икт рубеж2. тест акушерия. 1. азастан Республикасында айматандыруа сйкес жктілерге перинаталды кмекті бледі
Скачать 1.41 Mb.
|
1. +Қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысын пункциялау 2. Жатыр қуысын қыру 3. Кольпоскопия 4. Кульдоскопия 5. Қынаптың тазалық дәрежесiне жағынды алу. 913. Суретте түтiктiк жүктiлiктiң қай түрі көрсетiлген#R РЕКЛАМА #$822.JPG/: 1. +Түтiктiк түсiк 2. Түтiктiң жыртылуы 3. Жатырлық жүктiлiктiң үзiлуi 4. Жатырлық жүктiлiк 5. Үдемелi түтiктiк жүктiлiк. 914. Гинекология бөлiмшесiне iшкi қан кету белгiлерiмен науқас келiп түс тi. Қарау кезiнде АҚҚ 80/50 мм.с.б.б. Пульсi минутына 110 рет, ырғақ ты. Hb - 60 г/л. Сiздiң тактикаңыз: 1. Бақылау 2. Артқы күмбездi пункциялау 3. +Шұғыл түрде лапаротомия 4. Қабынуға қарсы терапия 5. Гормондық терапия 915. Науқаста менструалдық циклдың 15-шi күнi iштiң төменгi бөлiгiнде ауру сезiмi пайда болды, жыныс жолдарынан аздаған қанды - шырышты бөлiндiлер бөлiндi. Гемодинамикасы тұрақты. Сiздiң диагнозыңыз: 1. Аналық бездiң апоплексиясы,анемиялық түрi 2. +Аналық бездiң апоплексиясы,ауру сезiмдi түрi 3. Үдемелi жатырдан тыс жүктiлiк 4. Үзiлген жатырдан тыс жүктiлiк 5. ДЖҚ 916. Үдемелi жатырдан тыс жүктiлiкке тән: 1. Реттi етеккiр 2. Жыныс жолдарынан бөлiнген қанды бөлiндi 3. Іштiң төменгi бөлiгiндегi қатты ауру сезiмi 4. +Етеккiрдiң кідіруіне жатыр көлемiнiң сәйкес келмеуi 5. Жатыр қосалқыларында патологиялық өзгерiстер жоқ. 917. Гирсутизм- бұл: 1. +Андрогендерге сезiмталдығы жоғары өзектiк түктердiң денеде көбеюi, екiншiлiк жыныс белгiлерiнiң өзгерiстерi 2. Екiншiлiк жыныс белгiлерiнiң өзгерiстерiнсiз көп мөлшерде түктену 3. Самайдың таздануы, семiру 4. Эстрогендерге сезiмтал өзектiк түктердiң денеде азаюы 5. Андрогендерге сезiмтал өзектiк түктердiң денеде азаюы 918. Гипертрихоз- бұл: 1. Андрогендерге сезiмталдығы жоғары өзектiк түктердiң денеде кєбеюi, екiншiлiк жыныс белгiлерiнiң өзгерiстерi 2. +Екiншiлiк жыныс белгiлерiнiң өзгеруінсіз көп мөлшерде түктену 3. Самайдың таздануы, семiру 4. Эстрогендерге сезiмтал өзектiк түктердiң денеде азаюы 5. Андрогендерге сезiмтал өзектiк түктердiң денеде азаюы 919. Бiрiнiшiлiк аменорея - бұл етеккiрдiң мына жастан бастап болмауы. 1. +16 жастан 2. 17 жастан 3. 20 жастан және одан үлкен жастан 4. 22 жастан және одан үлкен жастан 5. 26 жастан және одан үлкен жастан. 920. Жатырлық аменореяда кездеседі: 1. Соматикалық және жыныстық дамудың бұзылыстары 2. +Эндометрийдегi патологиялық өзгерiстер 3. Гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесi функцияларының бұзылыстары 4. Эстрогендер мен прогестерондарға гормондық сынамалардың оң болуы 5. Жатырдың болмауы. 921. Гипергонадотроптық аменореяға тән: 1. Склерокистоздық аналық без 2. ДЖҚ 3. +Аналық бездiң дисгенезия синдромы 4. Шихан синдромы 5. Посткастрациялық синдром. 922. Бiрiншiлiк аменореяның себептерi: 1. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары 2. +Гипоталамикалық құрылым функциясының бұзылыстары 3. Семiздiк 4. Созылмалы пиелонефрит 5. Артериалдық гипертензия. 923. Патологиялық аменорея - бұл етеккiрдiң болмауы: 1. Қыз балаларда 2. Жүктi әйелдерде 3. Лактациялық әйелдерде 4. Перименопауза кезiнде әйелдерде 5. +Жатырлық синехиялары бар науқастарда 924. Физиологиялық аменорея- бұл аменорея байланысты: 1. +Балалық шақпен, жүктiлiк кезiнде, лактациямен, менопаузамен 2. Ішкi жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен 3. Гонаданың дисгенезиясымен 4. Шихан синдромымен 5. Симмондссиндромымен 925. Аналық безiнің жаңа түзiлiстерін диагностикалауда ең ақпаратты әдіс: 1. +Гинекологиялық қарап тексеру, ультрадыбыстық зерттеу 2. Кольпоскопия, гистероскопия 3. Пневмопельвиография, метросальпингография 4. ФДТ, пунктатты цитологиялық зерттеу 5. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау. 926. Жүктiлiктiң 11-12 апталық мерзiмiнде түсiк қаупiмен жүктi әйел гине кологиялық бөлiмшеге келiп түстi. Дәрiгердiң тактикасы: 1. +Жүктiлiктi сақтау терапиясы 2. Диспансерлiк бақылау 3. Жатыр қуысын қыру 4. Құрсақ қуысын пункциялау 5. Жатыр қуысын зондтау 927. Жүктiлiктiң 32-33 апталығында преэклампсиясы бар жүктi әйелде қалып ты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бөлiнуi анықталды. Дәрігер тактикасы: 1. Интенсивтi терапия 2. Амниотомия, босануды қоздыру 3. +Жедел кесар тiлiгi 4. Жүктiлiктi сақтау терапиясы 5. Жоспарлы кесар тiлiгi 928. 