Главная страница
Навигация по странице:

  • 13. Қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктерін баяндаңыз.

  • 14. Орталық жүйке жүйесінің маңызы қандай

  • Зоофизиология. 2 рейтинг Зоофизиологя. 1. Ассимиляция жне диссимиляция дегеніміз не Оларды арасындаы байланыса тсінік берііз


    Скачать 117.66 Kb.
    Название1. Ассимиляция жне диссимиляция дегеніміз не Оларды арасындаы байланыса тсінік берііз
    АнкорЗоофизиология
    Дата29.04.2021
    Размер117.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 рейтинг Зоофизиологя.docx
    ТипДокументы
    #200106
    страница3 из 3
    1   2   3

    12. Ет ұлпасына тəн қандай физиологиялық қасиеттерді білесіз? Олардың əрқайсысына сипаттама беріңіз.
    Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тəн. Дегенмен, қаңқа еттерінің қозғыштығы жүйке талшықтарымен салыстырғанда, төмен келеді. Оның себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы жүйке талшықтарымен салыстырғанда, жоғары (тиісінше, 90 мВ жəне - 70 мВ). Демек, əрекет потенциалы туындау үшін ет талшықтары жүйкемен салыстырғанда көп деңгейге үйексізденукерек.

    Бұлшық етте қозу толқыны дараланып өткізіледі, бір талшықтан қатар жатқан талшыққа берілмейді. Ет талшықтары қозуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді. Қозудың таралу жылдамдығы бұлшық ет табиғатына қарай өзгеріп отырады.Ақет талшықтарында қозу секундына 12-15 м шапшандықпен өткізілсе,қызыл ет талшықтарында 3-4м жылдамдық пен тарайды.

    Қозғыш ұлпаларда байқалатын жалпы қасиеттермен қатар эволюциялық даму үстінде ет талшықтарының өзіне ғана тəн қасиеттер пайда болған.

    Қаңқа еттері серпінді құрылым. Серпінділік қасиеті белсенді жəне енжар жиырылғыш құрамалардың (компоненттердің) болуына байланысты.Осы құрамалар ет талшықтарында созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттерін де қалыптастырады.

    Созылғыштық деп əртүрлі əсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын айтады. Созылғыштық қасиет ет талшықтарының табиғатына, ет шоғырларының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, қызыл ет талшықтары ақ талшықтардан созылғышкеледі.Талшықтарықатарласа(параллель)орналасқан еттер таранды (қауырсын тəрізді) талшықты еттермен салыс- тырғанда көбірек созылады. Тыныштық күйдегі бұлшық етті созғанда серпінділік қасиетіне байланысты ширығу құбы- лысы байқалады. Ет талшығын созған сайын, ол арта түседі. Оқшауланған еттерде серпінді кернеубайқалмайды.

    Оралымдық деп ет талшықтарының кергіш күш əсеріне ширығумен жауап беретін қасиетін айтады. Сондықтан белгілі бір күш əсерімен қалпы бұзылған бұлшық ет сол күш əсері тиылғаннан соң бастапқы күйіне оралады. Еттің оралымдығын оған жүк іліп анықтайды. Оралымдық қасиеттің арқасында жүкті алып тастағаннан соң ет бастапқы қалпына келеді. Көп жағдайда оралымдық қасиеттің жақсы жетілмеуіне байланысты ұзақуақыт созылған ет бастапқы қалпына толық оралмайды. Айтакетер жайт, қаңқа етінің ақ талшығы қызыл талшықтардан оралымды келеді.

    Икемділік - бұлшық еттің еріксіз, күшпен берілген пішінін сақтау қасиеті. Еттің икемділік қасиеті саркоплазмаға байла- нысты. Ал, сарколемма мен миофибриллаларға əрі оралымдық əрі икемділік қасиеттер тəн. Сыртқы деформациялаушы əрекет неғұрлым күшті əрі ұзақ болса, соғұрлым икемділік күштірек байқалады. Бұлшық еттің қызыл талшықтарының икемділігі ақ талшықтармен салыстырғанда, жоғары болады.

    Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуатты аз шығындай отырып, тұрақты табиғи ширығу жағдайында, əлсіз кернеулі күйдеболуынайтады.Тыныштықкезіндебұлшықеттонусынмо- тонейрондаримпульсіқамтамасызетеді.Бұлшықеттонусыенжар жəне белсенді болып бөлінеді. Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тону- сын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің асихронды əрекеті қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тонусын қалыптастыруда проприо- рецепторлар мен орталық жүйке жүйесі де қатысады. Ет тонусы сырттай серпінділік түрінде бейнеленеді.Ол бұлшық еттің енжар жиырылатын құрылымы-қызыл талшықтардың əрекетіне байланысты.

    Еттің қызыл талшықтарының қызмет ерекшеліктері олардың баяу жиырылып,баяу босаңсуында.Олар жиырылған кезде актин мен миозин жіпшелері арасында мықты молекула аралық байланыс пайда болады да, ет талшықтарының коллоидтық құрылымы өзгереді. Қызыл ет талшықтарының тонусы сирек туындайтын жүйке импульстерінің əсерімен сақталады. Сирек импульстер əсерімен ет талшықтары бір мезгілде қозбай,біртіндеп,кезектесе қозады. Сондықтан өте сирек тітіркендірудің өзі бұл талшықтар- ды ұзақ жиырылу жағдайында ұстайды. Бұл импульстер жұлын- ның мотонейрондарынан келеді. Өз кезегінде мотонейрондар қызметі орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде орналас- қан орталықтар мен ет талшықтарының созылуы нəтижесінде қозатын бүйірлі торшалардан келетін импульстер арқылы өзгеріп отырады.

    Бұлшық ет тонусы кеңістікте денені белгілі бір кейіпте ұстауда, қимыл аппаратының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ет тонусын сақтау үшін онша көп энергия шығындалмайды, зат алмасу процесі айтарлықтай өзгермейді, сондықтан тонус жағдайындағы ет көп қажымайды.

    Ет талшықтарының телімді қасиеттерінің бірі - жиырыл- ғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендір- гіш əсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу (кернеу) деңгейін өзгертетін қасиетін айтады. Еттің жиырылғыштық қабілетін мио- графия əдісімен зерттейді.

    13. Қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктерін баяндаңыз.
    Бұлшық еттің қызметі. Оның пішіндері: ұзын, қысқа, кең, ұршықты және шеңберлі бұлшық еттер. Күшті және епті бұлшық еттер. Бұлшық еттің атқаратын қызметі мен байланысы. Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттің өзінікі дәнекер ұлпа шандыр қабығы (фасция), эндомизий және перемизиясы. Бұлшық еттің шектен тыс әрекеті. Бұлшық еттің қосымша аппараты және оның қызметтік мәні. Бұлшық еттің қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі. Одақ жөне қарама- қарсы бұлшық еттер. Бұлшық ет жұмысына сипаттама: бұлшық еттің күйі, қалпы. Бұлшық еттердің шексіз (басым), шартты және аудару, салу күштері. Бұлшық еттің тарту күшінің жолы. Бір, екі және көп буынды бұлшық еттер. Бұлшық еттердің шектен тыс әрекеті. Бұлшық ет жұмысына сипаттама. Бұлшық еттердің жеңу, беру, ұстап қалу және баллистикалық жұмыстары. Бұлшық ет топтары мен бұлшық ет күштерінің тепе-тендігі туралы түсінік. Бұлшық ет күштерінің сөті. Бұлшық еттердің күштерін қосу және алу. Күш паралеллограммасы. Екі күілтін, әрекеті. Бұлшық ет жұмысы мен бастырық (рычаг) заңы. Бұлшық еттердің бөліктері. Адамның қозғалыс аппаратындағы I, II, III түрі бастырықтардың сипаты. Дене мен мойынн ың б ұлшық еттері. Дене бұлшық еттерінің атқаратын қызмеіі. Омыртқа бағананы қозғалтатын бұлшық еттер. Омыртқа бағанының мойын бөлігінің алға иілуіне қатысатын бұлшық етгер. Омыртқа бағанасын жазатын бұлшық еттер, олардың орналасуы, басталатын және бекитін орындары, адам денесінің жоғары қабатындағы жобалануы. Әртүрлі тірек қалпында арқа бұлшық еттердің қызметтері. Омыртқа бағанасын мойын бөлігін бүгетін бұлшық еттер. Мойын бұлшық еттері: үстіңгі, құрмау сүйегіне бекитін бұлшық еттер және тереңдегі. Бас қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Құрсақ бұлшық еттері. Әртүрлі тірек калпында қүрсақ бұлшық еттердің қызметтері, құрсақ қуысының сығымдалуы және оның спортшылар үшін атқаратын қызметі. Үйқы жөне жақасты үшбүрыштары- мойынның топографиялық құрастырлары. Мойынның шандыр қабықтары. Омыртқа бағанының бел бөлігін бүгетін бұлшық еттер. Тыныс қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Демді ішке алдыратын бұлшық еттер: жәрдемдесу, кеуде қуысқа дәлелді әрекет ету. Көкет, оның орналасуы, құрылысы мен атқаратын қызметі. Қабырғааралық бұлшық еттер (сыртқы және ішкі). Демді шығаратын құрсақ бұлшық еттері, қабырға асты, кеуде қуысының көлденең бұлшық еті. Тыныс алудың түрлері. Бас б ұлшық еттері. Шайнау бұлшық еттері. Бас бұлшық етерінің қызметі, қүрылысы сипаттамасы.Төменгі жақ сүйектің қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің топтары: көтерілу, төмен түсу, алға және артқа қозғалу және бір жағына жылжу. Ымдау және шайнау бұлшык етгері. Бастың шандыр қабықтары. Қолдың б ұлшық еттері. Кежеге (төс-бүғана) буында иык, белдеу сүйектерді қозғалтатын бұлшық еттер: алға, артқа, жоғары, төмен және сагитальді біліктің айналасында жауырынның төменгі бұрышын ішке және сыртқа бұру. Қолдың иық белдеу сүйетерінің қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Бұлшық еттердің басталатын жері және бекітуі, буындардағы білектердің (остредің) айналуына қатысты орналасуы. Иық буынындағы бұлшық еттердің қызметтері: бұгу, жазу, алшақтату, жақындату, пронация, супинация. Бұлшық еттердің бастау жері және бекуі. Білек сүйектердің қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, пронация, супинация, олардың басталатын жері мен бекуі. Қол басының және саусақтардың қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, = жазу, алыстату, жақындату. Қолдың шандыр қабықтары. Проксимальдық, дистальдық тіректердің барысында қолдың бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Адам денесінің жоғарғы қабатындағы қолдың бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Адам денесінің жоғарғы қабатындағы қолдың бұлшық еттерінің пайда болуы, жобалануы. Аяқтың бұлшық еттері. Ұршық (жамбас- сан) буынындағы санның қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, алшақтату, жақындату, пронация мен супинация. Тізе буынында балтыр сүйектердің балтырды қозғалтатын бұлшық еттердің топтары: бұгуші, жазушы, пронациялық, супинациялық. Тілерсек буынындағы аяқ басының қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, алыстату, жақындату, пронация, супинация. Аяқ бастың бақайлардың қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер. Аяқтың шандыр қабықтары. Аяқ басының күмбездерін ұстаушы бұлшық еттер, олардың басталатын жері мен бекуі. Аяқтың топографиялық құрылымы және оның атқаратын қызметі. Аяқ пен қолдың бұлшық еттерінің салыстырмалы сипаты. Адам денесінің жоғарғы қабатында аяқтың бұлшық еттерінің жобалануы.

    14. Орталық жүйке жүйесінің маңызы қандай?

    ОЖЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми, ораңғы ми, мишық, аралық ми, алдыңғы ми, жатады.Орталық жүйке системасы организмнің барлық системаларының қызметін біртұтас біріктіріп, сыртқы ортамен өзара қатынасын реттейді. Жүйке системасының біртұтастық қызметі үш түрге бөлінеді: сенсорлы, моторлы және вегетативті. Адамның сенсорлы және моторлы қызметі қосылып, соматикалық болып аталады.Соматикалық қызметті қамтитын бағыт барлық орталық жүйке системасына таралады-жұлыннан бастап ми сыңарларына дейін.

    Жұлын. Жұлы омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады.Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.

    Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б…

    Төмен түсетін жол aрқылы импульстер нейрондардың бойымен шеткі бөлімге-органдарға барады. Осы импульстердің әсерінен әртүрлі органдардың қызметі өзгереді: екелет еттері жиырылады, несеп бөлінеді және нәжіс шығады т.б.

    Жұлын зақымдалса (ісік пайда болу, жарақаттану т.б.) оның өткізгіш жолдары зақымдалса, дененің түрлі бөлімдерінің сезімталдығы жоғала бастайды, бұлшық еттердің өздігінен жиырылуы бұзылады (сал болу) және басқа да өзгерістер байқалады. Жұлынның жүйке орталықтары зақымдалса, рефлекстер пайда болмайды немесе пайдп болған рефлекстер жойылып кетеді.

    Жұлынның алдыңғы және артқы бетіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан сай болады, пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Бала төрт жасқа келгенде алдыңғы және артқы диаметрі ересек адамдарға жақындау болады. Алты жастан кейін жұлын көлденеңіне қарай көбірек өседі. Мойын және бел бөлімдері жуандау болып бітеді. Он екі жаста жұлынның диаметрі екі есе өседі. Жұлын жатқан омыртқа қуысының диаметрі 5-7 жасқа дейін едәуір үлкейеді. Омыртқа қуысының бұл жаста өсуі жұлын көлемінің жоғарлауына байланысты.
    1   2   3


    написать администратору сайта