1. Азаны ызметін жне оны маызын білу шін андай да бір мшені алып тастау ажет. Осы дісті аталуы
Скачать 0.71 Mb.
|
425. И.П.Павлов адамның ЖДЖҚ жеке типтерін жіктеуде нені басшылыққа алды?: а) қыртысты орталықтардың пластикалығын, лабилділігін, қажуын; б) үлкен жарты шарлар қыртысындағы жүйке процестерінің күшін, қозғалғыштығын, теңдестігін; в) қыртысты орталықтардың қозғыштығын, өткізгіштігін, қозғалғыштығын; г) 1-ші және 2-ші сигналды жүйелердің ара қатынасын; д) қыртысты орталықтардың күшін, пластикалығын, қажуын. 426. Бұлшық ет ұзындығы өзгермей, кернеуі артатын болса, ондай жиырылуды атайды: а) тетанустық; б) изотониялық; в) фазалық; г) изометриялық; д) аусотониялық. 427. Жұлындағы тежегіш жасушалар аталуы: а) Гольджи жасушалары; б) Бец жасушалары; в) жұлдыз тәрізді жасушалар; г) ганглийлі жасушалар; д) Реншоу жасушалары. 428.Электр тогімен әсер еткенде бірінші бұлшық еттің қозу табалдырығы 2В, екіншісінікі – 4В тең болды. Қай бұлшық еттің қозғыштығы жоғары?: а) біріншісінікі; б) екеуінікі тең; в) екіншісінікі; г) екеуінде де қозғыштық жоқ; д) қозу табалдырығы мен қозғыштық арасында байланыс жоқ. 429. Шартты рефлекс қандай қасиеттерімен сипатталады?: а) туа біткен, уақытша, түрге тән; б) туа біткен, уақытша, индивидумге тән; в) жүре қалыптасқан, уақытша, түрге тән; г) жүре қалыптасқан, тұрақты, түрге тән; д) жүре қалыптасқан, уақытша, индивидумге тән. 430. Толық суммация байқалады, егер кезекті импульс: а) бірінші жиырылудың босаңсу фазасына сай келсе; б) бірінші импульспен қатар келсе; в) бірінші жиырылудың латентті кезеңіне сай келсе; г) бірінші жиырылудың қысқару кезеңіне сай келсе; д) бірінші жиырылу аяқталғаннан соң әсер етсе. 431. Парабиоз кезеңдерінің дұрыс кезектілігі: а) парадоксалды, тежелу, теңдестіру; б) теңдестіру, тежелу, парадоксалды; в) парадоксалды, теңдестіру, тежелу; г) тежелу, теңдестіру, парадоксалды; д) теңдестіру, парадоксалды, тежелу. 432. Ең жоғарғы қозу өткізгіштік тән: а) бірыңғай салалы бұлшық еттерге; б) жүйке талшығына; в) көлденең жолақты қаңқа бұлшық еттеріне; г) синапстарға; д) жүрек бұлшық етіне. 433. Құстар ұя салады – бұл: а) бағдарлама рефлекстердің жүйесі; б) шартсыз рефлекстердің жүйесі; в) динамикалық стереотип; г) шартты рефлекстердің жүйесі; д) білім, іскерлік және дағдылардың жиынтығы. 434. Күрделі шартсыз рефлекстер жиынтығы – бұл: а) инстинкт; б) динамикалық стереотип; в) кері афферентация; г) шартты рефлексті ауысу; д) бағдарламалы-зерттеу реакциясы. 435. Организмде жылу ең көп көлемде түзіледі: а) ой еңбегі кезінде; б) ұйқы кезінде; в) айғайлағанда; г) бауыр мен бүйректе; д) бұлшық еттер жиырылғанда. 436. Тежегіш жасушаларға жатады: а) жұлындағы Бец жасушалары; б) жұлындағы Пуркинье жасушалары; в) үлкен жарты шарлар қыртысындағы Реншоу жасушалары; г) үлкен жарты шарлар қыртысындағы Бец жасушалары; д) жұлындағы Реншоу жасушалары. 437. Екінші сигналды жүйе үшін адекватты шартты тітіркендіргіш болып табылады: а) вестибулярлы тітіркендіргіш; б) дыбыстық тітіркендіргіш; в) сөздік тітіркендіргіш; г) дәмдік тітіркендіргіш; д) тактилді тітіркендіргіш. 