Главная страница

1-билет «Сауатсызды_ты жою», «_ызыл отау» тарихи терминдеріні_ а. 1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз


Скачать 57.21 Kb.
Название1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз
Дата13.05.2023
Размер57.21 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1-билет «Сауатсызды_ты жою», «_ызыл отау» тарихи терминдеріні_ а.docx
ТипДокументы
#1126284
страница1 из 4
  1   2   3   4

1-билет

1. «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.

Сауатсыздықты жою – кеңес өкіметінде сауатсыздықты жою бағытында жүргізілген іс-шара.

Қызыл отау – Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қыз-келіншектердің сауатын ашу үшін ұйымдастырылған киіз үй.

Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін жүргізуге кірісті. Сауатсыздықты жою. Мемлекет ауылға жаппай мәдени жорық ұйымдастыруды жариялады. Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауытсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуны мектептері, мектеп-интериаттар, рабфактар құрыла бастады.

2. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы нарықтық экономикаға көшудің негізгі

міндетін түсіндіріңіз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан экономикасы. Тәуелсіздік қарсаңындағы аса ауыр жағдайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Одаққа бағынышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і үкіметінің басқаруына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз етті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-ның одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір-бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарларының жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Бұқара халықтың жалақысы азық-түлік алудан артылмады. Бірқатар ұлт өкілдерінің өз еліне қоныс аударуы жиілеп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген зауыт-фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Осының салдарынан жұмыссыздар қатары өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік мәселелер көбейді. 1993–1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттық жүк тасымалдау үштен екіге қысқарды. Халықтың кірісі күрт төмендеді. Инфляция деңгейі шарықтады.

3. «Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы саясаты қазақтарды толық отырықшылыққа

көшірді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін

бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

Негізінен қазақ халқы дәстүрлі шаруашылығының күйреуі 20 ғасырдың басында орын ала бастаған еді. Оның негізгі себебі Кеңес үкіметінің 20-30 жылдардағы жүргізген экономикалық саясаты деп ойлаймын. 1919 жылы Кеңес үкіметінде әскери коммунизм саясаты қабылданды.Бұл саясат бойынша азық-түлік салғырты енгізілген болатын. Кейіннен Азамат соғысы аяқталғаннан соң, 1921 жылы большевиктер партиясының 10 съезінде жэс қабылданды.Жэс азақ-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, халыққа біраз еркіндік берілді. Алайда жэс-тің жетістіктеріне қарамастан Ресей үкіметі индустрияландырудан кейін ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағдарламсын қабылдады. 1928 жылы әкімшіл-әміршіл үкімет ірі бай шаруаларын тәркілеу туралы Декрет қабылдады. Заң жобасы бойынша осындай 700 шаруа тәркіленуі қажет еді. Алайда сол уақытта қазақ жерінде ірі байлар осыншама көп болмағандықтан, орта және кіші шаруалар да тәркіленген болатын. Ұжымдастыру арқылы Ресей үкіметі мыңдаған жылдар бойы көшпелі шаруашылықпен айналысқан халықты бір-ақ күннің ішінде отырықшы шаруаға айналдыруға тиіс болды. Қараусыз қалған малдар топ-тобымен қырылды, шаруалар малдарын сақтап қала алмайтындығын түсінген соң оларды сойып тастап отырды.Сойылған ет бұзылып, жарамсыз болып қалды. Осының бәрі өлкеде жұт пен ашаршылықтың басталуының алғышарттары болды. Осы жылдары ұжымдастыру кесірінен жергілікті халықтың көпшілігі қырғынға ұшырады, қазақ халқы толықтай отырықшыланды.
2 –билет

1.«Жәдитизм», «пантүркизм» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.

Жәдидшілдік (араб.: طريقة جديدة‎— жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс. Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті.

Пантүркизм Бұл саяси қозғалыс 1880 жылдары Ресей аймағындағы түркі зиялылары арасында пайда болды Ширван (қазір орталық Әзірбайжан) және Осман империясы (қазіргі күн түйетауық), оның мақсаты барлығының мәдени және саяси бірігуі Түркі халықтары.

Мұсылман мектептерін реформалық қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылық жәдидшілдер еді.

Патша үкіметі жаңа әдісті мектептердің ашылуына барынша қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді пансламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп санады.

2. 1917 жылдан бастап қазақтың білім мен ғылым жүйесіндегі басты өзгерістерді

түсіндіріңіз.

19 ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мұсылман мектептері мен медреселерде білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты.Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды.

1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдісті мектеп ашылды.

1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды.

Казак станицаларында, бекініс-қамалдар діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер ашылды.

1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды.

1883 жылы Орынборда губерниясының Ор қаласында тұңғыш рет қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі ашылды.

1885 жылдан бастап өлкенің барлық уездерінде ауылшаруашылық мектептері ашылды.

