Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Ертедегі Ұлы Дала көшпелілерінің әлемдік тарихи оқиғалардағы рөлін анықтаңыз.

  • 3. «Ұлт мүддесін қорғауда Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметі көрініс тапты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

  • деректер

  • 1-билет «Сауатсызды_ты жою», «_ызыл отау» тарихи терминдеріні_ а. 1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз


    Скачать 57.21 Kb.
    Название1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз
    Дата13.05.2023
    Размер57.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-билет «Сауатсызды_ты жою», «_ызыл отау» тарихи терминдеріні_ а.docx
    ТипДокументы
    #1126284
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    1.«Хрущев жылымығы», «Тоқырау жылдары» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Хрущев жылымығы – бұл кезеңді «жылымық» деп КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріндегі демократияландыру, кешірім, ақтаулармен (реабилитация) байланысты аталды. Жылымық ішкі саясатта қуғын-сүргінді біршама тежеуден, әміршіл-әкімшіл қатаң басқару әдістерінің аздап жұмсаруынан байқалды. Билік басына келген жаңа кеңес басшылары сыртқы саясатты да жұмсартуға ынта білдірді.

    Тоқырау жылдары – 1965–1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр дамуы. Өнеркәсіп, өндіріс орындарының өнім, табыс бермей дағдарысқа ұшырауы.

    2. Ертедегі Ұлы Дала көшпелілерінің әлемдік тарихи оқиғалардағы рөлін анықтаңыз.

    Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды қалыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар арқылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі оқиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халқының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тәжірибесі жинақталған ауыз әдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз-әпсаналарды, т.б. жатқа білді.

    3. «Ұлт мүддесін қорғауда Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметі көрініс тапты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    [15]

    15-билет


    1. «Халықтарды Ұлы қоныс аударуы», «Ахеменидтер империясы», «Хань әулеті» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Біздің заманымыздың IV – ғасырларның аяғында варвар тайпаларының айрықша ірі, жаппай көшуі мен олардың әдетте «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы» деп аталатын Рим империясының територриясына басып кіруі басталды.

    Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті Ахеменидтер құрған ежелгі мемлекет.

    Хан патшалығы (қыт. 漢朝, кейде Хан империясы) — Қытайдағы Хан әулеті құрған мемлекет (бзд. 206 ж — бз. 220 ж). Хан патшалығы құрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар “күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды

    2) Бірінші орыс революциясының қазақ даласына әсерін анықтаңыз.

    ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе, олардың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

    Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды.

    3) «С.Сәдуақасов: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    “Қазақстан отар болыпкелдi және солай болып қалды" деп күйінішпен айтты деп оқығанмын кітаптан, бұрмалап қойыпсыз.

    С.Сәдуақасовтың бұл пікірі әлі өзекті.Кеңес үкіметі 1925 жылы индустрияландыру бағытын жариялаған тұста Қазақ жеріндегі өндіріс саласының тек шикізаттық бағытта (патша үкіметінен бері қарай да солай болатын, акционерлер де шетелдіктер еді) дамитынына қынжылды.

    Бұл пікірдің айтылғанына да бір ғасыр уақыт болады.

    Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан деуші еді халқымыз.Мүмкін жаңа бетбұрыстарға енді жол ашылар.Үмітсіз шайтан...Қазақ халқының болашағы жолында бір уыс күлге айналған қайран тұлға!

    [15]
    16-билет


    1. «Алашорда», «Алаш автономиясы», «Қазақ (Қырғыз) АКСР» тарихи терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Алашорда — Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II Жалпықазақ съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам (Уәлитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Айдархан Тұрлыбаев, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай, Садық Аманжолов, Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов) сайланды. Үкіметтің төрағасы болып Ә.Бөкейханов бекітілді.

    Алаш автономиясы туралы жазылғанмен, оның мемлекеттік белгілері мен нышандары туралы жүйелі жазылған еңбектер жоқ.

    Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды.

    2) Кеңес үкіметі жүргізген ұжымдастыру саясатының қазақ халқы үшін салтарын түсіндіріңіз.

    бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.

    3) «Ертедегі ортаазиялық қалалық өркениеті Ежелгі Мысыр немесе Ежелгі Месопотамиядағы өркениеттермен тең деңгейде». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    [15]
    17-билет


    1. «Мәдениет», «аң стилі», «зороастризм», «петроглифтер» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

    Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

    Аң стилі Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

    "Аң стилі" өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға "өммір ағашы" дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.

    зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те аталады.

    Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік [[Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар.Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі.

    [5]

    2) «Қайта құру» кезіндегі реформалардың негізгі міндетін түсіндіріңіз.

    қайта құруОлар Кеңес Одағында Михаил Горвачевтің экономиканы және социалистік жүйені қайта құру мақсатында жүргізген бірқатар реформалары болды. Ол экономика мен қоғам үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан социализмді өндіріс жүйесі ретінде сақтауға бағытталған реформа процестерінен тұрды.

    [10]

    3) «Отандық және халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, өзінің тарихи даму жолының әрбір кезеңінде елді біріктіруде ұлттық идея маңызды рөл атқарды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    ХХ ғасырдың басында «Алаш» идеясы өзекті еді. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін елімізде жаңа қоғамды орнатудың маңызды бөлігі болуға тиіс жаңа ұлттық идея қағидаларын қалыптастыруға әрекеттер жасалды. Коммунистердің кеңінен жариялаған «жарқын коммунистік болашақ құру» идеясы социалистік лагерьдің және тоталитарлық жүйенің құлдырауымен келмеске кетті. Коммунистік кезеңнен кейін енді елімізде жаңа мемлекеттік идеологияны анықтау мәселесі күн тәртібіне қойылды.
    [15]

    18-билет


    1. «Референдум», «интеграция», «Дүниежүзілік сауда ұйымы» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Референдум – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.

