тапсырма. 1. Бала тууды патологиясы
Скачать 18.8 Kb.
|
1. Бала туудың патологиясы. 2. Бала туу кезіндегі ана мен ұрықтың жағдайларын кезеңдер бойынша диагностикалау. 3. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы. 4. Оперативті акушерия. 1. Әйелдің әдеттегі босану кезеңдерінің қалыпты ағысы асқынып, кейде босану әрекеттері ауытқиды. Бұл ең жиі кездесетін асқыну. Босану жолдары жиі жарақаттанады, нәрестенің қысылуы мен тұншығуы артады, үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдерде қан көп кетеді. Әйелді көбіне операциялық жолмен босандырады.Негізгі себептері: ағзаның жоғарғы жүйке, нейрогуморалдық, гипоталамус-гипофиз жүйелері мен жыныс мүшелері пісіп-жетілгенде және орталық жүйке жүйесінде «босану доминанты» қалыптасқанда ғана әйел дұрыс босана алады. Осы айтылған «босану доминанты» пісіп-жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану әрекеттері өзінің физиологиялық дұрыс жолынан асқынып, бұзылады. 2. Қазіргі кезде акушерлік салада босану әрекеттерінің жаңа түсінігі енгізілді – ол босануға дайындық және прелиминарлық кезеңдер. Осыған байланысты босану ауытқуының жаңа түрі патологиялық прелиминарлық кезеңі енгізіледі. Босануға дайындық кезең жүктіліктің қорытынды кезеңі (37 аптадан босанудың бастапқы кезеңіне дейін). Бұл кезеңде «босану доминанты» қалыптасады, қандағы гормондардың мөлшері, аралық қатынасы өзгереді, жатырдың «төменгі сегменті» қалыптасып, жатыр мойны пісіп-жетіледі, нәрестенің басы жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына тіреліп, жатырдың жиырылу қабілеті артады, жыныс жолдарынан «шырышты зат» ағады, жатырдың түбі төмендейді. Ал, прелиминарлық кезең босануға дайындық кезеңінің соңғы сатысы, жүйелі босану толғағының алдындағы кезеңі. Прелиминарлық кезең физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Физиологиялық прелиминарлық кезеңде жатыр бұлшық еттерінің қозу қабілеті күшейіп, әлсін-әлсін жиырылып, жүйесіз, ретсіз толғақ басталады. Нәрестенің басы төмендейді, жатырдың мойны жұмсарып, аузындағы шырышты зат сұйылып, аға бастайды. Жүйесіз толғақтар аз (30-45 мин) болады. Әйелдің мазасын алмайды, ол оны онша байқамайды да, ұйқысы бұзылмайды, шаршамайды. Бұл толғақты бұрын «алдамшы», «өтірік» толғақ деп те атаған. Физиологиялық прелиминарлық кезеңнің ұзақтыгы 4-6 сағат. Содан кейін жүкті әйелдің жүйелі босану толғақтары басталады. Патологиялық прелиминарлық кезеңде жүйесіз, ретсіз толғақ ұзаққа, 6 сағаттан 1 тәулікке дейін созылады. Жүкті әйелдің әлсін-әлсін белі, ішінің төменгі жағы ауырып, мазасызданып, шаршайды, ұйқысы бұзылады. Нәрестенің басы төмен жылжымайды, жатыр мойны ашылмайды, шырышты тығын сұйылмайды. Бұл кезең көбіне босану әрекеттерінің ауытқуының бір түрі деп есептеледі. 3. Нәрестенің дұрыс емес орналасуына көлденең және қиғаш орналасу жатады. Нәрестенің қиғаш орналасуы деп-тұлғаның ұзынша осі жатырдың ұзынша осімен үшкір бұрышты құрап орналасуын айтады. Нәрестенің көлденең орналасуы деп-тұлғаның ұзынша осі жатырдың ұзынша осіне перпендикулярлы орналасуды айтады. Тәжірибеде көлденең орналасуы кезінде нәрестенің ірі бөлігі жүкті әйелдің денесінің орта сызығынан шетке қарай ығысқан және мықын сүйегінің қырынан жоғары орналасады. Нәрестенің позициясы бұл орналасуларда оның басының орналасуына байланысты.Егер де нәресте басы сол жақта орналасса-бірінші позиция,оң жақта орналасса-екінші позиция болады. Нәрестенің түрі оның арқасының қараған жағына байланысты анықталады. Нәресте арқа-сы алға қараса-алдыңғы түрі,артқа қараса-артқы түрі деп саналады. Көлденең және қиғаш орнласудың себептері әр түралі. Көбінесе көп босанған әйелдерде кездеседі. қағанақ суының көптігі көпұрықты жүктілік плацентаның алда жатуы екі мүйізді жатыр,тар жамбаста жатуы, жамбасқа кіре берісте және оның қуысында жатыр және жатыр. Барлық босанулардың ішінде 0,5-0,7%кездеседі. 4.Акушерлік операциялардың мақсаты: - жүктілікті үзу немесе сақтау - ұрықтың жағдайы мен тұсаукесерін түзету - босандыру жолдарын дайындау - жедел босандыру (абдоминальды жолмен және табиғи босану жолдары арқылы) - өлі ұрықтың көлемі мен мөлшерін азайту - қан кетуді тоқтату - зақымдалған босандыру жолдарының жаңаруы. Акушерлік операциялар жоспарлы тәртіппен немесе шұғыл тәртіппен орындалады Операцияларды жүргізу үшін жалпы шарттар: 1) операциялық бөлмеде 2) тәжірибелі хирургтың болуы 3) операцияны орындаудың оңтайлы уақытын таңдау (ол асығыс немесе кешіктірілмеуі үшін) 4) әйелдің келісімі. Белгілі бір шарттары: 1) әйелдің жалпы жағдайы; 2) акушерлік патологияның сипаты; 3) ұрықтың жағдайы; 4) босандыру жолдарының жай-күйі; 5) ұрық басының орналасқан жері. Асептика және антисептика. Жиі вагинальды зерттеулер, ұзақ сусыз алшақтық-өсіп келе жатқан инфекция қаупі. |