Главная страница

икт рубеж2. тест акушерия. 1. азастан Республикасында айматандыруа сйкес жктілерге перинаталды кмекті бледі


Скачать 1.41 Mb.
Название1. азастан Республикасында айматандыруа сйкес жктілерге перинаталды кмекті бледі
Анкорикт рубеж2.docx
Дата21.10.2022
Размер1.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест акушерия.docx
ТипДокументы
#746568
страница3 из 15
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Английский для общения и поездок!

Говори с миром на равных. Международная школа английского GET English. Звоните!





 

380. Суретте қандай патология көрсетiлген:

1. Плацентаның қалыпты орналасуы

2. Нәрестенiң баспен жатуы

3. Нәрестенiң жамбаспен жатуы

4. + Плацентаның жатуы

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы



 

381. Суретте қандай патология көрсетiлген:

1. Платентаның толық жатуы

2. Төмен плацентация

3. Плацентаның қалыпты орналасуы

4. +Плацентаның толық емес жатуы

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы

 



 

382. Суретте қандай патология көрсетiлген:

1. + Плацентаның толық жатуы

2. Плацентаның бүйірімен жатуы

3. Плацентаның қалыпты орналасуы

4. Плацентаның толық емес жатуы

5. Қалыпты орнасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы

 



 

383. Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың жеңiл дәрежесiнде құсу жиiлiгi

1. 1-2 рет

2. + 3-5 рет

3. 6-10 рет

4. 10-15 рет

5. 15-20 рет

384. Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың орташа дәрежесiнде құсу жиiлiгi:

1. 1-2 рет

2. 3-5 рет

3. + 6-10 рет

4. 10-15 рет

5. 15-20 рет

385. Птиализм – бұл:

1. + Сiлекей ағу

2. Терлеу

3. Дәмнiң өзгеруi

4. Көңiл күйiнiң тұрақты болмауы

5. Кiшi дәретiнiң жиiлеуi

386. Жүктiлiктiң екiншi жартысындағы қан ағулардың негiзгi себептерi:

1. Жатырдан тыс жүктiлiк,жатыр мойнының патологиясы, қынап көк тамырларының

варикозды кеңеюi, көпiршiктi тығын

2. Плацентаның қалыпты орналасуы,мерзiмiнен бұрын босану қаупi,қынап көк тамырларының варикозды кеңеюi

3. +Плацентаның жатуы,қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын бөлiнуi, қынап көк тамырларының варикозды кеңеюi

4. Өздiгiнен болған түсiк,жатырдан тыс жүктiлiк,қынаптың көктамырларының варикозды кеңею

5. Жүрiстегi түсiк, аналық безiнiң лютеиндi кистасының бұралуы,гестациялыіқ диабет, плацентаның тығыз жабысуы.

387. Қалыпты жағдайда плацентаның төмегi жиегi iшкi ернеуден жоғары

тұрады:

1. 2 см

2. 3 см

3. 5 см

4. +7 см

5. 10 см

388. Суретте берiлген акушерлiк патологияны көрсетiңiз:

1. Азсулық

2. Абсолюттi қысқа кiндiк

3. + Плацентаның толық емес жатуы

4. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

5. Эндометрийдiң атрофиялық және дистрофиялық процестері



 

389. Суретте берiлген акушерлiк патологияның негiзгi себептерi болып табылады:

1. Азсулық, көпсулық

2. Абсолюттi қысқа кiндiк

3. Плацентаның жатуы

4. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

5. +Эндометрийдiң атрофиялық және дистрофиялық процестері



 

390. Плацентаның жатуында ең объективтi және қауiпсiз әдiс:

1. Амниоскопия

2. Жатыр мойнын айнамен қарау

3. Сыртқы акушерлiк зерттеу әдiстерi

4. +Ультрадыбыстық зерттеу

5. Қынаптық зерттеу

391. Суретте берiлген патологияның негiзгi себептерiнiң бiрі:

1. Азсулық, көпсулық

2. Абсолюттi қысқа кiндiк

3. +Қан тамырлардың жайылған спазмы

4. Ұрық жасушасының протеолитикалық құрамының жоғарылауы

5. Эндометрийдiң атрофиялық және дистрофиялық процестерi



392. Суретте берiлген акушерлiк патологияны дұрыс босандыру әдiсiн таңдаңыз:

1. Босануды консервативтi жүргiзу

2. Индуцирленген босану

3. Амниотомия жасау

4. Акушерлiк қысқаштар

5. +Кесар тiлiгi

 

 



 

393. Мерзiмi жеткен жүктiлiкте плацентаның толық емес жатуында көрсетiледi:

1. Босануды консервативтi жүргiзу

2. + Кесар тiлiгi

3. Амниотомия, босануды қоздыру

4. Амниотомия, босануды стимуляциялау

5. Акушерлiк қысқаштар

394. Кесар тiлiгiне абсолютты көрсеткiш:

1. +Плацентаның толық жатуы

2. Плацентаның төмен орналасуы

3. Нәрестенiң қиғаш орналасуы

4. Тар жамбас 1 дәрежесi

5. Жатыр тыртығы

395. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына байланысты

жасалған операция кезінде суреттегi бейне көрiндi.

Сіздiң диагнозыңыз:

1. +Кювелер жатыры

2. Жатыр тыртығы

3. Жатыр миомасы

4. Жатыр саркомасы

5. Эндометриоз



396. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына байланысты

жасалған операция кезiнде суреттегi бейне көрiндi.

Дәрiгер тактикасы:

1. Төменгi сегментте кесар тiлiгiн жасау

2. Корпоральды кесар тiлiгi

3. Жатырдың қосалқыларынсыз қынап үстiлiк ампутациясы

4. +Жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы

5. Жатырдың қосалқыларымен экстирпациясы

 

 



397. Сыртқы қан ағу мен гемодинамиканың бұзылысы қандай акушерлiк патологияға тән:

1. Плацентаның толық жатуы

2. Плацентаның толық емес жатуы

3. Плацентаның шынайы өсуi

4. Плацентаның тығыз жабысуы

5. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

398. Плацентаның толық емес жатуы диагнозы бар жүкті әйелде жүктiлiктiң 34-35 апталық мерзiмiнде жыныс жолдарынан 250 мл- ге жететiн және ары қарай

жалғасып жатқан қанды бөлiндiлер бөліне бастады.

