икт рубеж2. тест акушерия. 1. азастан Республикасында айматандыруа сйкес жктілерге перинаталды кмекті бледі
Скачать 1.41 Mb.
|
4. Зерттеу мақсатында перинатальді орталыққа госпитализациялау 5. +Зерттеу мақсатында кардиологиялық бөлімшеге госпитализациялау 1400. Жүктілерде пиелонефриттің дамуы мен асқынуына әкелетін негізгі фактор: 1. +Уродинамиканың өзгеруі 2. Гормональды баланстың өзгеруі 3. Анемияның қосылуы 4. Жүктілер гипертензиясының дамуы 5. Несепағарлардың қысылуы 1401. Жүктілік кезінде айналымдағы қан көлемі қалай өзгереді: 1. 1 триместрде 10-20%-ға көтеріледі 2. + 26-32 аптасында 30-50%-ға көтеріледі 3. 26-32 аптасында 30-50%-ға төмендейді 4. Жүктіліктің соңында 10-20% көтеріледі 5. Жүктілік бойы өзгермейді 1402. Жүктілік кезінде бүйректік қан айналымға тән: 1. Екінші триместрде жоғарылауы 2. Бірінші триместрде жоғарылауы 3. + Жүктілік бойы жоғарылауы 4. Монотонды тұрақтылық 5. Үшінші триместрде төмендеуі 1403. Жүктілік кезінде қуық дилатациясының бір себебі: 1. + Прогестерон деңгейінің жоғарылауы 2. Эстроген деңгейінің жоғарылауы 3. Табақша – түбекше жүйесінің тарылуы 4. Қан айналым көлемінің жоғарылауы 5. Қан айналым көлемінің төмендеуі 1404. Мерзіміне жеткен жүктілікке тән емес: 1. Іш айналым өлшемі - 95-98 см 2. Жатыр түбі биіктігі - 34-36 см 3. + Жатыр түбі биіктігі - 28-30 см 4. Кіндік шығыңқы 5. Нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне қондырылған 1405. Сыртқы коньюгата – бұл: 1. Қасағаның төменгі қырымен мүйіс аралығы 2. Қасағаның ортасымен құйымшақ аралығы 3. Қасағаның ортасымен мүйіс аралығы 4. Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғаы өсінділер аралығы 5. + Қасағаның жоғарғы сыртқы қыры мен Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышы аралығы 1406. Шынайы коньюгата - бұл: 1. + Мүйіс және қасағаның ішкі қабырғасы аралығы 2. Қасағаның ортасымен құйымшақ аралығы 3. Қасағаның ортасымен мүйіс аралығы 4. Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғаы өсінділер аралығы 5. Мықын сүйегінің алдыңғы төменгі өсінділер аралығы 1407. Жүкті әйелдің жамбасын өлшегенде келесі өлшемдер алынды 25-28-30-18 см. Бұл өлшемдер жамбас тарылуының қай дәрежесіне және түріне жатады: 1. Жалпақ рахитты тарылған тар жамбас 2 дәрежесі 2. Жалпақ рахитты тарылған тар жамбас 1 дәрежесі 3. Жай жалпақ тарылған жамбас 2 дәрежесі 4. + Жай жалпақ тарылған жамбас 1 дәрежесі 5. Көлденең тарылған жамбас 1 дәрежесі 1408. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте сылынуына тән: 1. Нәрестенің созылмалы гипоксиясы 2. Нәресте зақым алмайды 3. Нәресте өсуінің кідіруі 4. Құрсақішілік пневмония 5. + Нәрестенің жедел гипоксиясы 1409. Қасаға сүйегінің жоғарғы қыры, мықын сүйегінің шекаралық сызығы, мүйіс беті кіші жамбастың қай жазықтығына сәйкес келеді: 1. + Кіші жамбас кіре беріс жазықтығы 2. Кіші жамбастың кеңейген жазықтығына 3. Кіші жамбастың тарылған жазықтығына 4. Кіші жамбастың шыға беріс жазықтығына 5. Кіші жамбастың вертикалды жазықтығы 1410. Гравидограммада белгілейді: 1. + Жатыр түбі биіктігін және жүктіліктің аптасына сай мерзімін 2. Іш айналымы және жүктіліктің аптасына сай мерзімі 3. Жатырдың көлденең өлшемін және жүктіліктің аптасына сай мерзімін 4. Жатыр түбі биіктігін 5. Нәресте басының бипариеталды өлшемін 1411. Гломерулонефриттің қандай түрінде жүктілікке қарсы көрсеткіш болып есептеледі: 1. Созылмалы гломерулонефриттіңлатентті түрінде 2. + Созылмалы гломерулонефриттіңаралас түрінде 3. Нефротикалық түрінде 4. Созылмалы гломерулонефриттіңөршімеген түрінде 5. Созылмалы гломерулонефриттіңгипертониялық түрінде 1412. Анамнезінде мынадай аурулары бар әйелдер , жүктілікке байланысты гипертензия даму қауіп тобына жатпайды: 1. Гипертензия 2. Жүрек қан – тамыр жүйесінің аурулары 3. Бүйрек аурулары 4. Алдыңғы босануларда,эклампсия 5. + Жоғары дәрежедегі миопия 1413. УДЗ кезінде гестация мерзімі бойынша 32 апталық жүкті әйелді зерттегенде плацентасының төменгі қыры ішкі ернеуден 3,5 см жоғары орналасқан. Сіздің диагнозыңыз: 1. Плацентаның толық жатуы 2. Плацентаның толық емес жатуы 3. + Плацентаның төмен жатуы 4. Плацентаның қалыпты жатуы 5. Плацентаның мезгілінен бұрын қартаюы 1414. Науқас К.,34 жаста 2 айдан бері етеккір циклінің кідіруіне шағымданады. Анамнезінен: 3 жасында тонзиллиттен кейін гломерулонефритпен ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/60, 110/65 мм.рт.ст. Ісінулер жоқ. Бимануальды зерттеу нәтижесінде 8-9 апталық жүктілік анықталды. Диагноз қойыңыз: 1. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы пиелонефрит 2. Жүктіліктің 8-9 аптасы. ААА. 3. + Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит. ААА 4. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Бүйрек тас ауруы. ААА 5. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы циститтің өршу кезеңі 1415. Қайта жүкті әйел перзентханаға түскен кездегі диагнозы:Жүктіліктің 20-21 аптасы. Кеш мерзімдегі жүктілікетің үзілу қаупі. ИЦЖ. ААА. Үйреншікті көтереалмаушылық. Тактиканы таңдаңыз: 1. Амниотомия, босануды ынталандыру 2. Спазмолитиктер 3. + Жүктілікті сақтау терапиясымен ИЦЖ хирургиялық коррекциялау 4. Төсектік тәртіп 5. ИЦЖ хирургиялық коррекциямен 1416. Қайта жүкті әйел жүктіліктің 20-21 аптасында іштің төменгі жағындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Жатыр қозған. Анамнезінде:31-32 апталық мерзімінде ерте босану, 20-21 аптасындағы өздігінен болған түсік.PV: жатыр мойын ұзындығы 1,5 см, жұмсақ, цервикалды канал2 см ашылған, қағанақ қуығы бүтін. Болжам диагнозыңыз: 1. Жүктіліктің 20-21аптасы. Басталған түсік. ААА 2. Жүктіліктің 20-21аптасы.Жартылай түсік 3. + Жүктіліктің 20-21аптасы. Кеш мерзімдегі жүктілікетің үзілу қаупі. ИЦЖ. ААА. 4. Үйреншікті көтереалмаушылық. 5. Жүктіліктің 20-21аптасы. Жүрістегі түсік 1417. Жүктіліктің 20-21аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі 34 апталық жүктілік кезінде жүкті әйел ауру сезімсіз жыныс жолдарынан қан ағуға шағымданады.Анамнезінде 3 мед.түсік анықталды. Болжам диагнозыңыз: 1. Мезгілінен бұрын босану қаупі 2. Басталған мезгілінен бұрын босану 3. Басталып келе жатқан мезгілінен бұрын босану 4. + Плацентаның жатуы 5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы 1418. 36 жасар жүкті әйел ішінің керіп ауруына,жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің болуына шағымданып келді. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуына байланысты жасалынып жатқан операцияда Кювелер жатыры анықталды. Операция көлемін анықтаңыз: РЕКЛАМА 1. + Қосалқыларсыз жатыр экстирпацисы 2. Қынап үстілік жатыр ампутациясы және жалпы мықын артериясын байлау 3. Жатыр экстирпацисы және сыртқы мықын артериясын байлау 4. Жатыр экстирпацисы және ішкі мықын артериясын байлау 5. Жатыр ампутациясы қосалқыларымен 1419. 36 жасар жүкті әйел ішінің керіп ауруына,жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің болуына шағымданып келді.Тері және шырышты қабаттары бозарған,АҚҚ 90/50 мм.с.б.б. Пульсі 100 соқ/мин. Аяғы ісінген, зәрінде белок - 1,5 г/л; жатыры 35-36 апталық жүктілікке сәйкес,қозған, нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Сіздің диагнозыңыз: 1. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі 2. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Плацентаның жатуы. ҚОПМБ сылынуы. Нәрестенің антенаталды өлімі. Геморрагиялық шок II дәрежесі. 3. + Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. ҚОПМБ. Нәрестенің антенаталды өлімі. Геморрагиялық шок I дәрежесі. 4. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Көпсулық. Нәрестенің антенаталды өлімі 5. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Нәрестенің антенаталды өлімі. 1420. Жүктілігі 37-38 апталық қайта босанушы әйел жыныс жолдарынан 30 минут бойы қанды бөлінділерге шағымданып түсті, қан ағу 300,0. Клиникалық диагноз қойылды: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Плацентаның жатуы. Қан ағу. Дәрігер тактикасы: 1. Жүктілікті сақтайтын терапия 2. Амниотомия 3. Амниоскопия 4. + Жедел түрде кесар тілігі 5. Диатермокоагуляция 1421. Жүктіліктің 35 аптасында преэклампсияның жеңіл дәрежесі бар әйелде кенеттен іштің төменгі жағында ауру сезімі және жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділер пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 100/60 с.б.б.. Жатыр қатайған, жергілікті ауру сезімі бар, нәрестенің жүрек соғысы тұйықталған 100 рет минутына. Болжам диагнозыңыз: 1. + ҚОПМБ сылынуы, нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы 2. Плацентаның жатуы, нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы 3. Жатыр жыртылуы, нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы 4. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы 5. Мезгілінен бұрын босану, нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы 1422. Перзентханаға науқас К, 24 жаста: Мерзіміне жеткен жүктілік. Жалпы тарылған тар жамбас II дәрежесі. Ірі нәресте диагнозымен келіп түсті. Дәрігер тактикасы: 1. Табиғи босану жолдары арқылы босандыру 2. + Жоспарлы түрде кесар тілігі арқылы босандыру 3. Табиғи босану жолдары арқылы босандыруды бастау, босану әрекетінің әлсіздігі анықталғанда кесар тілігі арқылы босандыру 4. Жедел кесар тілігі арқылы босандыру 5. Табиғи босану жолдары арқылы босандыру, босанудың II кезеңінде акушерлік қысқыштарды қолдану 1423. Жүкті әйел К., 24 жаста, қарап тексергенде жамбас өлшемдері 23-25-28-17,5 см, Соловьев индекс - 15 см,Михаэлис ромбының өлшемі - 10х9 см. екені анықталды. Диагоналды конъюгата- 10 см. Тар жамбастың түрін және дәрежесін анықтаңыз: 1. Жалпы тарылған тар жамбас I дәрежесі 2. Жай жалпақ тар жамбас I дәрежесі 3. + Жалпы тарылған тар жамбас II дәрежесі 4. Жай жалпақ тар жамбас II дәрежесі 5. Жалпақ рахитикалық тар жамбас II дәрежесі 1424. Перзентханаға: Жүктілігі 31-32 апта. Эклампсия,кома, диагнозымен жүкті әйелді алып келді. Дәрігер тактикасы: 1. Невропатолог және инфекционисттің кеңесі 2. Гипотензивті дәрілерді енгізу 3. + Өкпенің жасанды желдетуі, жедел түрде кесар тілігін жасау 4. Азот тотығымен наркоз, инфузиялық терапия 5. Симптоматикалық терапия 5-7 күн 1425. Қайта босанушы әйелге: Жүктілік 28 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылған. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы: 1. 1- деңгейдегі перзентханаға госпитализациялау 2. 2- деңгейдегі перзентханаға госпитализациялау 3. + 3- деңгейдегі перзентханаға госпитализациялау 4. Қабылдауға 1 аптадан кейін келуін тағайындау 5. Күндізгі стационарда ем жүргізу 1426. Қайта босанушы жүкті әйелдің бетінде, аяғы мен қолдарында,құрсақтың алдыңғы қабырғасында ісінулер анықталды,АҚҚ 180/100 с.б.б., 180/110 с.б.б.. Зәрде белок- 4,5 г/тәу. Диагноз қойыңыз: 1. Гипертониялық ауру 2. Преэклампсияның дәрежесі 3. Гломерулонефрит 4. + Преэклампсияның ауыр дәрежесі 5. Созылмалы пиелонефриттің өршуі 1427. Жүкті әйелде жүктілігі 8-9 апталығында күніне 22 рет құсу, салмақ жоғалту, гипотония, тахикардия 100 рет минутына, диурездің азаюы, қалдық азот пен креатининнің жоғарылауы, зәрінде ацетон (4+) анықталды. Диагноз қойыңыз: 1. Жүктілікке байланысты құсу, жеңіл түрі 2. Бүйрек жетіспеушілігі, олигурия, интоксикация 3. Жүктілікке байланысты құсу, орташа түрі 4. + Жүктілікке байланысты құсу, ауыр түрі 5. Тағамдық токсикоинфекция 1428. Физиологиялық жүктілікте қасаға буынының өлшемі тең: 1. 0,1- 0,3 см 2. 0,4 - 0,6 см 3. + 0,8- 0,9 см 4. 1,0-1,2 см 5. 1,3- 1,5см 1429. Қалыпты ағымдағы жүктіліктің соңында гемостазиограммада анықталады: 1. + Фибриногеннің, протромбин индексінің жоғарылауы, 2. Фибриногеннің, протромбин индексінің, фибриноген деградация өнімдерінің төмендеуі 3. Фибриногеннің, протромбин индексінің жоғарылауы, фибриноген деградация өнімдерінің төмендеуі 4. Фибриногеннің, протромбин индексінің төмендеуі, фибриноген деградация өнімдерінің жоғарылауы 5. Көрсеткіштер қалыпты 1430. Әйелдер кеңесіне жүктілігі 35-36 апталық алғаш босанушы жүкті әйел нәресте қозғалысының төмендеуіне шағымданып келді. Нәрестенің жүрек соғысы 136 рет минутына. Бұл жағдайда ең ақпаратты зерттеу әдісі: 1. Амниоскопия 2. + Функционалдық тест, кардиотахография 3. Функционалдық тестер, сыртқы акушерлік тексеру 4. УДЗ 5. Функционалдық тестер 1431. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны жайылған, ашылуы 4 см, қағанақ қуығы бүтін. Нәресте басымен жатыр, нәресте басы кіші жамбастың кіре берісіне қондырылған. Жебе тәрізді жігі оң көлденең өлшемде, кіші еңбек алдында, сол жағында. Нәрестенің жатуын, түрін және позициясын анықтаңыз: 1. Баспен жату, I позиция, алдыңғы түрі, 11 кезең 2. Баспен жату, II позиция, алдыңғы түрі, 1кезең 3. Баспен жату, II позиция, артқы түрі , 11 кезең 4. + Баспен жату, I позиция, алдыңғы түрі, 1 кезең 5. Көлденең жату, I позиция, алдыңғы түрі 1432. Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады: 1. Жатырды зондтау 2. + Жатыр мойнын айнамен қарау 3. Биопсия алу 4. Гистероскопия 5. Кольпоскопия 1433. Гипертиреозға тән: 1. + Салмақтың төмендеуі, тітіркендіргіш, тершеңдік, экзофтальм 2. Салмақтың жоғарылауы, ұйқышылдық, тежелгіш, терісі құрғақ 3. Салмақтың төмендеуі, ұйқышылдық,тершеңдік, энофтальм 4. Салмақтың жоғарылауы, қозғалу белсенділігі, тіндердің гидрофилдігі 5. Салмақтың жоғарылауы, ұйқышылдық, тежелгіш, тіндердің гидрофилдігі 1434. Әйелдер кеңесіне жүктілігі 7-8 апталық жүкті әйел қаралды. Анамнезінде: жүректің туа пайда болған ақауы – жүрекшеаралық перденің дефектісі анықталды. Дәрігер тактикасы: 1. Кардиолог кеңесі 2. Терапевт пен кардиологтың кеңесі 3. Перзентханаға тексеруге госпитализациялау 4. Перинаталды орталыққа зерттеуге госпитализациялау 5. + Кардиологиялық бөлімге толық зерттеуге госпитализациялау 1435. Жүктілікпен шақырылған гипертензия–бұл мына аурудан кейін дамиды: 1. Созылмалы бүйрек ауруы 2. Нейро-циркуляторлы дистония гипертониялық типте 3. +Полиоргандық жетіспеушілік 4. Жүрек ақауында 5. Созылмалы эндогенді интоксикация 1436. Жүкті әйел ішінің төмен жағындағы ауру сезіміне, жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып келді. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі саусақ ұшын өткізеді, жатыр 10-11 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған,қозған. Сіздің диагнозыңыз: 1. Түсік қаупі 2. + Басталған түсік 3. Жатырдан тыс жүктілік 4. Жүрістегі түсік 5. Толық емес түсік 1437. Жүкті әйелдің іш айналымын өлшейді: 1. + Кіндік деңгейінде 2. Семсер тәрізді өсінді тұсында 3. Кіндіктен 2 саусақ жоғары 4. Кіндіктен 3 саусақ жоғары 5. Қасаға деңгейінде 1438. Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән: 1. + Қалыпты жамбасқа 2. Жалпы тарылған тар жамбасқа 3. Жалпы рахитикалық тар жамбас 4. Жай жалпақ тар жамбас 5. Көлденең тарылған тар жамбас 1439. Жүкті әйелдің жамбас сүйектерін өлшегенде келесі өлшемдер 28-29-30-17 см анықталды. Бұл өлшемде тар жамбастың қандай түріне және дәрежесіне сай келеді: 1. +Жай жалпақ рахиттік тар жамбас 2 дәрежесі 2. Жай жалпақ рахиттік тар жамбас 1дәрежесі 3. Жай жалпақ тар жамбас 1 дәрежесі 4. Жай жалпақ тар жамбас 2 дәрежесі, көлденең тарылған тар жамбас 1 дәрежесі 5. Көлденең тарылған тар жамбас 1 дәрежесі 1440. Диагоналды конъюгата –бұл ара қашықтық: 1. +Мүйіс және қасағаның ішкі қабырғасы аралығы 2. Қасағаның ортасымен құйымшақ аралығы 3. Қасағаның ортасымен мүйіс аралығы 4. Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы өсінділер аралығы 5. Мықын сүйегінің алдыңғы төменгі өсінділер аралығы 1441. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатпайды: 1. құсу 2. дәм сезудің өзгеруі 3. Жүрек айну 4. иіс сезудің бұрмалануы 5. + Пискачек, Снегирева, Горвица-Гегар белгісі 1442. Ұзақ уақыт жатырдың гипертонусы тән: 1. Плацентеның жатуына 2. + Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуына 3. Жатыр мойны жүктілігіне 4. Плацентаның жатуына 5. Көпсулыққа 1443. Қалыптыда плацентаның төменгі жиегі ішкі ернеуден қанша жоғары орналысады: 1. 2 см 2. 3 см 3. 5 см 4. + 7 см 5. 10 см 1144. Кесар тілігіне абсолюттік көрсеткіш: 1. + Плацентаның толық жатуы 2. Плацентаның төмен орналасуы 3. Нәрестенің қиғаш жатуы 4. Тар жамбас 1 дәреже 5. Жатыр тыртығы 1445. ТШҚҰ – синдромы дамиды: 1. Плацентаның төмен орналасуында 2. + Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында 3. Созылмалы плацентарлық жетіспеушілікте 4. Плацентаның шынайы сіресіп орналасуы 5. Дискоординацияланған босану ырғағында 1446. Плацентаның жатуына көбіне тән: 1. Жатыр түбінің биіктігі 2. + Нәрестенің көлденең және қиғаш жатуы 3. Жатыр қатайған, жергілікті ауру сезімі 4. Жатыр қатайған 5. Көпсулық 1447. Созылмалы артериалды гипертензия кезінде гипертензия қашан анықталады: 1. Жүктіліктің 12 аптасына дейін 2. +Жүктіліктің 16 аптасына дейін 3. Жүктіліктің 20 аптасына дейін 4. Жүктіліктің 24 аптасынан кейін 5. Жүктіліктің 28 аптасынан кейін 1448. Үйреншікті көтереалмаушылық–бұл анамнезіндегі өзіндік түсік саны: 1. Біреу 2. + Екеу және одан көп 3. Үшеу және одан көп 4. Төртеу және одан көп 5. Бесеу және одан көп 1149. Жүкті әйелде жүктіліктің 19 аптасында истмико-цервикальды жетіспеушілік анықталды. Дәрігер тактикасы: 1. Қатаң төсектік тәртіп 2. Дәруменді терапия 3. Гормонотерапия 4. + Жатыр мойнының хирургиялық коррекциясы 5. Спазмолитиктер 1450. Нәресте тік жатуы–бұл: 1. Нәрестенің ірі бөлігінің кіші жамбасқа қатынасы 2. Басына, денесіне және аяқ қолдарына 3. Нәресте арқасының жатырдың бүйір қабырғасына 4. + Нәрестенің ұзынша осі жатырдың ұзынша осіне сәйкес 5. Нәресте арқасының жатырдың артқы және алдыңғы қабырғасына 1451. Нәрестенің жатуы – бұл арақатынас: 1. Нәрестенің ұзынша осінің жатырдың ұзынша осіне 2. + Нәрестенің бір үлкен бөлігінің кіші жамбас жазықтығына қатынасы 3. Басына, денесіне және аяқ қолдарына 4. Нәресте арқасының жатырдың артқы және алдыңғы қабырғасына 5. Нәресте арқасының жатырдың бүйір қабырғасына 1452. Нәрестенің көлденең жатуына тән емес: 1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы 2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы 3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен 4. + Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде 5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы 1453. Мезгілінен асқан жүктілік белгілері: 1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы 2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі 3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі 4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы 5. + жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан 1454. Амниоскопияға көрсеткіш болып табылмайды 1. +Нәрестенің даму ақауы 2. Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессіздігі 3. мерзімінен асқан жүктілік 4. Анамнезінде нәрестенің антенаталды өлімі 5. Нәрестенің құрсақішілік созылмалы гипоксиясына күмәннің болуы 1455. Жүкті әйел жүктіліктің 7-8 апталығында 2 күн бойы ішінің толғақ тәрізді ауыруына шағымданады, жыныс жолдарынан бөлінділер жоқ. Сіздің диагнозыңыз: 1. +Қауіпті түсік 2. Басталған түсік 3. Жатырдан тыс жүктілік 4. Жүрістегі түсік 5. Толық емес түсік 1456. Нәрестенің созылмалы гипоксиясының жиі кездесетін себебі: 1. Нәресте жолдасының мезгілінен бұрын сылынуы 2. Жатырдың толық емес жыртылуы 3. Кіндік бауының қысылуы 4. +Жүктіліктің ұзақ уақыт үзілу қаупі 5. Тездетілген босану 1457. Фетоплацентарлы жүй болып есептелмейді жатпайды: 1. Бала жолдасы 2. Аналық қантамырлар 3. Бала жолдасы және кіндіктің қантамырлары 4. Нәрестенің қан айналым жүйесі 5. +қағанақ суы 1458. Жүкті әйелдердің жатыр жыртылуының жоғары қаупіне жатады: 1. +Жатыр тыртығы 2. Жатыр миомасы 3. Эндомиометрит 4. Анамнезінде түсіктің болуы 5. Анамнезінде тубэктомияның болуы 1459. Жүкті әйел, 6-7 апталық жүктілік мерзімінде жүрек айнуына, тәулігіне 10-12 рет құсуға, жалпы әлсіздікке, 2кг салмақ жоғалтуына шағымданады. Тері жамылғылары бозғылт, пульсі 90 рет минутына, артериалдық қан қысымы 90/60 мм.