1. Азаны ызметін жне оны маызын білу шін андай да бір мшені алып тастау ажет. Осы дісті аталуы
Скачать 0.71 Mb.
|
Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралу ерекшеліктері. 170.Жүйке орталығы – бұл: а) мидың шектеулі аймақтарында орналасқан нейрондардың жеке тобы; б) ОЖЖ әртүрлі бөліктерінде орналасқан, белгілі бір рефлексті жүзеге асыруға қажет немесе белгілі бір функцияны реттеуге бағытталған нейрондар жиынтығы; в) ОЖЖ әртүрлі бөліктерінде орналасқан, әртүрлі рефлекстерді немесе бірнеше функцияларды реттеуге қажет нейрондар жиынтығы; г) мидың шектеулі аймақтарында орналасқан, әр түрлі рефлекстерді немесе бірнеше функцияларды реттеуге қажет нейрондардың жеке тобы; д) ОЖЖ шашыранды орналасқан, функцияны реттеуге үйлесімсіз қатысатын нейрондар тобы. 171. Жүйке орталықтарының қандай қасиеті жүйке талшықтарына қарағанда олар арқылы қозу импульсінің кешеуілдеп өткізіеуіне себеп болады? а) қозуды баяу өткізу; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозу ырғағы трансформациясы; г) қозуды бір жақтылы өткізу. 172. Тітіркендіргіштің рецепторға әсерінен бастап жауап реакциясы пайда болғанға дейінгі уақыт аталуы: а) синапстық тежелу; б) рефлекс уақыты; в) рецептордың латентті кезеңі; г) рефлекстің орталық уақыты; д) жұмыс мүшесінің латенттік кезеңі. 173. Тюрк әдісімен рефлекс уақытын анықтағанда қолданылатын тітіркендіргіш: а) тұз қышқылы; б) ас тұзы; в) сірке қышқылы; г) күкірт қышқылы; д) Рингер ерітіндісі. 174. Рефлекстік акт тітіркендіргіш әсері жойылысымен тоқталмауын көрсететін құбылыстың аталуы: а) қозуды баяу өткізу; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозудың жинақталуы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізілуі. 175. Ұзаққа созылған қозудан кейінгі құбылыс байланысты….. а) ұзақ ырғақты тітіркендіруден кейін туындайтын нейрон мембранасының іздік деполяризациясына; б) гуморалдық тітіркендіргіш әсеріне; в) рефлекстік орталықтағы тұйық нейрондық тізбектермен жүйке импульсі қозғалысына; г) нейрон аралық синапстардағы қозу өткізілудің бұзылуына; д) оттегі тапшылығына сезімталдыққа. 176. Жүйке орталықтарының үнемі қозып тұруы аталады: а) жүйке орталықтары қажуы; б) жүйке орталықтары тонусы; в) улы заттарға сезімталдық; г) оттегі тапшылығына сезімталдық; д) жүйке орталықтарында қозудың жинақталуы. 177. Кеңістікті жинақталу байқалады….: а) афферентті жүйкені немесе рецепторды дара тітіркендіргенде; б) афферентті жүйкені немесе рецепторды ырғақты тітіркендіргенде; в) бір рецептивтік аймақта орналасқан екі рецепторды қатар тітіркендіргенде; г) бір рецептивті аймақта орналасқан екі рецепторды кезекпен тітіркендіргенде; д) әртүрлі рецевтивті аймақты екі рецепторды қатар тітіркендіргенде. 