3. «Қазақстан – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен

дәйектерді келтіріңіз.

Бүкіл әлемде «қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі» туралы айтыла бастады. Оның негізі ретінде тағдырдың еркімен ортақ Отанымызға келген барлық этникалық диаспораларға қазақтардың толеранттық қатынасын атап өту орынды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған.

3-билет

1.«Полиэтникалық қоғам», «депортация» тарихи терминдерінің анықтамасын

беріңіз.

Полиэтникалық қоғам – бірнеше этникалық және ұлттық топ- тардан, диаспоралардан тұратын қоғам.

Депортация (лат. – қуу) – 1920–1940 жылдардағы жаппай қуғын- сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.

2. «Ұлы Дала» ежелгі мәдениеттерінің ошақтары мен олардың өзара сабақтастығын

түсіндіріңіз.

Ұлы дала ошақтары: Алтын адам, Ұлы Жібек жолы, аң стилі, ежелгі металлургия, жалпы түркі әлемінің бесігі.

Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономикалық өркендеу мен мәдениеттің өрлеуіне ықпал етті. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер, ғылым мен әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мысалы, Орта ғасырдағы Отырар қаласы адамзатқа әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірін берді.

Мысалыга Түркі халықтарының ұлы рухани көшбасшыларының бірі Түркістанда Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи.

3. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қандастарымыздың елге оралуына тікелей

әсер етті». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу

үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

Мен бұл пікірмен толықтай келісемін. Себебі Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізудің негізгі мақсаты-өзге елдерде тұрып жатқан отандастарымызды елге қайтару болатын. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халық санындағы қазақтардың үлес салмағының өсуі маңызды рөл атқарады. Сарапшылардың пікірінше кез келген елдің этосаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 75-80 пайыз болуы қажет. Ал 1991 жылы республикада қазақтардың үлесі 40 пайызды құрады. Оның себебі Ресей қол астында болған кездегі ашаршылық, қуғын-сүргін секілді оқиғалар. Кейін алғаш рет 30 жыл ішінде бұл көрсеткіш 70 пайызға дейін өсті. ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың қолдауымен отандастарымызды көшіріп әкелу үшін әлі де көптеген жағдай жасалып жатыр. Мысалы жоғарғы оқу орындарына квота бөлінуі және азаматтық алудың біршама жеңілдетілуі.
4-билет

1. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын

сипаттаңыз.

• 1920 -1930 жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыды

• 1920 жылда көркемөнер плакаттар түрінде көшелерге ілініп, адамдарды революциялық рухта болуға үндеді

• 1933 жылы республикада Суретшілер Одағы құрылды

• 1934 жыл 8 мамырда Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» атты көрмесі ашылды

• 1919 жыл Ақмолада музыкалық мектеп ашылды

• 1920 жылда театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды

2. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы көші-қон саясатының

ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатының ерекшеліктері. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды.Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.

3. «Бүгінгі таңда жаңғыртылған «Жаңа Жібек жолы» Қазақстан экономикасын

дамытуда басты рөл атқаруда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз

жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

1987 жылы Юнеско шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә Назарбаев "Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту туралы " жарлыққа қол қойған болатын. Кейін 1998 жылы "Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту,туризм инфрақұрылымын жасау" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша "Бір белдеу, бір жол" стартегиялық бағдарламасы, "Жібек жолының экономикалық белдеуі" бастамасы жүзеге асырлуда. Сонымен қатар біздің жерімізден "Батыс Еуропа- Батыс Қытай " автокөлік дәлізі өтеді жәнеде бұл жоба Қазақстанға қаржылай мол табыс әкеледі.
5-билет

1.«Ру», «жүз» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.

Жүз – ру-тайпа бірлестіктердің жалпылама атауы. Қазақта руларды үш жүзге бөледі: Ұлы, Орта, Кіші. Жүздердің пайда болу уақыты мен негізгі себебі жайлы деректер жоқ.

Ру – бір адамнан тараған туыстас адамдардың жиынтығы деуге болады. Бұрындары әр рудың өз ұраны мен таңбасы болған. Руды ақсақал басқарған.

2.Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының

рөлін талдаңыз.

Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін «Жібек жолы» атауын 1877 жылы неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен ұсынған болатын. Оның «Қытай» атты еңбегінде алғаш аталған бұл тарихи термин ғылыми әдебиеттерде қалыптасып кетті. Жолдың маңыздылығы мен мыңдаған шақырымды құрайтын қашықтығына байланысты «ұлы» сөзі қосылды.Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалалардың бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық елшілікті қабылдаған. Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған.