сн.бб. Болжам диагноз: 1. Жедел гастрит 2. Жедел холецистит 3. Ерте токсикоз, жеңіл дәрежелі, жүктілік құсуы 4. +Ерте токсикоз, орташа дәрежелі, жүктілік құсуы 5. Ерте токсикоз, ауыр дәрежелі, жүктілік құсуы 1460. Жүктілік ісінуі қай аптадан басталады: 1. 12-аптадан 2. 16-аптадан 3. +20-аптадан 4. 24-аптадан 5. 28-аптадан 1461. Алғаш жүкті әйелдің 36 апталық жүктілік мерзімінде аяқтарында және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісіну байқалды,анамнезінде созылмалы пиелонефрит . Артериалдық қан қысымы 140/90 мм.сп.бб., зәр анализінде белок 0,3г/тәу, лейкоциттер 5-6 көру аймағында.Болжам диагноз: 1. Жүктіліктің 36 аптасы . Жүктілік ісінуі. Созылмалы пиелонефрит. 2. Жүктіліктің 36 аптасы. Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысында. 3. + Жүктіліктің 36 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Созылмалы пиелонефрит. 4. Жүктіліктің 36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Созылмалы пиелонефрит. 5. Жүктіліктің 36 аптасы. Эклампсия. Созылмалы пиелонефрит. 1462 25 жастағы алғаш жүкті әйелге әйелдер кеңесі дәрігерінің қабылдауында мынандай диагноз қойылды: Жүктіліктің 28 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Күттірмейтін көмек неден басталады: 1. Магний сульфатын бұлшықетке еңгізу 2. +Стартты дозалы магний сульфатын көктамырға енгізу 3. Ганглиоблокаторларды енгізу 4. Нейролептиктерді көктамырға енгізу 5. Диуретиктерді енгізу 1463. Перзентханаға жүкті әйелді ес –түссіз жағдайда әкелді. Туыстарының айтуы бойынша үйде тырысулар болған. Жағдайы ауыр, комада, жайылған ісінулер байқалады, артериалдық қан қысымы 180-100 мм.сп.бб., жүктілік мерзімі 35-36 апта.Сіздің диагнозыңыз: 1. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Эпилепсия. 2. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. 3. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Эпилепсия. 4. + Жүктіліктің 35-36 аптасы. Эклампсия. Эклампсиялық кома. 5. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Коматозды жағдай. 1464. Жүктілікпен шақырылған гипертензияның патогенезі: 1. +Жайылған вазоконстрикция, гиповолемия 2. Жатыр-плацентарлы тосқауыл өткізгіштігінің бұзылуы 3. Су-электролит алмасуының бұзылуы 4. Орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгерісі 5. Иммунологиялық толеранттылықтың төмендеуі 1465. Жүктілікпен шақырылған гипертензияда жедел босандыруға көрсеткіш: 1. Аяқтарында айқын ісіну 2. Протеинурия 0,3г/тәу жоғары 3. +Олигоурия 4. Артериалдық қан қысымының 140/100 мм.сп.бб. дейін көтерілуі 5. Полиурия 1466. Жүкті әйелдерде жиі кездесетін анемия түрі: 1. Мегалобластық гиперхромды анемия 2. Метаболикалық гипохромды анемия 3. +Темір тапшылықты гипохромды анемия 4. Гипопластикалық анемия 5. Гемолитикалық анемия 1467. Қалқанша без аурулары кезінде босануда болатын негізгі асқыну: 1. +Босану әрекетінің ауытқуы 2. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі 3. Нәрестенің ұсақ бөліктерінің немесе кіндік бауының түсуі 4. Жатырдың жыртылуы 5. Нәресте гипоксиясы 1468. Бауыр аурулары кезінде босанудан кейін болатын негізгі асқыну: 1. Гипотониялық қан кету 2. Жатыр жыртылуы 3. Жатыр мойнының жыртылуы 4. +Коагулопатиялық қан кету 5. Аралықтың жыртылуы 1469. Бала жолдасының жатырға бекінуің жиі кездесетін түрі: 1. Алдыңғы қабырғасында 2. +Артқы қабырғасында 3. Төменгі сегментінде 4. Жатыр түбінде 5. Жатырдың бүйір бөліктерінде 1470. Ерте токсикоздың сирек түріне жатады 1. Птиализм 2. +Жүктілер дерматозы 3. Жүрек айну 4. Дене салмағының төмендеуі 5. Құсу 1471. Эндометрия рагына күдіктенгенде гистероскопияда анықталмайды: 1. патологиялық процестің болуы 2. процестің беткей бойына таралуы 3. + инвазияның тереңдігі 4. нысаналы биопсия жүргізу 5. патологиялық процестің орналасуы 1472. Гистероскопияға көрсету болып табылады: 1. ювенильді жаста дисфункционалды жатырдан қан ағулар 2. + постменопаузадағы қан ағулар 3. жатырдан тыс жүктілікке күдіктенгенде 4. жатыр мойнының полипі 5. жатырдағы тыртық 1473. Гистероскопия, салыстырып ажыратады: 1. +ірі полипті шырыш аста миоматозды түйіннен 2. десквамация сатысында эндометрия жағдайын 3. эндометрия гиперплазиясынан эндометрия рагын 4. хориокарцинома түйінінен плацентарлық полипті 5. жатыр мойнының полипін 1474. 24 жастағы әйел соңғы 3 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады. Бедеулік -5жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет? 1.+ФСГ,ЛГ,ПРЛ 2.ЛГ,ПРЛ 3.ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон 4.Эстроген, прогестерон,ПРЛ 5.ФСГ,ЛГ 1475. Аденомиозды анықтауда гистеросальпингографияны жүргізеді: 1. + менструалды циклдың 7-8-ші күні 2. менструалды циклдың 1-5- ші күні 3. менструалды циклдың 20-25- ші күні 4. менструалды циклдың 26-28- ші күні 1476. Бедеулік кезінде гистеросальпингографияны жүргізген дұрыс: 1. + менструалды циклдың 7-8- ші күні 2. менструалды циклдың 9-12- ші күн 3. менструалды циклдың 13-15- ші күні 4. менструалды циклдың 16-20- ші күні 5. менструалды циклдың 21-25- ші күні 1477. Гистеросальпингографияға көрсету болып табылмайды: 1. түтіктік жүктілікке күдіктену 2. жатыр ішілік патологияның болуы 3. ішкі эндометриозға күдіктену 4. құрсақішілік жүктікке күдіктену 5. +жатырлық жүктілік 1478. Арнайы емес этиологиялы әйел жыныс мүшелерінің қабыну процесінің ерекшеліктеріне жатады: 1. 