178. Жүйке орталықтарының қажуы неге байланысты? а) жүйке ұшындағы синтезделген медиатор қорының артуымен, жүйке жасушасынын постсинапстық мембранасының медиаторға сезімталдығының артуымен; жүйке жасушасының энергетикалық қорының өсуімен; б) жүйке талшықтарының ұшындағы синтезделген медиатор қорының азаюымен, жүйке жасушасының постсинапстық мембранасының медиаторға сезімталдығының артуымен, жүйке жасушасының энергетикалық қоры азаюымен; в) талшық ұшындағы синтезделген медиатор санының артуымен, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының артуымен, жүйке жасушасының энергетикалық қоры өсуімен; г) жүйке ұшында синтезделген медиатор қорының күрт төмендеуімен, жүйке жасушасының постсинапстық мембранасының медиаторға сезімталдығы түсуімен, жүйке жасушасының энергетикалық қорының кемуімен; д) жүйке ұшында синтезделген медиатор қорының азаюымен, жүйке жасушасының постсинапстық мембранасының медиаторға сезімталдығының артуымен, жүйке жасушасының энергетикалық қорының өсуімен. 179. Қан айналымы толығымен тоқтаған кезде жұлынының функциясы қашан қалпына келеді (минут)? а) 20-30; б) 5-6; в) 15-20; г) 50-60; д) 30-40. 180. Құсу рефлексін қоздырады: а) лобелин; б) мескалин; в) апоморфин; г) кардиазол; д) стрихнин. 181. Стрихнин әсері: а) тежегіш синапстарға тосқауыл қоя отырып ОЖЖ қозғыштығын күрт арттыру; б) әртүрлі галлюцинациялар тудыру; в) құсу орталығын қоздыру және құстыру; г) тыныс алу орталығын қоздыру; д) қоздырғыш синапстарға тосқауыл қою және ОЖЖ тежеу. 182. Жүйке орталықтарының өзіне келіп түскен импульстердің жиілігі мен ырғағын өзгерте алу касиеті: а) қозуды баяу өткізу; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозу жинақталуы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізу. 183. Афферентті нейроннан эфферентті нейронға қозуды орталық ішімен өткізуге кеткен уақыт аталуы: а) синапстық баяулау; б) рефлекс уақыты; в) рефлекстің латентті кезеңі; г) рефлекстің орталық уақыты; д) жұмыс мүшесінің латентті кезеңі. 184. Жүйке орталығының қажуы байланысы: а) ұзаққа созылған ырғақты тітіркендіруден кейін түзілген үздік деполяризациямен; б) гуморалды тітіркендіргіш әсерімен; в) рефлексті орталықтағы тұйық нейрондық тізбекте қозу импульсі циркуляциясы; г) нейронаралық синапстардағы қозу өткізу бұзылуы; д) оттегі жетіспеушілігіне сезімталдық. 185. ОЖЖ әртүрлі деңгейінде орналасып, белгілі бір рефлекті жүзеге асыруға немесе функцияны реттеуге қажетті нейрондар жиынтығының аталуы: а) рефлекс; б) синапс; в) жүйке орталығы; г) рефлекстік доға; д) үйлесімділік. 186. Жүйке талшығының медиаторды бөлуіне және оның постсинапстық мембранаға өтуіне қажетті уақыт алалуы: а) синапстық кешеуілдеу; б) рефлекс уақыты; в) рефлекстің латентті кезеңі; г) рефлекстің орталық уақыты; д) жұмыс мүшесінің латентті кезеңі. 187. Рефлекс уақытын анықтауға қолданылатын әдіс: а) Павлов әдісі; б) Сеченов әдісі; в) Ухтомский әдісі; г) Тюрк әдісі; д) Введенский әдісі. 188. Тітіркендіргіш күші мен рефлекс уақыты арасындағы тәуелділік: а) тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, рефлекс уақыты соғұрлым ұзақ; б) тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, рефлекс уақыты соғұрлым қысқа; в) тітіркендіргіш неғұрлым әлсіз болса, рефлекс уақыты соғұрлым қысқа; г) тәуелділік жоқ; д) тәуелділік жоқ фазалы өзгеріп отырады. 