43 жастағы әйелде көлемі 7-8 апталық жүктiлiкке сай миома табылды. Етеккiр циклының бұзылысы жоқ. Сiздiң тактикаңыз: 1. +Диспансерлiк бақылау 2. Витаминотерапия 3. Хирургиялық ем 4. Химиотерапия 5. Сәулелiк терапия 929. 43 жастағы науқас көлемі 7-8 апталық жүктiлiкке сәйкес жатыр миомасымен диспансерлiк есепте тұрады. Науқасты қарау жиiлiгi: 1. Айына 1 рет 2. +3 айда 1 рет 3. 6 айда 1 рет 4. 9 айда 1 рет 5. 12 айда 1 рет 930. Жатыр мойнының псевдоэрозиясы бар науқастарды есептен шығару шарты 1. Шағымдардың болмауы 2. Қынаптың бiрiншi тазалық дәрежесi 3. Қынаптың екiншi тазалық дәрежесi 4. +Қалыпты кольпоскопиялық көрiнiс 5. Жағындыда iсiк жасушаларының болмауы 931. 43 жастағы науқасқа жатыр миомасымен қынапүстiлiк жатыр ампутациясы жасалған. Диспансерлiк бақылау жиiлiгi: 1. 6 ай бойы 1 айда 1 рет, кейiннен 1 жылда 1 рет 2. 1 жыл бойы айына 1 рет, кейiннен 1 жылда 1 рет 3. 3 жыл бойы 2 айда 1 рет, кейiннен 1 жылда 1 рет 4. +1 жыл бойы 3 айда 1 рет, кейiннен 1 жылда 1 рет 5. Өмiр бойы 932. Нәрестенiң орналасуы - бұл: 1. Нәрестенiң iрi бөлiктерiнiң кiшi жамбас кiреберiсi жазықтықтарына қатынасы 2. Нәрестенiң басы мен аяқтарының нәрестенiң денесiне қатынасы 3. Нәрестенiң арқасының жатырдың бүйiр қабырғаларына қатынасы 4. +Нәрестенiң ұзынша өсiнiң жатырдың ұзынша өсiне қатынасы 5. Нәрестенiң арқасы жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасына қатынасы 933. Аналық безiнiң iсiктерiн қандай аурулармен дифференциалды диагностика жүргiзіледі: 1. Трофобластикалық ауру 2. Жатырлық жүктiлiк 3. +Жатырдан тыс жүктiлiк 4. Созылмалы пиелонефриттiң өршуi 5. Ішектiң шаншуы. 934. Лапароскопия кезiнде аналық безiнен 300,0 мл көлемiнде қан ағу байқалды. Сiздiң диагнозыңыз: 1. Түтiктiк жүктiлiк 2. +Аналық безiнiң апоплексиясы 3. Аналық безiнiң поликистозы 4. Аналық безiнiң эндометриозы 5. Аналық безiнiң кистасының бұралуы. 935. Лапароскопия кезiнде аналық безiнiң апоплексиясы анықталды, қан шығыны 300,0. Операция көлемi: 1. Тубэктомия 2. +Аналық безiнiң диатермокоагуляциясы 3. Овариэктомия 4. Зақымданған жағындағы аднексэктомия 5. Жатырдың қосалқыларымен ампутациясы. 936. Лапароскопия кезiнде истмикалық бөлiгiнде сол жақтық түтiктiк жүктiлiк анықталды, қан шығыны 400,0. Операция көлемiн таңдаңыз: 1. Аналық безiнiң диатермокоагуляциясы 2. Овариэктомия 3. Аднексэктомия 4. +тубэктомия 5. Жатырдың қосалқыларымен ампутациясы. 937. Етеккірдің 3 аптаға кiдiруiнде жүктiлiк тестi - оң. Шағымы жоқ. Гинекологиялық зерттеу кезiнде жатыры сәл ұлғайған, жұмсарған, оң жағындағы қосалқылар аймағында консистенциясы жұмсақ, қамыр тәрiздi түзiлiс анықталады, пальпация жасағанда ауру сезiмдi. Сiздiң диагнозыңыз: 1. +Оң жақтық үдемелi түтiктiк жүктiлiк 2. Оң жақ аналық безiнiң апоплексиясы 3. Созылмалы сальпингоофориттiң өршуi 4. Оң жақтық үзiлген түтiктiк жүктiлiк 5. Ерте мерзiмдегi жатырлық жүктiлiк. 938. Науқас 25 жаста, оң жақтық үдемелi түтiктiк жүктiлiк диагнозы қойыл ды: Анамнезiнде босану болмаған. Операция көлемi: 1. Аднексэктомия 2. Овариэктомия 3. Лапаротомия, тубэктомия 4. +Лапароскопия, сальпинготомия 5. Жатырдың экстирпациясы. 939. Әйелдерде гиперэстрогения қандай аурулармен қосарласады: 1. Тиреотоксикозбен 2. Холециститпен 3. Панкреатитпен 4. +Семiздiкпен 5. Пиелонефритпен. 940. Жатыр мойнының патологиясын анықтауда қолданылады: 1. УДЗ 2. +Кольпоскопия 3. Гистероскопия 4. Лапароскопия 5. кульдоскопия. 941. Бедеулiгi бар әйелдерде жатыр мен жатыр түтiктерiнiң жағдайын анықтауда ең тиімді зерттеу әдісі: 1. УДЗ 2. +Метросальпингография 3. Гистероскопия 4. Лапароскопия 5. кольпоскопия. 942. Эндометрийдiң патологиясын диагностикалауда ақпаратты әдiс: 1. УДЗ 2. Метросальпингография 3. +Гистероскопия 4. Лапароскопия 5. Кольпоскопия. 943 Аменореяның патологиялық түрiн атаңыз: 1. Лактациялық 2. Жүктiлiк кезiнде 3. Климактериялық 4. +Гонадалар дисгенезиясы 5. Жыныстық жетiлу кезеңi. 944. Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады: 1. Кульдоскопия 2. Гистероскопия 3. Кольпоскопия 4. Лапароскопия 5. +Вульвоскопия. 