18 жасқа дейін және 55 жастан асқан аурулар санының көбеюі 2. тубоовариалды құрылыммен аурулар санының көбеюі 3. көптеген ауруларда ауруға тән айқын клиникалық белгісінің болмауы 4. +жиі параметриттің анықталуы 5. қабыну процесінің жиі асқынатын ұзақ уақытқа созылатын ағымға ауысуы 1479. Арнайы емес этиологиялы әйел жыныс мүшелерінің қабыну процесінің қоздырғыштарына жатпайды: 1. стафилококтар 2. стрептококтар 3. +гонококтар 4. гарднерелалар 5. гемофилді таяқша 1480. Қосалқылардың қалыптасқан іріңді қабыну түзілісі бар науқастарды ауруының «салқын» кезінде жүргізетін емдеу әдісі: 1. іріңдеген қуыстың артқы күмбезден пункция арқылы іріңін шығарып, ішіне антибиотик енгізу: 2. +хирургиялық емдеу 3. приогеналмен емдеу 4. гоновакцинамен емдеу 5. цинкпен электрофорез жүргізу 1481. Мерез ауруының диагнозы қойылады: 1. Борде-Жангу реакциясы оң болғанда 2. екі жақты жатыр түтіктерінің қабынуы анықталғанда 3. уретра мен цервикалды каналдың қабынуы қосарланғанда 4. +жағындыда гонококтар анықталған жағдайда 5. гоновакцина енгізгенде жауап ретінде дене температурасының 38 ºС жоғарылаған жағдайы 1482. Бактериалды вагинозға тән емес: 1. жыныс жолынан жағымсыз иісті көп мөлшерде бөлінулердің болуы 2. қынаптан бөлінулерде патологиялық қоздырғыштардың болмауы 3. +қынаптан бөлінулерде сүт қышқылды бактериялардың қалыпты мөлшері 4. қынапта қабынумен өзгерістердің болмауы 5. рН 6-7 көп болуы 1483. Лабораторлық зерттеулер мүмкіндігі болмаған жағдайда ЖЖЖА қалай анықтауға болады: 1. қан анализін алу 2. пациенттің дене температурасын және артериалды қысымын өлшеу 3. +пациентке сұрақттар қою және жыныс мүшелерін қарау арқылы 4. лабораторлық зерттеулерсіз ЖЖЖА диагностикасы мүмкін емес 1484. Әйелде ЖЖЖА мүмкін болатын белгілеріне жатпайды: 1. қынаптық зерттеу 2. гениталды жаралар 3. іштің төменгі жағындағы ауру сезімі 4. +рН 4,5 төмен 5. эндоцервицит 1485. АИВ/ЖИТС жұқпайды: 1. стерилденбеген көп рет қолданатын инені қолданғанда 2. ЖИТС ауыратын аурумен қорғалмаған жыныстық қатынас болса 3. +ЖИТС ауруды құшақтағанда және сүйгенде 4. қорғайтын қолғапсыз зиянды қалдықтармен жұмыс жасау 5. қалыптағы хирургиялық қолғаптармен операция жасағанда 1486. Сексуалды белсенді адам өзін АИВ/ЖИТС қалай қорғайды: 1. егер жұбы ЖИТС ауыратынына күдіктенген жағдайда презерватив қолдану 2. +иәрбір жыныстық қатынаста презерватив қолдану 3. жыныстық жұпты айына бір рет өзгерту 4. бірден екі жұпты өзгерту 5. шұғыл контрацепцияны қолдану 1487. Инфекцияның алдын алу қорғаныс шараларына жатпайды: 1. қолды жуу және қолғаптарды қолдану 2. залаласыздандыру, инструменттерді жуу және стерилизация (немесе терең дезинфекция) 3. инъекция алдында теріні тазалауға антисептикалық ертіндіні қолдану 4. +инструменттерді ағын су астында жуу 5. автоклавтау 1488. Ауру 30 жаста, түсіктен кейін аздаған етеккірге шағымданады. Гистероскопияда эндоетрияның атрофиясы анықталды. Сіздің диагнозыңыз: 1. +созылмалы эндометрит 2. Ашерман синдромы 3. эндометрит 4. эндометрия рагынан күдіктену 5. плацентарлық полип 1489. 9 жасқа дейін қыз балаларда жыныс жолынан қанды бөлінулерде қажет: 1. гормоналды гемостаз 2. бақылау 3. жатырды жиырылтатын және қан тоқтататын заттарды қолдану 4. +қан ағудың "органикалық" себептерін жоққа шығару 5. хирургиялық гемостаз 1490. Қынаптық тексеруде ауруда жатыр артындағы кеңістікте инфильтрат анықталды. Бір ай бойы аурумын деп санайды, түсіктен кейін температураның жоғарылауы, қалшылдау болған. Дәрігерге қаралмаған.3 аптадан кейін тік ішекте ауру сезімі пайда болды. Диагноз: 1. созылмалы сальпингит 2. жатырдан тыс жүктілік 3. +параметрит 4. жатырдың перфорациясы 5. плацентарлық полип 1491. Меноррагия – дегеніміз: 1. ациклды жатырдан қан кетулер 2. +циклды жатырдан қан кетулер 3. ауру сезімді және мөлшерден тыс етеккір 4. менструалды циклдың ұзақтығының қысқаруы 5. менструалды циклдың ұзаруы 1492. Метроррагия – дегеніміз: 1. етеккір ритмінің бұзылыстары 2. етеккір кезінде көп мөлшерде қан жоғалту 3. етеккір уақытының ұзаруы 4. +ациклды жатырдан қан акетулер 5. етеккірдің сиреуі 1493. Ювенилді кезеңде ДЖҚ жиі даму механизміне жатады: 1. гиполютеинизм 2. фолликулдардың персистенциясы 3. + фолликулдардың атрезиясы 4. гиперпролактинемия 5. қанның ұю жүйесіндегі бұзылыстар 1494. Пременопаузалды кезеңде дисфункционалды жатырдан қан кетулерде қан тоқтатудың негізгі тәсіліне жатады: 1. синтетикалық эстроген-гестагенді препараттарды қолдану 2. қан тоқтататын және жатырды жиырылтатын заттарды қолдану 3. андрогендерді қолдану 4. үздіксіз тәртіпте 17-оскипрогестерон капронатын (17-ОПК) қолдану 5. +жатыр қуысының және мойын каналының шырышты қабатын бөлектеп диагностикалық қыру 1495. Гиперменорея дегеніміз: 1. меснтруалды циклдың ұзақтығының қысқаруы 2. +уақытында келген көп мөлшердегі етеккір 3. ұзақ етеккір 4. циклдан тыс қанды бөлінулер 5. етеккір 2 айға кешіккеннен кейін қан кетулер 1496. ДЖҚ кезіндегі таңдап алған гемостаз тәсілі байланысты: 1. ауру жасына 2. ауру сұранысына 3. +қан кету күшіне, анемия айқындығына 4. медикаменттердің болуына 5. бұрынғы болған қыруларға байланысты 1497. 15 жастағы қыз балада ювенилді қан кетулерде қай жағдайларда хирургиялық гемостаз сұрағы тууы мүмкін: 1. стационарға түскеннен кейін бірден 2. анемия кезінде, симптоматикалық заттардан нәтиже болмағанда 3. +көп мөлшерде қан кетулерде, гормоналды гемостаздан нәтиже болмағанда, толық емес түсікке, эндометрия рагына күдіктенгенде 4. бұндай жағдай болмайды 5. 17 жасқа келгенде 1498. Қыз балаларда ановуляторнлық жатырлық қан кетулерде болмайды: 1. овуляция жәнелютеинді фазаның болмауы 2. фолликулдар персистенциясы 3. фолликулдар атрезиясы 4. + эндометрия атрофиясы 5. эндометрияныңның безді гиперплазиисы 1499. Ауру 46 жаста жатыр миомасына байланысты 8 жыл бойы есепте тұрады. Соңғы 3 жылда ДЖҚ, эндометрияның гистологиялық зерттеу қорытындысында – аденоматозды полип. Ауруға терапияның ұандай түрі көрсетілген: 1. емді қажет етпейді 2. +оперативті ем 3. гормоналды ем 4. аспирационды биопсия 5. 17-ОПК тағайындау 1500. Ауру 32 жаста, ДЖҚ байланысты эндометрияның гистологиялық зерттеу қорытындысында – безді-кистозды гиперплазия. Дәрігердің тактикасы: 1. + гормоналды терапия тағайындау 2. оперативті емге жіберу 3. бақылау 4. 3 айдан кейін қайта қыру 5. андрогендермен менструалды қызметті басу 1501. Қынаптың кіреберісінің үлкен бездері орналасады: 1. кіші жыныс еріндерінің негізінде 2. үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы бөлімінің қалыңдау жерінде 3. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіндегі сайда 4. +үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде 5. артқы спайкада 1502. Бартолин бездерінің шығару өзегі ашылады: 1. кіші жыныс еріндері негізінде 2. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігі мен қыздық перде арасындағы сайда 3. + үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіндегі сайда 4. үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде 5. көрсетілгендердің ешқайсысы емес 1503. Қынаптың алдыңғы қабырғасы жоғары жағынан шектеледі: 1. несеп ағармен 2. +қуықтың түбімен 3. қуықтың мойнымен 4. зәр шығаратын каналмен 5. ішкі ернеумен 1504. Қынаптың алдыңғы қабырғасы төменгі жағынан шектеседі: 1. несеп ағармен 2. қуықтың түбімен 3. қуықтың мойнымен 4. +зәр шығаратын каналмен 5. көрсетілгендердің ешқайсысы емес 1505. Қынаптың артқы қабырғасы жоғары жағынан шектеседі: 1. тік ішекпен 2. +тік ішек-жатырлық тереңделумен (дугласов қалтасы) 3. қуықтың мойнымен 4. несеп ағармен 5. ішкі ернеумен 1506. Қынаптың артқы қабырғасы ортаңғы бөлімі жағынан шектеседі 1. тік ішекпен 2. сигма тәрізді ішекпен 3. + тік ішек-жатырлық тереңделумен (дугласов қалтасы) 4. аралық тіндерімен 5. жіңішке ішек пен 1507. Қынаптың артқы қабырғасы төменгі бөлімінде шектеседі: 1. тік ішекпен 2. сигма тәрізді ішекпен 3. +аралық тіндерімен 4. бартолин бездерімен 5. шонданай бұдырларымен 1508. Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің шекарасы болып табылады: 1. жатырдың сыртқы ернеуі 2. жатырдың ішкі ернеуі 3. +қыздық перде (қынапқа кіреберіс) 4. кіші жыныс еріндері 5. ешқайсысы емес 1509. Жатыр денесінде бұлшық ет талшықтарының орналасуы: 1. қиғаш 2. циркулярлы 3. қиғаш-тікелей 4. +тікелей 5. көлденең 1510. Жатыр мойнында бұлшық ет талшықтарының орналасуы 1. қиғаш 2. +циркулярлы 3. қиғаш-тікелей 4. тікелей 5. көлденең 1511. Репродуктивті жастағы әйелде жатыр түтіктерінің ұзындығы: 1. 7-8 см 2. 9-10 см 3. +10-12 см 4. 15-18 см 5. 19-20 см 1512. Жамбастың диафрагмасын түзеді: 1. аралықтың терең көлденең бұлшық етттері 2. +артқы жолды көтеретін бұлшықеттер 3. зәр-жыныс диафрагмасы 4. аралықтың беткей көлденең бұлшықеттері 5. артқы спайкамен 1513. Әйелдерде жүкті емес жатыр денесінің ұзындығы: 1. +6-7 см 2. 7-8 см 3. 8-9 см 4. 9-10 см 5. 11-12 см 1514. Қынаптың құрылысының негізгі ерекшеліктеріне жатпайды: 1. қабырғасы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған 2. шырышты қабатында бездер және шырыш асты қабаты жоқ 3. +қынапта болатын сұйықтық 4. қатпарлы 5. қышқылды орта 1515. Сальпингитті анықтаудың тиімді әдісі: 1. + бимануалды тексеру 2. УДЗ 3. гистероскопия 4. бактериоскопия 5. ПЦР 1516. Параметритті анықтаудың негізгі әдісі: 1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы 2. бактериоскопия 3. ультрадыбыстық зерттеу 4. + бимануалды тексеру 5. МСГ 1517. Бартолин безінің абсцесін ашу операциясында ауырсыздандырады: 1. жергілікті анестезия 2. + көк тамырлық наркоз 3. маскалы наркоз 4. эндотрахеалды наркоз 5. перидуралды анестезия 1518. Жедел сальпингоофоритте операцияға көрсетулер: 1. +аднекстумор болуы 2. интоксикационды синдром 3. анамнезінде бедеулік 4. пиосальпинкс 5. жатыр мойнының эрозиясы 1519. Туберкулезді эндометритте болатын шағымдар: 1. + бедеулік 2. аменорея 3. гиперполименорея 4. іштің төменгі жағының қатты ауруы 5. опсоменорея 1520. Жатыр түтіктерінің туберкулезіндегі шағымдары: 1. + біріншілік бедеулік 2. менструалды цикл бұзылыстары 3. Щеткин Блюмберг симптомы оң- 4. екіншілік бедеулік 5. аменорея 1521. Трихомониаздың клиникалық белгілері: 1. + қынаптан сарғыш көбікті бөлінулер 2. іштің төменгі жағының ауыруы 3. ірімшік тәрізді бөліністер- 4. қан жағынды 5. бөлінділер иісі «шіріген балық» иісіндей 1522. Параметритті іріңдеу сатысында емдеу әдісі: 1. операция 2. консервативті 3. + кольпотомия 4. жатырдың экстирпациясы 5. сальпингоэктомия 1523. Гениталийдің туберкулезді инфекциясының жиі орналасатын жері: 1. жатыр 2. қынап 3. сыртқы жыныс мүшелері 4. жатыр мойны 5. + жатыр түтіктері 1524. Трихомонадты инфекцияның жиі орналасуы: 1. жатыр түтіктері 2. жатыр 3. +қынап 4. тік ішек 5. уретра 1525. Соз ауруында инфекцияның біріншілік ошағы: 1. қынапта 2. + уретра, цервикалды каналда 3. жатыр түтіктерінде 4. аналық безде 5. Бартолин бездері- 1526. Гениталийде инфекцияның жайылуына көмектеседі: 1. + сперматозоидтар 2. гормоналды контрацептивтер 3. жапсырмалар 4. презервативтер 5. инъекциялар 1527. Бимануалды тексеру кезінде жатыр қабынуының белгілері: 1. тығыз, ауру сезімді 2. + жұмсақ, ауру сезімді 3. көлемінің ұлғаюы 10 аптаға дейін 4. көлемінің кішіреюі 5. артқа еңкейген 1528. Қынаптық жағындының микроскопиясындаорганизмде болып жатқан эндокринді бұзылыстарды анықтауға болады, бірақ ол жағдайда есепке алынбайды: 1. +клетканың қынаптық эпителийінің бір қабатына жатуы 2. клетка протоплазмасының боялу дәрежесі 3. клетканың сдросының көлемі 4. эпителиалды клетканың арақатынасы 5. қынаптың РН 1529. Қосарланған ауыз арқылы қолданатын контрацептивке қарсы көрсетулер: 1. сальпингоофорит 2. +қант диабеті 3. мастопатия 4. жатыр мойнының эрозиясы 5. 18 жастан төмен 1530. ЖІС қарсы көрсетулер: 1. артериалды гипертензия 2. +сальпингоофорит 3. ревматизм 4. қант диабеті диабет 5. варикозды ауру 1531. Сіздің қарауыңызға студент қыз жүктілікке қарсы затты таңдап беруіңізді сұрап келді. Тұрмыста жоқ. Жыныстық қатынасы айына 1-2 рет әртүрлі жұппен. Жүктілік болған жоқ: 1. регулон 2. +презерватив 3. ригевидон 4. триквилар 5. жатырішілік контрацептив 1532. Тұрмыстағы 25 жастағы студентке контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз, аяқтарында созылмалы тромбофлебитпен ауырады, 1 баланың анасы: 1. монофазалы гормоналды контрацепция 2. хирургиялық стерилизация 3. +жатырішілік контрацепция 4. екіфазалы гормоналды контрацепция 5. үшфазалы гормоналды контрацепция 1533. 32 жастағы күйеуінен ажырасқан әйелге контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз, жыныстық қатынасы сирек «айына 1-2 рет) бір жұппен, 1 баласы бар: 1. марвелон 2. регулон 3. постинор 4. үзілген жыныстық қатынас 5. +презерватив 1534. Тұрмыстағы, 1 баласы бар қант диабетімен ауыратын әйелге контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз: 1. монофазалы гормоналды контрацепция 2. хирургиялық стерилизация 3. +жатыр ішілік контрацепция 4. үшфазалы гормоналды контрацепция 5. күйеуінің хирургиялық стерилизациясы 1535. АИВ –мен әйел контрацепция сұрақтарымен көмек сұрап келгенде, қажет: 1. контрацептивті зат тағайындау 2. қолданылатын контрацепцияның тәсілдерінен хабардар ету және өзіне таңдауға мүмкіндік беру 3. жыныстық қатынастан бас тартуды ұсыну 4. + қолданылатын контрацепцияның тәсілдерінен хабардар ету, вденсаулық жағдайын анықтау, сәйкес келетін контрацепция тәсілін таңдап беру 5. хирургиялық стерилизация жүргізу 1536. Жыныстық жұптың біреуі АИВ болса, ең тиімді контрацепция тәсілі: 1. +презерватив 2. ҚАК 3. ТПК 4. ЖІС 5. ЕХС 1537. Жыныстық жұптың екеуі де АИВ болса және дені сау балалары бар жұпқа, ең тиімді