3. «Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан индустриясы өнеркәсіптік және өңдеу

үдерісінен сәтті өтті». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз

жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

Тәуелсізідік алғаннан кейін алғашында Қазақстан Республикасының экономикасы аса ауыр жағдайда болды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Қазақстан экономикасының дамуын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең 91-94 жылдары экономиканың құлдырауы мен нарықтық экономикаға өтуге бағытталған алғашқы қадамдар,ұлттық валютаның шығарылуы. Екінші кезең 95-99 жылдар экономика даму стратегиясы мен жаңа конституция қабылданды, ұлттық экономика тұрақталды. Үшінші кезеңде 2000 жылдан бастап еліміз экономикалық өрлеу жолына түсті. Елімізде соңғы 20 жылда мыңнан аса кәсіпорындар ашылды. 2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Сыртқы сауда 120 млрд долларды құрады және әлемнің 185 елімен сауда жүргізіле бастады. ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанға көптеген артықшылықтар берді. Мысалы: бәсекеге қабілетті кәсіпорындар ашуға жол ашылды, елге шетелден инвестициялар тартылды, қазақстандықтар сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік алды.
6-билет

1. «Орталық Азия», «Орта Азия», «Түркістан» ұғымдарының мәнін ашыңыз.

Орталық Азия ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында неміс зерттеушілері Карл Риттер мен Александыр фон Гумбольдт кеңінен қолданды. К. Риттер – Орталық Азияны Еуразияның ішкі биік аудандары деп, этап ондағы түбектер мен ойпаттарды бөлек қарастырды. А.Гумбольдт Алтайдан оңтүстікке және Памирден шығысқа қарайғы аумақты атады.

Орта Азия тарихы– Абд ул-Карим Бұхаридің шығармасы. Автор 1818 жылы Стамбұлдағы Бұхар хандығы елшісінің жеке хатшысы қызметін атқарып, көптеген саяси оқиғалардан хабардар болып отырған. Сол жерде түрік министрінің өтінішімен Бұхардан Ресейге (1804), одан Стамбұлға (1807) келген сапары кезінде басып өткен елдері мен қалалары, соның ішінде Орталық Азия мен Шығыс Түркістан өңірі туралы еңбек жазды.

Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған.

2.Қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығынан отырықшылыққа көшуіне қандай фактор әсер еткенін анықтаңыз.

Қазыбек бидің «Біз қазақ мал баққан елміз...» деп басталатын толғауы есімізде шығар, иә? Ғасырлар бойы көшпелі өмір салты бойына сіңген халық үшін отырықшылыққа көшу оңай болмады әрине. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы ХІХ ғасырдың орта шебінде Патшалық Ресейге қосылу кезеңінен бастап отырықшылыққа ауыса бастады. Үнемі көшпелі өмір сүріп, тек қана мал шаруашылығымен айналысты деуден аулақпыз. Мәселен, археологиялық қазбалар Жетісу мен Орталық Қазақстан жерлерінде егін шаруашылығы ертеден бар екендігін дәлелдеп отыр. Қазақ хандығы кезеңінде бұл аймақтарда дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Қазақстанның оңтүстік өңірі, Сырдария маңында, Жетісу жағасында және Солтүстік, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстан жеріндегі кейбір өзендер мен көлдердің жағалауларында қазақтар егіншілікпен сонау ерте заманның өзінде айналысқан.

3. М.Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрік») еңбегі ежелгі түрік жазба әдебиетінің ең көркем шығармасы. Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз

жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

Қарахан әулетінің билеушісі Сатұқ Боғра ханның ұрпағы Махмұт Қашғари "Диуани лұғат-ат-түрік" еңбегін жазған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерген. Алғашқы болып сол дәуірдегі түркі тілдерінің ғылыми грамматикасын жасады. Бұл кітапта 11 ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының өмірі мен тұрмыс тіршілігі жайында құнды мәліметтер қамтылған. Зерттеуші қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген сол замандағы мақал-мәтелдерді келтірген.Ол түркі тілін әлемдегі ең таза тіл деп есептеген. Түркі сөздер жинағы туралы өзі: "Бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, мәңгілік өмірге біржола жолдама алды"-деп жазды.
7-билет

1.Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениетінің тарихы туралы жазба деректердің негізгі топтарын атап көрсетіңіз.

Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениеті туралы жазба деректердің негізгі топтары: антикалық,ирандық,ежелгі қытайлық және ежелгі түркілік болып бөлінеді. Мысалы Геродоттың "Тарих", Страбонның "География", Сыма Цяньнның тарихи жазбалары,қасиетті кітап авеста және Орхон-Енисей жазулары.

2.XVIII-XIX ғасырларда көшпелі қазақ қоғамына орыс зерттеушілері қызығушылығының арту себебін түсіндіріңіз.

Ресей ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбек жазды. Онда автор қазақ пен қарақалпақ дерін егжей-тегжейлі сипаттады:табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктері мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
  1   2   3   4


написать администратору сайта