189. Қысқа мерзімді қозудан кейінгі құбылыс немен түсіндіріледі? а) ұзаққа созылған ырғақты тітіркендіргіш әсерінен туындайтын нейрон мембранасының іздік деполяризациясымен; б) гуморальді тітіркендіргіштер әсерімен; в) рефлексті орталықтағы тұйық нейрондық тізбекпен жүйке импульстері циркуляциясымен; г) нейрон аралық синапстарда қозу өткізілуінің бұзылуымен; д) оттегі жетіспеушілігіне сезімталдықпен. 190. Афференттік жүйке талшығын ұзақ уақыт тітіркендіргенде жүйке орталығының рефлексті жаубының біртіндеп төмендеуі және соңында толығымен жойылуы қалай аталады: а) жүйке орталықтарының рефлексті тонусы; б) жүйке орталықтары қажуы; в) қозудан кейінгі құбылыс; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) жүйке орталықтарындағы жинақталу. 191. Жүйке орталықтарының рефлексті тонусын сақтап тұруға ықпал жасайды: а) жүйке орталықтарынан тарайтын эфферентті импульстер мен гуморальді тітіркендіргіштер; б) көрші жүйке орталықтарынан түскен қоздырғыш импульстер; в) афферентті және эфферентті импульстер; г) шеткі рецепторлардан ОЖЖ түсетін афферентті импульстер мен гуморалды тітіркендіргіштер; д) көрші жүйке орталықтарының тежегіш импульстері. 192. Афферентті жүйкені немесе рецепторды белгілі бір деңгейдегі жиілікке дейін өсіріп тітіркендіргенде жүйке орталықтарының рефлексті жауапты күшейтуі немесе жауапқа қатысатын жүйке талшығы мен рецептор саны арттыра алу қасиеті аталуы: а) қозуды баяу өткізу; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозудың жинақталуы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізу. 193. Оттегі тапшылығына айрықша сезімтал жасушалар: а) жұлында; б) сопақша мида; в) ортаңғы мида; г) ми қыртысында; д) аралық мида. 194. Қан айналымы толық тоқтағаннан кейін қанша уақыттан соң ми бағаны функциялары қалпына келеді (мин)? а) 20-30; б) 5-6; в) 15-20; г) 50-60; д) 30-40. 195. Тыныс алу орталығын қоздырады: а) лобелин; б) мескалин; в) апоморфин; г) кардиазол; д) стрихнин. 196. Апоморфин әсері: а) тежегіш синапстарда блокада жасау арқылы ОЖЖ қозғыштығын күрт арттырады; б) галлюцинация тудырады; в) құсу орталығын қоздырды және құстырады; г) тыныс алу орталығын қоздырады; д) қоздырғыш синапстарда блокада жасайды және ОЖЖ тежелу тудырады. 197. Жүйке орталықтарының периферияға салыстырмалы тыныштық күйде қозу импульстерін жіберу қасиетінің аталуы: а) жүйке орталығының қажуы; б) жүйке орталығының тонусы; в) улы заттарға сезімталдық; г) оттегі жетіспеушілігіне сезімталдық; д) жүйке орталықтарындағы жинақталу. 198. Рецепторды тітіркендіруден жауап реакциясы туғанға дейінгі уақыт: а) синапстық баяулау; б) рефлекс уақыты; в) рецепторлардың латентті кезеңі; г) рефлекстің орталық уақыты; д) дене мүшесінің латентті кезеңі. 199. Рефлекстік іс-әрекеттің тітіркендіргіш әсері жоғалғаннан кейін бірден тоқталмай біраз созылуы қалай аталады? а) қозудың баяу өткізілуі; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозу жинақталуы; г) қозу ырғығы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізу. 200. Рефлекстік доғаға тән қозу импульстеріне қозғалыстық бағыт беретін жүйке орталығы қасиеті: а) қозудың баяу өткізілуі; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозудың жинақталуы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізу. 201. Афферентті нейроннан эфференттіге орталық ішінде қозу өткізілгендегі уақыт аталуы: а) синапстық кешеуілдеу; б) рефлекс уақыт; в) рефлекстің латентті кезеңі; г) рефлекстің орталық уақыты; д) жұмыс мұшесінің латентті кезеңі. 