контрацепция тәсілі: 1. ЖІС 2. ТПК 3. +ЕХС 4. Презерватив 5. ҚАК 1538. Спермицидтер: 1. жыныстық қатынаста АИВ трансмиссия қаупін жоғарылатады 2. + жыныстық қатынаста АИВ трансмиссия қаупіне әсер етпейді 3. жыныстық қатынаста АИВ трансмиссия қаупін төмендетеді 4. АИВ – инфекцияның ағымын нашарлатады 5. контрацепцияның тиімді тәсілі 1539. ЖІС: 1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады 2. + АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады 3. презерватив тәрізді нәтиже береді 4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді 5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады 1540. Кеңес беру, бұл: 1. + психологиялық және медициналық демеу көрсету түрі 2. құқықтық әсер түрі 3. пациентпен директивті қарым-қатынас түрі 4. пациентті нәтижесін түсіндірмей хабардар ету 5. медициналық демеу көрсету түрі 1541. Лактациялық аменорея тәсілі (ЛАТ), АИВ-індеттелегендерде контрацепция тәсілі болып табылады: 1. +дұрыс емес 2. тиімді барлық жағдайларда 3. АИВ-қа қарағанда диареядан бала өлімі қаупі жоғары экономикалық дамымаған мемлекеттерде тиімді 4. босанғаннан кейінгі 1 айда тиімді 5. спермицидтермен бірге тиімді 1542. АИВ-індетіне қан анализіндегі келесі өзгерістер тән: 1. анемия (80 г/лтөмен), нейтропия (аз 100000 мм3) 30 күн бойы 2. полицитемия, гиперкоагуляция 3. лейкоцитоз, формуланың солға ығысуы,ЭТЖ жоғарылауы 4. +анемия, тромбоцитопения, лейкоцитоз немесе лейкопения, бласты клеткалардың шетте пайда болуы 5. қалыптан ерекше өзгерістер болмайды 1543. Репродуктивті денсаулықты ұлтттық қорғау саясаты дегеніміз: 1. +ана мен бала денсаулығын қорғау, қауіпсіз ана болу, жанұяны жоспарлау, медико-генетикалық кеңес беру 2. мектеп санын жоғарылату 3. жанұяны жоспарлау және жоспарланбаған жүктілікті азайту мақсатында түсіктер санын жоғарылату 4. жанұяны жоспарлау 5. бала тууды экономикалық жоғарылату 1544. Репродуктивті құқық — дегеніміз: 1. +барлық ерлі-зайыптылар бала санын өздері рететуге құқылы; босану арасындағы интервалды сақтайды; баланың туылу уақытын да реттейді, репродуктивті құқығын жүзеге асыратын қажетті хабарландырулары бар 2. босану арасындағы интервал 1 жыл 3. ақысыз медициналық көмек 4. қосымша айлық 5. тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 1545. Алдын алу үшін қарау кезінде 45 жастағы әйелде көлемі жүктіліктің 8-9 аптасына сәйкес келетін жатырдың миомасы анықталды. Шағымдары, клиникалық көрінісі жоқ. Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы? 1. + диспансерлік есепке алу 2. ештеңе жасамау 3. жедел жәрдем шақыру, шұғыл операцияға жіберу 4. бір жылдан кейін қайта қарауға шақыру 5. қабынуға қарсы терапия жүргізу 1546. Консервативті емдеу кезінде ауруды 430 бұйрыққа сәйкес бақылау жиілігі: 1. жылына 1 рет қарау 2. +3 айда 1 рет қарау 3. 6 айда 1 рет қарау 4. ай сайын қарау 5. айына 2 рет қарау 1547. 32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады. Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет? 1. +ФСГ,ЛГ,ПРЛ 2. ЛГ,ПРЛ 3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон 4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ 5. ФСГ,ЛГ 1548. Әйелге норпланттың имплантанты тігіледі: 1. бұлшық етке 2. жамбасына 3. білектің бұлшық етіне 4. +білектің тері астына 5. қолдың тері астына 1549. Репродуктивтік денсаулықты сақтау саясаты деген не: 1. +Ана және бала денсаулығын сақтау, ана қауіпсіздігі, жанұяны жоспарлау, медико-генетикалық консультация 2. Ана мектептерінің санын көбейту 3. Жоспарланбаған жүктіліктер санын азайту мақсатында жанұяны жоспарлау және түсік санын төмендету 4. Жанұяны жоспарлау 5. Босанушылықтың экономикалық өсімділігі 1550. № 430 бұйрыққа сай науқастың жатыр миомасын консервативті емдеу үшін бақылау жиілігі қандай: 1. Жылына бір рет 2. +3 айда 1 рет 3. 6 айда1 рет 4. Ай сайын 5. Айына 2 рет 1551. Жатыр мойынының ісік алды ауруына не жатады: + а) Дисплазиялар. б) Эктропион. в) Эндоцервицит. г) Нағыз эрозия. д) Кольпит. 1552. Жатыр мойынының қатерлі ісігіне күмәнденгенде кандай анықтау тәсілі арқылы диагноз қоюға болмады. а) Айнада қарау, Бағытталған биопсия. б) Кольпоскопия, цитологиялық зерттеу. в) лимфография г) сірке қышқылымен сынақ жүргізу + д) бақылау 1553. Жатыр мойынының қатерлі ісігі диагнозын қоюда онкоцитологиялық материалға төмендегілердің қайсысын алған тиімді? + 1) жағынды алу тәсілі 2) ісікке тигізу (отпечатка) 3) аспирационды биопсия 4) пункционды биопсии 5. бактериалды өсіру 1554. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің 1 б сатысында қандай ем қолданылады: а) Жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы б) Қосалқылармен бірге қынапүстілік жатырдың ампутациясы+үлкен шарбы майдың резекциясы. + в) Вертгейм бойынша кеңейтілген жатырдың экстирпациясы, дистанционды гамматерапия. г) Қосарланған сәулелі ем. д) Жатыр мойынының электроэксцизиясы 1555. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің 3 сатысында қандай ем қолданылады? а) Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы. + б) Қосарланған сәулелі ем. в) комбинациялық ем г) комплексті ем д) ем қажет емес 1556. «Жатыр мойынының Са in situ қатерлі ісігі және 8-9 апталық жүктілік » диагнозы анықталса қандай ем қолданамыз? а) Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы б) жүктілікті үзіп сәулелі терапия жүргізу в) жүктілікті үзіп жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы + г) жүктілікті үзіп кеңейтілген жатыр мойынының конизациясы д) бакылау 1557. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің ең жиі кездесетін гистологиялық түрі + а) Мүйізденетін жалпақ клеткалы рак б). Жалпақ клеткалы рак мүйізденбейтін в) аденоакантома г) аденокарцннома д) карциносаркома 1558. Гистологиялық зерттеу кезінде жатыр мойынының ісігінің «carcinoma in situ» шешімі келсе қандай ем қолданылады? а) Вертгейм операциясы б) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы в) кеңейтілген жатырдың қосалқыларымен экстирпациясы г) қосалқыларымен бірге қынап үстілік жатырдың ампутациясы + д) Жатыр мойынының электроэксцизиясы 1559. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің алшақталған метастазына қайсысы жатады: а) Крукенберг метастазы + б)Вирхова метастазы, өкпеге метастаз в) қалқанша без метастазы, г) Шницлер метастазы д) параметральды клетчаткаға метастаз 1560. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің негізгі клиникалық белгісі: + а) Жыныстық қатынастан кейінгі қанды бөліністер б) Шырышты іріңді бөліністер в). Жамбас аймағындағы ауру сезімі. г) Диспареуния. д) жыныс жолынан қан кету 1561. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің қандай өсу түрі жиі кездеседі? а) жаралы-инфильтративті + б)экзофитті в)эндофитті г) аралас 5. имплантациоды 1562. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің емінің негізгі тәсілдері: а) сәулелі терапия + б) Вертгейм бойынша кеңейтілген жатырдың экстирпациясы, қосарланған сәулелі терапия в) қуысқа берілетін сәулелі терапия г) дистанционды сәулелі терапия д) химиотерапия 1563. Жатыр мойынының қатерлі ісігі дамуындағы негізгі этиологиялық фактор: а) Тұқымқуалаушылық. + б) Жыныстық қатынаспен берілетін вирустық инфекция. в) Жатыр мойынының жарақаттары г) Аналық бездің дисфункциясы. д) Эндокринді-зат алмасудың бұзылысы. 1564. Жатыр мойынының ісігін анықтаудағы скрининг – тәсілі а) Бағытталған биопсия. б) Кольпоскопия. в) Айнада қарау. + г) Жатыр мойынының қынаптық бөлігінен алған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу. д) Анкета жүргізу. 1565. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің инфильтративті түрінде қан кетуді қалай тоқтату керек? РЕКЛАМА а) Жатыр қуысын және цервикальды каналды диагностикалық қыру. + б) Қынап қуысына тығыз кептелген тампон қою. в) Құрсақ қуысын ашып, жатыр экстирпациясы. г) Жатыр мойынына циркулярлы қысқыштар салу. д) Құрсақ қуысын ашып, ішкі мықын артериясын байлау. 1566. Жатырдың нағыз ісік алды ауруына не жатады: а) фибромиома б) безді кистозды гиперплазия в) эндометриоз г) эндометриядің полипозы + д) эндометриядің атипті гиперплазиясы 1567. Жатыр денесінің қатерлі ісігінің жиі кездесетін морфологиялық түрі: а) карциносаркома + б) аденокарцинома в) жалпақ клеткалы рак г) жетілмеген рак д) хориокарцинома 1568. Жатыр денесінің қатерлі ісігін емдегенде қандай гормональды препараттар қолданылады: а) эстроген + б) гестаген в) комбинациялы эстроген- гестагенді препараттар г) пролактин д) адреналин 1569 Жатыр денесінің қатерлі ісігін TNM жүйесі бойынша осылай жіктегенде T1b N1 M0 қандай сатыны көрсетеді: а) Ib б) II + в) III г) IV 5, V 1570 . Эндометрийдің қатерлі ісігін емдеуде қандай тәсілдер қолданылады: а) хирургиялық б) хирургиялық+гормональды +в) комбинациялық г) комплексты (операция, сәулелі терапия, гормонды терапия, химиотерапия) д) гормональды 1571. Эндометрийдің рагы кезінде операциядан кейін гормонды ем тағайындауда нені есепке алу керек: а) жасын б) ісіктің тереңділігін + в) ісіктің эстроген , прогестерон рецепторларына сезімталдығын г) гинекологиялық аурудан тыс патологиясын д) кең таралған метастаздар 1572. Жатырдың лейомиосаркомасында қандай көлемдегі операция жасалады: а) қынапүстілік жатырдың қосалқыларымен бірге ампутациясы б) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы+ лимфаденэктомия в) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы + г) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы+оментэктомия д) кеңейтілген жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы 1573. Жатырдың карциносаркомасында қандай көлемдегі ем қолданылады: а) операция б) операция + сәулелі терапия +в) операция + сәулелі терапия +химиотерапия г) сәулелі терапия 5. химиотерапия 1574. Аналық безінің қатерлі ісігінің ең жиі кездесетін түрі + а) Эпителиальды. б) Аналық бездің стромасының ісіктері. в) Герминогенді. г) Метастаздық. д) Фибросаркома. 1575. Серозды цистаденокарцинома жиі қандай жолмен метастаз береді : а) лимфогенді б) гематогенді в) лимфогематогенді + г) сероздық қуыстарға (имплантационды) 5. лимфо- гематогенді 1576. Аналық безінің қатерлі ісігіне төмендегілердің қайсысы жатпайды? + а) Серозды цистаденома және текома. б) Серозды цистаденокарцинома в) Папиллярлы цистаденокарцинома. г) эндометриальды цистаденокарцинома 1577. Аналық безінің эмбриональды рагының рецидивы кезінде қанда нені анықтаған тиімді: а) ХГ титрі б) ТБГ титрі +в) а – фетопротеин г) сілтілі фосфатаза д) Са-125 1578 Аналық безінің қатерлі ісігінің қандай радикальды ем қолданылады: а) қосарланған сәулелі ем б) химиотерапия в) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы, бірнеше курсты химиотерапия + г) жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы, оментэктомия бірнеше курсты химиотерапия д) Вертгейм операциясы 1579. Хориокарцинома- қандай тіннің қатерлі ісігі: а) децидуальды қабықтың б) миометрийдің + в) трофобластың г) текатіннің д) эндометриядің 1580 Хориокарциноманың негізгі емі: а) хирургиялық б) дистанционды сәулелі ем + в) моно және полихимиотерапия г) гормональды терапия д) симптоматикалық терапия 1581. Вульванының ісік алды ауруына не жатады? а) фиброма, липома б) гемангиома, лимфангиома + в) дисплазия г) крауроз д) лейкоплакия 1582. сүт безінің дисгормональды гиперплазиясында жатпайды: А. Фиброздық-кистоздық мастопатия Б. Түйінді мастопатия В. Сүт безінің кистасы Г. папиллома +Д. Педжет ауруы 1583. сүт безінің рагынде лимон сияқты өзгеріс байқалады +А. Барлық формаларында Б. Тері қызарғанда В.маститтік түрінде Г. Ісікті-инфилтратты түрінде Д. Сүт безінің кистасында 1584. маммографияның патогномикалық ракқа көрінуі А. Нақты бейнелі контурлар +Б. Сәулелі контурлар В.әртүрлі контурлар Г. Ирек бейнелі контурлар Д. Сұр заттың анықталуы 1585. сүт бездерінің тіндерінің атрофиясы А. Инфильтративті-ісіну түрі Б. Қабыну турі В. Терінің қызарыа тұруы +Г. Терінің тасбақа қабыршағы сияқты қатаюы Д. Педжет рагы 1586. әйел емшекпен емізгеннен кейін 2 жылдан соң сүт безінде ауру сезімі бар, жайылмалы қатулар, емшек ұлғайған,іскен,қызарған. Емі қандай? А. Жылыту керке Б. физиотерапия В.диагностикалау Г.динамикасын бақылау +Д.пункциялық биопсия 1587.диспансерлік тіркеуде көптеген науқастар бар, қант диабетімен, гипертониялық аурумен. Бұлардын қайсысында рактың қандай түрі жиі кездеседі? А. асқазан Б. өңеш В.бауыр Г.өкпе +Д.сүт бездері 1588. қатерлі ісікке не жатпайды? А. Лимфотүйіндерімен таралуы Б. Көрші тіндерге кетуі +В. Науқаста өмір бойы өспей тұруы алады Г.тез өседі Д. Алып тастағаннан кейін рецидив 1589. Рактың қай түрі дәнекер тіннін зақымдайды? А. фиброма Б. липома В.хондрома Г.остеома +Д.саркома 1590. 27 жастағы науқаста операция кезінде оң жақ аналық безінің кистасы анықталды. Оперативті емнің көлемі: 1.Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау 2. Оң жақ аналық безін алып тастау 3.+ Оң жақтық цистэктомия 4. Кистаның құрамын аспирациялау 5. Оң жақ аналық безінің резекциясы |