438. Қозу тудыруға жеткілікті болып саналатын, тітіркендіргіштің ең аз көлемінің аталуы: а) хронаксия; б) лабилділік; в) аккомодация жылдамдығы; г) пайдалы уақыт; д) реобаза. 439. Табалдырық асты күші бар тітіркендіргіштер жиілігін арттырғанда пайда болатын рефлексті жауап – бұл: а) кеңістікті суммация; б) орталық тонус; в) конвергенция; г) уақыттық суммация; д) қозудан кейінгі құбылыс. 440. Жасуша мембранасының қалыңдығының бірнеше рет жуандауы туындатады: а) реобаза мен хронаксияны нөлге дейін төмендетеді; б) реобаза мен хронаксия өзгермейді; в) реобаза мен хронаксияны елеусіз төмендетеді; г) реобаза мен хронаксияны арттырады; д) реобазаны төмендетеді және хронаксияны арттырады. 441. Стрихнин әсері: а) ОЖЖ қоздырғыш синапстарды бітейді және тежелу иррадиациясын тудырады; б) ОЖЖ қоздырғыш синапстарды бітейді және қозу иррадиациясын тудырады; в) ОЖЖ тежегіш синапстарды бітейді және қозу иррадиациясын тудырады; г) ОЖЖ тежегіш синапстарды бітейді және тежелу иррадиациясын тудырады; д) қоздырғыш және тежегіш синапстардың бітелуін тудырады. 442. Рефлекстің орталық уақыты – бұл: а) тітіркендіргіш әсер еткенннен жауап реакциясы туындағанға дейінгі уақыт; б) афферентті нейроннан импульстің эфферентті нейронға жеткізілген уақыты; в) тітіркену басталуынан жауап реакциясы аяқталғанға дейінгі уақыт; г) импульстің эфферентті нейроннан жұмыс мүшесіне дейін жеткізілуіне кеткен уақыт; д) импульстің афферентті нейронан жұмыс мүшесіне дейін жетуіне кеткен уақыт. 443. Қыртыстың анализдік функциясы – бұл: а) үлкен жарты шарлар қыртысындағы индукция; б) сыртқы әлем сигналдарын біріктіру; в) қозулар суммациясы; г) әр түрлі сигналдарды бөлу; д) қозу жиілігі трансформациясы. 444. Динамикалық стереотип адамда қалыптастыруға негіз болады: а) сезімді; б) мотивацияны; в) қабылдауды; г) эмоцияны; д) әдет пен дағдыны. 445. Рецепторлар адаптациясы сипатталады: а) күшті стимул әсеріне қозғыштықтың артуы; б) тұрақты стимулдың ұзақ әсеріне қозғыштықтың төмендеуі; в) тұрақты стимулдың ұзақ әсеріне қозғыштықтың артуы; г) күшті стимул әсеріне қозғыштықтың төмендеуі; д) табалдырық асты күші бар стимулдың әсеріне қозғыштықтың артуы. 446. Нейронда қозу потенциалы аса жеңіл туындайды: а) аксо-соматикалық синапста; б) жасуша денесінде; в) аксо-дендриттік синапста; г) жүйке жасушасының дендритінде; д) аксон төмпешігінде. 447. Рефлекстік доға – бұл: а) ОЖЖ рецептор мен эффектордан тұратын структуралы-функциялық бірлігі; б) ОЖЖ эффектормен байланыстыратын жол; в) рецепторды жүйке орталығымен байланыстыратын жол; г) рецептордан эффекторға дейінгі жол; д) ОЖЖ нейрондарын өзара байланыстыратын жол. 448. Мотонейрондарды шектен тыс қозудан қорғайтын тежелу түрі: а) қайтымды; б) реципрокты; в) орталық; г) пессималды; д) қозудан кейінгі тежелу. 449. Әдетте доминантты ошақтың қозу табалдырығы мен қозғыштығы сипатталады: а) қозу табалдырығы жоғары, қозғыштығы төмен; б) қозу табалдырығы төмен, қозғыштығы жоғары; в) қозу табалдырығы артқан, қозғыштығы жоғары; г) қозу табалдырығы және қозғыштығы өзгеріссіз; д) қозу табалдырығы төмен, қозғыштығы төмендеген. 