945. Пройоменореяға тән: 1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы 2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. +Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi. 946. Опсоменореяға тән: 1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы 2. Етеккірдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. +Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi. 947. Олигоменореяға тән; 1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы 2. +Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi. 948. Полименореяға тән: 1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы 2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. +Қалыпты етеккiрдiң ұзаққа созылуы (7 күннен көп) 949. Гипоменореяға тән: 1. +Қалыпты етеккiр циклының ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды бөлiнулер 2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен кп 5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi. 950. Гиперменореяға тән: 1. Қалыпты етеккiр циклыны ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды бөлiнулер 2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. +Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi. 951. Метроррагияға тән: 1. Ұзаұ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп) 2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. +Реттi емес, етекiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер. 952. Меноррагияға тән: 1. +Ұзақ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп) 2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп 5. Реттi емес, етеккiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер. 953. Аменорея - етеккiрдiң болмауы: 1. 2 ай 2. 4 ай 3. +6 ай 4. 8 ай 5. 10 ай. 954. Гипоменструалдық синдромға тән: 1. Альгодисменорея, полименорея 2. Метроррагия, меноррагия 3. Полименорея, гиперменорея 4. +Гипоменорея, олигоменорея 5. Пройменорея, аменорея. 955. Гиперполименореяға тән: 1. Альгодисменорея, полименорея 2. Метроррагия, меноррагия 3. +Полименорея, гиперменорея 4. Гипоменорея, олигоменорея 5. Пройменорея, аменорея. 956. Альгодисменореяға тән: 1. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен кєп 2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн) 3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз) 4. +Ауру сезiмдi етеккiр 5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi. 957. Диспареуния - бұл: 1. Жамбастағы ауру сезiм 2. Аналық безiнiң апоплексиясы кезiндегi ауру сезiмi 3. Ауру сезiмдi етеккiр 4. +Жыныстық қатынас кезiндегi ауру сезiм 5. "Дуглас" - айғайы симптомы. 958. Кариопикнотикалық индекс - бұл қынап эпителийiнiң жасушаларының проценттiк қатынасы: 1. Беткей жасушалардың жасушалардың жалпы санына 2. +Пикнотикалық ядролары бар беткей жасушалардың жасушалардың жалпы санына 3. Базальды жасушалардың жасушалардың жалпы санына 4. Пикнотикалық ядролары бар беткей жасушалардың базальды жасушаларға 5. Парабазальды жасушалардың жасушалардың жалпы санына. 959. Базалдық температураның әсерi негiзделедi: 1. Эстрогендердiң гипоталамусқа 2. Простагландиндердiң гипоталамусқа 3. +Прогестеронның гипоталамустың термореттеушi орталығына 4. Андрогендердiң гипоталамусқа 5. Пролактиннiң гипофизге. 960. Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек 1. 6 күннен 2. 8 күннен 3. +10 күннен 4. 12 күннен 5. 14 күннен. 961. Қалыпты етеккiр циклы кезiнде I және II фазада базалды температураның айырмашылығы: 1. 0.1-0.3°С 2. 0.4-0.5°С 3. +0.6-0.8°С 4. 0.9-1,0°С 5. 1,1-1,3°С. 962. Егер етеккiр циклы кезiнде "қарашық" симптомы оң дәлелдейді: 1. Гиперандрогенияның болуын 2. Циклдың II фазасының қысқаруын 3. +Ановуляторлы циклдың болуын 4. Циклдың I фазасының қысұаруын 5. Циклдың II фазасының үзаруын. 963. Етеккiр циклының 12-14 күнiндегi "цервикалды шырыштың созылуының " максималды ұзындығы: 1. 0-1 см 2. 2-3 см 3. 4-5 см 4. +6-8 см 5. 9-10 см. 964. Қандай гинекологиялық операция жатырды зондтаудан басталады: 1. Қынаптың артқы күмбезi арқылы пункция жасау 2. +Жатыр қуысын диагностикалық қыру 3. ЖҚС алу 4. Жатыр мойнының диатермоэксцизиясы 5. Кольпоскопия. 965. 15 жастағы қыз баланы жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердiң болуымен алып келдi. Анамнезiнен алғашқы етеккiрi 15 ай бұрын болғаны анықталды. Қандай зерттеу әдiсiн жүргiзу қажет: 1. Кольпоскопия 2. Гистероскопия 3. Қынаптың артқы күмбезi арқылы пункция жасау 4. +УДЗ 5. Метросальпингография. 966. 