Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәуелденудің екі түрі бар

  • 6 . Етістік шақтары. Осы шақ. Түрлері. Жасалауы. Мысалдар.

  • 13. туынды

  • Мысалы: таудай, өнерлі, сезгіш.

  • Билеты по каз яз. 1. Ассимиляция. Трлері. Мысалдар


    Скачать 30.76 Kb.
    Название1. Ассимиляция. Трлері. Мысалдар
    Дата26.05.2022
    Размер30.76 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБилеты по каз яз.docx
    ТипДокументы
    #551807

    1.Ассимиляция. Түрлері. Мысалдар.

    Ассимиляция (Ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылардауыссыздармен дауыссыздар үндеседі.

    Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір  түрі ретінде қарастырылады.Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б

    2.Тұйық етістік. Етістіктің болымсыз түрі.

    Тұйық етістік (неопределенная форма глагола) – етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік  тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді. Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы  жасалады: сұра+у, жүр+у.

    Болымсыз етістік-Қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіретін етістіктерді болымсыз етістік (отрицательная форма глагола) дейді. Болымсыз етістік -ма,  -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары мен жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: бар+ма, кел+ме, айтқан жоқ, барған емес.

    3.Жалғаулар. Көптік жалғауы.Жіктік жалғауы.

    Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

    Көптік жалғаулар: дар/дер л, м, н, ң, ж, з

    тар/тер қатаң дауыссыздар + б, в, г, д

    лар/лер дауыстылар + й, р, у

    қағаздар, емтихандар, кiлемдер, жолдастар, мектептер, таулар, үйлер.  

    Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

    Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

    Жекеше /// көпше

    І жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін /// І жақ - мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз.

    ІІ жақ -сың, -сің /// ІІ жақ -сыңдар, -сіңдер

    ІІ жақ -сыз, -сіз /// ІІ жақ -сіздер, -сыздар

    ІІІ жақ – ///ІІІ жақ-

    Оқушымын /Оқушымыз

    Оқушысың/ Оқушысыңдар

    Оқушысыз /Оқушысыздар

    Оқушы/ Оқушылар.

    4.Тәуелдік жалғауы.

    Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:

    Жекеше түрі

    І жақ–ым, -ім, -м

    ІІ жақ-ың, -ің, -ң

    -ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз

    ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і

    Көпше түрі

    І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз

    ІІ жақ— тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

    -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

    ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.

    Тәуелденудің екі түрі бар:

    Оңаша тәуелдену –заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.

    Ортақ тәуелдену – заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,

    Олардың үй-і.

    Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз — біздің ауыл, сіздің үйде т.б.

    Ескерту: Кейде ілік септігіндегі жіктеу есімдіктері айтылмайды. Мысалы, Менің сөзімді тыңда – сөзімді тыңда.

    3-жақтағы тәуелдік жалғауы заттың 3- жақтағы адамға қатысты екенін білдіреді. Мысалы, оның қаламы, және заттың басқа бір затқа қатысты екенін білдіреді. Мысалы, сыныптың есігі.

    5.Септік жалғауы.

    Септік жалғауы – сөзбен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, Олар мектепке келді, Олар мектепке дейін келді, Оқушылар мектепте оқиды т.б.

    Атау септік: – еш жалғаусыз.

    Ілік септік:  - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің.

    Барыс септік: ға,ге,қа,ке.

    Табыс септік: - ны,- ні, - ды, - ді, - ты, - ті.

    Жатыс септік: - да, - де, - та, - те.

    Шығыс септік: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан,- тен.

    Көмектес септік: - мен, - бен, - пен.

    Мысалы:

    Кітап/мектеп

    Кітаптың/мектептің

    Кітапқа/мектепке

    Кітапты/мектепті

    Кітапта/мектепте

    Кітаптан/мектептен

    Кітаппен/мектеппен

    6Етістік шақтары. Осы шақ. Түрлері. Жасалауы. Мысалдар.

    Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіреді.

    Осы шақ

    Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

    Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді. Сұрақтары: не істеп отыр/тұр/жатыр/жүр? Не қылып отыр/тұр/жатыр/жүр? Қайтіп отыр/тұр/жатыр/жүр?

    1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

    Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

    Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді.

    Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.

    Мен оқып жатырмын. Біз оқып жатырмыз.

    Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”) Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”.

    7.Өткен шақ. Түрлері. Жасалуы

    Өткен шақ

    Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ. Сұрақтары: не істеді? неғылды? қайтті?

    1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

    Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді. Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.

    2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.

    Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары

    1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.

    2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.

    3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді

    Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары

    1) -атын -етін -итын -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы. Мысалы: Мен оқитынмын. Біз оқитынбыз.

    2) -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы. Мысалы: Сен барушы едің. Сіздер барушы едіңіздер.

    8.Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:

    1)Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне -е/-й жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.

    2)Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз

    3)Мақсатты келер шак. Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.

    9.Етістіктің райлары – орындаушының іс-қимылға қатысты ой-пікірін,қатынасын білдіреді.

    1) Ашық рай – іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді.Мысалы:Мен бүгін ауылдан келдім.Ертең сабаққа барармын.

    10. Бұйрық рай – іс-қимылдың бұйыру,талап ету,өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді.Мысалы:Сендер ертең жарысқа қатысыңдар.Әңгімені олар бірінші бастасын.
    Мен Быз

    Сен сыз Сендер сыздер

    Ол Олар

    11. Шартты рай – іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.Мысалы:Күн ашық болса,тауға шығамыз.Егер сен жыласаң,мен жылаймын.

    Жасалыуы: етистик (-са,-се)жыктык жалғау.

    12. Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.
    Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.

    1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді

    13. туынды- тубирге жұрнақ жалганган,жасалған зат есім (білім, ұшқыш,тазалық,достық)

    14. Туынды сын есім.

    Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы: таудай, өнерлі, сезгіш.

    Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

    Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:

    -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, - ті

    -сыз, -сіз

    -ғы, -гі, -қы, -кі

    -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

    -шыл, -шіл

    -шаң , -шең:

    -дай, -дей, -тай, -тей

    -қой, -қор, -паз, -кер, -гер

    -и, -ы, -і

    мысалдар:

    дала+лы, орман+ды

    бала+сыз, үй+сіз

    жаз+ғы, іш+кі, күз+гі

    бала+лық, күз+дік

    кек+шіл, қоғам+шыл

    сөз+шең, ашу+шаң

    су+дай, үй+дей, құс+тай

    сәң+қой, әуес+қой

    15. Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

    1. Жай шырай – заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сын есімдер. Мысалы, биік, жақсы, ақылды, өнімді.

    Жасалу жолы: ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады.

    2. Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.

    Жұрнаќтары: 1) –ыраќ, -ірек, -рақ, -рек: 2) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: 3) –қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -тым, -шыл, -шіл, -ќай,  -шылтым, -шілтім, -ғыш, -ілдір, -ша, -ше, -қай.

    Мыс: 1) ауырырақ, жақсыраќ, кішірек: 2) қызылдау, жылылау, кішілеу: 3) ақшыл, көгілдір, , қоңырқай, ұзынша, сарғыш, қышқылтым:

    3. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгілі бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мысалы, сап-сары, жап-жарық

    Жасалу жолы: негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынының қосарлануы арқылы жасалады.

    4. Асырмалы шырай – белгілі бір сандық белгіні бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мысалы: өте жарық, тым ауыр

    Жасалу жолы: сын есімінің  алдынан күшейткіш үстеулердің (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілен, аса т.б.) тіркесіп келуі арқылы жасалады.


    написать администратору сайта