450. Организмде гормондардың инактивациясына және шығарылуына жауап беретін жетекші дене мүшелері: а) тыныс алу мүшелері; б) тер бөлу бездері; в) бауыр мен бүйрек; г) асқазан-ішек жолы; д) сілекей бездері, тері. 451. Қалқанша безінің тиреоидты гормондарының бөлінуін реттеуде бастаушы роль атқарады: а) жүйкенің тікелей бақылауы; б) гипоталамусты-гипофизді бақылау; в) гуморалды бақылау; г) қалқанша безінің өз гормондары; д) вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімі. 452. Либериндер гормондардың шығуына белсендіруші әсер етеді тікелей: а) бүйрекүсті безінде; б) қалқанша безінде; в) нейрогипофизде; г) аденогипофизде; д) эпифизде. 453. Қандағы қанттың деңгейін көтермейтін гормон: а) соматотропты гормон; б) глюкокортикоидтар; в) инсулин; г) адреналин; д) глюкагон. 454. 1 грамм азот барі: а) 4,25 г белоктқа; б) 6,25 г белокта; в) 8,25 г белокта; г) 10,25 г белокта; д) 2,25 г белокта. 455. Азоттық баланстың оң болуына себепкер: а) тағамда белок көлемінің азаюы; б) ас қорыту жүйесінің патологиясы; в) шектен тыс жүктеме; г) организм қартаюы; д) организм өсуі. 456. Миофибриллалардың структуралы-функциялық бірлігі болып саналады: а) актин; б) сарколемма; в) миозин; г) саркоплазма; д) саркомер. 457. Тітіркендіргіш жиілігі өсуіне байланысты бұлшық жиырылуы режимдерінің ауысуының дұрыс ретін табыңыз: а) тісті тетанус, тегіс тетанус, дара жиырылу; б) тегіс тетанус, тісті тетанус, дара жиырылу; в) дара жиырылу, тісті тетанус, тегіс тетанус; г) тісті тетанус, дара жиырылу, тегіс тетанус; д) тегіс тетанус, дара жиырылу, тісті тетанус. 458. Статиндер гормондардың шығуына тежеуші әсер етеді тікелей: а) бүйрекүсті безінде; б) қалқанша безінде; в) нейрогипофизде; г) аденогипофизде; д) эпифизде. 459. Негізгі алмасу анықталады: а) жүктеме кезінде; б) аш қарынға; в) ұйықтағанда; г) 25-28оС температурада; д) стресс жағдайында. 460. Теріс азоттық баланс байқалады: а) жүктілік кезінде; б) организм өсуі кезінде; в) тағамда белок мөлшерінің айтарлықтай азаюында; г) аурудан айыққан кезде; д) тағамда белок көлемінің артуы. 461. Оң азоттық баланс байқалады: а) қартайғанда; б) стресс кезінде; в) аштықта; г) аурудың ең қабынуы кезеңінде; д) жүктілік кезінде. 462. Химиялық синапстардың физиологиялық қасиеттері: а) қозуды баяу өткізу, қозуды біржақтылы өткізу, жоғары лабилділік; б) қозуды баяу өткізу, қозуды екіжақтылы өткізу, жоғары лабилділік; в) қозуды жылдам өткізу, қозуды біржақтылы өткізу, төменгі лабилділік; г) қозуды жылдам өткізу, қозуды екіжақтылы өткізу, жоғары лабилділік; д) қозуды баяу өткізу, қозуды біржақтылы өткізу, төменгі лабилділік. 463. Үлкен жарты шарлар қыртысының синтездік әрекетін көруге болады: а) ми қыртысындағы қозу процестерінің иррадиациясынан; б) децеребрация кезінде жазғыш бұлшық еттер тонусының артуынан; в) мишықтың жартысын алып тастағандағы манеждық қозғалыстан; г) торлы формация құрылымының белсендіруші әсерінен; д) шартты рефлекс қалыптастырғанда уақытша байланыстың түзілуінен. 464. Қозғыш ұлпа жасушасының мембранасы деполяризация күйінде болса, қосымша тітіркендіргішпен әсер ету арқылы жауап реакциясын алуға бола ма?: а) мүмкін, мұндағы жауап реакциясы максималды болады; б) жауап реакциясы төмен болады; в) мүмкін, тек табалдырықтан аса жоғары тітіркендіргішке ғана; г) мұндай жағдайда жауап реакциясы туындамайды; д) тіпті табалдырық асты күші бар тітіркендіргішке жауап туындайды. 465. Тыныштықта тұрған бұлшық етке жүк іліп қойған. Осы жағдайда саркомердің Н аймағы жуандығы қалай өзгереді? а) тайғанау нәтижесінде актин талшықтарының қозғалысынан қысқарады; б) тайғанау нәтижесінде миозин талшықтарының қозғалысынан қысқарады; в) саркомердің Н аймағы өзгеріссіз қалады; г) тайғанау нәтижесінде актин және миозин талшықтарының бір-біріне қозғалысынан қысқарады; д ) тайғанау нәтижесінде актин талшықтарының қозғалысынан ұзарады. 466. Бұлшық етке ырғақты тітіркендіргішпен әсер етеді: алғашында тітіркендіргіштер арасындағы интервал 0,05 сек артық, онан соң 0,05 сек кем болған. Оның нәтижесінде миограммада бірінші және екінші жағдайда қандай қисықтардың тіркелгендігін көруге болады? а) тегіс және тісті тетанус; б) екі жолда да бұлшық еттің дара жиырылуы; в) изотониялық және изометриялық жиырылу; г) изометриялық және изотониялық жиырылу; д) тісті және тегіс тетанус. 467. Статиндер сипатталады: а) таламуста түзіледі, гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондары секрециясын тежейді; б) гипоталамуста түзіледі, гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондары секрециясын үдетеді; в) гипоталамуста түзіледі, гипофиздің алдыңғы бөлігінің либериндерінің секрециясын тежейді; г) нейрогипофизде түзіледі, гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондары секрециясын тежейді; д) гипоталамуста түзіледі, гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондары секрециясын тежейді; 468. Қандағы глюкокортикоидтардың концентрациясының артуы аденогипофиз жасушаларында АКТГ секрециясын: а) арттырады; б) төмендетеді; в) өзгертпейді; г) ауытқытады; д) қайтымсыз түрде тоқтатады. 469. 25 жастағы жас әйел тәулік барысында тағаммен 120 грамм белок қабылдаған, осы уақыт ішінде зәрімен шығарылған азот көлемі 16 г болған. Бұл әйелдің жағдайы туралы қандай тұжырым жасауға болады?: а) теріс азоттық баланс, белоктық ашығу; б) оң азоттық баланс, жүктілік; в) теріс азоттық баланс, ауыр дерттен айығу; г) оң азоттық баланс, жасуша структураларының белсенді қалыптасуы; д) теріс азотты баланс, жүктілік. 470. ОЖЖ-гі коллатералды теделудің сипаты: а) пресинапстық тежелу, аксо-аксоналдық синапс есебінен жүзеге асады, механизм - деполяризация б) постсинапстық тежелу, афферентті нейрондар деңгейінде байқалады, механизм - деполяризация в) постсинапстық тежелу, эфферентті нейрондар деңгейінде байқалады, механизм - гиперполяризация г) пресинапстық тежелу, афферентті нейрондар деңгейінде байқалады, механизм - гиперполяризация д) жоғары жиілікті тітіркендіруде байқалады, ОЖЖ тежегіш структураларының қатысуын қажет етпейді. 471.Қозғыштықтың қай фазасында ұлпа табалдырық асты күші бар тітіркендіргішке жауап бере алады? а) абсолютті рефрактерлік; б) бастапқы қозғыштық; в) салыстырмалы рефрактерлік; г) субнормалды қозғыштық; д) экзальтация 472. Жөндеу бригадасының жұмысшысы қолбақсыз ұзақ уақыт аязда жұмыс істегеннен кейін саусақтары тек қана әлсіз жанасуды сезетін болған, ал инемен қатты ауыртып піетін болса жауап туындамаған. Бұл адамның экстерорецепторлары парабиоздың қай кезеңінде болуы мүмкін?: а) қалыпты б) парадоксалды в) теңдестіру г) тежелу д) бастапқы жиырылу 473. Эксперимент барысында жұлынды бақаның аяғын әлсіз қышқыл ерітіндісіне салып, бүгу рефлексін қалыптастырған. Егер бақаның аяғындағы теріні алып тастасақ бұл рефлекс туындауы мүмкін бе? а) рефлекс өзгеріссіз қалады; б) рефлекс болмайды; в) рефлекс әлсірейді; г) рефлекс уақыты қысқарады; д) рефлекс уақыты ұзарады. 474. Егер күндіз терезеге тесірейе қарап, сонан соң көзіңді жұма қойсаң, біраз уақытқа дейін терезенің жақтауын әлі көріп тұрғандай боласың. Бұл құбылыс жүйке орталықтарының қай қасиетімен түсіндіріледі? а) иррадиация; б) конвергенция; в) қозудан кейінгі құбылыс; г) окклюзия; д) индукция. 475. Көру төмпешіктерін ас тұзымен тітіркендіргенде жұлындық рефлекстердің тежелуі ОЖЖ қай структуралары арқылы жүзеге асады? а) жұлын мотонейрондары; б) сопақша ми нейрондары; в) гамма-мотонейрондар; г) альфа-мотонейрондар; д) Реншоу жасушалары. 476. Аденогипофиз функциясының реттелуі жұзеге асады: а) гипоталамус либеринднрімен, статиндерімен; б) таламус нейрондарымен; в) ұлпа гормондарымен; г) стрио-паллидарлы жүйемен; д) мишықтың қозғалтқыш ядроларымен. 477. Аденогипофиз гормондары синтезін тежейтін факторлар түзіледі: а) нейрогипофизде; б) аденогипофиздің өзінде; в) гипоталамуста; г) бүйрекүсті безінде; д) қалқанша безінде. 478. Қандай процесс ең жоғары деңгейлі жылу өндірілуін қамтамасын етеді? а) жиырылуға қатыссыз термогенез; б) жиырылу термогенезі; в) химиялық термореттелу; г) қан тамырларының вазодилатациясы; д) бұлшық еттер босаңсуы. 479. Экспериментте оң шартты рефлекс қалыптастырып, енді шартты тітіркендіргішке өте ұқсас жаңа тітіркендіргішпен әсер етіп, бірақ оның әсерін шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырмаса. Осы жағдайда қандай тежелу туындауы мүмкін?: а) өшетін; б) кешіктіретін; в) ажырататын; г) қорғаныш; д) шектен тыс. 480. ЖДЖҚ қай типіне флегматикалық темперамент сәйкес келеді?: а) әлсіз; б) күшті, теңдессіз; в) күшті, теңдесті, инертті; г) күшті, теңдесті, қозғалғыш; д) әлсіз, теңдессіз. 481. Қоршаған орта температурасы көтерілгенде гомойотермді жануарларда кездесетін жылу өндіру мен жылу беру ерекшеліктері: а) жылу өндіру артады, жылу беру азаяды; б) жылу өндіру төмендейді, жылу беру азаяды; в) жылу өндіру азаяды, жылу беру артады; г) жылу өндіру артады, жылу беру артады; д) жылу өндіру өзгермейді, жылу беру жылу беру өзгермейді. |