15 жастағы қыз баланы жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердiң болуымен алып келдi. Анамнезiнен алғашқы етеккiрi 3 ай бұрын болғаны анықталды. Бұл ДЖҚ қандай түріне сәйкес келеді: 1. +Ювенилдiк 2. Репродуктивтiк 3. Климактериялық 4. Циклды 5. Созылмалы. 967. Жас ерекшеліктеріне байланысты ДЖҚ жiктеледi: 1. +Ювенилдiк, репродуктивтiк, климактерлiк 2. Ановуляторлық, овуляторлық 3. Бiрiншiлiк, екiншiлiк 4. Жедел, жеделдеу, созылмалы 5. Циклды, ациклды. 968. Патогенезiне байланысты ДЖҚ жiктеледi: 1. Ювенилдiк, репродуктивтiк, климактерлiк 2. +Ановуляторлық, овуляторлық 3. Бiрiншiлiк, екiншiлiк 4. Жедел, жеделдеу, созылмалы 5. Циклды, ациклды. 969. Ановуляторлық дисфункционалды жатырдан қан кетуге тән: 1. +Фолликулдың персистенциясы, фолликулдың атрезиясы 2. Гиполютеинизм 3. Гиперлютеинизм 4. Циклдың I фазасының қысқаруын 5. Екiфазалы етеккiр циклы. 970. Овуляторлық дисфункционалды жатырдан қан кетуге тән: 1. Қысқа уақытты фолликуланың персистенциясы, фолликуланың атрезиясы Фазасының ұзаруы 2. +Циклдың I фазасының қысқаруы, циклдың II фазасының қысқаруы, циклдың II фазасының ұзаруы 3. Ановуляция 4. Альгодисменорея 5. Монофазалы етеккiр циклы. 971. Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі: 1. Қынаптың агенезиясы 2. Тернер синдром 3. Екi мүйiздi жатыр 4. +Қыздық перденiң атрезиясы 5. Ювенильдi жүктiлiк 972. Физиологиялық аменореяға тән: 1. Қынаптың агенезиясы 2. Тернер синдромы 3. Екi мүйiздi жатыр 4. Қыздық перденiң атрезиясы 5. +Жүктілік 973. Аменореяға тән: 1. +Аналық безiнiң поликистозы 2. Эндометрийдiң полипы 3. Жатыр миомасы 4. Тромбоцитопения 5. Эндометриоз. 974. 24 жастағы науқас, салмағы 42 кг, босанғаннан кейiн 2 жыл iшiнде аменореяның болуына шағымданады, салмағының және тәбетiнiң төмендеуiне, терiсiнiң құрғауына, шашының түсуiне, агалактия. Анамнезiнде босану гипотониялық қан ағумен өткен, консервативтi гемостаз. Қынаптық зерттеуде қынаптың шырышты қабаты құрғақ, жатыр кішкентай. Болжамалы диагнозды қойыңыз: 1. Симмондс синдромы 2. Шихан синдромы 3. +Мориса синдромы 4. Штейн-Левенталь синдромы 5. Рокитанского-Кюстнера-Майера синдромы. 975. Репродуктивтiк кезеңдегi ДЖҚ дәрiгер тактикасы 1. Эндометрийдiң вакуум-аспирациясы, қырындыны гистологиялық зерттеу 2. Гормональды гемостаз гистологиялық зерттеу 3. +Жатыр мен цервикальды каналды бөлек- бөлек диагностикалық қыру, қырындыны гистологиялық зерттеу 4. Эндометрийдiң аблациясы 5. Реттеушi гормональды терапия. 976. Пременопауза кезеңiнде ДЖҚ-ның алдын алу үшiн қолданылатын гормондық препараттарды атаңыз: 1. Эстрогендер 2. +Гестагендер 3. Синтетикалық прогестиндер 4. Андрогендер 5. Анаболикалық стероидтар. 977. Ювенилдiк ДЖҚ емі: 1. +Симптоматикалық ем 2. Эндометрийдiң криодеструкциясы 3. Жатыр мен цервикальды каналды диагностикалық қыру 4. Жатыр мойнының электростимуляциясы 5. Эндометрийдiң аблациясы. 978. 50 жастағы ДЖҚ науқастың жатыр қуысының қырындысын гистологиялық зерттегенде эндометрийдiң атипиялық гиперплазиясы анықталды. Сiздiң тактикаңыз: 1. Жатыр қуысын қайталап диагностикалық қыру 2. +Гистерэктомия 3. Эндометрийдiң криодеструкциясы 4. Гормональды гемостаз 5. Эндометрийдiң вакуум-аспирациясы. 979. Патологиялық аменорея түрi: 1. Лактациялық 2. Гестациялық 3. +Аменорея – галакторея 4. Жыныстық жетiлуге дейiнгi 5. Менопаузальды. 980. Аменореяның аналық бездi формасына тән емес синдром: 1. Шерешевского-Тернер 2. +Киари-Фроммеля 3. Аналық безiнiң поликистозы 4. Аналық безiнiң резистенттiлiгi 5. Аналық безiнiң жұқаруы 981. Ювенилдiк кезеңде ДЖҚ патогенезi: 1. Гиполютеинизм 2. Фолликулдың персистенциясы 3. +Фолликуллалардың атрезиясы 4. Гиперпролактинемия 5. Қанның ұю жүйесiнiң бұзылуы. 982. 26 жастағы науқаста жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердiң болуы мазалайды, әрбiр 19 күннен қайталанады. ФДТ бойынша екiншi фазаның ұзақтығы 6 күн. ДЖҚ қандай түрi: 1. Қалыпты цикл 2. Овуляторлы ДЖҚ, фолликулярлы фазаның қысқаруы 3. Овуляторлы ДЖҚ, фолликулярлы фазаның ұзаруы 4. +Овуляторлы ДЖҚ, лютеиндi фазаның қысқаруы 5. Овуляторлы ДЖҚ, лютеиндi фазаның ұзаруы. 983. 26 жастағы науқаста жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердiң болуы мазалайды, әрбiр 19 күннен қайталанады. ФДТ бойынша бiрiншi фазаның ұзақтығы 6 күн. ДЖҚ қандай түрi: 1. Қалыпты цикл 2. Овуляторлы ДЖҚ, фолликулярлы фазаның қысқаруы 3. +Овуляторлы ДЖҚ, фолликулярлы фазаның ұзаруы 4. Овуляторлы ДЖҚ, лютеиндi фазаның қысқаруы 5. Овуляторлы ДЖҚ, лютеиндi фазаның ұзаруы. 