202. Тюрк әдісін нені анықтауға қолданады? а) синапс лабильділігін; б) рефлекс уақытын; в) бұлшық ет хронаксиясын; г) синапс қажуын; д) жүйке орталығы орналасуын. 203. Жүйке орталықтарының қозу импульсінің жиілігі мен ырғағын өзгерте алу қасиеті қалай аталады? а) қозудың баяу өткізілуі; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозудың жинақталуы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізу. 204. Суретте жүйке орталығының қандай қасиеті көрсетілген? а) ұзаққа созылған қозудан кейінгі құбылыс; б) қысқа мерзімді қозудан кейінгі құбылыс; в) қозу иррадиациясы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозудың жинақталуы. 205. Жүйке орталықтарының қажуына себепкер: а) ұзақ уақыт ырғақты тітіркендіргішпен әсер етуден нейрон мембранасындағы іздік деполяризация; б) гуморальді тітіркендіргіш әсері; в) рефлексті орталықтағы тұйық нейрондық тізбек бойымен қозудың қозғалуы; г) нейрон аралық синапстарда қозудың өткізілуі бұзылуы; д) оттегі жетіспеушілігіне сезімталдық. 206. Уақыттық жинақталу байқалады: а) афферентті жүйкені немесе рецепторды дара тітіркендіргішпен тітіркендіргенде; б) афферентті жүйкені немесе рецепторды ырғақты тітіркендіргішпен тітіркендіргенде; в) бір рецептивті алаңда орналасқан екі рецепторды бір мезгілде тітіркендіргенде; г) бір рецептивті алаңда орналасқан екі рецепторды кезекпен тітіркендіргенде; д) әртүрлі рецептивті алаңда орналасқан екі рецепторды бір мезгілде тітіркендіргенде. 207. Синапстық кідіру уақыты тең болады: а) 0,5 мсек; б) 0,1-0,2 мсек; в) 0,8 мсек; г) 1,5-2 мсек; д) 2,0-2,5 мсек. 208. Оттегі тапшылығына сезімталдығы төмен жасушалар орналасады: а) жұлында; б) сопақша мида; в) ортаңғы мида; г) ми қыртысында; д) аралық мида. 209. Қан айналымы толық тоқтағаннан кейін ми жарты шарлары қыртысының орталықтары функциялары қай уақыттан соң қалпына келеді (мин)? а) 20-30; б) 5-6; в) 15-20; г) 50-60; д) 30-40. 210. Тежегіш синапстар блокадасы арқылы ОЖЖ қозғыштығын күрт артырады: а) лобелин; б) мескалин; в) апоморфин; г) кардиазол; д) стрихнин. 211. Лобелин әсері: а) тежегіш синапстарында блок туғызу арқылы ОЖЖ қозғыштығын күрт арттырады; б) галлюцинация тудырады; в) құсу орталығы қоздырады және құстырады; г) тыныс алу орталығын қоздырады; д) қоздырғыш синапстарда блок туғызу арқылы ОЖЖ тежелу тудырады. 212. Жүйке талшықтарына қарағанда жүйке орталықтарында қозу баяу таралуына себепкер қасиет: а) қозудың баяу өткізілуі; б) қозудан кейінгі құбылыс; в) қозудың жинақталуы; г) қозу ырғағы трансформациясы; д) қозуды бір жақтылы өткізу. 213. Тюрк әдісімен рефлекс уақытын анықтағанда қолданылатын тітіркендіргіш: а) түз қышқылы; б) ас тұзы; в) сірке қышқылы; г) күкірт қышқылы; д) Рингер ерітіндісі. 