Дәрiгер тактикасы:

1. Гемотрансфузия,нәрестенiң респираторлы дистресс синдромының алдын - алу

2. Жүктiлiктi сақтау терапиясы

3. Амниотомия, босануды қоздыру

4. Жоспарлы түрде кесар тiлiгiн жасау

5. + Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

399. Жүктiлiктiң 32 аптасында ультрадыбыстық зерттеуде плацентаның төменгi

жиегi iшкi ернеуден 3,5 см екенi анықталды.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. Плацентаның толық жатуы

2. Плацентаның толық емес жатуы

3. +Плацентаның төмен орналасуы

4. Плацентаның қалыпты орналасуы

5. Плацентаның мерзiмiнен бұрын қартаюы

400. Плацентаны қарағанда аналық беткейiнде қанды ұйындылармен толған шоғырлануы тәрiздi басылу байқалды.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. Созылмалы плацентарлық жетiспеушiлiк

2. Плацентаның өсуi

3. Плацентаның жатуы

4. Плацентаның толық жатуы

5. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

401. Жүктi әйелдiң жүктiлiктің 34 апталық мерзiмiнде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлiндiлер байқалды.

Дәрiгер тактикасы:

1. Жоспарлы түрде кесар тiлiгiн жасау

2. +Қатаң түрде төсектiк тәртiп, спазмолитикалық және гемостатикалық терапия

3. Амниотомия, босануды окситоцинмен қоздыру

4. Амниотомия, босануды стимуляциялау

5. Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

402. Суретте плацентаның жабысуының қандай патологиясы А әрпiмен белгiленген:

1. Placenta adhaerens

2. Placenta percreta

3. +Placenta increta

4. Placenta praevia marginalis

5. Separatio placentae normalier inserte spoµanea



 

403. "Шоктық индекс" - бұл қатынасы:

1. Орташа артериальды қысымның 1 минут iшiндегi пульстiң жиiлiгiне

2. Диастолалық қысымның 1 минут iшiндегi пульстiң жиiлiгiне

3. Систолалық қысымның 1 минут iшiндегi пульстiң жиiлiгiне

4. 1 минут iшiндегi пульстiң диастолалық қысымға

5. +1 минут iшiндегi пульстiң систолалық қысымға

404. HELLP – синдромы дамиды:

1. Плацентаның төмен орналасуында

2. + преэклампсияның ауыр дәрежесiнде

3. Созылмалы плацентарлық жетiспеушiлiкте

4. анемияның ауыр дәрежесінде

5. созылмалы пиелонефритте

405. Босанушы әйелде нәресте туылғаннан кейiн 30 минут өткен соң бала

жолдасының бөлiну белгiлерi жоқ. Қолмен бөлу жасағанда плацентаның

шынайы толық өсуi байқалды.

Дәрiгер тактикасы:

1. Жатырдың экстирпациясы

2. Жатырдың қынап үстiлiк ампутациясы

3. +1 сағат iшiнде күту тактикасы

4. Окситоциндi кєктамырға енгiзу

5. Метилэргометриндi көктамырға енгiзу

406. Суретте макропрепарат берiлген, гистерэктомиядан кейiнгi жатыр мен

плацентаның көрiнiсi.

Плацентаның қандай патологиясы көрсетiлген:

1. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

2. +Плацентаның сiресе өсуi

3. Плацентаның гиперплазиясы

4. Плацентаның кальцинозы

5. Плацентаның мерзiмiнен бұрын қартаюы



 

407. Плацентаның жатуын диагностикалайтын зерттеу әдісі:

1. Амниоскопия

2. Кольпоскопия

3. Хорионбиопсия

4. Кардиотокограмма

5. +Ультрадыбыстық зерттеу

408. Плацентаның өсуiнiң қандай патологиясы А әрпiмен белгiленген:

1. Placenta adhaeren

2. +Placenta percreta

3. Placenta praevia totalis

4. Placenta praevia marginalis

5. Separatio placentae normalier inserte sponganea



 

409. Нәресте басы кiшi жамбастың шыға берiс жазықтығында орналасқан, бо

сану кезiндегi нәрестенiң жедел гипоксиясында акушерлiк тактика қан

дай:

1. + Акушерлiк қысқаштар салу

2. Нәрестенi бөлiп шығару операциясы

3. Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

4. Босануды окситоцинмен қоздыру

5. Кристеллер әдiсiн қолдану



 

410. Босанудың бiрiншi кезеңiнде қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен

бұрын сылынуында акушерлiк тактика:

1. Акушерлiк қысқаштар салу

2. Нәрестенi бөлiп шығару операциясы

3. + Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

4. Босануды окситоцинмен қоздыру

5. Кристеллер әдiсiн қолдану



411. Суреттегi патологияда акушерлiк қан ағудың ерекшелiгi болып табылады:

1. Кезеңдi қайталанатын, барлық уақытта сыртқы, ауру сезiмсiз

2. +Бiрден пайда болатын, сыртқы немесе iшкi, ауру сезiмдi

3. Бiрден пайда болатын, барлық уақытта сыртқы, ауру сезiмсiз

4. Бiрден пайда болатын, барлық уақытта iшкi, ауру сезiмсiз

5. Кезеңдi қайталанатын, сыртқы немесе iшкi, ауру сезiмсiз



 

412. Суреттегi патологияда акушерлiк қан ағудың ерекшелiгi болып табылады:

1. +Кезеңдi қайталанатын, барлық уақытта сыртқы, ауру сезiмсiз

2. Кезеңдi қайталанатын, сыртқы немесе iшкi, ауру сезiмсiз

3. Кезеңдi қайталанатын, барлық уақытта сыртқы, ауру сезiмдi

4. Тұрақты, сыртқы немесе iшкi, ауру сезiмдi

5. Тұрақты, iшкi, ауру сезiмсiз

 



413. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуында дәрiгердiң тактикасы:

1. Бақылау

2. +Кесар тiлiгi

3. Босануды қоздыру

4. Антианемиялық терапия

5. Спазмолитикалық терапия

414. Макропрепаратта плацентаның қандай патологиясы көрсетiлген:

1. Плацентаның толық өсуi

2. + Плацентаның толық жатуы

3. Плацентаның толық емес жатуы

4. Плацентаның төмен орналасуы

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы



 

415. Әйелде жүктiлiктiң 38 аптасында УДЗ плацентаның толық жатуы анықталды, шағымы жоқ, қан ағулар жоқ.