984. 26 жастағы науқаста жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердiң болуы мазалайды, әрбiр 37 күннен қайталанады. ФДТ бойынша екiншi фазаның ұзақтығы 23 күн. ДЖҚ қандай түрi: 1. Қалыпты цикл 2. Овуляторлы ДЖҚ, фолликулярлы фазаның қысқаруы 3. Овуляторлы ДЖҚ, фолликулярлы фазаның ұзаруы 4. Овуляторлы ДЖҚ, лютеиндi фазаның қысқаруы 5. +Овуляторлы ДЖҚ, лютеиндi фазаның ұзаруы. 985. Климактериялық ДЖҚ байланысты: 1. Күйзелiстерге 2. Миомаға 3. +Гипоталамикалық орталықтардың инволюциялық қайта құрылуына 4. Аналық безі кистасына 5. Экстрагениталдық патологияға 986. Қыз балалардағы ювенилдiк қан ағу кезiнде хирургиялық гемостаз жүргізіледі 1. Бiрден түскеннен кейiн 2. Анемия кезiнде, симптоматикалық терапиядан нәтиже болмаса 3. +Гормоналдық гемостаздан нәтиже болмаса 4. Реттеушi гормоналдық терапиядан нәтиже болмаса 5. 16 жастан жоғары болса. 987. Ювенилдiк қан ағуда гормоналдық гемостаз жүргiзiледі 1. Бiрден түскен кезде 2. Анемия, симптоматикалық емнен нәтиже болмаса 3. +Симптоматикалық емнен нәтиже болмаса 4. Реттеушi гормоналдық емнен нәтиже болмаса 5. Жасы 16-дан жоғары. 988. Дисфункционалдық жатырдан қан кету байланысты: 1. +Гипоталамус-гипофиз-аналық безiнiң реттiк гормон өндiруiнiң бұзылысы 2. Жыныс жүйесiнiң органикалық ауруларымен 3. Ағзаның әр түрлi жүйелерiнiң ауруларымен 4. Қаннық жүйелi ауруларымен 5. Бұзылған жатырлық жүктiлiкпен. 989. Жатырдың сезiмталдық рецепторлары жыныстық стероидтық гормондардың қатынасына, гормондық фонға тәуелдi: 1. Тестостерон және эстрадиолға 2. Пролактин және СТГға 3. +Эстрогендер мен прогестерондарға 4. Эстрогендер мен тестостерондарға 5. ЛГ және ФСГ-ға. 990. Гигантизм кезiндегi аменорея гиперпродукцияға байланысты 1. Жыныстық жетiлуге дейiнгi АКТГ 2. +Жыныстық жетiлуге дейiнгi СТГ 3. Жыныстық жетiлуден кейiнгi АКТГ 4. Жыныстық жетiлуден кейiнгi ФСГ 5. Жыныстық жетiлуден кейiнгi ТТГ. 991. Гонадалардың дисгенезиясы бар науқастарды емдеуде қалпына келмейді: 1. Етеккiр қызметi 2. Жыныстық қызметi 3. +Босану қызметi 4. Бойы 5. Екiншiлiк жыныстық белгiлерi. 992. Шерешевский -Тернер синдромы гонадалардың дисгенезиясының қай түрiне жатады: 1. Гонадалардың дисгенезиясының "таза" формасы 2. +Гонадалардың дисгенезиясының типтi формасы 3. Гонадалардың дисгенезиясының "аралас" формасы 4. Жалған ерлер гермафродитизмi 5. Қалқанша безiнiң аурулары 993. Қыз балаларда алғаш етеккiр дене салмағы жеткенде пайда болады 1. 35- 39 кг-ға 2. +40-44 кг-ға 3. 45-50 кг-ға 4. 51-54 кг-ға 5. 55-58 кг-ға. 994. Жыныстық дамудың кiдiруi - бұл екiншiлiк жыныстық белгілерінің болмауы 1. 10 жаста, ал етеккiрi - 12 жаста 2. 12 жаста, ал етеккiрi - 14 жаста 3. +14 жаста, ал етеккiрi - 16 жаста 4. 16 жаста, ал етеккiрi - 18 жаста 5. 17 жаста, ал етеккiрi - 20 жаста. 995. Иценко-Кушинг кезiндегi аменореясы бар науқастарда аденогипофиз гормонының гиперпродукциясы орын алады: 1. Соматотропты 2. Тиреотропты 3. +Адренокортикотропты 4. Фолликулостимулдеушi 5. Лютеиндеушi. 996. 32 жастағы науқастың ДЖҚ байланысты емдiк-диагностикалық қыру жасағаннан кейiн зерттеудiң гистологиялық нәтижесi -эндометрийдiң бездi-кистозды гиперплазиясы. Дәрiгер тактикасы: 1. +Реттеушi гормонды терапия 2. Оперативтi емге жолдама беру 3. Диспансерлiк бақылау 4. Емдi қажет етпейдi 5. Қабынуға қарсы ем. 997. Бiрiншiлiк аменореяға тән: 1. +Етеккiрдiң 16 жас және одан да жоғары жаста болмауы 2. Етеккiрдiң 14 жаста болмауы 3. Бiр түсiктен кейiн етеккiрдiң болмауы 4. Етеккiрдiң 18 жаста болмауы 5. Етеккiрдiң 11 жаста болмауы. 998. Орталық генездегi аменореяға жатады: 1. Бүйрекүстiлiк 2. +Гипофизарлық 3. Аналық бездiк 4. Жатырлық 5. Физиологиялық. 999. Бүйрекүстiлiк генездегi аменореяның патогенетикалық терапиясы болып табылады: 1. Синтетикалық прогестиндермен 2. Циклды витаминдiк терапия 3. Хирургиялық 4. Физиотерпия 5. +Глюкокортикоидты. 