    Интеграция – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

    Дүниежүзілік сауда ұйымы – халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым.

    [5]

    2) Андроновтықтар мен сақтарда Күнге табыну таралғанын нақты деректер арқылы дәлелдеңіз.

    Археологиялық деректер Андроноволықтардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды

    [10]

    3) «Мәңгілік Ел» - жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылы «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жаңа біріктіруші «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің «Мәңгілік Ел», лайықты әрі ұлы Қазақстан!

    «Мәңгілік Ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды».

    Ұлттық құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік. Бұл идея – қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты, тәуелсіздік жылдарында уақыт сынынан өткен Қазақстандық тарихи даму тәжірибесі.

    «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық:

    Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

    Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

    Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

    Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

    Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

    Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

    Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
    [15]
    19-билет
    1) «Антропогенез», «антропология», «этногенез», «этнология» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Антропогенез- (грек. Anthropos-адам, genesis-шығу тегі)-антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке билогиялық түрінде болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.

    Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.

    Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді

    Антропология (көне грекше: ἄνθρωπος — адам) — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.

    [5]

    2) «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мазмұнын жеті құндылық негізінде түсіндіріңіз.

    «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық:
    Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

    Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

    Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

    Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

    Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

    Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

    Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

    [10]

    3) «XIX-XX ғасырларда қазақ өлкесінің моноэтникалық құрамы патша үкіметінің саясаты барысында өзгеріске ұшырады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

    XIX-XX ғасырларда қазақ өлкесінің моноэтникалық құрамы патша үкіметінің саясаты

    барысында өзгеріске ұшырады деген пікірмен толықтай келісемін. Оған осындай дәлелдеркелтіре

    аламын. XIX-XX ғасырларда болған бұл үдерісті мен өзім 4 кезеңге бөлуші едім.

    1-ші кезең: XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы Ресей үкіметінің отаршылдық

    саясатының бағыттарының бірі орыс шаруаларын осында көшіру болды. Бұл үшін жағдайлар 1861

    жылы Ресейдегі басыбайлық құқықтың жойылуымен жасалды. Империяның шығыс аймақтарына

    шаруаларды көшіру арқылы патша үкіметі Ресейдің ішкі провинцияларындағы аграрлық

    мәселесіншешугеуге тырысты, сонымен қатар олардан әлеуметтік қолдау табады деп күтті.

    Қазақстанды отарлаудың алғашқы кезеңінде Ресей үкіметі әскери казак елді мекендерін

    құрумен шектелді. Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға шаруаларды көшіру XIX ғасырдың

    60-жылдарының ортасында басталды. 1866 жылы Батыс Сібірдің бас басқармасы қоныс

    аударушыларды қазақ даласына "қондыруға" рұқсат беретін қаулы қабылдады. 1867-1868

    жылдардағы реформа бойынша Қазақстан жерлерін мемлекеттік меншік деп жариялау оларды алып

    қоюға (экспроприациялауға) жағдай жасады.

    Жетісу облысына қоныс аударған шаруалардың үлкен ағыны жіберілді. 1868-1880 жылдары

    мұнда 3 мыңнан астам отбасы қоныстанды. Көші-қон саясаты кезінде Сырдария облысында қоныс

    аударушы шаруалар үшін 37 кент құрылды. Сырдария және Жетісу облыстарына қоныс аударған

    шаруалардың көпшілігі Ресейдің орталық және Оңтүстік провинцияларынан, әсіресе Воронеж

    губерниясынан болды.

    2-ші кезең: XIX ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап Қазақстанға шаруалардың

    одан да қарқынды қоныс аударуы басталады. 1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысына

    байланысты" Сібір темір жолының Арнайы комитеті " пайда болды, ол патшалық аграрлық

    саясатының белсенді жүргізушісі болды, әсіресе жерді қоныс аудару қорына бөлу бөлігінде. 1896

    жылдан бастап Қазақстанның Дала облыстарында артық жерді анықтаған экспедициялар жұмыс

    істеді.

    3-ші кезең: Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің

    Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен

    дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты.

    Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы

    басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен

    Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр

    мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.

    1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық

    құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз

    өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды.

    Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің

    бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға

    көбейді.

    4-ші кезең: Столыпиннің аграрлық реформасының негізгі мақсаты елді мекендерде аграрлық

    буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдің аграрлық мәселесін

    шешу болатын.

    Петр Столыпиннің Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін

    өте қолайлы Қазақ өлкесінің жері де ерекше көзіне түсті. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды

    қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді.

    Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілді. Жер бөлуші мекемелерге

    жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен

    кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.

    Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына

    күшті серпін берді. Мәселен 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына үш жүз

    мыңға жуық адам қоныстанса, кейінгі жылдары қоныстанушылар саны 770 мың адамға жеткен. 1897

    жылғы жалпыхалықтық санақ бойынша Дала елкесінде орыстардың үлесі жиырма пайызды құраса,

    ал 1917 жылы олардың үлесі 42%-ға жетті.

    [15]
    20-билет


    1. «Руна жазуы», «Орхон-Енисей жазулары», «трактат» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

    Руналық жазу (көне сканд.run - көне, құпия) орыс. руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидің құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған.

    Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.

    Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы).

    Трактат — нақты бір тақырыпты талқылайтын және шешу жолдарын көрсететін философиялық, теологиялық немесе ғылыми шығарма.
    [5]

    2) Қазақ аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру себептерін түсіндіріңіз.

    Бүгінгі мемлекеттердің басым көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді

    [10]

    3) «Қазақтардың этногенезі көшпелілер өркениетінің пайда болуымен тығыз байланысты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта