
    қалыптасу мерзімін не үшін білу қажет?


    Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдерінің жыныс ағзалары толық дамып-жетілмеген күйде болады. Осыдан олардың өніп-өсуге, ұрпақтану процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен өткеннен соң, жыныстық тұрғыдан жетілгеннен кейін ғана қалыптасады. Жыныстық жетілу кезінде жыныс ағзалары толық дамып жетіледіде, жыныс бездерінде жыныс торшалары өндіріліп, əр жыныс өкілдеріне тəн жыныстық мінездер (жыныстық қозу, басқа жыныс өкілдеріне құштарлық, жыныс рефлекстері, т.б.)пайда болады, жыныс бездерінің ішкі секрециялық бөліктерінде аталық жəне аналық жыныс гормондары қарқынды түзіліп, ұрғашы малда жыныс айналымы байқалады. Демек, жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметіжағынан толық жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қа- білетінің қалыптасқан мерзімін айтады.

    Жыныстық жетілу организмнің жеке дамып-өсу кезеңінде ке- неттен,күртқалыптасасалатынжағдайемес,керісінше,олбелгілі бір мерзім ішінде эндокриндік статустың бірте-бірте өзгеруінің нəтижесінде туындайтын күй. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖГ,ЛГ) болып табылады.Олардың синтезінің күшеюімен бай- ланысты аталық жəне аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс торшалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып,сыртқы жыныс белгілері қалыптасады жəне жыныстық рефлекстерпайда болады.

    Жыныстық жетілу процесін реттеуде орталық жүйке жүйесі, атап айтқанда, гипоталамустың преоптикалық аймағы, бадам- шалық ядролар, лимбикалық жүйе қатысады. ОНЖ-де анық оқ- шауланған жыныс орталығы табылған жоқ. Жыныстық жетілу кезінде мидың əртүрлі бөлімдерінде, ең алдымен, гипоталаму- сте, гормондардың əсерімен жыныстық басымдылық (доми- нанта) пайда болады. Осының нəтижесінде малда тиісті мінез қалыптасады.Сондықтан организмнің гормондық статусына байланысты малдың жыныстық белсенділігі өзгеріп отырады.

    Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, кли- мат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады:

    Сиырда - 6–10 Бұғыда - 17

    Қой – ешкіде - 7 Қоянда –5

    Шошқада - 6 Итте – 7

    Жылқыда - 18 Мысықта – 5

    Түйеде-24-36 Қара күзенде – 9,5

    Шамамен,осындай мерзім ішінде аталық малдада жыныстық жетілу байқалады.

    Жыныстық жетілу организмнің пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды, төл əлжуаз болып туа-ды. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал дене- сінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тəн пішіннің толық қалып- тасуының аяқталған мерзімін атайды. Физиологиялық жетілу мерзімі жас малдың тірі массасы сақа мал салмағының 70–75% мөлшеріне жеткен шағына сəйкескеледі.

    Əртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі, аймен санағанда, мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді:

    Сиыр – 16–18 бұғы – 30

    қой-ешкі – 12–15 қоян–6

    шошқа – 10 ит -12

    жылқы–36 мысық–10

    түйе – 48–60 қара күзен – 14

    Ұрғашы мал аталық малмен, шапшаң өсетін мал тұқымдары баяу өсетін малмен салыстырғанда, ертерек жетіледі. Малдың қоректену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу мерзімін қысқартады.

    Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық құндылығына, жасына байланысты. Жылқы ұрпақтану қабілетін 18-20, ірі қара 12-14, қой 7-8, шошқа 7-10 жасқа дейін сақтайды.



    10. Сүттену (лактация) дегеніміз не? Əр түлік малдың сүттену кезеңінің ұзақтығы қандай? Сүттену сатыларын атаңыз.



    Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын жəне желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Лактация деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда сүт бөлу, емізу деген мағына береді. Бұл процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады, сондықтан желін сүт қоректі жануарлардың негізгі белгілерінің бірі. Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана қорегі болып табылатын сұйық зат сүт түзіледі.Сүттің құрамында организмнің өсіп- дамуына қажетті қоректік заттардың барлығы болады,сондықтан ол адам үшін де таптырмайтын тағам болып саналады.

    Сүттену - күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл ор- ганизмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, т.б.) үйлесімді əрекетінің нəтижесінде атқарылады. Осымен байланысты малдың сүттілігі тек желінмен ғана емес, басқа да функционалдық жүйелердің даму деңгейімен байланысты. Мəселен, 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 500 л қан өтукерек.