214. Ұзақ уақыт афференттік жүйке талшығын тітіркендіргенде жүйке орталығының рефлекстік іс-әрекетінің біртіндеп әлсіреп және соңынан толығымен тоқтауы….: а) жүйке орталықтары рефлекстік тонусы; б) жүйке орталықтары рефлекстік қажуы; в) қозудан кейінгі құбылыс; г) қозу ырғағының трансформациясы; д) жүйке орталығындағы қозу жинақталуы. 215. Тежелу – бұл: а) жасуша мембранасының тітіркендіргіш әсерінен туындаған электрлік, физикалық, термиялық, құрылыстық және функциялық өзгерістер жиынтығымен сипатталатын биологиялық күрделі процесс; б) табалдырық асты күші бар тітіркендіргішке ұлпаның жауап реакциясы; в) қозудың әсерінен туындайтын, қозуды әлсірететін тәуелсіз жүйке процесі; г) жүйке орталығының тұрақты қозу процесі; д) тітіркендіргіш әсерінен жасуша мембранасының активті деполяризациясы. 216. Орталық тежелуді ашқан ғалым: а) Ухтомский; б) Павлов; в) Введенский; г) Боудич; д) Сеченов. 217. Сеченов тәжірибесінде ОЖЖ қай деңгейде кеседі? а) ми сыңарлары; б) сопақша ми; в) ортаңғы ми; г) көру төмпешіктері; д) мишық. 218. Айрықша күшті тітіркендіргіш әсерінен мотонейрондарды қорғайтын тежелу түрі – а) қайтымды; б) пессимальді; в) реципрокты; г) орталық; д) пресинапстық. 219. Пресинапсты тежелуге құрылымдық негіз бола алатын синапстар: а) аксосоматикалық; б) аксодендриттік; в) аксоаксоналды; г) дендродендриттік; д) дендросоматикалық.. 220. Постсинапстық тежелудің ерекшеліктері: а) стрихнин әсерінен үдейді; б) стрихнин әсерінен жойылады; в) ацетилхолин әсерінен үдейді; г) мембрананың күшті іздік гиперполяризациясы дамитын болса қозудан соң түзіледі; д) жүйке-бұлшық ет препаратында жүйкені жоғары пессимальді жиілікті тітіркендіргенде. 221. Қозудан кейінгі тежелу механизмі: а) тежегіш медиатор әсерінен постсинапстық мембрана гиперполяризациясы нәтижесінде дамиды; б) тежегіш медиатор әсерінен постсинапстық мембрана деполяризациясы нәтижесінде дамиды; в) аксоаксоналды тежегіш синапстарда қозу импульстерін өткізудің жартылай немесе толық блокадасы кезінде дамиды; г) мембрананың күшті іздік гиперполяризациясы дамитын болса қозудан соң түзіледі; д) жүйке-бұлшық ет препаратында жүйкені жоғары пессимальді жиілікті тітіркендіргенде. 222. ОЖЖ үйлесімді іс- әрекетін қамтамасыз ету мақсатында нейрондар мен жүйке процестерінің өзара қатынасының аталуы: а) қозу; б) локальді жауап в) рефлекстік тонус; г) тежелу; д) координация. 223. Ұзақ уақыт және күшті тітіркендіргіштермен тітіркендіргенде жүйке импульстерінің өз рефлекстік орталықтарымен қоса жанында орналасқан орталықтарды да жауап реакциясына қосып алу қасиеті: а) иррадиация; б) реципрокты иннервация; в) доминантты ошақ; г) конвергенция; д) индукция. 224. Доминанталы орталықты зерттеген ғалым – а) Сеченов; б) Ухтомский; в) Введенский; г) Боудич; д) Бургиньон. 225. Доғалары ортақ соңғы жолға біріктірілетін рефлекстер жіктелуі: а) шартты және шартсыз; б) қоздырғыш және тежегіш; в) одақты және антогонисті; г) уақыттық және кеңістікті; д) афферентті және эфферентті. 226. Тежелуден кейінгі қозудың тууы қалай аталады? а) оң кезекті индукция; б) теріс кезекті индукция; в) теріс бір мезгілді индукция; г) оң бір мезгілді индукция; д) қозудан кейінгі құбылыс. 227. Пайда болған қозу орталығы өзінің айналасында тежелу тудыруы: а |