Дәрiгер тактикасы:

1. +Госпитализация, жоспарлы түрде кесар тiлiгiн жасау

2. Госпитализация,жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

3. Госпитализация,жүктiлiктiң 40 аптасында кесар тiлiгiн жасау

4. Госпитализация, босану әрекетi басталғанша бақылау

5. Амбулаторлы бақылау, босану әрекетi басталғасын госпитализациялау

416. Әйелде жүктiлiктiң 38 аптасында УДЗ плацентаның толық жатуы анықталды,жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлiндiлер анықталады.

Дәрiгер тактикасы:

1. Госпитализация, жоспарлы түрде кесар тiлiгiн жасау

2. +Госпитализация, жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

3. Госпитализация, спазмолитикалық терапия

4. Амбулаторлы бақылау, спазмолитикалық және гемостатикалық терапия

5. Госпитализация, бақылау, қан ағу күшейген кезде кесар тiлiгiн жасау

417. Преэклампсиясы бар босанушы әйелде қалыпты орналасқан плацентаның

мерзiмiнен бұрын сылынуы анықталды. қынаптың зерттеуде жатыр мойны

жайылған, ашылуы 3 см, қағанақ суының бүтiн, нәресте басымен жатыр.

Дәрiгер тактикасы:

1. Амниотомия, табиғи босану жолдары арқылы босандыру

2. Босануды окситоцинмен стимуляциялау

3. Жоспарлы түрде кесар тiлiгiн жасау

4. Амниотомия,босануды окситоцинмен стимуляциялау

5. + Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

418. Алғаш босанушы әйелде жүктiлiктiң екiншi жартысында жыныстық қатынастан кейiн жыныс жолдарынан ашық түстi қанды бөлiндiлер байқалды.

Соңғы УДЗ нәтижесі: Жүктiлiктiң 22 аптасы. Плацента жатыр түбiнiң аймағында.

Дәрігер тактикасы:

1. Іш айналымы мен жатыр түбiнiң биiктiгiн анықтау

2. Леопольд-Левицкий әдiстерi

3. Нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау

4. + Қынап пен жатыр мойнын айнамен қарау

5. Қынаптық зерттеу

419 Жаңа мұздатылған плазма құюға көрсеткiш:

1. Гипотониялық қан ағу

2. Плацентаның толық өсуi

3. Плацентаның шынайы өсуi

4. Жатырдың жыртылуы

5. +ТШҚҰ синдромы

420. Мерзiмi жеткен жүктiлiкте қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен

бұрын сылынуы анықталды, нәрестенiң антенатальды өлiмi, геморрагиялық шок I дәрежесi. Дәрiгер тактикасы:

1. Босануды окситоцинмен қоздыру

2. Жоспарлы түрде кесар тiлiгiн жасау

3. + Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау

4. Спонтанды босану әрекетi басталғанша бақылау

5. Амниотомия, акушерлiк қысқаш салу

421. Плацентаның толық жатуына байланысты операция жасаған кезде плацентаның сіресе өсуi анықталды.

Дәрiгер тактикасы:

1. + Жатыр экстирпациясы

2. Жатырға простагландиндер енгiзу

3. Жатырдың қынап үстiлiк ампутациясы

4. Б-Линч бойынша компрессионды тiгiс салу

5. Жатырдың зақымдалған аймағын кесiп жарақатты тiгу

422. Кювелер жатырының дамуының жиi себебi:

1. Плацентаның толық жатуы

2. Плацентаның толық емес жатуы

3. Жатыр мойнының жыртылуы

4. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

5. Плацентаның ақаулары

423. Суретте плацентаның қандай патологиясы көрсетiлген:

1. Плацентаның толық жатуы

2. Плацентаның толық емес жатуы

3. Плацентаның краевое орналасуы

4. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

5. Плацентаның гиперплазиясы

 

 



 

424. Суретте қандай патология көрсетiлген

1. +Плацентаның толық жатуы.

2. Плацентаның толық емес жатуы

3. Плацентаның шеткері орналасуы

4. Плацентаның төмен орналасу.

5. Плацентаның ақаулары

 



 

425. Қайта босанушы әйелде мерзiмi жеткен жүктiлiгiнде босанудың бiрiншi кезеңiнде жыныс жолдарынан қанды бөлiнулер пайда болды. Операция жағдайында қынаптық зерттеу жүргiзгенде жатыр мойнының ашылуы 4 см, оң жағынан губка тәрiздi тiн анықталады, қабықтары бұдырланған. Нәресте баспен жатыр. Сіздің диагнозыңыз:

1. Мерзiмi жеткен жүктiлiк. Босанудың I кезеңi. Плацентаның толық жатуы

2. +Мерзiмi жеткен жүктiлiк. Босанудың I кезеңi. Плацентаның толық емес жатуы

3. Мерзiмi жеткен жүктiлiк. Босанудың I кезеңi. Плацентаның төмен орналасуы

4. Мерзiмi жеткен жүктiлiк. Босанудың I кезеңi. қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы.