    Аналық сүт қоректілерде төлдегеннен кейін желінқызметінің басталып, сүт түзу процесі тоқтағанға дейінгі мерзім аралығын сүттену (лактация) кезеңі деп атайды. Жабайы аңдарда сүттену кезеңі ұзаққа созылмай,төлді емізу мерзімімен шектеледі.Жануарларда оның ұзақтығы əртүрлі. Мысалы, майда кемірушілерде бұл кезең 10-20 күнге созылса, кашолоттарда 25 айға жетеді. Малда сүттену кезеңінің ұзақтығы төлді өсірумен ғана байла- нысты емес, ол шаруашылық талаптарына сəйкес қалыптасады. Мəселен, сиырда сүттену кезеңінің оптимальды ұзақтығы жы- лына 305, ешкіде 240-300, түйеде 300, қойда 120-150, бие-де 180-210, мегежінде 60 күн. Қолдан сұрыптау, мақсатты се- лекциялық жұмыстар арқылы малдың сүттілігін арттырып, мол өнімді мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ірі қараның көптеген тұқымдарының сүттілігі бұзаудың сүтке деген мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, адамға қажетті маңызды өнім береді. Осымен байланысты сүттену физиологиясын негізінен сиыр организмінде жүретін процестерге сүйене отырыпбаяндаймыз.

    Сиырларда сүттенудің 10-айынан кейін сауылатын сүт мөл- шері күрт төмендейді, сондықтан оларды саууды тоқтатады. Мал жаңа басталған буаздық əсерінен организмнің гормондық статусының өзгеруімен байланысты суалады. Жаңа басталған буаздықтың 2-4 айынан бастап, малдың сүттілігі төмендей бастайды. Ал малдың суалуы желіннің қызметінің толастап, кері даму (инволюция) процесінің жүруінің белгісі. Бұл кезде альве- олалар кішірейіп, кейбір майда сүт өзектері семеді де, желінді май баса бастайды. Желіннің секрециялау қызметін тоқтатуда нейтрофильдердің химиялық факторлары ерекше орын ала- ды. Нейтрофильдер ферменттері без альвеолалары торшаларын ерітеді, тамыр маңында орналасқан ұлпа торшаларын біріктіретін табақшаларды ажыратып, альвеола торшаларына қайтымды тежеуші əсер ететін миелопероксидаза ферментін бөледі (И. И. Грачев). Аталған өзгерістер жаңа жыныс айналымымен байланысты тиыладыда,келесі буаздық кезінде желін қайта дами бастайды.