1000. Альгодисменореяның негiзгi патогенезi: 1. Гиперэстрогения 2. +Гиперпростагландинемия 3. Гипоэстрогенемия 1001. Етеккiр циклының екi фазалылығын анықтайды: 1. Етеккiрдiң дұрыс ритмi 2. Циклдың ұзақтығы 3. Гипопрогестеронемия 4. Гиперпролактинемия 5. +Овуляция 1002. Киари-Фроммель синдромы кезiнде қай гормон деңгейі жоғары: 1. +Пролактин 2. ФСГ 3. ЛГ 4. Тестостерон 5. Эстроген 1003. Эстрогендердiң негiзгi синтезi жүредi: 1. Жатырда 2. Гипоталамуста 3. Аденогипофизде 4. +Аналық безде 5. Гипофиздiң артқы бөлiгiнде. 1004. Репродуктивтiк жүйенiң қай бөлiгiнде рилизинг-гормондар синтезделеді 1. +Гипоталамуста 2. Гипофиздiң артқы бөлiгiнде 3. Аденогипофизда 4. Жатырда 5. Аналық безiнде 1005. Фолликулдың персистенциясының клиникалық симптомы: 1. Етеккiрдiң 2-4 аптаға кiдiруi, ұзаққа созылған қанды бөлiндiлер 2. Етеккiрдiң 3-4 айға кiдiруi, көп мөлшерде қан кетулер 3. + Етеккiрi 2-4 аптаға дейiн кiдiргеннен кейiнгi қан ағулар 4. Етеккiрi 3-4 айға кiдiргеннен кейiнгi аздаған қан ағулар 5. Етеккiр арасындағы қанды бөлiндiлер 1006. 16 жастағы қыз балада етеккiрiнiң 3 ай кiдiруiнен кейiн 8 күнге созылған жыныс жолдарынан қан кетулер пайда болды. Ректо-абдоминалдық зерттеу кезiнде патология анықталмады. Болжам диагнозыңыз: 1. Аналық безiнiң гормон өндiрушi iсiгi 2. Жатыр мойнының рагы 3. Жатыр мойнының полипi 4. + Ювенилдiк жатырдан қан кету 5. Эндометрийдiң полипы. 1007. Науқас Р. 49 жаста соңғы жылдары ретсiз 2-3 айға дейiн кiдiретiн етеккiрдiң болуына шағымданады. 3 апта бұрын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөліне бастап әлі жалғасып жатыр. Сiздiң диагнозыңыз: 1. Аденомиоз 2. + Климактериялық кезеңдегi ДЖҚ 3. Эндометрийдiң рагы 4. Жатырдың субмукозды миомасы 5. Эндометрит. 1008. Етеккiр циклы мен етеккiрдiң орташа ұзақтығы қанша: 1. 21 күн және 1-2 күн 2. 25 күн және 3-4 күн 3. + 28 күн және 2-7 күн 4. 30 күн және 8-9 күн 5. 32 күн және 10-11 күн 1009. Әйелдiң репродуктивтi жүйесi қай жаста функционалдық белсендiлiкке жетедi. 1. 14-15 жас 2. + 16-18 жас 3. 19-20 жас 4. 21-22 жас 5. 22-23 жас. 1010. Овуляция кезiнде доминантты фолликула қай өлшемге дейiн жетедi: 1. 1-5 мм 2. 7-11 мм 3. 12- 17 мм 4. + 18-24 мм 5. 25 -28 мм. 1011. Әйелдердегi арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады: 1. Жалпы қарап тексеру, көз түбiн зерттеу қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу 2. + Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық-қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу 3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография, пневмоперитонеум, биконтрастты геникография 4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия 5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы. 1012. Функционалды диагностикалау тестiне тән: 1. + Кариопикнотикалық индекс, "қарашық" симптомы, мойындық шырыштың созылуы және арборизациясы, базалдық температура, гормондық және гистологиялық зерттеу әдiстерi. 2. Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық –қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу 3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография, пневмоперитонеум, биконтрасты геникография 4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия 5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы. 1013. Жатыр мойнының патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдiс: 1. + Кольпоскопия 2. Гистеросальпингография 3. Лапароскопия 4. Биконтраcтты геникография 5. УДЗ. 1014. Аспапты зерттеу әдiстерiне жатады: 1. Тазалық дәрежесiне жағынды алу 2. + Жатырды зондтау 3. Биопсия 4. Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру 5. Бимануалдық-қынаптық зерттеу. 1015. Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды: 1. + Тестостерон 2. Фолликулостимулдеушi гормон 3. Лютеиндеушi гормон 4. Пролактин 5. Прогестерон. 1016. Климактериялық синдром – бұл төмендегідей патологиялық симптомокомплекс жиынтығы: 1. +Нейро-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу эндокриндi бұзылыстар 2. Екiншiлiк аменореямен, гипоэстрогенемиямен, 40 жастан жоғары әйелдерде гонадотропин деңгейiнiң жоғарылауы 3. Репродуктивтi немесе пременопауза кезеңiндегi тоталды овариэктомиядан кейiнгi науқастарға 4. Аналық безiнiң қызметi мен құрылысының патологиясы немесе етеккiр және гиперандрогенияның генеративтi қызметiнiң бұзылысы. 5. аналық безiнiң гормон тәуелдi iсiгi 1017. Етеккiр алды синдром - бұл сипатталатын патологиялық симптомокомплекс: 1. Әйелдердегi жасына байланысты инволюциялық өзгерiстердегi репродуктивтi жүйенiң қызметiнiң басылуы эндокриндi бұзылыстар 2. + Етеккiр циклының 2-фазасында нейро-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу эндокриндi бұзылыстар 3. Екiншiлiк аменореямен, гипоэстрогенемиямен, 40 жастан жоғары әйелдерде гонадотропин деңгейiнiң жоғарылауы 4. Репродуктивтi немесе пременопауза кезеңiндегi тоталды овариэктомиядан кейiнгi науқастарға 5. Аналық безiнiң қызметi мен құрылысының патологиясы немесе етеккiр және гиперандрогенияның генеративтi қызметiнiң бұзылысы. 1018. Посткастрациялық синдром - бұл сипатталатын патологиялық симптомокомплекс: 1. Әйелдердегi жасына байланысты инволюциялық өзгерiстердегi репродуктивтi жүйенiң қызметiнiң басылуы эндокриндi бұзылыстар 2. Етеккiр циклының 2-фазасында нейро-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу эндокриндi бұзылыстар 3. Екiншiлiк аменореямен, гипоэстрогенемиямен, 40 жастан жоғары әйелдерде гонадотропин деңгейiнiң жоғарылауы 4. + Репродуктивтi немесе пременопауза кезеңiндегi тоталды овариэктомиядан кейiнгi науқастарда 5. Аналық безiнiң қызметi мен құрылысының патологиясы немесе етеккiр және гиперандрогенияның генеративтi қызметiнiң бұзылысы. 1019. Аналық безiнiң солу синдромына тән: 1. Әйелдердегi жасына байланысты инволюциялық өзгерiстердегi репродуктивтi жүйенiң қызметiнiң басылуы эндокриндi бұзылыстар 2. Етеккiр циклының 2-фазасында нейро-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу эндокриндi бұзылыстар 3. + Екiншiлiк аменорея, гипоэстрогенемия, 40 жастан жоғары әйелдерде гонадотропин деңгейiнiң жоғарылауы 4. Репродуктивтi немесе пременопауза кезеңiндегi тоталды овариэктомиядан кейiнгi науқастарға 5. Аналық безiнiң қызметi мен құрылысының патологиясы немесе етеккiр және гиперандрогенияның генеративтi қызметiнiң бұзылысы. 1020. Аналық безiнiң поликистоз синдромына тән: 1. Жастық инволюциясы фонында әйелдердегi репродуктивтi жүйесiнiң қызметiнiң басылуы 2. Етеккiр циклының 2-фазасында нейро-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу эндокриндi бұзылыстар 3. Екiншiлiк аменореямен, гипоэстрогенемиямен, 40 жастан жоғары әйелдерде гонадотропин деңгейiнiң жоғарылауы 4. Репродуктивтi немесе пременопауза кезеңiндегi тоталды овариэктомиядан кейiнгi науқастарға 5. + Аналық безiнiң қызметi мен құрылысының патологиясы немесе етеккiр және гиперандрогенияның генеративтi қызметiнiң бұзылысы. 1021. Етеккiр алды синдром мына жастағы әйелдер арасында жиi кездеседi (жас): 1. 10-19 2. 20-29 3. + 26-45 4. 40-49 5. 50-59. 1022. Етеккiр алды синдром келесi әйелдерде кездеседi: 1. Үй шаруашылығымен айналысатын әйелдерде 2. Студенттерде 3. + Интеллектуалды еңбекпен айналысатынәйелдерде 4. Коммерциялық секспен айналысатын әйелдерде 5. Ауыл шаруашылығымен айналысатын әйелдерде. 1023. Етеккiр алды синдромы дамуының теориясын көрсетiңiз: 1. Эмбрионалдық 2. Имплантациялық 3. + Гормондық 4. Метаболикалық 5. Метапластикалық. 1024. Етеккiр алды синдромы кезiндегi вегето-тамырлық бұзылыстар байланысты: 1. Эстрогендермен 2. Прогестерондармен 3. + Простагландиндермен 4. Тестостерондармен 5. Гонадотропиндермен. 1025. Етеккiр алды синдромының ауырлық дәрежесiне байланысты жiктелуi: 1. + Жеңiл, орташа және ауыр 2. Бiрiншiлiк және екiншiлiк 3. Нейровегетативтiк, алмасу-эндокриндi, психоэмоцианалдық 4. Жедел және созылмалы 5. Нейропсихикалық, iсiну, цефалгиялық, криздi. 1026.Етеккiр алды синдромының клиникалық формалары: 1. Жеңiл, орташа және ауыр 2. Бiрiншiлiк және екiншiлiк 3. Нейровегетативтiк, алмасу-эндокриндi, психоэмоцианалдық 4. Жедел және созылмалы 5. + Нейропсихикалық, iсiну, цефалгиялық, криздi. 1027. Гинекологиядағы нейроэндокриндiк синдромдар: 1. Гипоталамикалық, гипофиздi, аналық бездi. 2. Функционалдық, органикалық. 3. Физиологиялық, патологиялық. 4. Сомпенсирленген, декомпенсирленген. 5. + Етеккiр алды, климактериялық, посткастрациялық. 1028. Нейро-эндокриндiк синдромдардың дамуына әкеледі: 1. Қан аурулары 2. Асқазан iшек жолдарының созылмалы аурулары. 3. + Нервтi-психикалық қозғыштық. 4. Мерзiмiнен бұрын жыныстық жетiлу 5. Гормондық контрацепцияларды қолдану. 1029. Климактерлiк синдромға тән симптомокомплекс: 1. Нефротикалық 2. + Вегетативтiк-тамырлық 3. Анемиялық 4. Геморрагиялық 5. Кахексиялық 1030. Нейро-эндокриндiк синдромдарға тән симптомокомплекс: 1. + Эндокриндi-алмасу, вегетативтiк-тамырлық, психоэммоционалдық 2. Геморрагиялық, анемиялық 3. Өт жолдарының дискенезиясы, анорексия 4. Либидоның күшеюi, аноргазмия 5. Нефротикалық, дизуриялық. 1031. Климактерлiк синдромның дифференциалды диагностикасын жүргiзедi: 1. + Жүректiң ишемиялық ауруымен 2. Бас миының ауруларымен 3. Қант диабетiмен 4. Посткастрациялық синдромымен 5. Етеккiр алды синдромымен. 1032. Нейроэндокриндiк синдромдарды емдеу мақсатында тағайындалады: 1. Қабынуға қарсы 2. Гемостатикалық 3. Антианемиялық 4. + Гормондық 5. Дезинтоксикациялық. 1033. Нейроэндокриндiк синдромдардың диагностикасы үшiн қолданылады: 1. Гастродуоденоскопия 2. + Электроэнцефалография 3. Цистоскопия 4. Онкомаркерларды анықтау 5. Лапароскопия. 1034. Науқас 33 жаста терi жабындыларында кезеңдi түрде қышу сезiмi мазалайды, бетi мен аяқ қолдарында iсiнулер байқалады, етеккiрiне дейiн 1 апта бұрын диурезi төмендеген. Етеккiр қызметi бұзылмаған. Анамнезiнде 1 медициналық түсік бар.Қынаптық зерттеуде: жатыр мен қосалқылары ерекшелiксiз. Болжамалы диагноз: 1. Аналық безiнiң солу синдромы 2. Альгодисменорея 3. Пиелонефрит 4. Экзема 5. + Етеккiр алды синдромы. 1035. Посткастрациялық синдромда алмастырушы гормондық терапияға қарсы көрсеткiш: 1. Посткастрациялық синдромның жеңiл формасы 2. + Сүт бездерiнiң рак ауруына байланысты жасалған операциядан кейiнгi жағдай 3. Диффузды фиброзды-кистозды мастопатия 4. Сүт бездерiнiң фиброаденомасының хирургиялық емiнен кейiнгi жағдайы 5. Өкпе туберкулезi. 1036. Науқас 38 жаста тәулiгiне 10 ретке дейiн болатын құйылуларына шағымданады, көңiл күйiнiң өзгеруi, дене салмағын 5 кг-ға дейiн қосқан. Анамнезiнде: 4 ай бұрын тубоовариалдық абсцеске байланысты қосалқыларымен гистерэктомия жасалынған. Болжам диагнозыңыз: 1. Етеккiр алды синдромы 2. Климактериялық синдром 3. + Посткастрациялық синдром 4. Аналық безiнiң резистенттiлiк синдромы 5. Метаболикалық синдром. 1037. 38 жастағы науқасқа овариэктомиядан кейiнгi синдромы қойылды. Сiздiң тактикаңыз: 1. Қабынуға қарсы терапия 2. Циклды витаминотерапия 3. Гипотензивтi терапия 4. Гестагендермен гормонотерапия 5. + Орынбасушы гормонотерапия. 1038. Пременопауза - бұл фаза климактерия кезiнде егер: 1. 6 ай iшiнде етеккiрi болмаса 2. + Соңғы өздiгiнен етеккiрi келгенше менопауза симптомдарының пайда болуы 3. 12 ай iшiнде етеккiрi болмаса 4. Менопаузадан кейiн менопауза симптомдарының пайда болуы 5. 65-69 жастан кейiн менопауза симптомдарының пайда болуы 1039. Менопауза - бұл фаза климактерия кезiнде егер: 1. 6 ай iшiнде етеккiрi болмаса 2. Соңғы өздiгiнен етеккiрi келгенше менопауза симптомдарының пайда болуы 3. + Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің болмауы 4. Менопаузадан кейiн менопауза симптомдарының пайда болуы 5. 65-69 жастан кейiн менопауза симптомдарының пайда болуы 1040. Перименопауза - бұл фаза климактерия кезiнде егер: 1. + 6 ай iшiнде етеккiрi болмаса 2. Соңғы өздiгiнен етеккiрi келгенше менопауза симптомдарының пайда болуы 3. Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің болмауы 4. Пременопауза мен менопаузадан кейінгі 1 жылды қосады 5. 65-69 жастан кейiн менопауза симптомдарының пайда болуы 1041. Постменопауза - бұл фаза климактерия кезiнде егер: 1. 6 ай iшiнде етеккiрi болмаса 2. Соңғы өздiгiнен етеккiрi келгенше менопауза симптомдарының пайда болуы 3. Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің болмауы 4. + Пременопауза мен менопаузадан кейінгі 1 жылды қосады 5. 65-69 жастан кейiн менопауза симптомдарының пайда болуы 1042. Климактерлiк синдромның емiнде қолданатын өсiмдiк тектес препарат: 1. Климен 2. Климонорм 3. Климодиен 4. + Климадинон 5. Климаксан 1043. Климактерикалық синдромды емдеуде қолданатын гормондық препарат: 1. Феминал 2. + Климонорм 3. Долместр 4. Климадинон 5. Климаксан 1044. Менопауза кезiндегi әйелдерде сүйектiк денситометрия әдiстерiнiң iшiндегi "алтын стандартқа"жататыны: 1. Ультрадыбысты денситометрия 2. + Рентгендi денситометрия 3. Компьютерлi томография 4. Магниторезонансты томография 5. Кiшi жамбастың рентгенографиясы. 1045. Постменопаузалық остеопороздың жiктелуi: 1. Жедел,созылмалы 2. Циклды,ациклды 3. + Бiрiншiлiк,екiншiлiк 4. Жеңiл, орташа, ауыр 5. I,II,III дәреже. 1046. Преовуляторлық фолликул қай суретте көрсетілген: |