5. Мерзiмi жеткен жүктiлiк. Босанудың I кезеңi. Жатыр мойнының эрозиясы

426. Суретте қандай акушерлiк манипуляция көрсетiлген:

1. Қынаптың зерттеу

2. Амниоскопия

3. Кольпотомия

4. +Амниотомия

5. Нәрестенiң вакуум-экстракциясы

 

 



 

 

427. Жатырдың максималды созылуы жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:

1. 20-24 апта

2. 25-29 апта

3. +30-35 апта

4. 37-39 апта

5. 40-42 апта

428. Темiр жетiспеушiлiктi анемияға тән:

1. Әлсiздiк, шаршағыштық, дене қызуының жоғарылауы

2. Басының ауруы, басының айналуы, жүрек айну, құсу

3. Артериальды гипертензия, терi түсiнiң, тырнақтың өзгеруi

4. +Терi түсiнiң, тырнақтың өзгеруi, бұлшықет әлсiздiгi, дәм сезу

5. Жүрек айну, таңертеңгi уақытта құсу, дәм сезу бұзылуы

429. Жүктiлiктiң қай апталығында плацентаның қалындығының өсуi тоқтайды:

1. 27-28 апта

2. 30-31 апта

3. 33-34 апта

4. +36-37 апта

5. 38-40 апта

 



 

430. Жүктiлiктiң II жартысында патологиялық дене салмағын қосқан кезде күдiктену қажет:

1. Ірi нәресте

2. +Преэклампсия

3. Көпсулық

4. Көп нәресте

5. Семiздiк

431. Жедел плацентарлық жетiспеушiлiктiң себебi:

1. Плацентаның мерзiмiнен бұрын жетілуі

2. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

3. Плацентаның жатуы

4. Жүктiлiкпен шақырылған гипертензия

5. Темiр жетiспеушiлiктi анемия

432. Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:

1. 0,2-0,3 см

2. 0,5-0,9 см

3. 1,0-1,3 см

4. 1,4-1,5 см

5. +1,5- 2,0 см

433. Анатомиялық тар жамбаста шынайы конъюгата кем емес:

1. 13,0 см

2. 12,5 см

3. 12,0см

4. 11,5 см

5. +11 см

434. Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген

1. Бiрiншi

2. Екiншi

3. Үшiншi

4. +Төртiншi

5. Бесiншi

 

 



 

435. Суретте нәресте басының қондырылу сипатын анықтаңыз:

1. +Асинклитикалық, алдыңғы асинклитизм

2. Асинклитикалық, артқы асинклитизм

3. Жебе тәрiздi жiгiнiң жоғары тiк тұруы

4. Жебе тәрiздi жiгiнiң төмен көлденең тұруы

5. Синклитикалық



436. Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген:

1. Бiрiншi

2. Екiншi

3. Үшiншi

4. +Төртiншi

5. Бесiншi

 



437. Суретте қандай патология көрсетiлген:

1. Асинклитикалық, алдыңғы асинклитизм

2. +Асинклитикалық, артқы асинклитизм

3. Жебе тәрiздi жiгiнiң жоғары тiк тұруы

4. Жебе тәрiздi жiгiнiң төмен кєлденең тұруы

5. Синклитикалық



 

438. Суретте кiшi жамбастың тар бөлiгiнiң жазықтығы қай санға сәйкес келедi:

1. 1

2. 2

3. 3

4. + 4

5. 5



439. Суретте көрсетiлген нәрестенiң жатуын,позициясын және түрiн көрсетiңiз:

1. + Шүйдемен жату, I позиция, алдыңғы түрi

2. Шүйдемен жату, I позиция, артқы түрi

3. Шүйдемен жату, II позиция, алдыңғы түрi

4. Бетпен жату, I позиция, алдыңғы түрi

5. Маңдаймен жату, II позиция, артқы түрi

 



440. Суретте қандай патология көрсетiлген:

1. Плацентаның қалыпты орналасуы

2. Плацентаның жатуы

3. Жатырдың жыртылуы

4. +Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бєлiнуi

5. Нәрестенiң баспен жатуы, қан кету.

 

 



 

441. Суретте қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуының қай түрі көрсетiлген:

1. Перифериялық

2. +Орталық

3. Бұрыштық

4. Сегментарлық

5. Билатеральдi.

 



 

442. Суретте қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуының қай түрі көрсетiлген:

1. +Перифериялық

2. Орталық

3. Бұрыштық

4. Сегменттiк

5. Билатеральдi.

 



 

443. Жүктi әйелдiң артериалды қан қысымын өлшегенде 180/110 мм.с.б.б. дейiн жоғарлағаны анықталды.

Бұл жүктiлер гипертензиясының қай дәрежесiне тән :

1. Преэклампсияның жеңiл дәрежесiне

2. Преэклампсияның орташа дәрежесiне

3. +Преэклампсияның ауыр дәрежесiне

4. Эклампсияға

5. Жүктiлер iсiнуiне.

444. Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың ауырлығы немен сипатталады?

1. Салмақ жоғалтумен

2. +Ацетонуриямен

3. Субфебрильдi дене қызуымен

4. Бас ауруымен

5. Іштiң төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмiмен

445. Эклампсияға тән:

1. Гипотония, iсiктер

2. Альбуминурия, iсiктер

3. Лейкоцитурия, iсiктер

4. +Ұстамалар, кома

5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.

446. Эклампсияның салыстырмалы диагностикасы жүргiзiледi:

1. +Эпилепсиямен

2. Истериямен

3. Гипертоникалық кризбен

4. Менингитпен

5. Паркинсон ауруымен.

447. Плацентаның тығыз және сiресiп жабысуының белгiлерi:

1. Толғақ

2. Ұйындылармен қан кету

3. Жатыр түбiнiң биiктiгi кiндiк деңгейiнен жоғары орналасуы

4. +Плацентаның бөлiну белгiсiнiң болмауы

5. Плацентаның бөлiну белгiсiнiң болуы.

448. Плацентаның толық жатуы диагнозымен жасалған кесар тiлiгi кезiнде қан кетулер байқалды. Сiздiң диагнозыңыз?

1. +Хорион бүрлерiнiң миометрийге шынайы өсуi

2. Жатыр гипотониясы

3. Гипокоагуляция

4. Қан аурулары

5. Жатыр жыртылуы.

449. Плацента жатуының негiзгi клиникалық белгiсi:

1. Іштiң төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмi

2. Нәрестенiң жүрек соғысының өзгеруi

3. Көпсулық

4. +Жыныс жолдарынан әртүрлi белсендi қан кету

5. Азсулық.

450. Ұзақ ағымды преэклампсиясы бар жүктi әйелдiң жүктiлiктiң 32-шi аптасында қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы анықталды.

Сіздің тактикаңыз:

1. Интенсивтi ем және жүктiлiктi жалғастыру

2. Босануды қоздыру және ынталандыру

3. +Жедел түрдегi кесар тiлiгi

4. Токолитиктердi тағайындау

5. Жүктiлер патологиясы бөлiмшесiнде бақылау жүргiзу

451. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуының негiзгi себебi:

1. Қатты толғақ

2. Ұзын кiндiк

3. +Жүктiлер гипертензиясы

4. Қағанақ суының ерте кетуi

5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.

452. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуында гистерэктомияға көрсеткiштер:

1. Жатырдың созылуы

2. Ертоқым тәрiздi жатыр

3. Миоматозды түйiннiң болуы

4. Жатырда қосымша мүйiздiң болуы

5. +Кювелер жатыры.

453. Жүктi әйелдердегi ерте токсикоздың жиi кездесетiн клиникалық белгiсi:

1. +Құсу

2. Сiлекей ағу

3. Жүрек айну

4. Бөртпелер

5. Остеомаляция.

454. Қабылдау бөлiмiне 33-34 апталық мерзiмдегi жүктi әйел келіп түстi. Түскен кезде эклампсия ұстамасы байқалды. Дәрігер тактикасы:

1. Реанимация бөлiмшесiне ауыстырып, интенсивтi терапия жүргiзу

2. Босану бөлiмшесiне ауыстыру, амниотомия,босануды ынталандыру

3. Патология бөлiмшесiне ауыстырып ем тағайындау

4. +Интенсивтi терапия негiзiнде жедел түрде кесар тiлiгi

5. Жоспарлы түрде кесар тiлiгi

455. Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:

1. Физиологиялық

2. +Патологиялық

3. Шекаралық

4. Өте көп

5. Шамадан көп

456. Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2850,0-ге азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:

1. + Физиологиялық

2. Патологиялық

3. Шекаралық

4. Өте көп

5. Шамадан көп

457. Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық сарғаюы байланысты:

1. Гемолитикалық сарғаюға

2. Резус-қайшылық жүктiлiкке

3. Туа бiткен гепатитке

4. Өт жолдарының механикалық бiтелуiне

5. +Бауырдың ферменттiк белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгiне

458. Жаңа туылған нәрестеге ұсынылмайды:

1. Анамен "терiмен терi" түйiсуi

2. 30мин, 2сағат сайын дене қызуын өлшеу

3. Кiндiктi өңдеу

4. Нәрестенiң салмағын өлшеу

5. + Қатты бөлеп тастау

459. Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:

1. 750

2. 1000

3. 1200

4. 2000

5. +2500 ден жоғары

460. Мерзімінде туылған нәрестенi бағалау шарттары:

1. Жүрек соғысы

2. +Дене салмағы, жүктiлiк мерзімі,нәресте ұзындығы

3. Қағанақ суының мөлшерi

4. Жалғақ мөлшерi

461. Мерзімінде туылған нәрестенi Апгар шкаласымен бағалау шарттары:

1. +Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы,терi жабындысы, тыныс алуы

2. Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы,терi жабындысы, тыныс алуы,

Нәрестенiң салмағы мен ұзындығы

3. Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы, терi жабындысы

4. Бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы, терi жабындысы, тыныс алуы

5. Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы,терi

жабындысы, тыныс алуы, нәрестенiң салмағы мен ұзындығы

462 Нәрестенi Апгар шкаласымен бағалауда 1-шi және 5-шi минуттан кейiн 6 және 7 баллға жеттi. Асфиксия дәрежесiн атаңыз:

1. Нәрестеде физиологиялық жағдай

2. +Жеңiл

3. Орта

4. Ауыр

5. Өте ауыр жағдай

463. Нәрестенi Апгар шкаласымен бағалауда 1-шi және 5-шi минуттан кейiн 8 және 9 баллға жеттi.Асфиксия дәрежесiн атаңыз:

1. +Нәрестеде физиологиялық жағдай

2. Жеңiл

3. Орта дәрежесi

4. Ауыр дәрежесi

5. Өте ауыр жағдай

464. Мерзімінде туылған нәресте белгiсi:

1. Өте көп мөлшердегi жалғақ

2. +Дене салмағы 2500-ден жоғары

3. Ұзындығы 45 см-ден жоғары

4. Құлақ, мұрын шемiршегi жұмсақ

5. Арқада, иықта, кеудеде үлпа шаштарының болуы

465. Жетілмеген нәресте белгiлерi:

1. Өте көп мөлшердегi жалғақ

2. Дене салмағы 2500-ден жоғары

3. Нәресте бойы 45 см-ден жоғары

4. +Құлақ, мұрын шемiршегi жұмсақ

5. Арқада, иықта, кеудеде үлпа шаштарының болуы

466. Мерзімінде туылған нәресте белгiсiне жатпайды:

1. +Өте көп мөлшердегi жалғақ

2. дене салмағының 2500.0-ден жоғары болуы

3. нәресте бойының 48 см-ден жоғары болуы

4. физиологиялық сарғаюдың болуы

5. жыныстық криздің болуы

467. Мезгiлiне жетпеген нәрестенiң негiзгi белгiлерiнiң бiрi:

1. Аз мөлшердегi жалғақ

2. Бас сүйегiнiң қаттылығы

3. Кiндiк сақинасының төмен орналасуы

4. +Құлақ, мұрын шемiршегi жұмсақ

5. Арқада, иықта, кеудеде үлпек шаштарының болуы

468 Жаңа туылған нәрестеде меконияның бөлiнуi:

1. 1-2-шi минуттарда

2. Бiрiншi 1-2 сағатта

3. +Бiрiншi 1-2 күнi

4. Бiрiншi 1-2 аптада

5. Бiрiншi 1-2 айда

469. Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс

терi анық, бұлшықет тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

1. 2-3 балл

2. 5 балл

3. 6 балл

4. 8 балл

5. +10 балл

470. Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет,

демалысы реттелмеген, дауысы әлсiз , терi жабындысы бозғылт, рефлекстерi әлсiз анықталады, бұлшықет тонусы төмен. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

1. 2-3 балл

2. 5 балл

3. + 6 балл

4. 8 балл

5. 10 балл

471. Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 100 рет, демалысы реттелмеген, дауысы жоқ , терi жабындысы көкшiл, рефлекстерi әлсiз анықталады , бұлшықет тонусы жоқ. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

1. 2-3 балл

2. + 4 балл

3. 6 балл

4. 8 балл

5. 10 балл

472. Ерте неонатальды кезеңнiң ұзақтығы:

1. 1-шi тәулiк

2. +1 апта

3. 2 -шi апта

4. 3-шi апта

5. 4-апта

473. Неонатальды кезеңнiң ұзақтығы:

1. 1-шi тәулiк

2. 1-шi апта

3. 2 -шi апта

4. 3-шi апта

5. + 4 апта

474. Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмағын жоғалту дене салмағы

мен салыстырғанда құрайды:

1. 1-5 %

2. +3-10%

3. 11-15%

4. 16-20%

5. 21-25%

475. Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмақ жоғалтуы байқалады:

1. 1-шi күні

2. + 2-3-шi күні

3. 5-6-шы күні

4. 7-8-шi күні

5. 1 ай

476. Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық сарғаюы, мына жағдайда

байқалады:

1. Бiрден босанғаннан кейiн

2. Босанғаннан кейiн 1-шi күнi

3. +Босанғаннан кейiн 2-3-шi күнi

4. Босанғаннан кейiн 4-5 күнi

5. Босанғаннан кейiн 6-7-шi күнi

477. Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының жоғалуы:

1. Бiрден босанғаннан кейiн

2. Босанғаннан кейiн 1-2шi күнi

3. +Босанғаннан кейiн 1-2-шi аптада

4. Босанғаннан кейiн 3-4 аптада

5. Босанғаннан кейiн 2-3-шi айда

478. Жаңа туылған нәрестенiң адаптациялық (шекаралық) кезеңдiк жағдайына жатады:

1. Салмағының 10-15%-ын жоғалту

2. Гемолитикалық сарғаю

3. Коньюктивит

4. +Токсикалық эритема

5. Везикуло-пустулез

479. Жаңа туылған қыз нәрестедегі жыныстық криз белгiлеріне жатады:

1. Клитордың гипертрофиясы, монорхизм

2. +Сүт бездерiнiң iсiнуi, жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстердiң бөлiнуi

3. Гипоспадия, крипторхизм

4. Крипторхизм, клитордың гипертрофиясы

5. Клитордың гипертрофиясы, гипоспадия

480. Жаңа туылған ұл балалардың жыныстық криз белгiлеріне жатады:

1. Клитордың гипертрофиясы, монорхизм

2. +Сүт бездерiнiң iсiнуi

3. Ипоспадия, крипторхизм

4. Крипторхизм, клитордың гипертрофиясы

5. Клитордың гипертрофиясы, гипоспадия

481. Жаңа туылған нәрестенiң тыныс алу жиiлiгi:

1. Минутына 18-25 рет

2. Минутына 16-20 рет

3. +Минутына 40-60 рет

4. Минутына 20-30 рет

5. Минутына 80-100 рет

482. Жаңа туылған ұл балалардың жетiлгендiгiнiң белгiсiн атаңыз:

1. Дене салмағы 2500,0-ден төмен

2. Бас сүйегi жұмсақ, тарылған жiгi және еңбегi

3. Кiндiк сақинасы қасағаға жақын

4. Денесiнiң ұзындығы 47 см-ден аз

5. +Аталық бездiң ұмаға түсуi

483. Жаңа туылған қыз балалардың жетiлгендiгiнiң белгiсiн атаңыз:

1. Дене салмағы 2500,0-ден төмен

2. Бас сүйегi жұмсақ, тар жiгi және еңбегi

3. Кiндiк сақинасы қасағаға жақын

4. Денесiнiң ұзындығы 47 см-ден аз

5. + Кiшi жыныс ернеуiн үлкен ернеумен жабуы

484. Жаңа туылған нәрестенiң қалыпты жағдайдағы гемоглобинiнiң мөлшерi :

1. 113-123 г/л

2. 133-143 г/л

3. 153-163 г/л

4. 173-182 г/л

5. +183-233 г/л

485. Сау туылған нәрестенi бiрiншi рет емiзудi туылғаннан кейiн бастайды:

1. +Бiрден

2. 35-60 минуттан кейiн

3. 2-3сағаттан кейiн

4. 12-13 сағаттан кейiн

5. 14-24 сағаттан кейiн

486. Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 90 рет,

демалысы сирек, терi жабындысы көгерген, арефлексия, атония анық

талады. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

1. +2 балл

2. 4 балл

3. 7 балл

4. 9 балл

5. 10 балл

487. Шала туылған нәрестенiң шетінеу себебі:

1. +Респираторлы -дистресс синдромы

2. Геморрагиялық ауру

3. Туа бiткен ақаулар

4. Сарғаю

5. Сепсис

488. Жаңа туылған нәрестенiң өмiрiнiң 3-шi күнiнде пайда болған сарғаюдың

ең жиi түрi:

1. Гемолитикалық ауру

2. +Физиологиялық сарғаю

3. Септицемия

4. Мерез

5. Гепатит В

489. Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысы сирек, тыныс алуы жоқ, терi

жабындысы көгерген, арефлексия, атониясы анықталады. Апгар шкаласы

бойынша бағалаңыз:

1. 0 балл

2. +1 балл

3. 2 балл

4. 3 балл

5. 4 балл

490. Жатыр және жатыр түтiктерi құралады:

1. + Парамезонефральды (мюллеров) түтiктен

2. Мезонефральды (вольфовтi) түтiктен

3. Бiрiншiлiк бүйректер

4. Урогенитальды синус

5. Жыныстық төмпешiк

491. Қынаптың төменгi 2/3-i құрылады:

1. +Парамезонефральды (мюллеров) түтiктен

2. Мезонефральды (вольфовтi) түтiктен

3. Бiрiншiлiк бүйректен

4. Урогенитальды синус

5. Жыныстық төмпешiк

492. Нәрестенiң сыртқы жыныс мүшелерiнің дамуы жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:

1. +3-20 аптада

2. 21-28 аптада

3. 29-34 аптада

4. 35-38 аптада

5. 39-40 аптада

493. Нәресте басының кіші жамбас кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтаңыз :

1. +Кiреберiс жазықтығында

2. Кiреберiс жазықтығына қондырылған

3. Кең жазықтығында

4. Тар жазықтығында

5. Жамбас түбіңде



494. Нәресте басының кіші жамбас кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтаңыз :

1. Кiре берiс жазықтығында

2. Кiре берiс жазықтығына бекiген

3. +Кең жазықтығында

4. Тар жазықтығынд

5. Жамбас түбiнде



495. Нәресте басының орналасу түрiн анықтаңыз:

1. +Шүйде ойығымен орналасудың алдыңғы түрi

2. Шүйде ойығымен орналасудың артқы түрi

3. Маңдаймен

4. Алдыңғы-баспен

5. Бетпен



496. Нәресте басының кіші жамбас кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтаңыз :

1. Кiре берiс жазықтығында

2. Кiре берiс жазықтығына бекiген

3. Кең жазықтығында

4. Тар жазықтығында

5. +Жамбас түбiнде



 

497 Леопольд қай тәсiлі нәрестенiң орналасуын, позициясын

жән түрiн анықтайды :

1. Бiрiншi

2. +Екiншi

3. Үшiншi

4. Төртiншi

5. Барлық

498. Леопольд қай тәсiлі жатыр түбi биiктiгiн анықтайды:

1. +Бiрiншi

2. Екiншi

3. Үшiншi

4. Төртiншi

5. Барлық

499. Леопольд қай тәсiлі нәрестенiң жатқан бөлiгiн анықтайды:

1. Бiрiншi

2. Екiншi

3. + Үшiншi

4. Төртiншi

5. Барлық

500. Леопольд қай тәсiлі нәрестенің жатқан бөлігінің кiшi жамбас қу

ысына орналасуын анықтайды:

1. Бiрiншi

2. Екiншi

3. Үшiншi

4. +Төртiншi

5. Барлық

501. Босану - бұл нәрестенiң жатырдан босану жолдары арқылы шығатын

физиологиялық процесс:

1. +Нәресте және плацента қабықшаларымен бiрге

2. Тек нәресте

3. Тек плацента

4. Плацента қабықшаларымен бiрге

5. Плацента қабықшаларымен бiрге және қағанақ суымен

502. Мерзімінде босану-бұл:

1. 16-21 аптада

2. 22-27 аптада

3. 28-36 аптада

4. +37-41 аптада

5. 42-43 аптада

503. Мерзімінен ерте босану-бұл:

1. 16-21 аптада

2. +22-27 аптада

3. 28-36 аптада

4. 37-41 аптада

5. 42-43 аптада

504. Мерзімінен кеш босану-бұл:

1. 16-21 аптада

2. 22-27 аптада

3. 28-36 аптада

4. 37-41 аптада

5. +42-43 аптада

505. Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:

1. +21аптаға дейiн

2. 22-27 апта

3. 28-36 апта

4. 37-41 апта

5. 42-43 апта

506. Ерте түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:

1. +16 аптаға дейiн

2. 17-21 апта

3. 22-27 апта

4. 28-36 апта

5. 37-41 апта

507. Кеш түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:

1. 16 аптаға дейiн

2. +17-21 апта

3. 22-27 апта

4. 28-36 апта

5. 37-41 апта

508. Физиологиялық прелиминарлық кезеңнiң ұзақтығы (сағат):

1. 1

2. 3

3. 4

4. 5

5. +6

509. Физиологиялық прелеминарлық кезең-бұл:

1. 1 сағат iшiндегi ретсіз толғақтар

2. 2-3 сағат iшiндегi ретсіз толғақтар

3. 4-5 сағат iшiндегi ретсіз толғақтар

4. +6 сағат iшiндегi ретсіз толғақтар

5. 6 сағаттан көп ретсіз толғақтар

510 Босанудың басталуы -бұл:

1. Ретсіз толғақтардың басталуы

2. + Реттi толғақтардың басталуы

3. Қағанақ суының кетуi

4. Күшенудiң болуы

5. Нәресте басының жарып шығуы

511. Босанудың I кезеңi басталады:

1. Ретсіз толғақтардың басталуы

2. + Реттi толғақтардың басталуы

3. Қағанақ суының кетуi

4. Күшенудiң болуы

5. Нәресте басының жарып шығуы

512. Босанудың III кезеңi басталады:

1. Ретсіз толғақтардың басталуы

2. Ретті толғақтардың басталуы

3. Нәрестенің шығуы

4. +Бала жолдасының бөлінуі

5. Қағанақ суының кетуi

513. Босанудың I кезеңі аяқталады:

1. Ізашарлардың болуымын

2. Прелиминарлы кезеңмен

3. + Жатыр мойнының толық ашылуымен

4. Нәрестенің шығуымен

5. Плацентаның бөлінуімен

514. Босанудың II кезеңі аяқталады:

1. Ізашарлардың болуы

2. Прелиминарлы кезеңмен

3. Жатыр мойнының ашылуымен

4. Жатыр мойнының жабылуы

5. + Нәрестенің туылуымен

515. III кезең сипатталады:

1. Ізашарлардың болуы

2. Прелиминарлы кезеңмен

3. Жатыр мойнының ашылуымен

4. Баланың шығуымен

5. + Бала жолдасының шығуымен

516. I кезең сипатталады:

1. + Ретті толғақтың басталуы және жатыр толық мойнының ашылуымен

2. Жатыр мойнының толық ашылуымен және баланың шығуы

3. Шырышты тығынның кетуі және қағанақ суының кетуі

4. Жатыр мойнының ашылуы және қағанақ суының кетуі

5. Ретсіз толғақтың басталуы және баланың шығуы

517. II кезең сипатталады:

1. Ретті толғақтың басталуымен және жатыр мойнының ашылуымен

2. + Жатыр мойнының толық ашылуы және нәрестенің туылуымен

3. Шырышты тығынның бөлінуі және қағанақ суының кетуі

4. Жатыр мойнының ашылуының басталуымен және қағанақ суының кетуі

5. Ретсіз толғақтың басталуы және баланың шығуы

518. I фазада неше кезең бар:

1. Бір

2. + Екі

3. Үш

4. Төрт

5. Бес

519. Қайта босанушы әйел жүктіліктің 39-аптасында босануда 7 сағат. Толғағы әр 2-3 минут сайын,40-50 секундтан , күші күшті. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7 см, қағанақ қабығы бүтін, нәресте басы кіші жамбасқа қондырылған.

Босану қарқынын көрсетіңіз:

1. Жылдам

2. + Жеткілікті

3. Жеткіліксіз

4. Қарқынды

5. Әлсіз

520. Қайта босанушы әйел жүктіліктің 40 -аптасында босануда 5 сағат.Толғағы әр 2-3 минут сайын, 40-50 секундтан, орташа күшті. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7 см, қағанақ қабығы бүтін. Нәресте басы кіші жамбасқа қондырылған. Жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алда. Босанушы әйел қай фазада:

1. Латентті

2. +Белсенді

3. Әлсіз

4. Ретракция

5. Контракция

521. Алғаш босанушы әйел 22 жаста, жүктілігі 39 апталық, толғағы әр 5-6 минуттан сайын,30 секундтан, орташа күшті, нәрестенің жүрек соғысы 130 рет минутына. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 4 см, қағанақ қабығы бүтін, нәресте басы кіші жамбасқа қондырылған. Сіздің диагнозыңыз:

1. Жүктіліктің 39 аптасы. Прелиминарлы кезең. Басымен жату.

2. + Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың I кезеңі. Нәрестенің басымен жатуы.

3. Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың I кезеңі.Нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы.

4. Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың I кезеңі.

5. Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың II кезеңі. Нәрестенің басымен жатуы

522. Алғаш босанушы әйел 22 жаста, жүктілігі 39 апталық. Босануда 4 сағат. Толғағы әр 5-6 минут сайын, 30 секундтан, орташа күшті, нәрестенің жүрек соғысы 130 рет минутына. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 4 см, қағанақ қабығы қабығы бүтін, нәресте басы кіші жамбасқа қондырылған.Босану қарқынын анықтаңыз:

1. Жылдам

2. + Жеткілікті

3. Жеткіліксіз

4. Қарқынды

5. Әлсіз

523. Латентті фазада жатыр мойнының ашылуы:

1. 0,15 см/сағ.

2. 0,25 см/сағ.

3. + 0,35 см/сағ.

4. 0,45 см/сағ.

5. 1,5 см/сағ.

524. Активті фазада алғаш босанушы әйелдің жатыр мойнының ашылуы:

1. 0,1-0,4 см/сағ.

2. 0,5-1,0 см/сағ.

3. 1,1-1,4 см/сағ.

4. + 1,5-2,0 см/сағ.

5. 2,1-2,5 см/сағ.

525. Қайта босанушы әйелде белсенді фазада жатыр мойнының ашылуы:

1. 0,1-0,4 см/сағ.

2. 0,5-1,0 см/сағ.

3. 1,1-1,4 см/сағ.

4. 1,5-1,9 см/сағ.

5. + 2,0-2,5 см/сағ.

526. Алғаш босанушы әйел 22 жаста, жүктілігі 40 аптада,ретті толғақ басталған 4 сағаттан кейін қағанақ суы кетті. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған, ашылуы 3 см. Сіздің диагнозыңыз:

1. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының мезгілден бұрын кетуі.

2. + Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі.

3. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың III кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі.

4. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін кетуі

5. Жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі.

527. Қынаптық зерттеуде: қасаға жiгiнiң төменгi бөлiгiнде,сегiзкөз ойығының жартысында,мықын сүйегiнiң қырында бала басы орналасқан. Нәресте басы жамбас қуысының қайсы бөлiгiнде орналасқан:

1. Кiшi жамбас қуысында

2. + Кең бөлігінде

3. Кiшi жамбастың кiшi сегментiнде

4. Тар бөлiгiнде

5. Жамбас түбiнде

528. Мерзiмiнен бұрын қағанақ суының кетуi-бұл:

1. + Босануға дейінгі

2. Босанудың басталуы

3. Жатыр мойнының 3 см ашылуы

4. 1 кезең соңында

5. 2 кезең соңында

529. Қағанақ суының ерте кетуі -бұл:

1. Босануға дейінгі

2. + Босанудың басталуында

3. 1 кезең соңында

4. 2 кезең соңында

5. 2 кезең басында

530. Босанудың басталуына тән қынаптық зерттеу нәтижелері:

1. Жатыр мойны жетілмеген

2. Жатыр мойны толық жетілмеген

3. Жатыр мойнының ішкі ернеуінде өтпелi валигi бар

4. Жатыр мойны жетілген



ecolos.kz

Реклама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


написать администратору сайта