1. Азаны ызметін жне оны маызын білу шін андай да бір мшені алып тастау ажет. Осы дісті аталуы
Скачать 0.71 Mb.
|
482. Тыныштық күйде жасуша мембранасының екі жағында иондар асимметриясын қамтамасыз ететін механизм: а) ЭҚК болуы; б) жасушада метаболизмның тұрақтылығы және ЭҚК болуы ; в) тіршілік барысыныда иондардың бөлінуі; г) натрий-калий насосы; д) мембрананың таңдаусыз өткізгіштігі. 483.Латентті кезеңнің артуы, босаңсу кезеңінің ұзаруы бұлшық еттің қандай күйінің көрсеткіші бола алады? а) ригидтілік; б) гиперфункция; в) гипертрофия; г) қажу; д) гипертонус. 484. Науқастың тісін жұлғанда алдын-ала анестезия жүзеге асырған. Біраз уақыт өткеннен кейін науқас әлсіз тітіркендіргенде сезініп, ал күшті тітіркендіргіш әсерін сезбеген. Парабиоздың бұл фазасы қалай аталады? а) бастапқы; б) провизорлық; в) тежелу; г) парадоксалды; д) ультрапарадоксалды. 485. Жүйкенің өткізгіштігіне бөгет қойғанда қандай заң бұзылады? а) оқшау өткізу; б) біржақтылы өткізілу; в) физиологиялық бүтіндік; г) екіжақтылы өткізілу; д) «күш-уақыт» 486.Жүйке орталықтары нейрондарының бүлінуі немесе бұзылуы белгілерінің азаюы немесе жойылуы олардың қай қасиетімен түсіндіріледі?: а) пластикалық; б) адаптация; в) тежелу; г) қажу; д) басылып қалу. 487. Гипоталамустың пептиді кортиколиберин аденогипофизге түсіп қандай өзгеріс тудырады?: а) адренокортикотропты гормонның секрециясын үдетеді; б) адренокортикотропты гормонның секрециясын тежейді; в) пролактин секрециясын үдетеді; г) пролактин секрециясын тежейді; д) адренокортикотропты гормон мен пролактин секрециясын тежейді. 488. Оң азотты баланс себебі бола алады? а) тағамда белок көлемінің азаюы; б) ас қорыту жүйесінің патологиясы; в) шектен тыс жүктеме; г) организм қартаюы; д) организм өсуі. 489. Химиялық термореттелу деп аталады? а) зат алмасуының қарқыны; б) жылу беру; в) жылуды сәулелендіру; г) конвекция; д) булану. 490. Ауыр қара жұмыс кезінде бұлшық еттерде жылу өндіру артуы мүмкін: а) 10% б) 20% в) 50% г) 80% д) 400% 491. Шартты рефлекстер қалыптастырудың алғы шарттары? а) жүйке орталықтарының қозғыштығының төмен болуы; б) шартсыз тітіркендіргіш шарттыдан бұрын берілуі тиіс; в) шартты тітіркендіргіш шартсыздан бұрын берілуі тиіс; г)шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің әсері бір рет ұштасса жеткілікті; д) шартты тітіркендіргіштің биологиялық күші шартсыз тітіркендіргіштен жоғары болуы тиіс. 492. Туа біткен тамақтану рефлексі туындайды: а) тағамның исіне; б) тағамның түріне; в) тағам туралы сөз қозғағанда; г) тамақ пісіре бастағанда; д) дәм сезетін рецепторларды тітіркендіргенде. 493. Оң азоттық баланс байқалады: а) жүктілік кезінде; б) белоктық және майлық ашығу кезінде; в) тағамда кейбір аминқышқылдары жетіспеушілігінде; г) дене жүктемесі болмағанда; д) май мен көмірсулар тапшылығында. 494. Шілде айының ортасында бір топ туристерге Бетпақ-Дала шөлінде белгілі бір жолды жаяу жүріп өту қажет болған. Ауа температурасы 38оС, жел жоқ. Мұндай жағдайда температура тұрақтылығы қандай жол көмегімен сақталып тұрады? а) бауырдағы алмасу процестерін арттыру арқылы; б) дене бетінен тер бөлу арқылы; в) тері қан тамырларының көлденең қимасын тарылту; г) жылу сейілту; д) конвекция. 495. Цитоплазма мен жасуша аралық сұйықтық арасындағы натрий мен калий иондарының концентрация айырымы қалыптасуы ненің функциясына жатады?: а) натрийдің таңдамалы каналының; б) натрий-калий насосының; в) бейарнамалы натрий-калий каналының; г) мембрана потенциалының; д) тәуелсіз натрий каналының. 496. Қалыптасуы ми қыртысының қатысуын қажет етеді: а) инстинкт; б) шартты рефлекс; в) сіңір рефлекстері; г) статокинетикалық рефлекс; д) шартсыз тағамдық рефлекс. 497. Шартсыз рефлекстен шартты рефлекстің өзгешелігі: а) түрге тән; б) жүйке байланыстары тұрақты; в) индивидуалды; г) рефлекстік доғасы күрделі құрылымды; д) негізінен қыртыс асты орталықтарында тұйықталады. 498. Шартты рефлекс қалыптастырған жануарға шартсыз тітіркендіргішті беруді тоқтатса не болады?: а) өшетін тежелу; б) шартты рефлекстер суммациясы; в) шартты рефлекстер тұрақтандырылуы; г) динамикалық стереотип қалыптасуы; д) ажыратқыш тежелу туындауы. 499. Бөтен адамды көргенде сақ ит тамақ жеуін тоқтата қояды. Бұл қандай тежелу есебінен туындайды? а) дифференцировка; б) шартты тежегіш; в) кешіктіру; г) реципрокты; д) сыртқы. 500. Екінші сигналды жүйе есебінен пайда болатын реакция: а) иіс сезгенде сілекей бөлінуі; б) жарық түскенде қарашықтың тарылуы; в) дәріген қолындағы шприцті көргенде баланың жылауы; г) ыстық плитаға тигенде қолды тартып алу; д) дәрігер анализ нәтижесін айтқан кезде пациентте туындаған тахикардия. |