    Лактация (лат. lactare — сүт болу, емізу), сүттену — ''сүт'' безінде сүттің түзілу, жиналу және оның мезгіл-мезгіл бөліну процесі. Сүттену кезеңі деп желінде сүт түзіліп және осы процесс тоқтағанға дейінгі аралықты атайды. Лактация кезеңі лактогенез (уыздану) процесінен басталып, лактопоэз (сүт түзу) процесіне ұласады. Лактогенез — буаздықтың соңғы күндері мен мал төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерде сүт бездерінде секрециялық процестің басталуы. Осы процестің әрі қарай дамуын әрі жалғасуын лактопоэз дейді. Жабайы аңдарда Лактация кезеңі төлді емізу мерзімімен шектеледі. өсақ кемірушілерде ол 10 — 20 күнді құраса, кашалоттарда 25 айға созылады. Сиырда Лактация кезеңінің ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240 — 300, түйеде 300, қойда 120 — 150, биеде 180 — 210, мегежінде 60 күн. Адамда сүттену процесін жүктілік кезіндегі даму сатыларынан өткен сүт безі қамтамасыз етеді. Жаңа босанған ананың сүт безінен алғашқы күні бірнеше тамшы уыз бөлінеді. Одан әрі сүт бірте-бірте көбейеді. Лактация организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, тағы басқа) дұрыс қызметінің нәтижесінде жүреді. Дұрыс тамақтанған, күтімі жақсы ананың сүт безінен тәулігіне 2 — 3 л сүт бөлінеді. Малда (сиырда) буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйесі мен түтікше бездердің дамып, жетілуі аяқталады. Буаздықтың 5 — 7 айында желіннің безді құрылымы қалыптасып, 6 — 8 айлар арасында миоэпителийлік клеткалар пайда болады. Мал төлдеуден 2 — 3 ай бұрын желін паренхимасының клеткалары май түйіршіктері бар секрет түзе бастайды. Бірақ бұл уыз да, сүт те емес. Желін тек мал төлдер алдында ғана уызданады. Сүт түзілу процесі бірнеше сатыдан өтеді: 1) сүт құрамына енетін заттарды қаннан сүзу; 2) сүттің өзіне тән құрамаларын түзу; 3) түзілген заттардың біраз мөлшерін кері сору. Орта есеппен желін безінің әр грамы тәулігіне 1 мл сүт түзеді. Сиыр желіні әр минутта 0,6 г белок, 0,82 г қант және 0,7 г май түзе алады. Сүтте қанда кездеспейтін казеинбета-лактоглобулинальфа-лактоальбуминлактоза, т.б. заттар пайда болады, ал сүт майы қышқылдық құрамы жағынан плазма мен ұлпа липидтеріне ұқсамайды. Қанмен салыстырғанда сүтте қант 90 — 95, май — 26, кальций — 14, калий — 9 есе көп, белоктар — 2, натрий — 7 есе аз. Сүттің түзілу қарқынына малдың тұқымы, күтіп-бағылу жағдайы, ас қорыту және зат алмасу деңгейі, сүттену кезеңінің сатысы, тәулік мерзімі (күндіз сүт көбірек түзіледі), сауу жиілігі, т.б. әсер етеді. Толассыз түзілген сүт альвеолдар, майда, орташа және үлкен сүт өзектері мен қуыстардан алдымен альвеолдар қуысы мен сүт жолдарына, содан кейін орташа және ірі сүт өзектері мен желін қуысына толады. Желін альвеолдары қуысының 60 — 70%-ы сүтке толған соң, сүт желін қуысына өтеді. Сүт жинау мал сауылғаннан соң 5 — 6 сағ-тан кейін басталады. Егер мал уақтылы сауылмаса желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі баяулайды. Желіннің сыйымд. жүйесіндегі қысым капилляр қысымы деңгейіне (35 — 50 мм сын. бағ.) көтерілген соң, сүт түзу баяулайды. Бұл мал сауылғаннан 10 — 12 сағ өткен соң (желін сүтпен 85 — 90%-ға толғанда) байқалады. Желіндегі қысым 50 мм сын. бағ-нан асқанда сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолдарға келетін капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан мөлшерінің азаюы, безден өнімдерді шығару процесінің қиындауы әсерін тигізеді. Бұл кезде белоктар мен суда еритін қосындылар клеткалар мембранасындағы жасушалар арқылы шығарылады да, май глобулалары клетка ішінде қалып қояды. Сондықтан, мал сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Малдың сүттілігі желіннің сыйымдылығына байланысты. Биелер желінінің сыйымд. 1 — 1,5 л (кейде 2,5 л), сиырларда 18 — 25 л, ал өте сүтті сиырларда 40 — 50 л-ге дейін жетеді.
    11. Қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктерін баяндаңыз.



    Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік. Сүйек қаңқасының құрамдас бөлігі. Сүйек құрылысы. Сүйектің үстіңгі қабаты. Тығыз әрі кеуекті заттар. Ұзын, қысқа, аралас, тегіс, ауа өткізгіш сүйектердің ерекшеліктері. Сүйекті ми және оның атқаратын қызметінің мәні. Сүйектің пішіні жөне оның атқаратын қызметпен байланысы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жас шамасының өзгеруіне байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық құрамы. Сүйектің эндесмальді, энхондральді, перихондральді түрлері туралы түсінік. Сүйектің ұзындығы мен қалындығы жағынан өсуі. Сүйектің қартаюы, өсуі, дамуы барысындағы ішкі және сыртқы факторлар. Механикалық салмақтың сүйектің интенсивті дамуына ықпал ету. Сүйектердің байланыстары туралы ілім. Сүйектердің байланыстардың топтастыруы: фиброздық (синдесмоздық, сүйекаралық жарғақтар, байламдар, тігістер және сүйектенуі), шеміршекті (синхондроздар, симфиздер). Буындар. Буынның негізгі элементтері. Қосымша пайда болған буындар. Буындарды топтастыру: байланысқан сүйектердің санына қарай, қызметтік таралу біліктердің санына қарай. Жай, күрделі, қос камералы, аралас буындар. Буындағы қозғалыс пен айналысатын біліктері, пішіндері. Буын пішіндері арасындағы қызметке қатысты тәуелділік. Қозғалыстың ауқымы мен буынның үстіңгі бетімен арақатынасы. Буындағы қозғалысты тежеу, өрі шектеу. Дене қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Оның негізгі бөліктері; Омыртқа құрылысының жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктер. Сегізкөз бен құймышақтың құрылысы. Омыртқалардың айланысы: омыртқалардың денелері арасында, доғаларының және өсінділерінің аралықтарындағы байланыстар. Омыртқа аралық дискілері және олардың құрылысы. Омыртқааралық буындар. Омыртқа бағананың байланыс аппараты. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. Сегізкөзбен қүймышақтың бірігуі. Омыртқа бағананың тұтастығы. Оның тіректік және серпімділік қасиеті. Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыда иілуі жөне оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысы. Қозғалыс барысындағы омыртқа бағананың иілуіндегі өзгерістер. Адам денесінің сыртқы қабатында омыртқа бағананың құрылыстардың проекциясы. Кеуде қуысы. Кеуде қуысының сүйектік негіздері. Төс сүйек пен қабырғалардың құрылысы. Қабырғалардың қозғалыстары. Кеуде қуысы қабырғаларының доғалары, төсасты бұрыш. Кеуде қуысының тұтастығы, пішіндері. Кеуде қуысының жас шамасы және оның жыныс арқылы көрінетін ерекшеліктері. Адам денесінің сыртқы қабатында кеуде сүйектер құрылыстардың проекциясы. Кеуде сүйектердің қозғалысын көрсету. Бас қаңқасы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы. Ми және бет сүйектері. Ми сауыты сүйектер. Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері. Ми саутының сыңар сүйектері: шүйде, сына тәрізді, мандай және торлы сүйектер. Ми сауытының жұп сүйектері: төбе және самай. Бас сүйектің бет жағындағы бөліктеріндегі сүйектер: жүптасқан - жоғарғы жақ, әлпет, тандай, мұрын, жақ сүйектері: төменгі жақ, кеңсірік, құрмау сүйек. Бас сүйектердің тұтастығы. Бас қаңқа сүйектердің байланысы: тігістері, самай астыңғы жақ сүйек буындары оның құрылысы және қозғалысы. Бас сүйектердің төбесі, сырткы және ішкі негіздері. Көз шарасы оның қабырғалары мен хабар алу жолдары. Мұрын қуысы, оның қабырғалары, ауа өткізетін кеңсіріктері. Ауыздың сүйектері. Бас сүйектерінің рентгентәнтануы. Бас каңқасының жас шамасы, жыныстық және жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері. Қол қаңқасы. Қол сүйектерінің иық белдеуі және еркін қозғалатын бөлімдері. Жауырын мен бұғана. Тоқпан жілік, шынтақ және шыбық сүйектері, білезік сүйектер, алақан және қол бастың саусақтары, олардың құрылысы мен орналасу жағдайы. Қол сүйектердің байланыстары. Кежеге (төс-бүғана) және топша (акромион-бүғана) буындар, олардың ішіндері, айналу біліктері және қозғалыстары шектетін байламдары. Иык, шынтақ, проксимальді және дистальді шыбық- шынтақ буындар, қоспа (шыбық- білезік) буын, олардың құрылыстары мен пішіндері, буын қабылары, буын қуыстары, байламдары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Қол-бас буындардың және байланыс аппаратының ерекшеліктері. Білезік-аралық буын. Қол бастың үлкен саусақтың білезік- алақан буыны және 2-5 саусақтардың буындары. Алақан — саусақ және бақайшық аралық буындары. Қол сүйектердің рентгентәнтануы. Адам денесінің сыртқы кабатындағы қолдың қаңқасының пайда болуы және жобалануы. Қол сүйектердің қозғалыстарын көрсету. Аяқтың қаңқасы. Аяқ сүйектерінің мықын белдеуі жөне еркін қозғалатын бөлімдері. Қасаға (ей шат сүйегінің бірігуі). Жамбас сүйек, оның үш сүйегі: мықын, отырғыш жөне шат. Ортан жілік, тізе тобығы, үлкен және кіші жіліншіктер, аяқ басының сүйектері: тілерсек, табан және бақай сүйектері, олардың құрылыстары мен орналасу жағдайы. Аяқ қаңқасының байланысуы. Сегізкөз-мықын буын құрылысы мен қозғалысы. Қасаға екі шат сүйегінің бірігуі. Жамбастың тұтастығы. Жамбастың үлкен және кіші астаулары. Жамбастың жас шамасына, жынысқа, жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері. Жамбас-сан (ұршық) және тізе буындары, балтыр сүйектерінің байланысулары. Балтыр-табан (тілерсек) буьны, оның құрылысы, пішіні, буынның қабы, қуысы, байлам аппараты, қосымша құрылыстары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Аяқ бастың буындары мен байлам аппаратының ерекшеліктері: топай асты буын, топай-өкше-кайық буындары, өкше-текше, тілерсек- табан, табан-бақай және башпайаралық буындары. Аяқ бастың қозғалыстары. Аяқ бастың тұтастығы. Аяқ бастың ұзыннан жөне көлденең орналасқан күмбездер. Аяқ бас күмбездерінің белсенді және сылбыр тартылғыштары. Жалпақ табан туралы түсінік. Аяқ сүйектері мен буындардың рентгентәнтануы. Адам денесінің үстіңгі қабатындағы аяқ қаңқалық құрылымының жобалануы. Аяқ буындары қозғалыстарының көрінісі.
    1   2   3


  • написать администратору сайта